Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
109.03 Кб
Скачать

113. Өкпе аурулары. Туберкулез, бруцеллез аурулары.

Көп кездесетін өкпе аурулары: өкпе қабынуыөкпе қатерлі ісігітуберкулез, т.б. 

Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы –микробактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910) ашты (1882). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм. Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта Туберкулез таяқшалары болады, сондықтан Туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал жабық түрінде қақырықта Туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, Туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады. Туберкулез таяқшалары әр түрлі органдарды, көбінесе өкпені зақымдайды. Туберкулезге қарсы арнайы егу (БЦЖ) жүргізіледі, ол сәби дүниеге келгеннен 3 – 5 күннен кейін іске асырылады. 

Бруцеллёз (мальта қызбасы). Бул ауру осы аурумен ауыратын малдың сүтін ішуден болады. Ол сондай-ақ терідегі жырындылар мен жаралар арқылы организмге тарайды, бұл жағдай ауру малдарды күтіп-бағатын адамдарда жиі кездеседі, сонымен қатар ауру зақымданған ауамен демалған кезде тыныс жолдары арқылы да денеге түседі. Бруцеллёздің белгілері

  • Ол ыстық көтеріліп, қалтырап дірілдеуден басталуы мүмкін, бірақ әдетте бірте-бірте, тез шаршау, әлсіздіқ асқа тәбеттің болмауы, бастың асқазанныңбуындардың ауыруы формасында өрбиді.

  • Ыстықтың көтерілуі жеңіл және ауыр формада болуы мүмкін. Түстен кейін қалтырап-дірілдеу және ертеңгісін малшынып терлеп қалу бұл ауруға тән белгі. Созылмалы бруцеллёзде ыстық бірнеше күн басылады да сосын қайта көтеріледі. Тиісті ем қолданбаса, бірнеше жылға созылуы мүмкін.

  • Мойында, қолтықтың астында, шапта ісінген лимфа түйіндері пайда болуы мүмкін.

114. Терінің паразитті аурулары. Олардан сақтандыру шаралары.

115. Қазақстандағы әлеументтік маңызды аурулар. Олардан сақтану жолдары.

Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы –микробактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910) ашты (1882). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм. Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта Туберкулез таяқшалары болады, сондықтан Туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал жабық түрінде қақырықта Туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, Туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады. Туберкулез таяқшалары әр түрлі органдарды, көбінесе өкпені зақымдайды. Туберкулезге қарсы арнайы егу (БЦЖ) жүргізіледі, ол сәби дүниеге келгеннен 3 – 5 күннен кейін іске асырылады. 

СПИД ауруы дегеніміз не? 1986 жылы бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы СПИД ауруына төмендегідей түсініктеме берген. Бұл ауру адамдардың НIV вирусымен жұғымдалуынан организмде туылатын иммунитет функциясы кемдік ауруы, әсіресе, клетканың иммунитет қызметі бүліну, Т4 лимфа клеткасы азаюды негізгі белгісі еткен жалғасты инфекциялану болып табылады.

Вирусты гепатит – жұқпалы ауру. Оның энтеральді және пареэнтеральді түрлері бар. Энтеральді түріне А және Е гепатиттері жатады. Олар тұрмыстық қарым-қатынас арқылы беріледі, көбінесе балалардың ұйымдасқан ұжымдарында күз-қыс мерзімдерінде жиі кездесіп тұрады. Осы ауру әрбір 3-5 жылда өршіп тұрады. Ал парентеральді түріне В, С, Д гепатиттері жатады.