- •Дүниежүзі бойынша ауыл шаруашылығында еңбек ететіндер үлесі
- •Қазақстанның ауыл шаруашылығы
- •Ауыл шаруашылығының Қазақстан экономикасында алатын орны
- •Егін шаруашылығы
- •Жеміс және жүзім шаруашылығы
- •Мал шаруашылығы
- •Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу
- •Етті қайта өңдеу бойынша
- •Сүтті қайта өңдеу бойынша
- •Қант бойынша
- •Ұн бойынша
- •Көкөністер және жемістер
- •Су шаруашылығы
- •Орман және аңшылық шаруашылығы
- •Балық шаруашылығы
- •Аумақтардың астықпен қамтамасыз етілуі
- •Көктемгі дала жұмыстарын несиелеу
- •Тәуекел мен сақтандыру
- •Техниканың дайындығы
- •2011 Жылдың 8 сәуірдегі жағдайы бойынша аштө жанар-жағармай қамтамасыз етілуі: дизель отыны - 118,4 мың тонна; (33,4%); бензин - 21,0 (38,8%) мың тонна; дизель майы - 9,4 мың тоннаны (44,3%) құрайды.
- •Өнімді қауіпті зиянкестерден қорғау.
- •Ауыл шаруашылығын қаржыландыруы және субсидиялау.
- •Мал шаруашылығын субсидиялау.
- •Субсидиялар жергілікті бюджет қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне келесі бағыттар бойынша төленеді:
Ауыл шаруашылығының Қазақстан экономикасында алатын орны
Мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру және ұжымшарлар жүйесін қайта жаңғырту оң нәтиже берді. Жерге байланысты құқықтық қарым-қатынас жүйесі өзгерді, баға, несие, қаржы саясаты реформаланды, басқару механизмі жеңілдетілді. 1997 жылы Қазақстанда жалпы саны 72335 ауыл шаруашылығы құрылымдары жұмыс істеді. Оның 1847-сі шаруашылық серіктестіктері, 601-і акционерлік қоғамдар, 3714-і өндірістік кооперативтер, 65 мыңнан астамы шаруа қожалықтары, 192-сі мемлекеттік кәсіпорындар. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру меншік нысанын ғана өзгеріске ұшыратып қойған жоқ, сонымен бірге оларды жедел дамытуға, өндірісті қайта құруға, тауарлы өнім өндіруді арттыруға мүмкіндіктер тудырды. Ауыл шаруашылығы салалары бойынша жалпы өнім құны 305, 4 млрд. теңгеге жетті (1997). Оның 41,5%-і мал шаруашылығы үлесіне тиеді. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 1997 жылы 21843,7 мың га, оның ішінде дәнді дақылдар 15651,5 мың га болды. Бидай 11512,2 мың га, күріш 85, 2 мың га, жүгері 69 мың га, қант қызылшасы 13,6 мың га, мақта 103,6 мың га, күнбағыс 223,9 мың га, картоп 176,3 мың га, көкөніс 87,1 мың га, мал-азық дақылдары 5445,6 мың га жерге егілді. Дәнді дақылдарының жалпы түсімі — 12,4 млн. т құрады. Оның ішінде бидай 8955 мың т, күріш 255,0 мың т, жүгері ұны 111,2 мың т, қант қызылшасы 139 мың т, мақта 198 мың т, күнбағыс 66 мың т, картоп 1472 мың т, көкөніс 880 мың т. болды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының әр га-дан түсетін өнімділігі: дәнді дақылдардан 8,7 ц, күріштен 30,8 ц, қант қызылшасынан 126,5 ц, мақтадан 19,3 ц, күнбағыстан 3,5 ц, картоптан 84,1 ц, көкөністен 100,6 ц болды. 1997 жылдың аяғында ірі қара малдың саны 4405,7 мың (оның ішінде сиыр 2181,8 мың), қой мен ешкі 10896,6 мың, шошқа 881,5 мың, жылқы 1101,1 мың, құс 15858,2 мың болды. Ет 1302,1 мың т., сиыр сүті 3220,4 мың т, жүн 32,4 мың т мөлшерінде өндірілді.
Ал ендігі кезекте дәл осы шаруашылыққа жауапты құзіретті орган кім дегенге көшсек? Ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі қойылған мiндеттердi тиiмдi шешу үшiн басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде өзiнiң құзыретiне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын және өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен жүктелген функцияларды орындайтын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi:
мемлекеттiң аграрлық және өңiрлiк саясатын, стратегиялық жоспарларын, реттелетiн саладағы, атап айтқанда агроөнеркәсіптік кешен, ауыл, балық және су шаруашылығы, өсiмдiктер мен жануарлар әлемiнiң өсiмiн молайтуды және пайдалануды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау саласындағы мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды, ауылдық аумақтарды дамыту, егіншілік, тұқым шаруашылығы мен астық рыногын реттеу, өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдау, өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi, ветеринария, сусындарды (алкогольді өнiмдер мен этил спиртiнен басқа) қоса алғанда, тамақ өнiмдерiн, былғары (терi илеу және өңдеу), талшықты мақта өндiру мен жүндi қайта өңдеу бөлiгiнде өңдеу өнеркәсiбiн, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау (iрiсiнен басқа), агроөнеркәсіп кешенiн техникалық жарақтандыру, мал шаруашылығы, мелиорация, жердi суландыру және дренаж, ауыл шаруашылығы ғылымы мәселелерiн қалыптастыру;
бәсекеге қабілеттi ауыл шаруашылығы тауары өндiрiсiн құрудың негізiн жасау, Қазақстан Республикасының азық-түлiктік қауiпсiздiгі мен жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету;
агроөнеркәсіп кешенiн ақпараттық-консультациялық қамтамасыз ету болып табылады.
Мекен-жайы: 010000, Астана қ, Кенесары көшесі, 36
Кеңсе қызметінің қатынас телефоны: 8 (7172) 555995;факс: 8 (7172) 555995
Cенiм телефоны: 8 (7172) 555-755
Банктік деректемелері: ИИК 000120200 БИК 195301070 РНН 600400035905 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті
МИНИСТР МАМЫТБЕКОВ АСЫЛЖАН САРЫБАЙҰЛЫ
ВИЦЕ-МИНИСТР МАРАТ ЕРКІНҰЛЫ ТОЛЫБАЕВ
ВИЦЕ-МИНИСТР МҮСЛІМ ТАЙЫРҰЛЫ ӨМІРИЯЕВ
ЖАУАПТЫ ХАТШЫ АМАН ЕВГЕНИЙ ИОСИФОВИЧ
Департаменттар
Стратегия және корпоративтік даму департаменті
Ішкі бақылау департаменті
Мал шаруашылығы департаменті
Егіншілік департаменті
Қайта өндеу және аграрлық азық-түлік нарығы департаменті
Табиғат ресурстары департаменті
Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі басқармасы
Фитосанитариялық қауіпсіздік басқармасы
Ғылым және инновациялық саясат басқармасы
Инвестициялық саясат департаменті
Құқықтық қамтамасыз ету департаменті
Әкімшілік қамтамасыз ету департаменті
Қаржылық қамтамасыз ету департаменті
Мемлекеттік құпияларды қорғау және жұмылдыру дайындығы басқа
Комитеттер
|
|
Аумақтық инспекциялар
Аумақтық инспекция- бұл Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық органы. Аумақтық инспекциялар облыс орталықтарында, Астана мен Алматы қаладарында, ірі қалалар мен аудан орталықтарында жұміс істейді.
Орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармалары
Орман және аңшылық шаруашылығыаумақтық басқармасы- бұл ерекше қорғалатын табиғи аймақтардағы жануарлар әлемін (балық және өзгеде су жануарларыннан басқа ) қорғау, өсіру және пайдалану, өсімдік және жануарлар әлемін бір текеті пайдалану және сақтау, сондай-ақ мемлекеттік табиғи қорық қорлары объектілерінің биологиялық тепе-теңдігін сақтау, орман шаруашылығы мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету саласындағы қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы.
Аумақтық балық инспекциялары
Аумақтық балық инспекциялары- бұл Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы, әкімшілік шекаралар шегінде балық шарушылығы саласында сала аралық үйлестіруді, балық шаруашылығын мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өндіру және пайдалануды және балық шаруашылығын жүргізуді, балық шаруашылығы мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, балық шаруашылығы саласында мелиоративтік- техникалық және басқа да іс- шараларды, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіруді, балық аулауды реттеуді жүзеге асырады.
Бассейндік су шаруашылығы басқармалары
Бассейндік су шаруашылығы басқармасының (БСБ) су қорларын пайдалану және қорғау саласында арнайы орындалатын және бақылау- қадағалау функцияларын жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзіреті шегінде өз қызметін атқаратын облыстарда бөлімі бар, және ол су қорларын пайдалану және қорғау саласындағы өкілетті органның өңірлік органы болып табылады.
Ведомстволық бағынысты ұйымдар
«ҚазАгро» ұлттық холдингі акционерлік қоғамы
«ҚазАгроИнновация» АҚ
«Фитосанитария» РМК
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министiрлiгiнің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ММ
ҚР АШМ АӨК МИК «Республиқалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» ММ
2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында ауыл шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы өндірісі 175,1 млрд. теңгені құрады, ол 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8% артық, оның ішінде мал шаруашылығы өнімінің өндірісі 171,4 млрд. теңгені, өсімдік шаруашылығы – 3,7 млрд. теңгені құрады.
Қазақстанда ауыл шаруашылығының басты екі саласы бар: егін және мал.
