
- •Жоспар:
- •1. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде
- •2. Қр Ұлттық банкінің сыртқы саясаты және даму жолдары
- •3.Қр Ұлттық банкінің қаржы жүйесіндегі ролі………………….............29-31
- •1. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде.
- •1.2.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары
- •2006-2008 Жылдарға арналған ақша несие саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы
- •1.3.Ұлттық банкінің басты мақсаты - инфляциялық үдерістерді тежеу
- •2. Қр Ұлттық банкінің сыртқы саясаты және даму жолдары.
- •2.1. Ұлттық қор мен Ұлттық банкінің жұмыс істеу перспективалары
- •2007 Жылы Ұлттық қорды сенімгерлік басқарудың негізгі көрсеткіштері
- •Қор активтерінің құрылымы
- •Жинақтау портфелінің активтерін елдер бойынша бөлу (хеджинг операцияларын есепке алмағанда)
- •Қр Ұлттық қорының кірістілігі
- •Тұрақтандыру портфелінің кірістілігі
- •Жинақтау портфелінің кірістілігі
- •2.2 Ұлттық банкінің жағдайын талдау
- •2.3. Ұлттық банкінің сыртқы экономиикалық қызметі
- •3.Қр Ұлттық банкінің қаржы жүйесіндегі ролі .
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
1.2.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары
Ұлттық банк “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:
аналыстағы ақша массасының көлемінің реттеу жолмен Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша несие саясатын жүргізеді, Қазақстан Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;
кепіл берушісі үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;
Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді;
Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын өкілдерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді;
Банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасын оның тіркелуіне дейін өзі белгілеген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;
ол банктерге несие беруге, банктердің пайда капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;
банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді әрі пруденциалдық нормативтер белгілейді;
Қазақстан Республикасы ресми мөлшемелерді өзгерту арқылы банктік пайыз мөлшемелерінің деңгейін реттеуді жүргізеді;
Қазақстан Республикасында информациялық процестерді ақша-несие реттеуді әдістерімен бәсеңдете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің операциялары бойынша несиелік салымдарды шектеу және пайыз мөлшемелерін өзгертуге құқықтар береді;
Қазақстан Республикасы есеп айырысу тәртібін, жүйесін және нысандарын анықтайды, қазақстандық теңгемен банкаралық есеп айырысулардың мезгілінде және үзіліссіз жүргізілуін қамтамасыз ететін жүйенің жұмыс істеуін ұйымдастыруы тиіс;
Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлыќ түрін жүргізуге құқылы;
Банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша банктерге, валютаны сатып алу, сату жєне айырбастау операцияларын жүзеге асыратын мекемелерге жєне олардың клиенттеріне орындауға міндетті нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың орындалуын бақылайды;
Бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін банктерге, шетелдік валютаны сатып алу, сату, айырбастаумен айналысатын ұйымдарға бухгалтерлік, статистикалық, тағы басқа есеп берудің тізімін, формасын және мерзімін бекітеді;
Егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса, Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа шаруашылық субъектілерімен жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттік және басқа да шоттардан төлем жүргізу кезегін, есеп айырсуларды реттеу мақсатында бекіте алады;
Ұлттық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін ұйымдарды құруға жєне оларды басқаруға қатысуға құқылы;
Қолма-қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу және инкассакциялау ережелерін бекітеді, банкноттар мен монеталарды тасуды, сақтандыруды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен монеталардың мемлекеттік резервін қорларын құрады;
Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын құрады жєне тұрақты түрде жариялайды;
Ішкі жєне сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады;
Ақшалай қаражаттарды есепке алуда қате кеткенде немесе қолдан жасалған құжаттар бойынша есепке алынған қаражаттар анықталған жағдайда клиенттердің және банктердің шоттарынан ақша қаражаттарын сөзсіз шегеру құқығына ие;
Қазақстан Республикасындағы банктер жүйесіне кадрларды дайындауға қатысады; Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаттары арқылы қаржыландырылатын несиелік-есеп айырысу және ұйымдардың кассалық қызмет көрсетуімен байланысты операциялар жүргізеді.Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтер атқарады.
Ұлттық банк – заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқығы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банктің эмиссиялануында шығарылады және банктерге сатьп, қолма- қолсыз эквивалент алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге болып табылады. Ұлттық банк банкоталар мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою және қолма-қол ақшаны инкассациялау тәртібін орнатады. Қазақстан Республикасында шығарылған банкноталар мен монеталардың номиналдық құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноталар мен монеталардың көрсетілген сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс.Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламентінің құқығы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді. Қолма-қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасында ақша банкноталарын өндіру және коммєрциялық банктерге инкассациялауға лицензия беру бойынша өз күштерін енгізумен байланысты, қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы қаражаттарының қалдығы шегінде қолма-қол ақша түрінде қолдау алады, сонымен қатар, операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығын шек қойылмайды.
Эмиссия – бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қолсыз ақша түрінде де болуы мүмкін.
Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия – айналысқа банкноталармен монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайды.
Қазақстандағы теңгенің көп мөлшерде эмиссиялануының негізгі себептерінің бірі – кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма-қолсыз есеп айырысулардың біртіндеп қолма-қол есеп айырусуларға ауысуы, бұрын әрине, жағымсыз құбылыс деп есептеуге болады.
Бірақ 1995 жылы жағдай жақсара бастады, бұл кассалық түсімдердің кассалық шығындардан көбеюі нәтижесінде қолма-қол ақшаларды эмиссиялдаудың үлес салмағы банк касасында берілуі қысқарды.
Депозиттік банктердің эмисиясы депозиттік қарыздық операциялардың процесінде іске асады. Банктегі депозиттер сомасы несие ақшаны құру үшін қажетті потенциялын жасайды. Банк салымдарын чек эмиссиясы немесе қарыз беру арқылы жұмылдырған кезде несие ақшалар құрылады. Бұл операциялардың сызбасы келесідей: 100 ақша бірлігіндегі депозит үшін міндетті резерв 15 ақша бірлігін құрайды, қалған 85 ақша бірлігі банкі арқылы қарызға берілуі мүмкін.Сонда айналымдағы ақша массасы: 100+85=185 ақша бірлігі болады. Бұл – сомасы 85 ақша бірлігі болатын жаңа ақшаның құрылуын білдіреді. Осы жолмен құрылған ақшалар өз кезегінде өздері ақша эмиссиясының себебі бола алатын басқа депозиттердің пайда болуына әкеледі. Яғни ақша мультипликативі көбеюі орын алады. Депозиттік банктердің эмиссиясын реттеу Ұлттық банкінің ақша базасы сияқты, ақша агрегатын және ақша мультипликациясын бақылау арқылы жүреді.
Ақша базасы – бұл Ұлттық банк шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы қолма-қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер – бекітілген нормативтерге сєйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие корреспондеттік шотында сақталынуына міндетті банк депозиттерінің бөлігі.
Артық резервтер бұл банктердің Ұлттық банкідегі корреспондеттік шоттардағы қалған қалдықтары. Айналымдағы қолма-қол ақшаның мөлшері банктердің корреспондеттік шоттардағы қаражаттарының болуына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының көлемін, яғни банктердің өнімділігін реттеу арқылы реттейді.
Ол ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл құралдары ақша базасының қеңеюінің шегін көрсететін және ақша массасының, ақша базасына қатынасы арқылы есептелетін ақша мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді.
Ақша мультипликаторының мөлшері міндетті резервтеу нормасына байланысты, өйткені міндетті резервтер банктер мен несие ресурстарынң көзі болып пайдаланбайды, сонымен қатар, айналымдағы қома-қол ақшаның үлес салмағына байланысты болады.
Бұл – айналымдағы қома-қол ақшалардың банктерден тыс орналасқан мультипликацияланбауына байланысты. Ақша мультипликациясының интенсивтілігі олардың экономикаға айналу жылдамдығына әсер етеді, мултипликацияның коэффициенттік жылдамдығы азаяды. Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы Ұлттық банк арқылы тікелей реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша-несие саясаты үшін үлкен мәні бар.
Ақша айналысының жылдамдығы экономикалық монетаризация деңгейіне байланысты болады, ол ақша массасының жалпы ішкі өнімге қатынасымен анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетаризация деңгейі жоғарылайды.
Монетаризация деңгейі 1989 жылы Францияда - 68,5%, Германияда – 64,5%, Ұлыбританияда – 89,1%, АҚШ – 77,5%, Жапонияда – 116,7% болды. Қазақстанда 1995 жылы монетаризация деңгейі 12%-ға жуық болды.
Ақша несие саясатының құралдары: пайыздық саясат, резервтік талаптар, несие операциялары, ашық нарықтағы операциялар, валюта нарығындағы операциялар арқылы өтімділікті қамтамасыз ету саясаты.