Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
109.03 Кб
Скачать

72. Барлау жұмыстарын жүргізу. Медициналық қамсыздандыру.

Зақымданған ошақтарға барлаушы күштер жіберіледі. Олар радиациялық жағдайы, қорғану құрылыстарының жәйі, апат орнына барар жолды, зардап шеккен адамдарды, оларды құтқару шараларын анықтайды. Қираған не радиациялы орында АҚ күштері кезекпен жұмыс жүргізеді. Адамдарды құтқаруға кәсіпорындардағы біріктірілген отрядтар /командалар/ алдымен жіберіледі. Бұлардың мүмкіндігін күшейту үшін арнайы техника /бульдозерлер, автокрандар.../ бөлінеді. Бұларға көмекке өрт сөндірушілер және ластанған техниканы тазартушылар көмекке келеді.

73. Жарақат алғандар мен ауруларды тасымалдау.

Есінен айырылған жарақаттанушыны тасымалдау өте қауіпті. Қатты қан кету, ашық сынық кезенде бірінші медициналық көмек көрсету, естен танған адамды тасымалдау қауіпті.

Жарақаттанушының тасымалдану барысындағы қалпы:

  • жарақаттанушы естен танып қалған жағдайда, арқасы және аяқ-қолы сынған жағдайда – арқамен жатқызып тасымалдау;

  • жарақаттанушы естен танып қалған жағдайда, арқа жауырыны сынғанда – ішімен жатқызу;

  • жамбас сүйектері сынып, ішкі құрсақ ашық жарақаттанғанда, буын тізелері қисайғанда – арқамен жатқызып тасымалдау;

  • жарақаттанушы есінен танып қалған жағдайда және қансырағанда – басты төмен және аяқты жоғары көтеріп арқамен жатқызу;

  • жарақаттанушы есінен танып, басқа амал болмаған жағдайда бір жанымен жатқызу;

  • дененің жоғарғы жағы немесе мойын жарақаттанғанда жартылай отырғызып, аяғын алдына созу;

  • кеудесі жарақаттанып және іш құрылысы басқа да жерлері кенеттен аурып (тізенің астындағы жағына тіреуіш қою) – тіземен жантайып отырғызу.

74. Жеке химиялық улануға қарсы пакеттің мақсаты және құрылысы (ипп-8)

Адамның денесі мен киіміне, жеке қорғау құралына, приборға, аспапқа түскен улы сұйық зат тамшыларын залалсыздандыруға арналған. Ол жалпақ ыдыстан (газсыздандырылған ерітіндімен толтырылған) және төрт мақталы дәрі тампонынан тұрады. Әуелі пакетті ашып, ыдысты алады. Бұдан кейін оның тығынын ашып, тампонның бірін жақсылап малып алады. Содан соң терінің күдікті ашық жерлерін мұқият сүртеді де, қайтадан шаяды. Сонымен қатар жаға мен жеңнің ұшын міндетті түрде сүрту керек. Оны жаққан уақытта теріні күйдіруі мүмкін. Пакеттегі сұйық улы және көз үшін қауіпі, сондықтан көздің айналасындағы теріні құрғақ шүберекпен сүртіп, таза сумен немесе ас содасы ерітіндісімен жуу керек. Химиялық уланудан қорғайтын жеке пакет жоқ жағдайда улы заттарды қолда бар химиялық заттармен залалсыздандыруға болады. Ересек адамдардың терісін емдеу үшін алдын-ала 1 л 3%-тік сутегі тотығы мен 30гр күйдіргіш натрий даярлау керек. Оларды пайдаланардың алдында жақсылап араластырады. Күйдіргіш натрийді селикаттық желіммен ауыстыруға болады (150 гр желімге 1 л 3%-тік сутегі тотығы). Қолдану әдісі химиялық уланудан қорғайтын пакеттегі сұйықтықтікіндей. Құрғақ натрийді қолданған кезде оның тері мен көзге тимеуін қадағалау қажет. ИПП-10 құтысының бет жағы хайуанат қабырғасына ұқсас, қақпағы ыңғайлы. Қақпақ қолданған кезде тампонды емес тікелей тері мен киімнің зақымданған жерін шаяды.