Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kirispe.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
166.28 Кб
Скачать

Техниканың дайындығы

Жалпы, республика бойынша көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы техникасының  дайындығы өткен жылғы деңгейде. 2011 жылдың 8 сәуіріне техниканың дайындығы:

         -  қолда бар тракторлардың 141070 данасы немесе 91%  (89% - 2010 ж.); 

-  қолда бар трактор тіркемесінің 79452 данасы немесе 92% (91 % - 2010 ж.);

         -  қолда бар соқалардың 23244 данасы немесе 92 % (90% - 2010 ж.);

-  қолда бар жалпақ тілгіштердің 5 585 данасы немесе 93% (91 % - 2010 ж.);  

         - қолда бардың культиваторлардың 17908 данасы немесе 92% (92% -  2010 ж.);

         - қолда бар тырмалардың 254370 данасы немесе 91% (89% - 2010 ж.);

         - қолда бар сыдыра жыртқышдың 4625 данасы немесе 93% (91% - 2010 ж.);

         - қолда бар сепкіштердің 81898 данасы немесе 91% (90% - 2010 ж.);

         - қолда бар тұқым тиегіш машиналардың 3136 данасы немесе 92% (89% - 2010 ж.);

 -  қолда бар тұқым улағыштардың 1454 данасы немесе 89% (82% - 2010 ж.).

қолда бар бүріккіштердің 4250 данасы немесе 90% (81% - 2010 ж.);

         2010 жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілермен (бұдан  әрі – АШТӨ) 3036 бірлік техника сатып алынды, соның ішінде: 840 трактор, 630 астық жмнайтын комбайндар, 92 егіс кешендері, 242 сепкіштер, 15 дестелегіштер, 51 жүк таситын автомобильдері және 966 бірлік басқа да  техникалар сатып алынды.

Қазіргі кезде АШТӨ 2651 бірлік жоғарыөнімді егіс кешендері бар, ол қолда бар жалпы егіс кешендерінің 11% құрайды. Олармен жаздық бидайдың 8,9 млн. гектарын себу жоспарланып отыр немесе ол егіс алқабының 48% құрайды.

Жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының деректері бойынша, технологиялық карталарға және жоспарланған ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабына сәйкес республиканың АӨШТ 2011 жылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін жанар-жағармайға қажеттілігі: дизель отыны – 354 мың тонна; дизель майы – 21,2 мың тонна; бензин – 54,1 мың тонна құрайды.                                

2011 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін жеңілдетілген бағамен АШТӨ жанар-жағар маймен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Мұнай және газ министрлігімен келісілген облыстарды республикамыздың МӨЗ бекіту кестесі бекітілді. Мұнай өнімдері мен мұнай ресурсұстаушылары (жеткізушілер) бекітілген кестеге сәйкес белгіленген бағамен а. ж. наурыз-мамыр айларында 354 мың тонна дизель отынын жеткізуі тиіс.

А. ж. 22 ақпанда ҚР Мұнай және газ министрлігімен ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету және ЖЖМ бағасын белгілеу механизмі бойынша жұмыс тобының кеңейтілген мәжілісі өткізіліп, көктемгі дала жұмыстарын жүргізу кезінде республикамыздың МӨЗ (Шымкент, Павлодар, Атырау) белгіленген бағамен тоннасы 70 мың теңгемен (шамамен бір литрге 59 теңге) АШТӨ жеткізуге шешім қабылданды. 

А.ж. 8 сәуірдегі жағдайы бойынша операторлар және облыстардың АШТӨ арасында 178,3 мың тонна дизель отынын (наурыз-сәуір айларына жоспарланғаннан 78%) жеткізуге келісім шарт жасалды, 89,4 мың тоннаға (39%) ақшасы төленді және оларға 61,2 мың тонна (27%) дизель отыны жіберілді. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]