
- •Дүниежүзі бойынша ауыл шаруашылығында еңбек ететіндер үлесі
- •Қазақстанның ауыл шаруашылығы
- •Ауыл шаруашылығының Қазақстан экономикасында алатын орны
- •Егін шаруашылығы
- •Жеміс және жүзім шаруашылығы
- •Мал шаруашылығы
- •Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу
- •Етті қайта өңдеу бойынша
- •Сүтті қайта өңдеу бойынша
- •Қант бойынша
- •Ұн бойынша
- •Көкөністер және жемістер
- •Су шаруашылығы
- •Орман және аңшылық шаруашылығы
- •Балық шаруашылығы
- •Аумақтардың астықпен қамтамасыз етілуі
- •Көктемгі дала жұмыстарын несиелеу
- •Тәуекел мен сақтандыру
- •Техниканың дайындығы
- •2011 Жылдың 8 сәуірдегі жағдайы бойынша аштө жанар-жағармай қамтамасыз етілуі: дизель отыны - 118,4 мың тонна; (33,4%); бензин - 21,0 (38,8%) мың тонна; дизель майы - 9,4 мың тоннаны (44,3%) құрайды.
- •Өнімді қауіпті зиянкестерден қорғау.
- •Ауыл шаруашылығын қаржыландыруы және субсидиялау.
- •Мал шаруашылығын субсидиялау.
- •Субсидиялар жергілікті бюджет қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне келесі бағыттар бойынша төленеді:
Мал шаруашылығы
Мал шаруашылығы саласында мал мен құс санының және оның өнімін өндіру көлемінің тұрақты өсуі байқалуда.
2011 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда барлық санаттағы шаруашылықтарда ет өндірісі (тірі салмақта) 1,4% -ке артып, 328,0 мың тоннаны құрады, тиісінше сүт өндіру – 1,3% -ке немесе 853,1 мың тоннаға, жұмыртқа өндіру 8,8% -ке немесе 838,5 млн. данаға артты.
Ірі қара малдың саны 1,4% -ке өсіп, 6959,1 мың басты құрады, қой және ешкі - 4,0% -ке артып, 20953,7 мың басты, шошқа – 0,3% -ке артып, 1591,4 мың басты, жылқы – 6,5% -ке артып, 1554,9 мың басты, түйе – 9,6% -ке артып, 173,9 мың басты, құс – 0,9% -ке артып, 33 134,6 мың басты құрады.
Барлық санаттағы шаруашылықтарда 1 сиырдың орташа сүт сауылымы – 1,1% -ке артты және 378 кг-ды құрады, орташа 1 жұмыртқалағыш тауық жұмыртқасының шығымы былтырғы жылдың деңгейінде қалып 49 дананы құрады. Ал, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары бойынша 1 сиырдың орташа сүт сауылымы – 783 кг-ды құрады немесе өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 15,5 % -ке өсті, жұмыртқа шығымы орта есеппен 71 дананы құрады немесе 6,0 % -ке өсті.
Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу
Сала кәсіпорындарымен 2011 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша ақшалай түрде 160,4 млрд. теңге сомасына тамақ өнімдері өндіріліп, 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4% артқан. Есепті кезеңдегі сусындар өндірісінің көлемі 26,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5% артқан. Өндірістің заттай түрі бойынша жалпы алғанда барлық негізгі тамақ өнімдері түрлері бойынша артқан. Атап айтқанда, қант өндірісі 2,6 есеге, құрғақ сүт – 43%, сары май – 40,7%, жарма – 38,2%, өңделген сұйық сүт пен кілегей – 25,2% макарон өнімдері – 19%, еттен жасалған және ет-өсімдікті консервілері – 18,2% және т.б. артқан.
Сонымен қатар, қойылтылған сүт пен кілегейдің өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда - 9,2%, өсімдік майы – 3,9%, балмұздақ – 40% төмендеген.
2011 жылдың екі айында республикада ауыл шаруашылығы өнімдерінің қайта өңделген өнімдері бойынша сыртқы тауар айналымының көлемі 495,2 млн. АҚШ долларын құрап, 2010 жылдың сәйкес кезеңіндегі көлеммен (363,1 млн. АҚШ доллары) салыстырғанда 36,4% артқан. Осы ретте, импорт көлемі 57%, экспорт 3,5% артқан.
2011 жылдың екі айының қорытындысы бойынша өңделген сұйық сүт пен кілегейдің экспорт көлемі 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,3 есеге, қышқыл сүт өнімдері 8 есеге, күріш 16%, макарон өнімдері 53,9% артқан.
Осыған қарамастан, талданған кезеңде қайта өңдеу өнімдерінің көптеген түрлері бойынша импорт көлемі артқан. Атап айтқанда, жарма – 2 есеге, қант – 55%, жеміс-көкөніс консервілері – 43%, еттен жасалған және ет-өсімдікті консервілері – 54,8%, құрғақ сүт – 2,2 есеге, сары май – 24,8% артқан. Сонымен қатар, жекелеген тамақ өнімдерінің түрлері бойынша ішкі тұтынудағы импорт көлемінің төмендеуі байқалады.
2011 жылдың екі айының қорытындысы бойынша өңделген сұйық сүт пен кілегейдің ішкі тұтынудағы импорт көлемінің үлесі 8,3% қысқарып (17,8% құраған), қойылтылған сүт пен кілегей – 66,5% (71,9%), ірімшік пен сүзбе – 50,8% (61,9%), сары май – 36,7% (41,6%), қышқыл сүт өнімдері – 10,5% (23,3%), шырындар – 16,3% (19,2%), өсімдік майы – 25,3% (39,1%), қант – 18% (60,9%).
Тамақ өнімдері қауіпсіздігіне төменгі талаптарды орнату мақсатында агроөнеркәсіп кешені өнімдеріне техникалық регламенттер әзірленіп, бекітілуде.
Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында техникалық регламенттерді әзірлеу жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының 2 техникалық регламенті әзірленіп, бекітілді:
1. «Биоотын қауіпсіздігіне қойылатын талаптар», ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы №116 қаулысы; 2. «Биоэтанол қауіпсіздігіне қойылатын талаптар», ҚР Үкіметінің 2011 жылдың 24 ақпандағы №179 қаулысы.
Кедендік Одаққа мүше-мемлекеттердің ұлттық заңнамаларына бір іздендіру мақсатында өнімдер мен өндіріс процестеріне ортақ талаптар қоятын Кедендік Одақтың техникалық регламенттері әзірленуде. Кедендік Одақтың техникалық регламенттерін дайындау кестесіне сәйкес АӨК өнімдеріне 10 техникалық регламент әзірлеу көзделген. ЕурАзЭҚ техникалық регламентінің әрбір жобасы бойынша ұлттық мүдделерді есепке алғандағы қазақстандық жақтың ұстанымы тұжырымдалды.
Тамақ өнеркәсібін дамыту.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметіне сәйкес Қазақстанда тамақ өнімдерін өндіруді шамамен 2,2 мың кәсіпорын жүзеге асырады.
Тамақ өнімдерін өндіру сусындарды қосқандағы құрылымында негізгі үлесті астықты қайта өңдеу (30%), етті қайта өңдеу (10,3%), сүтті қайта өңдеу (14,1%), балық және балық өнімдерін өндіру (0,9%), жеміс-жидек және көкөніс өңдеу (9,3%), май-тоң май өнімдерін өндіру (6,3%), сусындар өндірісі (17%) алады.
2010 жылы салалық кәсіпорындармен шамамен республикалық өнеркәсіп өндірісіндегі көлемнің 7% және өндеу өнеркәсібінің 22% өндірілді.
Атап айтқанда, 2010 жылы ақшалай көріністегі тамақ өнімдері өндірісінің көлемі 673,3 млрд. теңгені құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 12,9% артқан. Есепті кезеңдегі сусындарды өндірудің көлемі 137,5 млрд. теңгені құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 25% артқан.