
- •Жоспар:
- •1. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде
- •2. Қр Ұлттық банкінің сыртқы саясаты және даму жолдары
- •3.Қр Ұлттық банкінің қаржы жүйесіндегі ролі………………….............29-31
- •1. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде.
- •1.2.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары
- •2006-2008 Жылдарға арналған ақша несие саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы
- •1.3.Ұлттық банкінің басты мақсаты - инфляциялық үдерістерді тежеу
- •2. Қр Ұлттық банкінің сыртқы саясаты және даму жолдары.
- •2.1. Ұлттық қор мен Ұлттық банкінің жұмыс істеу перспективалары
- •2007 Жылы Ұлттық қорды сенімгерлік басқарудың негізгі көрсеткіштері
- •Қор активтерінің құрылымы
- •Жинақтау портфелінің активтерін елдер бойынша бөлу (хеджинг операцияларын есепке алмағанда)
- •Қр Ұлттық қорының кірістілігі
- •Тұрақтандыру портфелінің кірістілігі
- •Жинақтау портфелінің кірістілігі
- •2.2 Ұлттық банкінің жағдайын талдау
- •2.3. Ұлттық банкінің сыртқы экономиикалық қызметі
- •3.Қр Ұлттық банкінің қаржы жүйесіндегі ролі .
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Қорытынды
Курстық жұмысты қорытындылай келе, Ұлттық банк – еліміздегі барлық несие жүйесін реттеущі ұйым рөлін атқара отырып, орталық банк экономикамызда басты орын алады.
Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады.
Орталық банктің тарапынан ақша – несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қалма-қолсыз ақша массасы жатады.
Ұлттық банк – бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эммисиялық банкке ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие ала алады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде басқа елдердің Орталық банктерімен және халықаралық қаржы ұйымдарымен қатынаста Қазақстан Республикасының мүддесін көздейді.
Ұлттық банк-бұл эммисиялық, резервтік, кассалық және есеп айырысу орталығы, норма шығару және бақылау жасау құқығына ие, «банктердің банкі» рөлін атқарады, сондай-ақ ақша - несие және валюта саясатын анықтайды.
Ұлттық банк-оның жоғары үкімет органы тұлғасындағы мемлекеттік біртұтас органы, бір ғана қол қоюшы және президентіне есеп береді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басты міндеті ұлттық валюта-теңгенің ішкі-және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің негізгі қызметтері мыналар: айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізу, ақша эмиссиялау, банктерге, ұйымдарға несие беру, және республикамда қолма-қолсыз есеп айырысуды іске асыру, инвестициялық қызмет, екінші деңгейдегі банктер қызметін бақылау және қалдағалау, валюталық реттеу және валюталық резервін сақтау және т.б.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының мақсаты ұлттық валютаның тұрақтылығын: оның сатып алу қабілетін және алдыңғы қатардағы шетел валюталарына қатысты бағамын қамтамасыз ету болып табылады. Оның негізгі құралдары: пайыз саясаты, ең төменгі резервтер нормасы, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатуға байланысты ашық нарықтағы операциялар, банктерге және Үкіметке берілетін несие, валюталық нарықтағы интервенция.
Эмиссия-мемлекеттік банкнота, монета, бағалы қағаздарды шығаруы. Ол қолма-қол түрінде де, қолма-қолсыз да болуы мүмкін. Бірінші формасы айналысқа нақты ақша шығаруды білдірсе, ал екіншісі депозитті-қарыздық операциялар процесінде іске асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің есеп немесе пайыз саясаты есептік пайызды өзгерту жолымен қарыздық капиталдар нарығын реттеуге негізделген. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі есептік мөлшерлемені азайта отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіден банктерден қарыз алуан ынталдандыратын болса, ал есептік мөлшерлемені ұлғайта отырып, банк жүйесіндегі несиенің қысқаруын қолдап, соның негізінде жалпы республика бойынша ақша айналысын реттейді.
Міндетті резерв нормасының мағынасы міндетті резерв сомасы мен несиелік операциялар көлемі арасында тығыз өзара байланыстың болуын, яғни оны Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі айналыстағы ақша массасының өзгерту үшін қолданылатынын түсіндіреді.
Айналыстағы ақша массасының реттеудің біршама ыңғайлы әдісі-ашық нарықтағы операциялар. Мағынасы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі ақша эмиссиясының тоқтатып, несиелік экспансияға шек қою мақсатында нарықта бағалы қағаздарды сатады. Керісінше, ақша шығаруды және несие беруді ынталандыруға тырысады, ол кері операцияны жүзеге асырады яғни, қағаздар сатып алады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі «банктердің банкі» қызметін атқарады, яғни комерциялық банктер резервін сақтайды, оларға қарыздар береді қолма-қолсыз есеп айырысуларды жалпы ұлттық ауқымда жүзеге асырады, банктердің қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі бас банкир, қаржылай кеңесші және Үкіметтің, басқа да мемлекеттік органдардың агенті болып қызмет етеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Қазақстанда және шетелде шетел валютасындағы кез-келген операциялар-валюта резервін құруға және басқаруға тікелей қатысады.