Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kirispe.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
166.28 Кб
Скачать

Көкөністер және жемістер

2010 жылы көкөніс және бақша дақылдарының жалпы түсімі 3 695,1 мың тоннаны құрап, 2009 жылмен (3 309,5 мың тонна) салыстырғанда 12% артқан.

Көкөніс және бақша дақылдары өндірісінде жоғары үлесті:

- қызанақ – 602 мың тонна (16%);

- пияз – 440,5 мың тонна (12%);

- қырыққабат – 411,9 мың тонна (11%);

- сәбіз – 331,3 мың тонна (9%);

- қияр – 307 мың тонна (8%);

- бақша дақылдары – 1118,1 мың тонна (30%) құрайды.

Қазақстандағы көкөніс өндірісінің негізгі көлемі көкөніс өсіруге климаттық және географиялық жағдайы қолайлы болып табылатын Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында шоғырланған.

2010 жылы көкөніс консервілерінің өндірісі − 2,2 мың тоннаны, қызанақ консервілері − 11,5 мың тоннаны, жеміс-жидек консервілері − 0,7 мың тоннаны және шырындар − 187 056,5 мың литрді құрады.

Сонымен қатар, Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – Қазақстанның жаңа экономикалық өрлеуі, жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында азық-түлік тауарларының импортын төмендетуге және ішкі тұтынудағы отандық тамақ өнімдерінің үлесін 80%-ға дейін арттыруға бағытталған шаралар әзірленуде.

Осыған байланысты, отандық қайта өңдеу кәсіпорындарының технологиялық жабдықталуын жаңартуды мемлекеттік ынталандыру қажет.

Су шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында және суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйін сақтау және жақсарту мақсатында, «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын арттыруды субсидиялауға 2011 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттер» 030 бюджеттік бағдарламаның іске асыруы 2011 жылдан бастап жоспарланған, Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 1800,0 млн. теңге қарастырылған.

Осы бюджеттік бағдарламаның іске асыруы қаржы жоспары бойынша 2011 жылдың маусым айынан қарастырылған.

Су ресурстары комитеттің «Гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициялар» мемлекеттік мекемелерімен суармалы жерлерге мелиоративтік мемлекеттік бақылау жүргізулуде. А.ж. 1-ші тоқсанында мынадай жұмыстар атқарылды: 133,8 мың гектар суармалы жерлерде агромелиоративтік зерттеу, жерасты сулардың тұздылық-деңгейлік режимдерін стационарлық гидрогеологиялық байқауы – 10007 өлшем, коллекторлық-дренаж су ағындыларының гидрологиялық байқауы – 481 өлшем; 78 ұңғымаларды ағымдағы жөндеу; 4244 гектарда топырақтық-тұздық түсірімдер;                             1609 зертханалық талдаулар.

Ағымдағы жылы «Табиғатты қорғау шаралары» 066 бағдарламасы бойынша «Қаныш Сәтпаев атындағы каналдан» 100 миллион метр куб көлемінде Шідерті өзенінің жайылымына өтемақылық табиғатты қорғау шаралары үшін Шідерті өзені жайылымын зерттеу және өтемақылық табиғатты қорғау шаралары нәтижесін тексеру үшін 2011 жылы 568, 0 млн.теңге бөлінді.

Шараларды өткізу су объектісінің табиғи жағдайын қамтамасыз етуге және Шідерті өзенінің төменгі жағын құлдырау және шөлсіздену процесстерін жоюға мүмкіндік береді, ол халықтың денсаулығына жағымды әсер етеді.

2011 жылы республикалық бюджеттен су шаруашылығы нысандарын қайта жаңартуға (гидротехникалық құрылыстар) 20 038,2 млн.теңге көлемінде қаржылық қаражат бөлінген.

2011 жылдан бастап осы бюджеттік бағдарлама бойынша Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда, Шығыс-Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Солтүстік-Қазақстан, Оңтүстік-Қазақстан облыстарындағы су шаруашылығы нысандарының гидротехникалық құрылыстарын қайта жаңарту және қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен сумен қамтуға 14 160,8 мың теңге қарастырылған, оның ішінде 24 нысанды қайта жаңартуға және салуға – 11 234,4 мың теңге және 27 жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге – 2 926,4 мың теңге.

2011 жылы «Сумен қамту жүйесін дамытуға Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне, облыстық бюджеттерді дамытуға нысаналы трансферттер» 017 бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен 27 486,0 мың теңге қаражат қарастырылған, оның ішінде 252 сумен қамту ауыз су нысанын қайта жаңартуға және салуға 26 282,4 мың теңге қаражат қарастырылған, 158 жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге – 1 203,6 мың теңге.

Жыл қорытындысы бойынша пайдалануға 119 нысанды тапсыруға енгізу (жергілікті мекендерде) және 158 жобалау-сметалық құжаттаманы аяқтау жоспарланған. 

162 республикалық және 11 республикааралық су шаруашылығы нысандарында пайдалану іс-шараларын өткізу үшін 2011 жылы 3242,7 млн.теңге бөлінді. Су шаруашылығы  нысандарын ұстау, тасқын суға қарсы іс-шаралар бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

2011 жылы ауыл шаруашылығы суды пайдалану жүйелері қызметін жақсартуға бағытталған су шаруашылығы нысандарында күрделі жөндеуді өткізуге, 9 ауыспалы нысанды күрделі жөндеу бойынша жұмысты аяқтау үшін және 10 жаңа ерекше апатты су шаруашылығы нысандарында жұмысты бастауға 2 334,1 мың теңге сомасында қаражат бөлінді. Республикада су ресурстарын орнықты және баланстық пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылға Ертіс және Есіл өзендерінің бассейндері бойынша су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау сұлбасын нақтылау және 2009 және 2010 жылдарға МСК жыл сайын шығару жоспарланған. Осы іс-шаралар бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы  59,1 мың теңгені құрайды

Сондай-ақ, су ресурстарын шоғырландырып басқару қағидаларын енгізу мақсатында «Су ресурстарын шоғырландырып басқару және суды пайдалану тиімділігін көтеру» 093 бюджеттік бағдарламасы іске асырылуда. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]