Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
446524_6BD99_kyulmanov_deloproizvodstvo_na_kaza...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
2.52 Mб
Скачать

4.7. Жұмыс беруші Қызметкерден оның лауазымдық міндеттемелерін уақытында және сапалы орындауын, Қызметкердің жұмысына қатысты істердің жүру барысы туралы толық ақпаратты, оған сеніп тапсырылған мүліктің және ақшалай қаражаттың сақталуын, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау талаптарын сақтауды талап етуге құқылы.

4.8. Жұмыс беруші Қызметкердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және осы Шартта қарастырылған лауазымдық міндеттемелерін анықтап, нақтылайтын ережені бекітуге, сондай-ақ өз құдіреті шегінде ішкі актілер шығаруға құқылы.

4.9. Қызметкерге еңбектің зиянды, қауіпті жағдайлары туралы ескертуге және егер жұмысты жалғастыру Қызметкердің өмірі немесе денсаулығына қауіп төндіретін болса, оны тоқтатуға міндетті.

4.10. Жұмыс беруші Қызметкер өз лауазымдық міндеттемелерін орындау үшін қажетті жағдайлар жасауға, оның ішінде жұмыс орнын бөліп беру және оны жабдықтау, құрал-саймандармен және қол құралдарымен қамтамасыз етуге міндетті.

4.11. Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды және оны зейнетақымен қамтамасыз етуге аударылған ақша туралы мәліметтерді мұрағатқа өткізуге міндетті.

5. Қызметкердің еңбек жағдайы

5.1. Жұмыс және демалыс уақыты:

а) Қызметкерге төмендегідей жұмыс және демалыс уақыты бел- гіленеді:

– қырық сағаттық жұмыс аптасы және екі демалыс күні – сенбі және жексенбі күндері белгіленеді;

– сегіз сағаттық жұмыс күні – сағат 09.00-ден сағат 18.00-ге дейін;

– демалыс және тамақтану уақыты – сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін 1 сағат.

б) Қызметкер лауазымдық қызметтеріне байланысты қызметтік тапсырмаларды орындау үшін Қазақстан Республикасы шегіне, сондай-ақ шетелге іссапарға жіберілуі мүмкін;

в) Қызметкерге еңбек шартына сәйкес орташа жалақысын және лауазымын сақтай отырып, ұзақтығы 30 күнтізбелік күн еңбек демалысы беріледі. Демалыс құқығы осы Шартқа қол қойылғаннан кейін 12 айдан соң беріледі. Демалыс екі жақтың келісімімен «үзілуі» мүмкін;

г) Дәлелді себебі болған жағдайда Қызметкерге айлық жалақысы сақталмай, ақысыз демалыс берілуі мүмкін.

5.2. Еңбекақы және сыйақы:

а) Қызметкерге штаттық кестеге сәйкес лауазымдық айлық жалақы белгіленеді.

б) Айлық жалақы ай сайын келесі айдың 25-інен кешіктірілмей төленеді.

в) Жұмыс беруші бекітілген Ережелерге сәйкес Қызметкер жасаған жұмыс үшін сыйақы төлеуі мүмкін.

г) Шарт кез келген себеппен бұзылған жағдайда немесе мерзімі біткенде Қызметкерге тиесілі ең соңғы жұмыс күніне дейінгі барлық сома төленеді.

6. Кепілдіктер мен өтемақылар

6.1. Егер Жұмыс беруші Қызметкерді мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттемелерін орындау кезінде жұмыстан босататын болса, онда Жұмыс беруші Қызметкердің лауазымдық қызметін сақтап, оның болмаған уақытына орташа айлық жалақыға пропорционал түрде төлеуге міндетті.

6.2. Қызметкердің дәрігерлік тексеруден немесе басқа да міндетті комиссиялардан өтуі кезінде оның орташа айлық жалақысы және жұмыс орны (лауазымы) сақталады.

6.3. Қызметтік іссапарға байланысты кепілдіктер мен өтемақылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес белгіленіп, төленеді. Қызметкердің іссапарға Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген нормадан артық шығарған шығындарына төленетін өтемақылар оны растайтын құжат болғанда Жұмыс беруші есебінен және оның келісімімен төленеді.

6.4. Қызметкер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік жәрдемақылардың барлық түрлерімен қамтамасыз етіледі.

7. Жақтардың жауапкершілігі және дауларды шешу

7.1. Осы Шартта көрсетілген міндеттердің орындалмағаны немесе тиісті дәрежеде орындалмағаны үшін келісуші екі жақ Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауап береді.

7.2. Осы Еңбек шартын орындау барысында екі Жақ бір-біріне материалдық шығын келтірген жағдайда олар бір-бірінің алдында толық материалдық жауапкершілік туралы шартқа және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауап береді.

8. Еңбек шартын тоқтату және бұзу

8.1. Осы Еңбек шарты төмендегідей жағдайларда тоқтатылады:

а) Шарт әрекеті мерзімінің бітуіне байланысты;

б) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 53-бабына сәйкес екі Жаққа тәуелсіз жағдайларда.

8.2. Осы Шарт мына жағдайларда бұзылуы мүмкін:

а) екі Жақтың келісімі болғанда екі Жақтың жазбаша келісімі бо- йынша (Еңбек кодексінің 52-бабының 1-тармағы);

б) бір Жақ екінші Жақты осы Шарттың бұзылуына дейін кем дегенде бір айдан кешіктірмей жазбаша түрде ескертсе, бір Жақтың бастамасы бойынша (Еңбек кодексінің 54-бабы);

в) белгілі бір мерзімге жасалған шарттың әрекет ету мерзімінің бітуіне дейін ҚР Еңбек кодексінің 54-бабында қарастырылған жағдайларда алдын ала жазбаша ескертпе жасамай-ақ, Жұмыс берушінің бастамасы бойынша.

9. Қорытынды ережелер

9.1. Осы Шартта қарастырылмаған жағдайлар бойынша Жақтар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

9.2. ҚР Еңбек Кодексі Қызметкердің Шарт талаптарына қатысты еңбек жағдайларын жақсартуға қарай өзгерген жағдайда соңғысы (Шарт) түзетілуі тиіс, ал қатаңдандырған жағдайда Шарт өзгеріссіз әрекет етеді.

9.3. Осы Шарт 2 (екі) данада, әрқайсысы мемлекеттік және орыс тілінде жасалған, заңдылық күштері бірдей, рәсімделуден кейін олардың біреуі – Қызметкерде, екіншісі Жұмыс берушіде болады.

Қосымша:

1. Толық жеке материалдық-жауапкершілік туралы шарт.

2. Мәліметтерді жария етпеу, мемлекеттік құпияны және Заңмен қорғалатын басқа да құпияларды сақтау туралы міндеттеме.

Осы Шартқа қол қоярда ______________ ауданы әкімі аппараты қызметкерлерінің қызметін реттейтін төмендегі құжаттармен таныстым:

– ________________ ауданы әкімі аппаратының жұмыс регламенті;

– Көріктендіру және құрылыс бөлімінің бас маманының қызметтік міндеттемелері:

________________ ________________________

(қолы) (аты-жөні)

200__ жылғы «___» ___________

9.4. Осы Шарт қол қойылған күннен бастап өз күшіне енеді және осы Шартта көрсетілген біту мерзіміне дейін әрекет етеді.

Жұмыс беруші:

Қазақстан Республикасы

___________ қаласы, _______________ көшесі, ______________.

__________ ауданының әкімі ___________ __________________

(қолы) (аты-жөні)

Қызметкер: ___________________________________________

____________________________________________________________

Жеке куәлік (төлқұжат) № ________________________________

СТН ________________ЖӘК ____________________________

Мекенжайы: ___________ қаласы, __________________ көшесі,

______ үй, ________________

пәтер, телефон № ____________________________.