Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kurs_20.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
229.38 Кб
Скачать

2006-2008 Жылдарға арналған ақша несие саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы

1-кесте

Көрсеткіштер

2005(БАҒАЛАУ)

2006

2007

2008

Базалық инфляция

жылына орташа, %

4 – 6

3 – 5

3 – 5

Инфляция (ТБИ)

жылына орташа, %

6,5

5 – 7

4 – 6

4 – 6

Қайта қаржыландыру

жылдың соңына, %

7,0

6 – 6,5

6,0

5,5

ҚҰБ жалпы алтын валюта резервтері

Миллион АҚШ доллары

4852

51,56

5679

6438

Өзгерістер, %

54,5

6,3

10,1

13,4

Ақша базасы

Млрд. тенге

312

411

495

574

Өзгерістер, %

50,1

31,6

20,3

16,1

Ақша массасы

Млрд. Тенге

1026

1325

1607

1898

Өзгерістер, %

34,2

29,1

21,3

18,1

Банк жүйесіндегі резиденттердің депозиттері

Млрд.тенге

780

972

1183

1407

Өзгерістер, %

29,4

24,6

21,7

18,1

Экономикаға беретін банктің несиелері

Млрд.тенге

940

1225

1520

1844

Өзгерістер, %

39,8

30,3

24,1

21,3

Жеке тұлғалардың теңгедегі мерзімді депозиттері бойынша орташа өлшемді мөлшерлеме, %

10,0 – 11,0

9,0 – 10,5

8,0 – 9,5

7,0 – 9,0

Заңды тұлғаларға берілген теңгедегі несиелер бойынша орташа өлшенген мөлшерлемесі, %

14,5

12,0 – 13,5

11,0 – 13,0

10,0 – 12,0

2004 – 2006 жылға арналған ақша-несие саясатының басты мақсаты орташа жылдық базалық инфляцияны – 2004 жылы 4 - 6% және 2005 – 2006 жылдары 3 - 5% шегінде ұстау./4/

1.3.Ұлттық банкінің басты мақсаты - инфляциялық үдерістерді тежеу

Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы–несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді. Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз клиенттеріне – шаруашылық субъектілеріне не жасаса, Ұлттық банкіде соны жасайды. Оның клиенттері – коммерциялық банктер және басқа да несиелік мекемелер болады. Осыдан келіп, Ұлттық банкіні «банктердің банкі» деп атайды. Комерциялық банктер және жинақ мекемелері халықтан салымдарды қабылдап, оларға қарыз береді, сол сияқты Ұлттық банкіде банктерден және жинақ мекемелерінен салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді. Елбасы жыл сайынғы Жолдауында жалпы қаржы жүйесіні және Ұлттық банк алдына мынандай міндеттер қойды:

-инфляция қарқынын бәсеңдету және инфляцияның өсуінің теріс салдарын азайту үшін нақты айырбас бағамының тиісті икемділігін қолдауға және сонымен бірге эканомикалық өсуді ынталандыру;

-ең төменгі резервтік талаптарды есептеу әдістемесін жетілдіру;

-компаниялардың жарғылық капиталындағы үлестері шамалы инвесторлардың, акционерлік және құрылтайшылардың құқықтарын қорғауға бағытталған заң жобасын әзірлеу;

-мемлекеттік жєне жалпы сыртқы борышты басқарудың тиімді жүйесін құру.

2001-2004 жылы инфляция деңгейі 6-7% болса, 2005-2006 жылы инфляция қарқыны мейлінше жоғарылады. 2005 жылы инфляция 7,5% деңгеінде қалыптасса, 2006 жылы бұл көрсеткіш 8,9%-ға дейін көтерілді. Бұл үрдіске себепші болған факторлардың негізгісі жиынтық сұраныстың, яғни үй шарушылығының, кәсіпорындардың, мемлекеттің сұранысының едәуір өсуі болып отыр. Сонымен бірге, бұл жиынтық ұсынысты, яғни ішкі өндірісті және импортты кеңейту қарқынынан асып отыр. Осы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өсу қарқынында туындап отырған “айырма” бағалар деңгейінің өсуіне әкеліп соғады. Экономикалық жалақы еңбек өнімділігінен жылдамырақ өсуде. Тұтынушылық және инвестициялық сұранысты «қыздыратын» бюджет шығыстары өсуде. Экономиканың барлық субъектілері кірістерінің өсуі нәтижесінде ақшаға деген сұраныстың ұлғаюы секілді инфляция факторын (монетарлық факторлар ) атап өтпеске болмайды. Ақша ұсынысының тиісінше ұлғаюы банктердің экономиканы кредиттеуінің ұлғаюымен және шетелдік капиталдың келуімен қамтамасыз етіледі, бұл нәтижесінде ақша агрегаттарының өсуіне әкеледі. Қазақстанға шетел валютасын әкелуге және, тиісінше, экономикада ақшаның өсуіне екінші деңгейдегі банктерге сыртқы нарықта қарыз алу көлемдерінің өсуі, сондай-ақ әлемдік бағалардың, әсіресе мұнай бағасының өсуі себепші болады. Осы факторлардың инфляцияға қайсысының көбірек, ал ағымдағы сәтке қайсысының азырақ ықпал ететіні дәл анықтау іс жүзінде мүмкін емес. Бұлардың барлығы инфляцияға ғана ықпал етіп қоймайды, олар өзара да тығыз байланысты. Сондықтан инфляцияны жоғарылауы Қазақстанның тез өсіп келе жатқан экономикасындағы үрдістердің көрінісі болып табылады. Бюджеттің әлеуметтік шығыстарының көбеюі өмір сүру деңгейін, демек, халықтың тауарларға және көрсетілген қызметтерге сұранысын да арттырды. Бірақ бұл жағдайда әсірелеудің қажеті жоқ. 2003 және 2004 жылғы тәжірибе көрсеткендей, тұтыну бағаларының өсуі бюджеттің әлеуметтік шығыстарының ұлғаюынан емес, оның төңірегіндегі даурығудан туындап отыр. Сатушылар кірістерін арттыру мақсатында бағаны «көтере» бастайды, ал сатып алушылар болашақта кірістерін арттыру үшін сатып алуын көбейте бастайды. «Инфляцияны» күту жағдайы туындайды. Бұл табиғи үдеріс. Бірақ биылғы жылы, біздің ойымызша күтілетін жағдайлар қолайлы қалыптасып отыр, яғни бағаны күрт және негізсіз көтерілуі байқалмайды.

Кәсіпорындардың табиғи монополистердің қызмет көрсету құнының жоғарылауына келсек, онда басқа нарықтарды тауарлардың және қызмет көрсетулердің бағалары да түзетілуі мүмкін. Алайда, егер осындай жағдай бола қалған күнде, ол бір-ақ рет немесе бір сәттік қана болады, яғни бағалар жаңа деңгейде белгіленеді. /5/

Инфляцияны реттеу жөнінде қолданылатын шаралар Ұлттық банкінің Ақша кредит саясатының 2006-2008 жылдарға арналған негізгі бағыттарында айқындалған. Бұл шараларды шартты түрде қаржы нарығынан артық өтімдікті шығару жөніндегі шараларға бөлуге болады.

Инфляцияны реттеу жөнінде қолданылатын шаралар Ұлттық банктің Ақша-кредит саясатының 2006-2008 жылдарға арналған негізгі бағыттарында айқындалған. Бұл шараларды шартты түрде қаржы нарығындағы ставкалары көтеру жөніндегі шараларға және қаржы нарығының артық өнімділікті шығару жөніндегі шараларға бөлуге болады. Үстіміздегі жылдың 1 сәуірінен бастап Ұлттық банктің мынандай операциялары бойынша ставкалары: ресми қайта қаржыландыру ставкасы – 8,0%-дан 8,5%,-ға дейін, тартылатын депозиттер бойынша ставка -3,5%-дан 3,75-ға дейін жоғарылады. Осы ставкалардың одан әрі де жоғарылауы мүмкін. Шығарылатын қысқа мерзімді ноталар бойынша тиімді кірістілік 2005 жылдың аяғында 2,38%-дан 2006 жылдың сәуірінде 3,05-ға дейін ұлғайып отыр.Банктердің артық өнімділігін реттеу көлемі, яғни экономикада ақшаны қысқарту көлемі ұлғайды. Айналыстағы ноталар көлемі 2005 жылдың аяғындағы 161,0 млрд. теңгеден 2006 жылғы сәуірдің аяғындағы 231,1 млрд. теңгеге дейін өсті және бұдан әрі де өсе бермек. 15 мамырдан бастап Ұлттық банктердің ноталар шығаруы бойынша әрбір аукциондағы ұсынысының ауқымы 60-тан 100 млрд теңгеге дейін өсті. Банктерден депозиттер тарту едәуір артты, олар бойынша берешек жыл басындағы 86,9 млрд. теңгеден сәуірдің аяғында 293,9 млрд. теңгеге дейін жоғарылады.

Шілдеден бастап ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін орындау жөнінде банктерге қойылатын талаптар қатаңдатылады, мұның өзі банктердің артық өтімділігін «байлауға» мүмкіндік береді. Ішкі валюта нарығында Ұлттық Банк өзінің қатысуын барынша қысқартады.

Аталған шараларды қолдану ІІ деңгейдегі банктердің өтімділігінің қысқаруына, кредиттер бойынша ставкалардың көтерілуіне әкеп соқтырады, бұл түбінде экономикаға инфляциялық қысымның қысқаруына әкеледі.

Соңғы жылдары эканомиканы үздіксіз өсуі, елдегі қолайлы инвистициялық ахуал, банк секторының тұрақты дамуы, Қазақстанға инвистициялық рейтинг берілуі халықаралық кредиторлар тарапынан сенімнің, соның нәтижесінде сырттан алынатын қарыздардың белсенді түрде келуінің нығаюына себепші болды, бұл өз кезегінде банк секторының шетелден қарыз алуға тәуелді болуының күшеюіне әкеліп соқтырады. Сыртқы қарыз алудың өсуі банк секторының айтарлықтай валюталық тәуекелге ұшырау дегейінің артуына әкеледі, оның теріс ықпалы банктердің, негізінен алғанда, қысқа валюталық позицияны сақтайтын валюталық міндеттемелерін қайта бағалаудан туындауы мүмкін. Ұлттық банк өз тарапынан сыртқы қарыз алу көлеміне ақша-кредит саясаты құралының – ең төменгі резервтік талаптардың көмегімен ықпал ете алады. Қазіргі кезде Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар (ЕРТ) туралы ережені бекітті, ондағы негізгі өзгерістер банк міндеттемелерінің құрылымына, ЕРТ-ні орындау механизіміне, сондай- ақ нормативтердің мазмұнына қатысты. Шет елден мейлінше төмен құнмен келетін капитал ағыны екінші деңгейдегі банктердің ресурстық базасының ұлғаюына себепші болады, бұл өз кезегінде ішкі нарықта кредиттер бойынша ставканы төмендетуге мүмкіндік береді.Сондықтан қарыз алуды қысқарту эканомиканы кредиттеудің өсу қарқынының қысқаруына, соның нәтижесінде эканомикаға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасының өсуіне әкеліп соқтырады. Бірақ, эканомиканың «қызып кетуі» қаупі жағдайында, Ұлттық банк оқиғалардың осылайша өрбуін қабылдауға болады деп санайды.

Қазақстанда валюта нарығындағы ахуал екі негізгі фактордың әсерінен қалыптасады. Біріншіден, бұл экспорттық түсімнен түсетін шетел валютасының үлкен ауқымының келуі мен Қазақстанның банктік және корпоративтік секторларының айтарлықтай көлемде заемдық шетел капиталын тартуы. Екіншіден, бұл АҚШ долларының негізгі әлемдік валюталарға қатысты жағдайы.

Ішкі нарықтағы шетел валютасы ұсынысының, АҚШ долларының айтарлықтай көлемі, негізінен алғанда оған деген сұраныстың жеткіліксіздігі жағдайында, сондай-ақ АҚШ доллары бағамының еуроға қарағанда төмендеуі жағдайында, теңгенің осы валютаға қатысты номиналдық бағамының тиісті дәрежеде көтерілуіне әкеледі.

Ұлттық банктің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылатынын ескере отырып, инфляцияны реттеу жөніндегі операциялардың тиімділігін арттыру мақсатында Ұлттық банктің бұдан былай еркін өзгермелі айырбас бағамы режимін ұстану және өзінің ішкі валюта нарығына қатысуын барынша қысқартады.

Ұлттық банк халықаралық валюта қорының ұсынымдарымен үнемі зер салып танысады. Алайда ішкі нарықтағы араласудан толық бас тарту және теңгенің күрт нығаюы отандық экономиканың бәсекелестік қабілетіне және қаржы нарығының бұдан былайғы дамуына жайсыз әсер етеді.

Сондықтан Ұлттық банкінің экономиканы тұрақсыздандыруына себепші болуы ықтимал айырбас бағамының күрт өсуіне жол бермейді. Бұл ішкі валюта нарығына араласудан айтарлықтай көлемде бас тарту. Сондай-ақ айырбас бағамын реттеу үшін, ақша нарығының механизімін, яғни ұлттық валютаның сұранысы мен ұсынысы арқылы барынша пайдаланады.

Көп жағдайда, Ұлттық банкінің бұдан былайғы саясаты капиталдың келу және әкетілу көлемінде, ішкі валюта нарығына қатысушылардың мінез құлқына, алыпсатарлық капиталдың болу ықтималдығына, доллардың әлемдік нарықтағы позицияларына және басқа да ішкі және сыртқы нарықтағы факторларға тәуелді болады. Яғни Ұлттық банктің бүкіл қаржы нарығының тұрақсыздануына әкеліп соғуы ықтимал валюта бағамының қысқа мерзімдік және алыпсатарлық ауытқуларының тұрақсыздық салдарын бәсеңдетуге бағытталған іс-қимылдарды қабылдау құқығы сақталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]