
- •Дүниежүзі бойынша ауыл шаруашылығында еңбек ететіндер үлесі
- •Қазақстанның ауыл шаруашылығы
- •Ауыл шаруашылығының Қазақстан экономикасында алатын орны
- •Егін шаруашылығы
- •Жеміс және жүзім шаруашылығы
- •Мал шаруашылығы
- •Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу
- •Етті қайта өңдеу бойынша
- •Сүтті қайта өңдеу бойынша
- •Қант бойынша
- •Ұн бойынша
- •Көкөністер және жемістер
- •Су шаруашылығы
- •Орман және аңшылық шаруашылығы
- •Балық шаруашылығы
- •Аумақтардың астықпен қамтамасыз етілуі
- •Көктемгі дала жұмыстарын несиелеу
- •Тәуекел мен сақтандыру
- •Техниканың дайындығы
- •2011 Жылдың 8 сәуірдегі жағдайы бойынша аштө жанар-жағармай қамтамасыз етілуі: дизель отыны - 118,4 мың тонна; (33,4%); бензин - 21,0 (38,8%) мың тонна; дизель майы - 9,4 мың тоннаны (44,3%) құрайды.
- •Өнімді қауіпті зиянкестерден қорғау.
- •Ауыл шаруашылығын қаржыландыруы және субсидиялау.
- •Мал шаруашылығын субсидиялау.
- •Субсидиялар жергілікті бюджет қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне келесі бағыттар бойынша төленеді:
Егін шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы басқармаларының алдын ала жасалған деректері бойынша 2011 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық егіс алқабы 21,3 млн. га (2010 жылғы деңгейге 89,8 мың га төмен (0,4%) құрайды, оның ішінде дәнді дақылдар 16,5 млн. га (153,1 мың га төмен), майлы дақылдар – 1711,8 мың га (37,7 мың га төмен), қант қызылшасы – 21,8 мың га (1,7 мың га жоғары), көкөніс-бақша дақылдары және картоп – 364,7 мың га (1,1 мың га жоғары), жемшөптік дақылдар – 2617,5 мың га (94,9 мың га жоғары) алқапта орналасады. Өткен жылмен салыстырғанда мақтаның егіс алқабы 2,5 мың га жоғарылайды. Бұл ретте жазғы егіс 18,6 млн. га алқапта өткізіледі, бұл 2010 жылғы деңгейден 0,2 млн. га төмен.
2011 жылғы 1 сәуірге Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің дерегі бойынша республикада 7,4 млн. тонна астық бар, оның ішінде азық-түліктік астық – 5,1 млн. тонна, бұл ішкі нарықты жаңа өнімге дейін қамтамасыз етуге және экспортқа жеткізуге жеткілікті.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің дерегі бойынша 2010 жылы экспортқа астыққа шаққандағы ұнды қоса есептегенде 8,8 млн. тоннаға таяу астық жөнелтілді, оның ішінде астық түрінде – 5,5 млн. тонна, ұн – шамамен 2,3 млн. тонна. Ағымдағы 2010/2011 МЖ басынан 10 сәуірдегі жағдайы бойынша экспортқа астыққа шаққандағы ұнды қоса есептегенде 5,1 млн. тонна астық жөнелтілді, оның ішінде астық түрінде – 3,0 млн. тонна, ұн – шамамен 1,5 млн. тонна.
Жеміс және жүзім шаруашылығы
Саланы дамыту мақсатында жыл сайын жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді субсидиялау жүзеге асырылады.
2011 жылы түпкілікті және соңғы нәтижелерге кол жеткізу үшін жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыру, сонымен қатар жедел үйлестіруді және қолжеткізуді қамтамасыз ету мақсатында осы субсидиялапу түрі жергілікті деңгейге берілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен өсімдік шаруашылығы өнімінің түсімділігін және сапасын жоғарлатуға жергілікті бюджеттен субсидиялау, оның ішінде жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуға және өсіруге субсидия төлеу тәртібін регламенттейтін ережесі бекітілген.
Осы бюджеттік бағдарламаны іске асыру үшін Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 қарашадағы «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2011-2013 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Заңымен 2011 жылы 1,7 млрд. теңге көлемде қаражат көзделген, оның есебінен 1,4 мың га алқапта жеміс-жидек дақылдарын және 0,5 мың га алқапта жүзімді отырғызу, сонымен қатар 2007-2010 жылдардаға отырғызылған көпжылдық екпелеріге күтім жасау жоспарланып отыр
Мақта шаруашылығы
Еліміздің оңтүстік аймағында дамыған саланың бірі.Оңтүстік Қазақстан облысының бір қатар аудадарында бұл шаруашылықпен айналысады.
Тұқым шаруашылығы
Мемлекет жыл сайын элиталық тұқымның құнын 40% дейін арзандату және бірегей тұқым өндіруге қажетті шығынды 40% дейін өтеу арқылы тұқым шаруашылығы саласын қолдауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 297 қаулысымен Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекітілген.
Көрсетілген мақсаттарға 2011 жылы республикалық бюджеттен 2,4 млрд. тенге бөлінді, бұл 10,2 мың тоннаға дейінгі көлемде бірегей тұқымдарды өндіру шығындарын өтеуге, 72 мың тоннаға дейін отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері сатып алған элиталық тұқымдардың және саны 2400,0 мың данаға дейін жүзім мен жеміс-жидек дақылдарының көшеттерінің құнын ішінара арзандатуға, сол сияқты жеміс жидек дақылдары мен жүзімнің аналық көпжылдық екпелерін 25,22 гектар алқапта отырғызуға және көрсетілген дақылдардың 19,44 гектар алқапта салынған аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге кететін шығындарды толық өтеуге мүмкіндік береді. Тұқым сапасы А.ж. 10 сәуірдегі жағдайы бойынша 1940,7 мың тонна немесе қолда бар 95,6% тексеруге келіп түсті, оның 1881,5 мың тоннасы (92,7%) тексерілді, кондициялы болып – 1869,2 мың тонна табылды (92,1%). Себу кондициясына жеткізілген тұқымның ішінде 793,1 мың тонна (құйылған тұқымның 39,1%) 1 сыныпты; 737,4 мың тоннасы (36,3%) – 2 сыныпты; 338,7 мың тоннасы (16,7%) – 3 сыныпты себу стандартына сәйкес келеді.
Кондицияға жатпайтын тұқымдар республика бойынша 12,3 мың тонна немесе 0,6% құрады, оның ішінде Ақтөбе облысында – 0,1 мың тонна, Шығыс-Қазақстан облысында – 1,6 мың тонна, Батыс-Қазақстан облысында – 6,6 мың тонна, Қызылорда облысында – 4,0 мың тонна.