Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kurs_20.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
229.38 Кб
Скачать

2. Қр Ұлттық банкінің сыртқы саясаты және даму жолдары.

2.1. Ұлттық қор мен Ұлттық банкінің жұмыс істеу перспективалары

Ұлттық қор Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығына сәйкес 2000 жылғы тамызда құрылды. Қорға алғашқы түсімдер 2001 жылғы мамырда “Теңізшевройл”БК-на акциялардың мемлекеттік пакетінің бір бөлігін тастаудан есептелді. Қазіргі уақытта Ұлттық қордың активтері 3,7 млрд. Доллардан асып түсті, бұл ЖІӨ-нің 10,5%-на тең. Ұлттық қорды құрудың негізгі себептерінің бірі “голландық күйзеліс” деп аталатын көріністердің алдын алу қажеттігі, сондай-ақ шикізатты өндіру және сатудан түскен кірістерді уақытқа неғұрлым әділ бөлу болды. ”Голландық күйзеліс” табиғи ресурстарды сатудан елге шетел валютасының едәуір келуі салдарынан Ұлттық валютаның айырбас бағамының нығаюынан көрінеді. Нәтижесінде шикізат өндірмейтін салалар импортпен бәсекеге түсе алмайды және күйзеліске ұшырайды. Алғаш рет осындай нәтиже Нидерландыда 80-жылдардың басында болған. Қазақстан экспортының басым бөлігін шикізат, ал шетел валютасының негізгі келуі оның экспортымен не шикізат өндіретін салаларға инвестициялармен байланысты екенін ескерсек, біздің еліміз таяу перспективада осы проблемаға кездесуі әбден мүмкін еді. Оның дұрыс шешімі, әлемдегі тәжірбие көрсеткендей тұрақтандыру қорларын құру болып табылды.Қазақстан Ұлттық қорды құру кезінде осындай қорлары бар елдердің тәжірибесі кеңінен зерделенді. Қазіргі уақытта шикізат ресурстарының бай қоры бар және оларды белсенді түрде экспортқа шығаратын көптеген елдердің немесе олардың жекелеген аймақтарының тұрақтандыру қорлары бар, мәселен Аляска штаты, Норвегия, Чили, Кирибати, Венесуэла, Кувейт, Канаданың Альберта шет аймағы және басқалары. Мақсаттары және басқару саласы бойынша неғұрлым қолайлысы - әлемдегі ірі қорлардың бірі – Норвегия мұнай қорының тәжірибесі болды.Қазақстан Ұлттық қорының алдында екі мақсат бар, ол – тұрақтандыру және жинақтау. Бііріншісі мұнайға әлемдік бағаның тұрақсыздығынан тұтастай алғанда Қазақстан эканомиикасының және атап айтқанда мемлекеттік бюджеттің тәуелді болуының төмендеуін білдіреді. Бұл мұнай бағасы жоғарылаған кезеңде жоспарланған көрсеткіштерден асып түсетін бюджеттік кірістердің бір бөлігінің қорға түсетінін болжайды. Және керісінше, әлемдік баға бір барелль үшін 19 доллардан төмен түскен кезде Ұлттық қордан шығыстардың белгілі бір деңгейін қолдау үшін бюджетке ақша аударылатын болады. Екінші мақсат мемлекеттің жинақталған қаражатын қалыптастыру және қазақстандықтардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының арасында мұнай кірістерін неғұрлым біркелкі бөлу болып табылады. Шикізат секторы кәсіпорындар салықтарының алты түрі бойынша жоғары түсім қорға есептелді. Шикізат секторы ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Бұдан басқа, Үкімет шикізат секторының әрбір ұйымы үшін қандай нақты салықтар бойынша Ұлттық қорға жоспардан тыс түсімдер есептелетнін анықтайды. Алғашқы уақытта тізбеде 12 ұйым болды, оған Қазақстанның 9 мұнай және 3 металлургия кәсіпорындары кірді. Кейін 2002 жылы оған 2 мұнай компаниясы қосылды.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сату мүмкіндігін беретін Жер кодексін қабылдағаннан кейін оларды сатудан түскен ақша да Ұлттық қорға есептелетін болды. 2005 жылдан бастап күшіне енген Бюджет кодексіне сәйкес Ұлттық қорға тау-кен өндіру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түскен түсімдер есептелетін болды.Құрылған сәтінен бастап қазіргі уақыт аралығында Ұлттық қор қаражатын жұмсау мақсаты қатаң шектелді. Олар тұрақтандыру фунцияларын орындауға, оның ішінде мұнай бағасы төмендеген кезде бюджеттің шығынын өтеуге, қорды басқару және жыл сайын аудит жүргізуге байланысты шығыстарды жабуға пайдаланылады. Бұдан басқа, Ұлттық қордың қаражаты Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мақсаттарға Республикалық бюджетке жіберілуі мүмкін.Ұлттық қорды басқаруды Ұлттық банк жүзеге асырады. Осыған байланысты Үкімет және Ұлттық банк 2001 жылғы маусым айында Ұлттық қорды сенімгерлік басқару туралы шарт жасады. Шартқа сәйкес Үкімет қорды Ұлттық банк 20 жылға сенімгерлік басқаруға өткізді, ал Ұлттық банк Үкіметтің мүддесіне қорды оның активтерін түрлі қаржы құралдарына инвестициялау арқылы басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.Ұлттық банк 2001 жылғы маусымда әзірлеген және үкімет мақұлдаған инвестициялық стратегияға сәйкес қордың активтерін сақтау, олардың өтімділігінің жеткілікті деңгейін қолдау, сондай-ақ тәуекелдің қалыпты деңгейі кезінде ұзақ мерзімді перспективада қор активтерінің неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз ету Ұлттық қорды басқарудың мақсаты болып табылады. Осы мақсатты орындау үшін Ұлттық қордың активтері тұрақтандыру және жинақтау портфелінде бөлінді. Қордың тұрақтандыру портфелі активтердің жеткілікті деңгейін қолдау үшін қажет. Қордың тұрақтандыру портфелінің негізгі мақсаты тәуекелдің қалыпты деңгейі кезіндегі ұзақ мерзімді перспективада қор активтерінің неғұрлым жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта активтерді тұрақтандыру және жинақтау портфелдері бөлу Ұлттық қор көлемінің 16 және 84 құрайды. Фунциясына сақтау, есеп айырысуды жүзеге асыру, бухгалтерлік есеп жүргізу, сондай-ақ Ұлттық қор активтерінің кірістілігін кіретін кастодимян банкті таңдауға да көп көңіл бөлінді. Негізгі кастодияндық қызмет көрсетудің сапасы, сондай-ақ қосымша қызмет көрсетудің сапасы, спектірі мен құнды кастодиянды таңдау кезінде маңызды критерийлер болды. Ұлттық банк қазіргі уақытта бір ауқымды кастодиянмен жұмыс істейді. Инвестициялық стратегияға сәйкес Ұлттық қор активтерінің белгілі бір бөлігі сыртқы басқаруға өткізілуі тиіс. Қазір қордың активтерін басқарумен 9 басқарушы айналысады, оларда активтердің 61-ы бар, ал Ұлттық банк қор активтерінің 39-ын басқарады. Ұлттық банктің құрылған сәтінен бастап кірісі 11,70-ға бағаланды, бұл оның әрбір жұмыс істеп тұрған әрбір жылы үшін орташа алғанда 3,65-ға сәйкес келеді. Қорытындылай келгенде, Ұлттық қордың соңғы уақытта өте маңызды рөл атқаратынын атап өту қажет, себебі өзінің екі мақсатынан тұрақтандыру және жинақтау басқа шетел валютасының артық ақшасын реттеп отыру жөніндегі функциясын атқарады. Дәл осы фунция голландтық күйзелістің пайда болуымен күрес жүргізуге мүмкіндік береді. Бюджеттік түсімдердің бір бөлігін қорға бағыттау валютаның артық массасын рыноққа жіберуге және шетел валютасына қосымша ұсыныс жасауға мүмкіндік бермейді. Осының арқасында теңгенің айырбас бағамына түсім жасау төмендейді. Сонымен қатар, валюта түсімдерінің бір бөлігін реттеп отыру инфляция қысымын азайта отырып, мемлекет тарапынан теңгеге сұранысты шектейді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес Үкіметтің экономика министрліктері (Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі және Ұлттық банк Ұлттық қордың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасын әзірлеуде. Жұмыс әлі жүріп жатқандықтан тұжырымдаманың түпкілікті түрі қандай болатыны туралы айту ерте. Бірақ тұтастай алғанда, тұжырымдамада көрсетілген шаралар теңестірілген мемлекеттік бжюджетті алдағы уақыттағы қолдауға, инфляция қысымын төмендетуге, Ұлттық валютаның қымбаттауын тоқтатуға және Ұлттық қордың жұмысын жетілдіруге мүмкіндік жасайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]