- •Жоспар:
- •1. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде
- •2. Қр Ұлттық банкінің сыртқы саясаты және даму жолдары
- •3.Қр Ұлттық банкінің қаржы жүйесіндегі ролі………………….............29-31
- •1. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде.
- •1.2.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары
- •2006-2008 Жылдарға арналған ақша несие саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы
- •1.3.Ұлттық банкінің басты мақсаты - инфляциялық үдерістерді тежеу
- •2. Қр Ұлттық банкінің сыртқы саясаты және даму жолдары.
- •2.1. Ұлттық қор мен Ұлттық банкінің жұмыс істеу перспективалары
- •2007 Жылы Ұлттық қорды сенімгерлік басқарудың негізгі көрсеткіштері
- •Қор активтерінің құрылымы
- •Жинақтау портфелінің активтерін елдер бойынша бөлу (хеджинг операцияларын есепке алмағанда)
- •Қр Ұлттық қорының кірістілігі
- •Тұрақтандыру портфелінің кірістілігі
- •Жинақтау портфелінің кірістілігі
- •2.2 Ұлттық банкінің жағдайын талдау
- •2.3. Ұлттық банкінің сыртқы экономиикалық қызметі
- •3.Қр Ұлттық банкінің қаржы жүйесіндегі ролі .
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде.
1.1.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылымы және басқару органы
Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың мәселелері «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» Заңы және «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Ережесі негізінде анықталады. Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындау үшін басқарма директорат, бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдық бөлімшелері бар. Ұлттық банкінің 1996 жылғы құрылымы төменгі сызбада көрсетілген. Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына – Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламент пен Президенттің бір-бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мөшелері ҚР Президентімен бекітіледі. Басқарма мынандай сұрақтарды шешеді:
- мемлдекеттік ақша несиелік саясатын жасайды;
-Ұлттық банк шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді бекітеді;
-Парламент бекіткен тұжытым негізінде банкноттар мен монеталардың номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;
-Ұлттық банкінің банктермен және Қазақстан Республикасының бюджеті мен операциялары бойынша пайыздық мөлшермен бекітеді;
-Қазақстан Республикасының валюталық айырбас бағамын анықтау тәртібін белгілейді;
-сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін бекітеді;
-Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық балансты қарастырады;
-Ұлттық банк туралы Ережені, Ұлттық банк құрылымын бекітеді және Ұлттық банк департаментінің директорларын тағайындайды;
-банктер және олардың филиалдары үшін эканомикалық нормативтерін бекітеді.
-Басқарма шешімдерін басқарма қаулылары формасында жүзеге асырады.
-Басқарма мәжілісі қажет кездерде немесе айына бір рет өткізіледі.
Кезектен тыс мєжілістер Ұлттық банк төрағасының немесе басқарманың мүшесінің талабымен өткізіледі.
Ұлттық банк төрағасы ҚР Президентінің ұсынуымен алты жылға сайланады.
Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк атынан және сенімхатсыз мемлекеттік органдармен, банктермен, несиелік, халықаралық және басқа да ұйымдармен қатынастарда жұмыс істейді.
Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк қызметі бойынша шұғыл және атқарушы-бұйырушы шешімдер қабылдауға, Ұлттық банк атынан келісім-шарттар жасасуға өкілетті. Бірақ, бұған басқармаға берілген өкілеттіктер кірмейді.
Ұлттық банк төрағасы басқарманы, директорлар кеңесінің қызметін басқарады және Ұлттық банкіге жүктелген жұмыстар үшін жауап береді. Ол басқарма мүшелеріне және директорлар кеңесі мүшелеріне жеке өкілеттіліктер бере алады. Ұлттық банк төрағасы уақытша жоқ кезде, оның қызметін орынбасарларының бірі атқарады.
Ұлттық банк төрағасы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жұмыстан босатуын сұрай алады. Ол Президенттің ұсынысымен орнынан босатылады.
Төраға орынбасарлары және басқарма мүшелері Ұлттық банк төрағасы арқылы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрай алады.
Ұлттық банкінің жедел басқару органы – Директорлар кеңесі, ол Ұлттық банк төрағасымен басқарылады.
Директорат, “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заңға сәйкес Ұлттық банкінің қарауындағы, төрағаның және басқарма қарауындағылардан басқа барлық мєселелер бойынша шешім қабылдайды.
Директорат құрамына – төраға, оның орынбасарлары және департамент директорлары кіреді. Ұлттық банкінің орталық аппараттарына келесідей: ақша-несие операциялары, банктік қадағалау, халықаралық қатынастар, эмиссиялық-кассалық операциялар, ақпараттық технологиялар, бухгалтерлік есеп және бюджет, ішкі қызмет, зерттеулер және статистика, ішкі аудит, есептеу жұмыстары, төлем жүйелері, шетелдік операциялар, заң департаменттері және дербес басқармалар бар.
Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлерде өзінің облыстық басқармалары, Алматы бас филиалы арқылы жүзеге асырылады.Олар филиалдың құқықтарын пайдаланады және Ұлттық банк атынан қызмет етеді.
Енді шетелдік тәжірибедегі орталық банктердің ұйымдастыру және басқару ерекшеліктеріне келейік. Неміс федералдық банкі 1957 жылы 26 шілдеде шыққан заң негізінде құрылған. Оның алдында Рейсбанк (1875) пен Неміс жер банкі(1948) болған. Банк капиталы – 290 млн. Неміс маркасы толығымен мемлекетке тиесілі. Бас кеңсесі Франфурт-на-Майне қаласында орналасқан. Банк жүйесіне жергілікті 11орталық банкі және 195 бөлімшелер мен агенттіктер кіреді. Басқару органдары: кеңес, директорат, басқарма.
Кеңес – ақша-несие саясатының қалыптасуына жауапты негізгі орган болып табылады. Кеңесті президент басқарады, кеңеске вице-президент мүшелері және жергілікті орталық банктердің барлық президенттері кіреді.
Директорат – жоғары атқарушы орган.Ол кеңестің шешімдерін жүзеге асырады және басқа мемлекеттік ведомствалармен байланыс орнатады, ашық нарықтағы операцияларды, валюталқ операцияларды, валиюталық операциялрды жүзеге асырады.
Жер оталық банктері – Неміс федералдық банкінің жергілікті басқармасы. Ол өзінің барлық қызметтерін осы банктер арқылы жүзге асырды. Бұл дүние жүзіндегі ең тәулсіз банк болып табылады, ол тек заңдарға бағынады. Бірақ банкі капиталының 100%-ы Қаржы министірлігіне қараганмен, Қаржы министірлігі банктің қызметіне араласуына құқығы жоқ.
Ағылшын банкі – дүние жүзіндегі көне, және беделді орталық банктерінің бірі. Негізінен 1694 жылы құрылған. 1946 жылы жеке иемденушілерден акцияларды міндетті түрде сатып алу арқылы лейбуристермен ұлтшылдандырылған. 1971 жылға дейін бұл банк елдегі несиелеу процесін, коммерциялық банктердің қарыздары бойынша есептік мөлшерлемесін өзгерту арқылы бақыланған.
Одан бөлек, банктер кассалық активтер коэффицентін касса және Ағылшын банкі шоттардағы қалдықтарды актив сомасын 8% мөлшерінен төмен емес деңгейде және өтімділік коэффициентін ұстану арқылы орындау керек болатын. өтімділік коэффициенті, яғни өтімді активтер портфелі активтердің жалпы сомасын 28% -нан төмен болмауы керек.
1971 жылдан кейін коэффиценттер алынып тасталынды. Қарыздар бойынша банкілік мөлшерлемелермен енді Ағылшын бакісінің есептік мөлшерлемесіне байланысты қойылмай, әр банк жеке жария ететін базалық мөлшерлемесі негізінде анықталынды.
Коммериялық банктер үшін резервтік активтер коэффициенті қысқа мерзімді депозиттердің 12,5% мөлшеріне белгіленді. Бұдан басқа, банктер Ағылшын банкіндегі пайызсыз шотта өзінің қысқа мерзімді депозиттерінің 0,5% мөлшеріндегі сомасын сақтау керек.
Ағылшын банкі екі департаментке бөлінген – эмиссиялық және банктік, Эмиссиялық департамент банктің портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздарды қоя отырып, банк – ноталарды шығарумен айналысады. Ал банктік депортамент өзінің шоттарындағы банктік депозиттер есебінен коммерциялық банктерді есептік мөлшерлеме бойынша несиелейді
Жапон банкі 1882 жылы құрылған. Қазіргі Жапон банкі туралы Заң 1942 жылы ақпанда қабылданған. Ол үкімет мекемесі болып есептеледі, бірақ жарғы капиталының 55% - ы мемлекетке тиесілі.
