
- •4. «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
- •5. Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен тәртіптері.
- •6. Азаматық қорғаныстың тж кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етудегі орны мен міндеттері.
- •7. Азаматтық қорғаныс құрамалары, оның мақсаты мен құрылу тәртібі.
- •8. Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайларға сипаттама беріңіз
- •9. Соғыс уақыттағы төтенше жағдайларға сиппаттама беріңіз
- •10. Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері қандай?
- •11. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға сипаттама берініз
- •12. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға сипаттама беріңіз
- •13.Төтенше жағдайдың жіктелісі
- •19. Адамға қауіп төнетін факторлар: аштык,ыстық,шөлдеу фактроларына сипаттама беріңіз
- •27. Аумақтың радиактивті ластануы.
- •28. Адамға сәуле алудың қауіпі. Сәулелену дәрежелері.
- •29. Хайуанаттардағы сәулелену ауруы.
- •30. Радионуклидтермен ауылшаруашылық өсімдіктерінің және азық-түлік пен судың ластануы.
- •31. Қатты әсер ететін улы заттар мен Улағыш заттар негізгі түрлерінің сипаттамасы.
- •32. Қатты әсер ететін улы заттардың қасиетіне қарай жіктелісі.
- •33. Улағыш заттардың жіктелісі.
- •34. Радиациялық зақымдану кезіндегі алғашқы медициналық көмек,ішінара санитарлық тазалық жүргізу тәртібі.
- •35. Жеке дәрі-дәрмек қобдишасы.
- •36. Жүйкені жансыздандыратын Улағыш Заттар, зақымдану белгілері.
- •37. Жалпы улағыш әсердегі Улағыш заттармен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек.
- •38. Теріні құрыстыратын Улағыш Заттар. Олармен зақымданған кездегі көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.
- •39. Тұншықтырғыш Улағыш Заттар. Олармен зақымданған кездегі көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.
- •40. Көздің жасын ағызатын Улағыш Заттар. Олармен зақымданған кездегі көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.
- •41. Bz үлгісіндегі Улағыш Заттармен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек.
- •42. Аммиакпен зақымдану ошағы. Алғашқы медициналық көмек.
- •52. Зақымдану ошағындағы химиялық ахуалды бағалау.
- •53. Зілзаланың қысқаша сипаттамасы.
- •54. Жер сілкінісі,жер сілкінісі кезіндегі халықтың іс-әрекеті.
- •56. Қар көшкіні. Тауда болған кездегі адамның іс-әрекеті.
- •57. Опырмалар. Халықты қорғайтын шаралар.
- •58. Қар басу.Қар басқан аймақтарда көлікте немесе жолдағы адамның іс-әрекеті
- •59. Дауыл. Шаңдақ дауыл дегеніміз не?
- •60. Су басу. Су басқан аймақтағы халықтың іс-әрекеті.
- •61. Кәсіпорын мен мекемелерге су қаупі төнген жағдайда халықтың іс-әрекеті
- •62. Табиғи өрттер. Қазақстан Республикасындағы табиғи өрттердің негізгі түрлері.
- •63. Адамдардың эпидемиялық аурулары.
- •64. Эпизоотия мен эпифитотия дегеніміз не?
- •65. Өндірістік авариялардың сипаттамасы.
- •66. Гидродинамикалық авариялар дегеніміз не?
- •67. Өрттер. Өрт кезінде қауіпсіз ұстау ережелері.
- •72. Барлау жұмыстарын жүргізу. Медициналық қамсыздандыру.
- •73. Жарақат алғандар мен ауруларды тасымалдау.
- •74. Жеке химиялық улануға қарсы пакеттің мақсаты және құрылысы (ипп-8)
- •75. Залалсыздандыру бойынша жұмыстарды жүргізу кезіндегі қандай сақтық шарарлар жүргізіледі?
- •76. Аса қауіпті (карантиндік) жұқпалы аурулар тобы (оба, тырысқақ, түйнеме) анықтама беріңіз?
- •77. Аса қауыпты (карантиндік) жұқпалы аурулар тобының эпидемилогиясы.
- •78. Туберкулез, бруцелезге қарсы вакцинация қашан және қай кезде қолданылады?
- •79. Тері ауруларынан әр адамның міндетті гигиенасы мен күнделікті сақтану тәртібі
- •80. Жарақаттанудың анықтамасы, топтасуын атаңыз?
- •81. Травмалық шоққа түсініктеме беріңіз?
- •82. Жұқпалы ауруларымен күрес жүргізу жолдары, вакцинация, дезинфекция, дератизация тәсілдері.
- •83. Карантинді жұқпалы аурулардың профилактикасы дегеніміз не?
- •84. Дезактивация, Дегазизация, Дезинфекция терминдеріне анықтама беріңіз?
- •85. Залалсыздандыру кезінде жұмыстар қандай арнайы сақтық шараларымен жүргізіледі?
- •86. Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен қорғау әдістері.
- •87. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары.
- •88. Қорғаныс шараларын жоспарлау және өткізу.
- •89. Қорғаныс шараларын жүргізу сипаты мен көлемін анықтаудағы салыстырмалы және кешенді көзқарас.
- •90. Панаханалар және оның түрлері.
- •91. Радияциядан қорғайтын орын.
- •92. Қорғаныс ғимараттарын толтыру және оған келіп-кету тәртібі.
- •93. Көшіру және қоныстандырудың негізгі принциптері мен әдістері.
- •94. Көшіру органдары, олардың құрылымдары мен міндеттері (көшіру коммиссиялары, көшіру пунктері)
- •95. Көшіру шараларын жоспарлау және көшіруді қамсыздандыру.
- •96. Жеке қорғаныстың медициналық құралдары
- •97. Теріні қорғаудың қарапайым құралдары.
- •98. Халықты Қорғау жөніндегі а.Қ-тың инжинерлік техникалық шаралары.
- •99. Жаппай қырып-жою қарулары,олардың принциптері
- •110. Балалар жарақаты. Дәрігерге дейін алғашқы көмек.
- •111. Күйік, жүрек аурулары жөнінде түсінік.
- •112. Куйгенде , жүрек соғысы тоқтағанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.
- •113. Өкпе аурулары. Туберкулез, бруцеллез аурулары.
- •114. Терінің паразитті аурулары. Олардан сақтандыру шаралары.
- •115. Қазақстандағы әлеументтік маңызды аурулар. Олардан сақтану жолдары.
- •116. Өндіріс нысандарындағы стихиялық ауыртпалықтар болғанда халықты қорғау.
- •117. Жетік технологияның пайдасы мен қауіпті жақтары.
- •118. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Денсаулық және экология.
- •119. Денсаулыққа әсер ететін сыртқы орта факторларын атаңыз?
- •120. Салауатты өмір салтын құрайтын шарттарды атаңыз?
- •121. Денсаулық және жастардың өмір салты дегеніміз не?
- •122. Салауатты өмір салты дегеніміз не? Жан және тән саулығын қалай түсінесіз?
- •123. Жеке денсаулықтың күйін анықтайтын факторларда атаңыз?
- •124. Гені модификацияланған организмдерге (гмо) сипаттама беріңіз?
- •125. Гмо тамақ өнеркәсібінде. Гмо – ны пайдаланғаннан кейінгі тірі организдердегі өзгерістер?
- •126. Саңырауқұлақпен улану жолдары және көрсетілетін алғашқы көмек?
- •127. Тамақтан улану және көрсетілетін алғашқы көмек?
- •128. Денеге кененің кіруі және оған көрсетілетін алғашқы көмек ?
- •129. Насекомдар шақандағы организмдегі өзгерістер және алғашқы медициналық көмек?
- •130. Өсімдік уларымен улану жолдары және олардан сақтану шаралары?
- •137. Алматы облысы Қызылағаш елді мекеніндегі тж, оның себеп салдары?
- •139. Қр радиологиялық ауруларды зерттеу мәселелері?
- •140. Табиғи апаттар мен соғыс құралдарын қолдану?
- •141. Зақымдану ошақтарының сипаттамасы?
- •146. Кәуз-бен (қатты әсер ететін улы заттар) уланғанда берілетін бірінші көмек?
- •147. Химиялық қару жөнінде жалпы түсініктеме, олардың басқа қарулардан ерекшеліктері қандай?
- •148. Негізгі си Халықаралық бірлік жүйесінде дозалардың өлшемін атаңыз? (рад, Грей).
- •149. Кәуз-дің( қатты әсер ететін улы заттар) өздерінің қасиеттері бойынша топтарға бөліңіз?
- •150. Вич / спид дегеніміз не? спид ауруының қоздырғышы, вирустың жұғу жолдары, аурудың белгілері,вич / спид-тен қалай қорғануға болады?
1. Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдық шаралары
2. Тіршілік қауіпсіздігі пәніне анықтама беріңіз
«Тіршілік қауіпсіздік негіздері» пәні - студенттерді адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық обьектілерінін тұракты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарын ажырата білудің аса қажеттігін көрсетеді.
3. Шаруашылық обьект және ұйымға анықтама беріңіз
Шаруашылық объект –
Шаруашылық ұйым – алға қойылған мақсатқа жету барысында адамдар тобы еңбегінің саналы үйлестірілуі.
4. Т.Ж жөніндегі ҚР Агентігі,оның мақсаты,құрамы және құрылымдық аумақтық органдары.
ТЖ жөніндегі ҚР Агенттігі ҚР Үкіметінің қүрамына кірмейтін, сала аралық үйлестіруді, сондай-ақ табиғи жәнө техногендік сипаттағы ТЖ-ды ескерту мен жою, ҚР Азаматтық қорғанысы, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіп жүмысының қауіпсіз жүргізілуі және тау-кендік бақылау саласында арнайы атқарушы және рүқсат ету міндеттерін жүргізетін орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттіктің орталық аппараты департаменттер мен құрылымдық бөлімшелерден тұрады.
Қазіргі уақытта Агенттік құрамына мына департаменттер кіреді: - Төтенше жағдайларды ескерту департаменті; - Жедел іс-әрекет дөпартаменті; - Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер департаменті; - Мемлекеттік өрттен қорғау департаменті; - ТЖ техникалық және тау-кендік бақылау жөніндегі департамент.
Агентік құрамына орталық аппараттан басқа аумақтық органдар кіреді: - облыстық басқармалар (инспекцияларды қоса алғанда); - қалалық басқармалар (Астана, Алматы, Қарағанды қалалары); - аудандық бөлімшелер, сондай-ақ Агенттік ведомстволық бағыныстағы ұйымдар; - біліктілікті көтеретін Республикалық курстар; - Республикалық ақпараттық-техникалық орталық; - химиялық-радиациялық лабораториялар; - Республикалық жедел-құтқару отрядтары; - АҚ әскери бөлімдері; - мемлекеттік өрттен қорғау қызметі; - "Қазселден қорғау" Республикалық кәсіпорны.
Төтенше жағдайлар жөніндегі ҚР Агенттігінің құқығы бар: - Агенттік құдіретінің саласын реттейтін заңнаманың сақталуына бақылау жасауға; - өз құзыретінің шегінде Азаматтық қорғанысты даярлау және жүргізу мәселесі бойынша шешім қабылдауға; - ҚР үкіметіне ТЖ аймағындағы авария, апат, зілзала, салдарын жою, қоғамдық тәртіпті сақтау мен объектілерді қорғауды қамтамасыз ету үшін қүқық қорғау органдарының, қарулы күштердің әскери бөлімдері мен құрамаларын, басқа әскерлер мен құрамалардың күштері мен құралдарын тарту туралы ұсыныс енгізуге; - өз құзіретінің шегінде аттестация жүргізуге, лицензиялау мен сертификаттауды жүргізуге, сондай-ақ тиісті жүмыс түрлерін жүргізу үшін рұқсат беруге; - объектілердің жұмысын тоқтатуға, адамдардың өміріне қауіп төнгенде немесе төтенше жағдай туындаған кезде көшіру шараларын жүргізуге; - егер объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамалардың даярлығы мен жәй-күйі белгіленген нормативтерге сай келмеген жағдайда, үйымдардың қызметін толық немесе ішінара тоқтатуға; - бүкіл республика аумағында біріңғай радио жүйелері белдеуін ұстауға; - ТЖ-ды ескерту және жою жөніндегі мәселелері бойынша журналдар, режимдік анықтамалықтар, бюллетендер мен өзге де басылымдар шығаруға.
4. «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
Азаматтық қорғанысты (АҚ) ұйымдастыру және жүргізу - мемлекеттің ең маңызды міндеттерінің бірі, қорғаныс шараларының құрамдас бөлігі. АҚ-ты ұйымдастыру және жүргізу тәртібі "Азаматтық қорғаныс туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы ҚР-ның Заңымен белгілінген.
Азаматтық қорғаныс (АҚ) - басқару органдарының мемлекеттік жүйесі мен бейбіт және соғыс уақытында халықты, шаруашылық нысандары мен аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш (қиратқыш) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы.
АҚ-тың ең басты міндеті халықты (адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтау), аумақтарды және шаруашылық жүргізетін нысандарды қорғау болып табылады.
5. Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен тәртіптері.
АҚ бүкіл республика аумағында аумақтық-өндірістік принцип бойынша ұйымдастырылады. АҚ шараларын орталық, жергілікті өкілетті және атқарушы органдары, ҚР жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар АҚ басқару органдары мен күштері, ҚР азаматтары жүргізеді. АҚ-қа даярлық пен өткізу жөніндегі шараларды жүргізудің тәртібін, көлемі мен мерзімін ҚР Үкіметі анықтайды. АҚ шараларын кешенді және саралай жүргізу мақсатында маңыздылық деңгейін ескере отырып, ҚР Үкіметі анықтаған тәртіппен қалаларды топтарға, ал үйымдарды санаттарға жатқызу жүргізіледі. АҚ шараларын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жауапкершілік орталық, жергілікті атқарушы органдар мен меншіктің барлық нысанындағы ұйымдар басшыларына жүктеледі. АҚ шараларын ұйымдастыру және жүргізу үшін АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамалары құрылады:
хабарландыру және байланыс (байланыс негізінде құрылады, хабарлау, байланысты жүзеге асыру, авариялар мен зақымдарды жою),
қоғамдық тәртіпті сақтау (ведомстволық күзет бөлімдерінің негізінде құрылады, тәртіпті, қозғалысты реттеу),
өрттен қорғау (өртті сөндіру, алдын алу),
авариялық-техникалық (ұйымдардың тұрақты жұмыс істеуін арттыру үшін шаралар жүргізу, аварияларды жою),
паналау ғимараттар мен жасырыну орындарының (дұрыс пайдалануды, кіргізуді және толтыруды қамтамасыз ету),
медициналық (медициналық көмек көрсету, алдын алу),
радиациялық және химиялық қорғану (ахуалды қадағалау, бақылау),
көлік (көшіру шараларын жүзеге асыру, құрал-жабдықтарды тасып жеткізуді қамтамасыз ету),
материалдық-техникалық қамтамасыз ету (азық-түлікпен, күнделікті қажет заттармен, жанар майлармен толық қамтамасыз ету).
6. Азаматық қорғаныстың тж кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етудегі орны мен міндеттері.
Төтенше жағдайлар туралы халық пен ұйымдарға хабарлау Бейбіт уақытта (зілзала, авария мен апат қауіпі немесе болған кезде) және жау шабуылы қауіпі кезінде төнген қауіп туралы халыққа дер кезінде және сенімді хабарлауды, сондай-ақ халыққа жағдай туралы хабарлау мақсатында олардың назарын аудару үшін электр сиреналары мен өндірістік гудоктар және "Баршаңыздың назарыңызға!" АҚ ескерту дабылының берілгендігін білдіретін өзге де құралдар қосылады. Осы дабыл бойынша радионы, радио мен телевизиялық хабарлар қабылдағыштарын қосып ТЖ жөніндегі басқарманың (бөлімнің) шұғыл хабарын тындаған соң, берілген ақпаратқа сәйкес іс-әрекет ету керек. Соғыс уақытында жау шабуылы мен әуе, радиациялық, химиялық және бактериологиялық қауіп төнген кезде де "Баршаңыздың назарыңызға!" дабылы беріледі, оның артынша халықтың алдағы іс-әрекеті мен панаханалардың орналасқан жері туралы ақпарат беріледі.