
- •Дүниежүзі бойынша ауыл шаруашылығында еңбек ететіндер үлесі
- •Қазақстанның ауыл шаруашылығы
- •Ауыл шаруашылығының Қазақстан экономикасында алатын орны
- •Егін шаруашылығы
- •Жеміс және жүзім шаруашылығы
- •Мал шаруашылығы
- •Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу
- •Етті қайта өңдеу бойынша
- •Сүтті қайта өңдеу бойынша
- •Қант бойынша
- •Ұн бойынша
- •Көкөністер және жемістер
- •Су шаруашылығы
- •Орман және аңшылық шаруашылығы
- •Балық шаруашылығы
- •Аумақтардың астықпен қамтамасыз етілуі
- •Көктемгі дала жұмыстарын несиелеу
- •Тәуекел мен сақтандыру
- •Техниканың дайындығы
- •2011 Жылдың 8 сәуірдегі жағдайы бойынша аштө жанар-жағармай қамтамасыз етілуі: дизель отыны - 118,4 мың тонна; (33,4%); бензин - 21,0 (38,8%) мың тонна; дизель майы - 9,4 мың тоннаны (44,3%) құрайды.
- •Өнімді қауіпті зиянкестерден қорғау.
- •Ауыл шаруашылығын қаржыландыруы және субсидиялау.
- •Мал шаруашылығын субсидиялау.
- •Субсидиялар жергілікті бюджет қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне келесі бағыттар бойынша төленеді:
Аумақтардың астықпен қамтамасыз етілуі
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, нан бағасын тұрақатандыру мақсатында Ауылшармині, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктері, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (бұдан әрі – Казагро), «Қазақстанның Астық Одағы» ЗТБ, «Қазақстан астық өңдеушілері мен нан пісірушілер одағы» ЗТБ арасында 1 тоннасын 26500 теңгеден көп емес тұрақты баға бойынша 2,9 млн. тонна азық-түлік астығын жеткізуге меморандумдар жасады (бұдан әрі – Меморандум), бұл республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың азық-түліктік астыққа деген қажеттігін 2011 жылғы 1 қазанға дейін қамтамасыз етеді.
2010 жылғы 1 қыркүйектен 2011 жылғы 7 сәуірдегі жағдайы бойынша әкімдіктермен «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ (бұдан әрі – Корпорация) және «Қазақстанның Астық Одағы» ЗТБ ресурстарынан 1107,3 мың тонна көлемде астық жетізуге өтінім берілді, аталған кезеңде оның 765,4 мың тоннасы төленді және жөнелтілді, бұл ретте меморандумдармен көзделген жеткізу квотасы 1701,8 мың тонна.
Көктемгі дала жұмыстарын несиелеу
Ағымдағы жылы «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес КазАгроның еншілес компанияларына агроөнеркәсіп кешендегі субъектілерді қолдау үшін республикалық бюджеттен 78,0 млрд. теңге шамасында қаржы бөлінді.
Бағдарламаның операторы болып КазАгроның еншілес компаниялары –Корпорация және «Аграрлық несиелеу корпорациясы» АҚ (бұдан әрі – АНК) белгіленді.
Ағымдағы жылдың 12 сәуірдегі жағдай бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден жалпы 41,1 млрд. теңге сомаға 199 өтініш түсті, оның ішінде 26,7 млрд. теңге сомаға 97 өтініш мақұлданды, 21,1 млрд. теңге сомаға 29 өтініш қаржыландырылды, оның ішінде Корпорация арқылы 3,1 млрд. теңге сомаға 21 өтініш, АНК – 17,9 млрд. теңге сомаға 8 өтініш.
Тәуекел мен сақтандыру
2009 жылы өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру нарығында 5 сақтандыру компаниясы жұмыс жасады, «СК «Альянс Полис» АҚ, «Казахинстрах» АҚ, «Зерновая Страховая Компания» АҚ, «СК «Астана Финанс» АҚ және «СК «Евразия» АҚ. 2008 жылы 7 сақтандыру компаниясы жұмыс жасаған болатын.
Сақтандыру компанияларынан басқа 2007 жылдан бастап өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруда өзара сақтандыру қоғамдары (ӨСҚ) қатысуда, олардың саны 2009 жылы 104 – ке жетті.
Талдау көрсеткендей, ӨСҚ сақтандырылған жер көлемдері жыл сайын ұлғайып келеді. 2009 жылы барлық сақтандыруға жататын көлемі 17,6 млн. га егіс егілді, оның 83 пайызы немесе 14,6 млн. га сақтандырылды (соның ішінде сақтандыру компанияларымен – 7,9 млн.га, немесе 54%, ӨСҚ – 6,7 млн. га немесе 46%.)
2009 жылы сақтандырушылармен 2009 жылы жасалған шарттар бойынша 1089,2 млн.теңгеге сақтандыру төлемі төленді (соның ішінде ОСҚ 531,5 млн.теңге төледі).
2009 жылы Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында табиғаттың қолайсыз жағдайынан көптеген сақтандыру жағдайлары орын алды.
Мысалы, Батыс Қазақстан облысында сақтанушыларға 595,3 млн.теңгеге сақтандыру төлемі төленді, ол барлық сақтандыру төлемінің 55 пайызын құрайды. Ақтөбе, Қостанай облыстарында 2009 жылы өткен жылғы деңгейден сақтанушыларға сәйкесінше 182,2 108,2 млн.теңге сақтандыру төлемі артық төленді (16,7 % және 10 % сәйкесінше).