Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kirispe.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
166.28 Кб
Скачать

Етті қайта өңдеу бойынша

2010 жылы сойыс салмақтағы ет өндірісінің көлемі 937,4 мың тоннаны құрап, 2009 жылмен (896,3 мың тонна) салыстырғанда 4,6% артқан.

Өндірістің өсімі Алматы (18,6%), Қостанай (16%), Шығыс-Қазақстан (12,7%) және Оңтүстік Қазақстан (9,1%) облыстарында байқалған.

Халықтың ет және ет өнімдерін (етке айналдырғандағы) тұтыну деңгейі тұтынудың ұлттық нормасынан (1 адамға 48 кг/жыл) 42% артып, жылына                 1 адамға 68,1 кг. құраған.

Ет өндірісінің жалпы көлеміндегі өнеркәсіптік қайта өңдеудің үлесі 24,2% құрады.

Етті қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың орташа жылдық қуаттылықтарды пайдалануы 65% құрады.

2010 жылы ет және ет өнімдері импортының жалпы көлемі 193,2 мың тоннаны құрады.

Есепті кезеңде ет және ет өнімдері экспортының жалпы көлемі 2,5 мың тоннаны құрады.

Ет бойынша жыл сайынғы қалдық 140-150 мың тоннаны құрады.

Сүтті қайта өңдеу бойынша

Сүт және сүт өнімдері бойынша жылдық тұтыну нормасы 4,3 млн. тонна құраса, 2010 жылы 5,4 млн. тонна сүт өндірілген.

Халықтың сүт және сүт өнімдерін (сүтке аударғанда) тұтыну деңгейі тұтынудың ұлттық нормасынан (1 адамға 260 кг/жыл) 30% артып, жылына 1 адамға 338 кг құраған.

2010 жылы республикадағы сүтті қайта өңдейтін кәсіпорындар сүт өнімдерінің өндірісі үшін 1,4 млн. тонна сүтті қайта өңдеген, бұл жалпы сүт өндірісі көлемінің 30,4%.

2010 жылы сүтке айналдырғандағы сүт өнімдері импортының көлемі 877,9 мың тоннаны құрады.

Есепті кезеңде сүт өнімдері экспортының көлемі 10,2 мың тоннаны құрады.

Сүттің жыл сайынғы қоры 2,2 млн. тоннаны құрады.

Қант бойынша

Қант бойынша республиканың жыл сайынғы қажеттілігі 453,1 мың тонна немесе жылына 1 адамға 27,6 кг құрайды. 2010 жылы қант өндірісінің көлемі 363,0 мың тоннаны құрап, 2009 жылғы деңгейден 6% төмендеген.

Қант зауыттарының жылдық қуаттылығы 957,9 мың тонна. 2010 жылы орташа жылдық қуаттарды пайдалану 40,1% құраған.

2010 жылы отандық шикізаттан тек 20,5 мың тонна ақ қант немесе жалпы өндірісінің 5,6% өндірілген. Негізгі бөлігі (94,4%) басқа елдерден импортталатын қант-құрағынан өндірілген.

Кедендік бақылау комитетінің мәліметі бойынша 2010 жылы ақ қанттың экспортының көлемі 13,2 мың тоннаны, ал экспорт көлемі 103,4 мың тоннаны құраған.

Есепті кезеңдегі импортталған қанттың негізгі көлемі Беларусь елінен жеткізілген, бұл жалпы жеткізілген қант көлемінің 61% үлес салмағын құрайды.

Ұн бойынша

Бүгінгі күні республикада ұн өндіретін кәсіпорындардың қуаттылығы жылына 8 423,6 мың тоннаны құрайды.

Республикадағы ұн өндіретін кәсіпорындарының қолданылатын қуаттылығы елдіміздің ұнға деген ішкі қажеттілігін 3 есеге және ұн экспортын тұрақты қамтамасыз ете алады.

2010 жылы республикада өндірілген астықтың 55% артығыи қайта өңдеуден өткізілген. Осы ретте, ұн өңдеу кәсіпорындарының қуаттары жүктелуінің орташа коэффиценті 45% құрған.

2010 жылы ішкі нарықтағы ұн импортының үлесі шамамен 0,2%, өндірістегі ұн экспортының үлесі 61% құрады.

Қазақстандық ұнды негізгі импорттаушы Орта азиялық өңір елдері және Ауғанстан болып табылады, 2010 жылы олардың үлесі Қазақстаннан экспортталатын ұнның 99% құраған.

Макарон өнімдерінің өндірісі бойынша

2010 жылы елімізде 127,7 мың тонна макарон өнімдері өндірілген, бұл 2009 жылмен (115,5 мың тонна) салыстырғанда 11% артық.

Еліміздің макарон өнімдерінің экспорты бойынша әлеуеті бар. Кедендік бақылау комитетінің мәліметі бойынша 2010 жылы макарон өнімдерінің импорты 12,9 мың тоннаны құрап, бұл 2009 жылмен (9,2 мың тонна) салыстырғанда 40,8% артқан.

Өсімдік майы бойынша 2010 жылы өсімдік майы өндірісінің көлемі 217,4 мың тоннаны құраған.

Өндірілген майдың жалпы көлемінің маңызды үлесін – 71,5% күнбағыс майы құрайды.

Аталған кезеңдегі өсімдік майы импортының көлемі 100,2 мың тоннаны құрап, 2009 жылмен (106,3 мың тонна) салыстырғанда 5,6% төмендеген.

Ішкі тұтынудағы өсімдік майы импортының жалпы үлесі 35,4%, ал өндірістегі экспорттың үлесі 16% құрады.

Халықтың өсімдік майын нақты тұтыну деңгейі жылына 1 адамға 17,2 кг құрап, тұтынудың төменгі стандартынан (1 адамға 7 кг/ жыл)  2 есе артқан.

Өсімдік майы импортын талдаудың нәтижесінде жалпы өсімдік майы импортының көлеміндегі жоғары үлесті Ресей 67% (67,1 мың тонна), Украина 25% (24,7 мың тонна), Малайзия 5% (4,7 мың тонна) құрайтыны анықталды.

Аталған кезеңдегі 40 214 АҚШ доллары сомасына 34,6 мың тонна өсімдік майы экспортқа шығарылған.

Өсімдік майының экспорты негізінен Өзбекстанға (22,1 мың тонна), Қырғызстанға (9,4 мың тонна) және Тәжікстанға (2,9 мың тонна) шығарылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]