
- •Жоспар:
- •1. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде
- •2. Қр Ұлттық банкінің сыртқы саясаты және даму жолдары
- •3.Қр Ұлттық банкінің қаржы жүйесіндегі ролі………………….............29-31
- •1. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде.
- •1.2.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары
- •2006-2008 Жылдарға арналған ақша несие саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы
- •1.3.Ұлттық банкінің басты мақсаты - инфляциялық үдерістерді тежеу
- •2. Қр Ұлттық банкінің сыртқы саясаты және даму жолдары.
- •2.1. Ұлттық қор мен Ұлттық банкінің жұмыс істеу перспективалары
- •2007 Жылы Ұлттық қорды сенімгерлік басқарудың негізгі көрсеткіштері
- •Қор активтерінің құрылымы
- •Жинақтау портфелінің активтерін елдер бойынша бөлу (хеджинг операцияларын есепке алмағанда)
- •Қр Ұлттық қорының кірістілігі
- •Тұрақтандыру портфелінің кірістілігі
- •Жинақтау портфелінің кірістілігі
- •2.2 Ұлттық банкінің жағдайын талдау
- •2.3. Ұлттық банкінің сыртқы экономиикалық қызметі
- •3.Қр Ұлттық банкінің қаржы жүйесіндегі ролі .
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
3.Қр Ұлттық банкінің қаржы жүйесіндегі ролі .
Қазақстанда аз уақыт ішінде әлемдік тәжірбиені пайдалану арқылы қаржылық секторды ұтымды реформалау нәтижесінде, сонымен қатар бухгалтерлік есеп пен статистиканың халықаралық стандарттарға өтуі нәтижесінде айқын және дамыған қаржылық жүйе құрылды.
Мемлекеттік қаржылық жүйесінің институтционалды құрылымы келесі қаржылық институттармен көрсетілген:екінші деңгейлі банктер, банктік операциялардың жеке түрлерімен айналысатын мекемелер, сақтандыру мекемелері, зейнетақы жинақтаушы қорлар, зейнетақылық активтерді басқару жөніндегі компаниялар,мамандандырылған қаржылық институттар және т.б.
ҚР Ұлттық банкі ұлттық қаржы жүйесінің құрылған сәтінен бастап банк жүйесін бақылай бастады, кейіннен оған ҚР Қаржы министрлігінің – сақтандыру нарығын бақылау жөніндегі, ҚР Ұлттық банк бағалы қағаздар жөніндегі комиссияның – бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі және ҚР еңбек пен халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің – жинақтаушы зейнетақы қорлар қызметін реттеу жөніндегі қызметттері мен билігі жүктелді.
Кейіннен, 2004 ж.қаңтарда өзіндік реттеу органын мемлекет Президентіне есеп беретін ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігін құру туралы шешім қабылданды.
ҚР Ұлттық Банкке орталық банктің классикалық қызметтері бекітілді:мемлекеттің қаржы-несиелік саясатын құру мен жүргізу,валюталық реттеу мен валюталық бақылауды іске асыру, төлемдік жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және қаржылық жүйе тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Банктің негізгі мақсаты өзгерді, қаржы-несиелік саясат ҚР-да бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуді бағдарлайтын болды. Сондықтан 2004 ж.Банк бағдарды тек инфляция бойынша ғана бекітетін болды.
Жалпы Банк қаржы-несиелік саясатты жүзеге асыра отырып, заңнамалы бекітілген құралдар мен операцияларды пайдаланып, жыл сайын берілетін көрсеткіштерде инфляцины ұстап қалу жөнінде барлық қажетті шараларды жүргізеді.
Валюталық реттеу мен валюталық бақылпу саласнда Банк резиденттермен валюталық құндылықтарды пайдаланумен байланысты қызметтерді орындауға талаптарды бекітеді,сонымен қатар валюталық операциялардың резиденттері мен резидент еместерімен жүзеге асыру ретін анықтайды.
Банк қаржы жүйесінің техникалық инфрақұрыдымы болып тадбылатын төлемдік жүйелердің үздіксіз және нәтижелі қызметін қамтамасыз етеді.
Қаржылық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету аясында Банк қаржылық жүйені жетілдіруге бағытталған әртүрлі бағдарламалық құжаттардың тәжірбиелік іске асырылуы жөнінде жұмыстар атқаруда.Атап айтқанда, қазіргі кезде Банк қаржы секторын әрі қарай дамытуға және оны халықаралық стандарттарға сай келуіне бағытталған ҚР-ң 2007-2011 жж.-ға қаржылық секторды дамыту Концепциясын жүзеге асыруға қатысуда. Концепцияда қаржы секторын дамытудың алдағы мерзімдегі негізгі артықшылықтары мен бағыттары анықталған. Қаржы секторын дамытудың келесі негізі нәтижелері алынды.
Қаржы-несиелік саясаттың құралдарын жетілдіру және оны Еуропалық Одақ мемлекеттерінің стандарттарына жақындату мақсатында Банк қайта қаржыландырудың ресми ставкаларын тоқсан сайын қарау мен бекіту тәжірбиесін енгізді.
Минималды резервті талаптар есебінің әдістемелері жетілдірілді.Минималды резервті талартарды қатайту жөніндегі шаралар банктердің қаржылық тұрақтылығына және мемлекеттің ішкі нарықтық қарыздық нарығының дамуына оң әсер етеді деп күтілуде.
Валюталық реттеу бөлімінде 2007ж. 1 қаңтарынан бастап валюталық тәртіптің толық либерализациясы жүргізілді, барлық валюталық операцияларды лицензиялау алып тасталды, тек регистрациялау тәртіптері мен валюталық операциялар бойынша ескертулер ғана қарастырылады.
Сонымен қатар, банктік жеке қызметтермен айналысатын банктерден, мекемелерден және шағын несиелік мекемелерден тұратын үш деңгейлік несиелеу жүйесі құрылды.Олардың қызметін регламенттейтін тиісті заңнамалық актілер қабылданды.
Несиелік қызмет нарығының анағұрлым айқындығы мен беріктігінің, несие алуда ақпарат жинаумен байланысты несиелік мекемелердің қарыз алушлар шығыстарын азайтудың мәселелері республикада алғашқы несиелік бюроның құрылуымен шешілді.
Салымшылар ықыласын қорғау деңгейін арттыру екінші деңгейін арттыру екінші деңгейдегі банктердің депозиттерді кепілдеу жүйесінің нәтижелі қызмет етуі арқасында мүмкін болатын болды.Кепілдік есесін қайтарудың минималды мөлшері көбейді.
Қазақстан тұрғындары үшін зейнетақылық қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыруға, салымшылар мен алушылар құқықтарын қорғауға, зейнетақылық активтерді инвестициялау үшін қаржылық құралдар спектрін арттыруға бағытталған 2005-2007жж. Зейнетақы жинақтаушы жүйесін дамыту Бағдарламасы орындалды.
Ағымдағы жылы әлемдік қаржылық нарықтағы АҚШ-тың ипотекалық нарығындағы дағдарыс нәтижесінде туындаған тұрақсыздық қаржы секторына әсер етті. Атап айтқанда, капитал ликвидтілігінің халықаралық нарықтарда қысқаруы банктердің өзінің сыртқы міндеттерін қайта қаржыландыру үшін мүмкіндіктерінің қысқаруына және сәйкесінше қысқа мерзімді ликвидтілік мәселелерінің туындауын алып келді
Осындай жағдайда Ұлттық Банк банктерді қысқа мерзімді ликвидтілікпен қамтамасыз ету жөніндегі операцияларды жүргізді.Аталған операциялар көлемі 3 125 млрд теңгені қамтыды. Осы операциялардың қысқа мерзімділігін ескере отырып,олардың үлкен бөлігі жабылды.
Сонымен қатар, Ұлттық Банк минималды резервті талаптар бойынша талаптарды жұмсартты. Тамыз айында минималды резервті талаптар механизмі қайта қаралды. Өзгерістер резервтік міндеттер базасын қысқартуға және резервті активтер құрылымын кеңкйтуге бағытталды.