Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kirispe.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
166.28 Кб
Скачать

Мал шаруашылығын субсидиялау.

Республикалық бюджет есебінен мал шаруашылығын қолдауға мемлекеттік қолдау бюджеттік бағдарламалар аясында 2 бағыт бойынша жүзеге асырылады.

1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау (083 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы).

Мақсаты –  малдың жалпы санынан шаққанда асыл тұқымды малдың үлес салмағын арттыру.

Субсидиялар: Тауар өндірушілер отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан және (немесе) шаруашылықтардан сатып алған асыл тұқымды төлдің, тауар өндірушілер дистрибьютерлік және (немесе) малды асылдандырушы орталықтардан сатып алған, ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығының, тауарлық құс фабрикалары етті бағыттағы құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылығынан және құс шаруашылығы саласындағы асыл тұқымды мал шаруашылықтарынан сатып алған асыл тұқымды тәуліктік балапандар (бұдан әрі – балапандар) және асыл тұқымды жұмыртқа құнын ішінара (50%-ға дейін) арзандатуға, сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты РМАО «Асыл түлік», «Астана құс» АШ АҚ және «Қазақ тұлпары» ЖШС шығындарын өтеуге жұмсалады.

2. Мал шаруашылығы өнімін өндіруді ұлғайту және сапасын арттыру (088 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы).

Мақсаты – Мал шаруашылығы өнімін өндіруді ұлғайту және сапасын арттыру.

Субсидиялар: Сиыр, бройлерлік құс, жұмыртқалағыш кроссты тауық жұмыртқасын өндіру үшін пайдаланылатын құрама азықтың және құнарлы жемшөптің  құнын ішінара арзандатуға (45%-ға дейін), сондай-ақ сүт, биязы қойлардың жүнін, қой етін, жылқы етін, қымыз және шұбат өндірісіне жұмсалатын шығындарды ішінара өтеуге арналады.

Субсидиялар жергілікті бюджет қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне келесі бағыттар бойынша төленеді:

1) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет ұсынушылардың шығынын 50%-ға дейін қайтару;

2) сатып алынған арнайы технологиялық, зертханалық жабдықтардың және ауыл шаруашылығы малдарын қолдан ұрықтандыру үшін пайдаланылған арнайы техниканың құнын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер сатып алған мал өнімдерін өндіру, пайдалану үшін сатып алған жабдықтары мен техникаларының құнының 50%-ына дейін қайтарып алу;

3) қатты және сулы азықтарды өндіру және дайындау шығындарын 50%-ға дейін қайтару;

4) мал өндіру және құс өндіру нысандарын салу және қайта салу шығындарын 50%-ға дейін қайтару.

Жалпы әлем елдері және Қазақстан үшін ауылшаруашылығы экономиканың бір ажырамас бөлігі іспетті. Тіпті бұл саланы ұлттық этолонымыз десе де болғандай. Осыдан бірер ғасыр бұрын ауылшаруашылығынсыз экономика қарыштап дамитын сияқты көрінгенмен дәл бүгінгі күні ол тұжырым қате саналады.

Ауылшаруашылығы нағыз шешімі табылмаған түйіні көп мәселелерге толы және шырмауықша шырмалған шимай-шатпақтың қордасы болып отыр. Көп қозғалып, істер аз атқарылып жүргені анық.

Біз жаңа буын ретінде өзіндік көзқарас пен ұсыныс білдірмек ниеттеміз. Мәселен, біз индустриядан жеңіл өнеркәсіпті дамыту арқылы ауыл шаруашылығының өркендеуіне сеп болар еді. Тек қана Семей жүн өңдеу комбинаты, Алматы мақта мата комбинаты жәнеТараздағы тері өңдеу комбинаттарын жандандырып, солардың негізінде жаңа өндірісті қалыптастыра отырып, соңғыжиырма жылдықта тоқтап қалған малдың жүн мен терісін өңдеуді жолға қою керек.Бір шетінен өз ішкі нарығымызды отандық тауармен қамтыған боламыз. Алекіншіден күл қоқысқа айналып немесе шетел асып жатқан терімен жүнді тұтынушысын құрып береміз.Қазіргі бағасын өсіріп қана қоймай халқымыздың мал шаруашылығын жан бітіреміз.

Келесі мәселе қазіргі салынып жатқан индустриялық нысандарды ауылшаруашылығы техникаларын шығарға жұмылдыру. Кешегі "кукрузник" атты ұшақтарды, Астанадағы "Еурокоптерледі" шығаруды ұлғайту керек. Трактор зауыттарын әрбір аймақта ашып бағасының түсуіне және тасымал құнын азаюына ықпал ету кезек күттірмейтін шаруа.

Сондай-ақ аграрлы аймақтарда бидай өнімін өндеу процесын жақсарту. Бәрімізге белгілі қазірғі уақытта бидай сақтау қоймалары мен элеваторлар жеке меншіктің қолында. Ал жеке меншіктің қолында болғанымен көбі жұмыс істемейді немесе тозығы жетіп істен шыққан. Біздің ұсынысымыз сол қоймалар мен элеваторларды кері сатып алып мемлекеттің қарамағына қайтару немесе мемлекеттің тарапынан қаржы бөліп, аймақтардағы өнімді қабылдап аларлық қоймалар мен элеваторларды жаңадан салу.

Жайылымды мал шаруашылығындағыларды электр энергиясымен және байланыс құрылғыларымен қамтасыз етуді жеделдету өзекті болып тұр.Ол үшін су,жел және күн энергиясын пайдалану саласында ілгерілеу керек.

"Ақ бұлақ" бағдарламасын мемлекеттік қадағалауға алу.

Ауыл шаруашылығының шикізаттарын өңдейтін кәсіпорындардың барын модернизациядан өткізіп, жоғын салған абзал. Осы түйткілдің өзі біраз салаға (ауыл шаруашылығы, құрылыс, текстиль, тамақ өнеркәсібі, т.б.) өз әсерін тигізіп тұр.

Тыңайтқыш өндіретін зауыттың болмауына байланысты сыртқа миллиондаған сома ақша ағылуда. Сонымен қатар күн өткен сайын осы өнімге сұраныстың өсіп келе жатқанын ескеріп баса назар аударсақ екен.

Жеріміздің көп бөлігін шөл мен шөлейт алып жатқандықтан, елімізді ауыл шаруашылығы тауарларымен қамтамасыз ету керек болған жағдайда суландыру жүйесін жетілдіруді, жаңа технологияларын игеруді, тамышылата суғару құрылғыларын өзімізде шығара бастауды қаперде ұстаған жөн.

Үкімет несиенің пайыздық үстемесін түсірсе игі бір іс болар анық. Осы қаузалған мәселе жүзеге аса қалса жаппай шаруашылықтың адымдап алға басқанын көретін күнде алыс емес.

Осы істерді атқару арқылы біз өз шаруақожалықтары мен фермерлерімізге жаңа мүмкіндіктер туғызып, жағдайын жақсартқан болар едік.

Түйін ретінде, Қазақстан экономикасының дамуының кілті - ауыл шаруашылығының базасын жетілдіруде деп айтпақпыз.

Пайдалы сілтемелер: 1) http://minagri.gov.kz/ – Ауыл шаруашылығы министрлігінің cайты; 2) www.kaf.kz/ – «Қазаргофинанс» АҚ-ның сайты; 3) www.fad.kz/ – «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ-ның сайты 4) http://nhkazagro.kz/jo/index.php?lang=russian  «Қазагро» Ұлттық басқару холдингі» АҚ-ның сайты; 5)Национальная экономика кітабы: Аубакиров.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]