Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ экзамен.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
109.03 Кб
Скачать

52. Зақымдану ошағындағы химиялық ахуалды бағалау.

53. Зілзаланың қысқаша сипаттамасы.

Зілзала – бұл кенеттен туындайдын және халықтың қалыпты тіршілігінің қүрт бұзылуына, адамдар мен хайуанаттардың қаза болуына, материалдық құндылықтардың бүлінуіне және жойылуына алып келетін табиғат құбылысы. 

54. Жер сілкінісі,жер сілкінісі кезіндегі халықтың іс-әрекеті.

Жер сілкінісі – бұл жер қыртысының немесе мантияның үстінгі бөлігінің кенеттен болған жылжуының және үзілуінің нәтижесінде пайда болатын, сонымен қатар үлкен қашықтыққа толқын ретінде берілетін жер асты қозғалысы мен жер бетінің толқыны. Белгілі мәліметтерге жүгінсек бір жылда жер бетінде 100 мыңнан астам жер сілкінісі болады екен.1935 жылы Калифорниялық технологиялық институтының профессоры У.Рихтер жер сілкінісі энергиясын бағалау үшін магнитуда шамасын ұсынды. Қазіргі кезде де осы Рихтер шкаласы бойынша жер сілкінісінде пайда болатын сейсмикалық толқынның энергиясын бағалау жүргізілуде.

Халықтың жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеті. Жер сілікінісі кезінде ғимарат ішіндегі кез келген адам тірі қалу мүмкіндігін арттыру, жарақаттан сақтану үшін дүмпуді алдын ала күте тұруға болатын, салыстырмалы қауіпсіз орынды білуге тиіс, ал дүмпу аяқталғаннан кейін ғимараттан тез шығып кету керек.

Тұтас ішкі қабырғалардың ойықтары, қабырғалардың бұрыштары, есік жақтауының ортасы, мықты үстел, белағаш өтетін жер ең қауіпсіз орындар болып табылады.55. Сел. Сел кезінде халықты құтқару шаралары. Жер сілкінісі кезінде қауіпті орындардың қатарына ішкі және сыртқы қабырғалардың шыныланған ойықтары, соңғы қабаттардағы шеткі бөлмелер, лифтілер, саты алаңы мен балкондар жатады. Егер сіз ғимараттың 1-2 қабатында болып, одан шыққыңыз келсе, онда алғашқы дүмпу кезінде дабырасыз жылдам қимылдаңыз. Бірінші қабаттан тез шығу үшін терезені немесе балконды пайдалануға болады.

Ғимараттың жоғарғы қабатындағы адамдар бастарын қолға түскен затпен (түк табылмаса қолмен) жауып, дүмпуді салыстырмалы қауіпсіз орнында тоса тұрулары қажет. Ғимараттан арқаны қабырғаға тірей отырып шығу керек, ал қабырға жалаң болса оны айналып өткен жөн. Жұмыс істейтін барлық қызметкерлер жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер баяндалған жаднама-буклеттерді оқуға тиіс.

56. Қар көшкіні. Тауда болған кездегі адамның іс-әрекеті.

Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейінен төмен қарай жылжуы. Қар көшкіндері құлама тау беткейлерінен жаңа қар жауған және күн күрт жылып кеткен кезде пайда болады. Жауын – шашын наурыз – сәуір айларында көп жауатындықтан қар көшкіндері сол айларда көп байқалады. Қар көшкіндерінің 50% жазық жерлерге дейін жетіп, халық пен шаруышылық объектілеріне қауіпін тигізуде. Тау әуесқойларында болатын барлық қайғылы оқиғалардың 25% -на жуығы осы қар көшкінінің еншісінде. Қар көшкінін тоқтату іс-әрекеттері пассивті және активті болып бөлінеді. Пассивті әдісінде дамбаларды, қар ұстағыш щиттерді және орманды қалпына келтіру іс - әрекеттері жатады. Активті әдісіне уақыты мен қауіпсіздік әрекеттерін белгілеп, қолдан қар көшкінін жасау жатады.

Қар көшкіні болған жағдайда:

  • Егер сіз қар көшкікіне тап болсаңыз тез арада рюкзактан шаңғыны алыңыз ол сіздің қимылдауыңызға жеңілдік береді

  • Қар көшкіні кезде бар күшпен көшкіннің шет жағына шығуға тырысу керек немесе көшкіннің үстінде қалуға болмаса ағаш, бұтақтардан ұстауғы тырысу керек

  • Қар көшкініне шығуға мүмкіндік болмаса ауыз бен мұрынды шарф пен шапкамен жауып алу керек. Тізені бүгіп алу керек.

  • Қар көшкіні тоқтасымен көшкіннен шығуға тырысу керек , сізді тез тауып алу үшін қолыңызды шығарыңыз.

  • Қардың астында қалып айқайлаудың пайдасы жооқ, себебі дыбыс қардың астынан өте жай естіледі. Құтқарушылардың жүрісін естісімен дабыл беріңіз.

  • Қажет болса, қолдан тыныс алдыру керек, жүрекке жабық уқалау жасау (массаж), коореин салдыру керек.

  • Егер жарты сағаттың ішінде өз күштерімен зардап шеккенге көмек бере алмаса онда құтқару отрядын шақыру қажет.