
- •Практикалық сабақ 10 Тақырыбы: Табиғи ресурстар оларды тиімді пайдалану тұрақты дамудың негізгі аспектісі ретінде.
- •1 Тапсырма Берілген есепті шығарып өз тұжырымдамаңызды дайындаңыз.
- •10.Табиғатты қорғаудың теориялық негіздері
- •Практикалық сабақ №11 Тақырыбы: Биосфера тұрақсыздығының шығыуындағы антропогендік фактордың әсері
- •1 Тапсырма.
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма
- •Практикалық сабақ №12
- •Практикалық сабақ №13 Тақырып Әлеуметтік-экологиялық мәселелер
- •1 Тапсырма
- •Практикалық сабақ №14 Тақырып Табиғатты қорғау
- •Практикалық сабақ №15 Тақырып Қазақстан Республикасының өзекті экологиялық мәселелері.
- •Ядролық катастрофа - жаппай қырып-жоятын ядролық қаруды қолдану нәтижесінде қалыптасатын глобалды экологиялық апат.
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма
Практикалық сабақ №15 Тақырып Қазақстан Республикасының өзекті экологиялық мәселелері.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге Қазақстан Республикасының өзекті экологиялық мәселелері туралы білім беру.
Глоссарий
Базалық мониторинг - антропогенді әсер болмайтын табиғи экожүйелердің жағдайын бақылау.
Импактілі мониторинг - ластаушы заттар таратушы көздерге жақын орналасқан аса қауіпті аймақтар мен орын-дарды бақылау.
Мониторинг - белгілі бір объектілер мен кұбылыстарды, олардың жәй-күйін үздіксіз бақылау.
Мониторинг (экологиялык) - қоршаған орта компоненттерінің сапасын, жәй-күйін бақылау.
Глобальды мониторинг - жалпы әлемдік масштабтағы биосферадагы процестер мен өзгерістерді бақылау.
Экологиялық сараптама - адамның шаруашылық және басқа қызмет түрлерінің экологиялық талаптарға сәйкестігін анықтайтын сараптама.
Эвтрофикация - табиғи суларға минералдық тыңайтқыштар, жуғыш заттар, мал шаруашылығы комплекстерінің қалдықтары түрінде азот, фосфор, күкірт, т.б. биогенді элементтердің көп түсуі нәтижесінде фитопланктон (әсіресе, көкжасыл балдырлар) биомассасының күрт өсіп, олардың оттегін белсенді сіңіріп, улы заттарды бөлуіне байланысты басқа гидробионттардың тіршілік жағдайлары нашарлап, қырылып қалуы.
Ядролық катастрофа - жаппай қырып-жоятын ядролық қаруды қолдану нәтижесінде қалыптасатын глобалды экологиялық апат.
Поллютанттар - ортаның техногенді ластаушылары: ауада - аэропланктондар, суда- гидропланктондар, топырақта -террополлютанттар.
Рекультивация - бұзылған табиғи ландшафтарды қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар комплексі.
Сабақтың материалдары:
1 тапсырма Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. ҚР табиғи ортасының дестабилизация процесі., себептері мен салдары.
2. Аралдың әлеуметтік экологиялық проблемалары.
3. Ядролық қару жарақты сынаудың адамзатқа әсері мен салдары.
4. ҚР территориясындағы әскери-сынақ полигондары.
5. Қоршаған ортаның жағдайын бағалау әдістері мен критериилері.
2 Тапсырма
Экологиялық мониторинг, оның ұйымдасу принциптерімен таныса отырып, оның классификациясына назар аударыңыздар. Мониторинг типтеріне толық анықтама беріңіздер.
3 Тапсырма
ҚР қоршаған ортаға қатысты ең негізгі құжаты ҚР Экологиялық кодексін талдаңыздар.
Пайдаланылған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
1.Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003
2.Г.С.Оспанова «Экология», Алматы-2002
3.Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.
5.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.
6. Мұқаұлы С., Үпішев Е. Табиғат пайдалану экономикасы. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 1999
Қосымша әдебиеттер:
1.Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.
2.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.
3.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.
4.Николайкин Н.И. и др. Экология М.: Дрофа, 2003.
5.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997.
7.Бродский А.К. Краткий курс экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского университета, 2000.
.