
- •Жоспар:
- •1. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде
- •2. Қр Ұлттық банкінің сыртқы саясаты және даму жолдары
- •3.Қр Ұлттық банкінің қаржы жүйесіндегі ролі………………….............29-31
- •1. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде.
- •1.2.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары
- •2006-2008 Жылдарға арналған ақша несие саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы
- •1.3.Ұлттық банкінің басты мақсаты - инфляциялық үдерістерді тежеу
- •2. Қр Ұлттық банкінің сыртқы саясаты және даму жолдары.
- •2.1. Ұлттық қор мен Ұлттық банкінің жұмыс істеу перспективалары
- •2007 Жылы Ұлттық қорды сенімгерлік басқарудың негізгі көрсеткіштері
- •Қор активтерінің құрылымы
- •Жинақтау портфелінің активтерін елдер бойынша бөлу (хеджинг операцияларын есепке алмағанда)
- •Қр Ұлттық қорының кірістілігі
- •Тұрақтандыру портфелінің кірістілігі
- •Жинақтау портфелінің кірістілігі
- •2.2 Ұлттық банкінің жағдайын талдау
- •2.3. Ұлттық банкінің сыртқы экономиикалық қызметі
- •3.Қр Ұлттық банкінің қаржы жүйесіндегі ролі .
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
2.3. Ұлттық банкінің сыртқы экономиикалық қызметі
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес Ұлттық банкінің құзырлығына сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру жүктелген. Қазақстанда және халықаралық банктік тәжірибеде қолданып жүрген заңдарға сәйкес шетел валютасымен кез келген операцияларды Ұлттық банкінің жүзеге асыруға құқығы бар. Орталық банктер деңгейінде мемлекетаралық қызметті жүзеге асыру барысында, яғни басқа елдердің орталық банктерінде және халықаралық қаржы несие институттарында Қазақстанның мүддесі ескеріледі. Қазақстан аумағында шетелдіктердің қатысуымен банктердің немесе еншілес банктердің, сондай-ақ шетел банктерінің өкілеттіліктерінің ашылуына Ұлттық банк лицензия береді. Шетел валютасына қатысты ұлттық валютаның бағамын реттейді. Қазақстан Республикасында ұлттық валютаның және бағалы қағаздардың шетел валютасындағы айналым тәртібін анықтайды. Валюталық операциялар бойынша шетел валютасымен есеп айырысуға банктік қызмет көрсету және валюталық құндылықтармен жасалатын банктік операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы ережелерді, белгілейді, сондай-ақ олардың қызметін бақылайды.Осындай лицензияларды пайдаланатын өкілетті банктердің саны анықталады. Мұндай жағдайда банктер тарапынан заңдылықты бұзған фактілер анықталған уақытта Ұлттық банк берілген лицензияларын қайтарып алады. 1997 жылы Қазақстан Ұлттық банкі басқа мемлекеттердің қаржы ұйымдарымен, Орталық банкілерімен және басқа да қаржы Институттарымен іскерлік жұмыстарын жалғастырды.
Халықаралық валюта қоры (ХБҚ) 1997 жылы Stan-by (1994-1995) несиесі бойынша негізгі қарызды жабу басталды (74,25 млн АҚШ доллары). Негізгі қарызды жабу тоқсан сайын 1,5 млрд АҚШ доллары төлеу арқылы жүзеге асырылады.
1996 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы Халықаралық валюта қоры несиелік бағдарламасы бойынша (Extended Fund Facility-EFF) келісімге қол қойылды.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 1997 жылға арналған барлық мақсатты жоспарларын іске асырды./10/
Халықаралық реконструкциялық және дамыту банкі, қаржы секторын дамыту үшін 1995 жылдың 20 қазанында Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне 37,6 млн. АҚШ долларын несиеге берді. Бұл Халықаралық реконструкциялық даму банкісінен Қазақстан Республикасының LN №3867 KZ келісіміне сәйкес берілген болатын (31 шілде, 1995 ж).
Займ 4 компоненттен : -коммерциялық банктерді дамыту – 12 млн. АҚШ доллары
-жергілікті банктік бақылау институттарын ұйымдастыру – 1 млн. АҚШ доллары -ұзақ мерзімді төлем жүйесі – 23,8 млн. АҚШ доллары
-жобаларды жүзеге асыру үшін көмек - 0,8 млн. АҚШ доллары
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі аталған мәселелердің толық орындалуына жауап береді.
Сыйақы ставкасын Халықаралық реконструкциялық дамыту банкі жылына екі рет белгілейді. Сыйақы жылына екі рет төленеді. 12 қаңтар және 12 шілдеде, 1.01.97. және 14.07.97. уақыт аралығында ставка 6,7 %-ды құрады, ал 15.07.97.-1.01.98. уақыт аралығында ставка 6,54 %-ға төмендеді. Комиссияның жылдық ставкасы 0,25 % болды. Пайдаланылмаған қаражат бөлігі жылына 2 рет төленеді: 12 қаңтар және 12 шілде.
Займ 17 жылға беріледі және алғашқы бес жылда қарыздың негізгі бөлігін төлеу басталмайды. Қарызды төлеу 2001 жылдың 12 қаңтарында басталды және 2012 жылдың 12 шілдесінде аяқталады. Жыл сайынғы қарыз бөлігі – 1,6 млн. АҚШ долларын құрады.
1996 жылдың мамыр айының аяғына қарай Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі «техникалық көмек жобасы» бойынша Қазастан Республикасы Ұлттық банкіне 10,85 млн. АҚШ доллары несиеге берді.
Займ келесі компоненттерден тұрады:
-коммерциялық банктердің диагностикасы – 2,6 млн АҚШ доллары
-жергілікті банктерді бақылау институттарын құру- 1 млн АҚШ доллары
-төлем жүйесі- 0,95 млн АҚШ доллары
-банктік заңнамалы реформациялау – 0,5 млн АҚШ доллары
-компьютерлер мен құралдар сатып алу- 5,8 млн АҚШ доллары
Қазақстан Ұллтық банкі аталған кұралдарды пайдаланушы және оның толық орындалуына жауап береді. (ҚР-ның Қаржы министрлігінің алдында).
Бұл несие бойынша сыйақы жылына екі рет төленеді: 12 наурыз және 12 қыркүйек. 1.01.97. және 14.07.97. уақыт аралығында ставка 6,7 %-ды құрайды, ал 15.07.97. және 1.01.98. уақыт аралығында бұл көрсеткіш 6,54 %-ға дейін төмендеді. Комиссияның жылдық ставкасы 0,25%-ды құрады. 1999 жылдың он екінші наурызында басталған қарыз төлеу 2010 жылдың 12 қыркүйегінде аяқталады.
LN №4051 KZ займның шарттарына сәйкес 1996 жылдың 25 маусымынан бастап Қазақстан Ұлттық банкі «Қаржы секторыны құрылымының» қаржылық агенті болып табылады.
1997 жылдың 3-ші тоқсанында Қазақстан Республикасы 90 млн. АҚШ долларына тең екінші транш алды.
1997 жылдың 25 ақпанында Қазақстан Ұлттық банкі Москвада болған ІV отырысында ескертулер мен ұсыныстар дайындалды. Бұл жерде Кедендік Одаққа мүше елдерлдің екі жақты келісімдері қарастырлды. Қазастан Ұлттық банкі мұндай келісімді осы одаққа мүше елдердің барлығымен дерлік жасады.
Мемлекетаралық экономикалық комитет. Қазақстан Ұлттық банкі ТМД мемлекеттерінің басшыларының кезекті отырысына мемлекетаралық экономикалық комитеті ұсынған документтеріне өзіндік жеке ұсыныстарын жасады. Ол 1997 жылдың 4 наурызында болды.
Мемлекетаралық Валюта комитеті 1997 жылы 25 наурызда Мәскеу қаласында Мемлекетаралық Валюта комитетінің эксперттерінің кездесуі өтті. Онда ТМД мемлекеттерінің валюта саясаты талқыланды.
Мемлекетарлық Банк 1997 жылдың 28 наурызында Қазақстан Ұлттық банкінің өкілдері Мемлекетаралық Банк кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Онда Мемлекетаралық Банктердің қызметтері туралы баяндалды.
1996 жылдың 16-17 шілдесінде Ресей Орталық Банкі мен Қазақстан Ұлттық банкі арасында несие ұйымдарына бақылау жасауға байланысты келісімге қол қойылды. Мұнда екі банк қаржылық ақпарат пен статистикалық мәліметтерге сүйене отырып жұмыс жасайды.
1997 жылдың қазан айында Украинаның Ұлттық банкімен Қазақстан Ұлттық банкі арасында банкаралық есепті ұйымдастыру туралы келісімге қол қойылды.
Қазақстан Ұлттық банкінің өкілдері Халықаралық реконструкциялық даму банкінің жылдық отырысының делегациясының құрамына енді(Гонконг, 20-25 қыркүйек) және Орталық банк өкілдерінің кездесуіне қатысты (6-7 қыркүйек, 1997 ж., Стамбул). Стамбулдағы кездесуде қатысушылар іскерлік тәжірибелермен алмасты. Мұнда банк жүйесін дамыту, ақша-несие саясаты мен банктік бақылауды ұйымдастыруға және қаржы секторын либерализациялауға байланысты ақпараттармен алмасты.