
- •Дүниежүзі бойынша ауыл шаруашылығында еңбек ететіндер үлесі
- •Қазақстанның ауыл шаруашылығы
- •Ауыл шаруашылығының Қазақстан экономикасында алатын орны
- •Егін шаруашылығы
- •Жеміс және жүзім шаруашылығы
- •Мал шаруашылығы
- •Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу
- •Етті қайта өңдеу бойынша
- •Сүтті қайта өңдеу бойынша
- •Қант бойынша
- •Ұн бойынша
- •Көкөністер және жемістер
- •Су шаруашылығы
- •Орман және аңшылық шаруашылығы
- •Балық шаруашылығы
- •Аумақтардың астықпен қамтамасыз етілуі
- •Көктемгі дала жұмыстарын несиелеу
- •Тәуекел мен сақтандыру
- •Техниканың дайындығы
- •2011 Жылдың 8 сәуірдегі жағдайы бойынша аштө жанар-жағармай қамтамасыз етілуі: дизель отыны - 118,4 мың тонна; (33,4%); бензин - 21,0 (38,8%) мың тонна; дизель майы - 9,4 мың тоннаны (44,3%) құрайды.
- •Өнімді қауіпті зиянкестерден қорғау.
- •Ауыл шаруашылығын қаржыландыруы және субсидиялау.
- •Мал шаруашылығын субсидиялау.
- •Субсидиялар жергілікті бюджет қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне келесі бағыттар бойынша төленеді:
Орман және аңшылық шаруашылығы
Астана қаласының санитарлық-қорғаныштық жасыл аймағын құру жұмысы одан әрі жалғасуда. Бірінші тоқсанда қар тоқтату, техниканы көктемгі ағаш отырғызу жұмыстарына дайындау жұмысы жүргізілді.
Үстіміздегі жылғы наурыз айының аяғында «Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін көбейту» жобасы шеңберінде Қызылорда облысында 5000 га алқапқа сексеуіл отырғызу басталды.
2010 жылдың 1-тоқсанында табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары мен мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері рейділік іс-шаралар өткізу кезінде 377 текше метр көлемде заңсыз ағаш кесудің 131 фактісін анықтады, шығые 3,6 млн. теңгені құрады, 130 хаттама толтырылды, олар бойынша 80 тәртіп бұзушыға 938 мың теңге сомада айыппұл салынды, 21 тәртіп бұзушыдан 200,0 мың теңге өндіріп алынды. 68 тәртіп бұзушыға 961,0 мың теңге сомаға талап-арыз берілді, оның ішінде 40 тәртіп бұзушыдан 443,0 мың теңге өндіріп алынды.
Заңсыз ағаш кесу фактілері бойынша 70 іс соттарға берілді, оның ішінде соттар 30 әкімшілік және 11 қылмыстық істі қарады. 17 материал құқық қорғау органдарына берілді. Тәртіп бұзушылардан 151 текше метр заңсыз олжаланған сүрек алынды.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес «Семей орманы» резерватының күзет аймағы шегінде заңсыз жұмыс істеп тұрған ағаш тілетін құрылғыларды жою одан әрі жалғасуда. «Семей орманы» МОТР күзет аймағында жұмыс істеп тұрған 124 ағаш кесетін және шпал тілетін қондырғының 28-тоқтатылды және 61-і бөлшектелді.
«2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» Бағдарламасына сәйкес жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді сақтау және олардың санын қалпына келтіру жөнінде жұмыстар жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 наурыздағы № 247 қаулысымен Қарағанды және Ақмола облыстарында алқабы 88,9 мың га «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» құрылды. 5 халықаралық жобаны іске асыру жалғасуда.
Балық шаруашылығы
Балық шаруашылығы су айдындарын және учаскелерін пайдаланушыларға ұзақ мерзімді бекіту жалғасып жатыр.
Ағымдағы мерзімде конкурс негізінде халықаралық және республикалық маңызы бар 85% су айдындары және жергілікті маңызы бар 1754 су айдындары (71,9%) оның 933 балық қорының пайдаланушыларына бекітілген.
2011 жылдың І тоқсанның қорытындысы бойынша 66560,8 тонна жалпы лимитін игеру 5104,6 тоннаны құрады. Балық қорын қолдануға бюджетке 62807,7 тенге сомада төлемдер салынды.
2011 жылдың І тоқсанында инспекторлармен 1877 адамдардың жасалған 1996 балық қорғау заңнамасын бұзу фактілері ашылған. Балық өндіру кәсіпорындарымен жіберілген 123 балық қорғау заңнамасын бұзу фактілері ашылған, оның 1754 бұзу фактілері жекеменшік адамдарымен.
Ағымдағы жылдың 3 айында балық қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 8968,4 мың тенге сомада айыппұл салынды, соның ішінде 6119,9 мың тенге сомасы өндіріліп алынды.
2458,8 мың теңге сомада балық қорларына келген шығын үшін шағымдар ұсынылды, оның ішінде 664,7 мың теңге сомасы өндіріліп алынды.
Балық қорғау заңнамасын бұзу фактілері бойынша сотқа 73 іс жіберілді.
Республикалық бюджетінен балық қорларын молайтуға 554421,0 мың тенге бөлінді, сонымен қатар 6 РМҚК (БШК ведомствосына қарасты кәсіпорындарымен) келісім-шарттар жасалынды.
Қазіргі уақытта өсімін молайтуды тағайындау кәсіпорындарымен балық өсіру маусымына қарай 158,42 млн. балықтардың бағалы түрлерін өсіру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.