Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kirispe.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
166.28 Кб
Скачать

Ауыл шаруашылығын қаржыландыруы және субсидиялау.

Өткен жылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 4 мыңға жуық шағын несие бөлді.

2012 жылы Қазақстан халқына арналған Жолдауында Мемлекет басшысы ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту бойынша мақсат қойды. «Қазагро» Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниясы - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ – аграрлық сала субъектілерін несиелеу бойынша біқатар бадарламаны жүзеге асыруда. Олардың ішінде – ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін несиелендіру бойынша «Ауылдық шағын несие» бағдарламасы бар.

2011 жылы аталмыш бағдарлама бойынша 2,9 млрд теңге көлемінде 3 939 шағын несие берілді. Оның ішінде 1 169,1 млн. теңгеге 1 587 шағын несие – қайтарылған қаржыдан, 1 768 млн. теңгеге 2 352 шағын несие – бюджеттік қаржыдан берілді.

Бұл қаржы 5 228 адамды жұмыспен қамтып, 32 203 мал басын сатып алуға, 5 898 га жерде егістік жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді.

2010 жылмен салыстырғанда, өткен жылы берілген шағын несиелеу көлемі 938 млн. теңгеге артты. Сонымен қатар, 2011 жылдан бастап, ауыл тұрғындары 1 млн. теңгеге дейін несие алуға қол жеткізді (бұрын бұл сома 400 мың теңгемен шектелетін).

Несие шарттарына сәйкес, ауылдық жерлерде тұратын және қызмет жасайтын жеке немесе заңды тұлғалар 1 млн. теңге көлемінде 3 жылға дейінгі мерзімге ауылдық шағын несиені ала алады. Бұл қаржы мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын даытуға және ауылдағы бизнестің басқа да түрлеріне жұмсалуы қажет. Кепіл ретінде жылжыйтын, жылжымайтын мүлік алынады. Несие беруде комиссия алынбайды.

Өткен жылы Қор тарапынан жалпы көлемі 9,4 млрд. теңгеге 5 170 несие берілді. Мұның нәтижесінде 9 225 адам жұмыспен қамтылды.

2012 жылы республикалық бюджеттен ауыл тұрғындарын шағын несиелендіруге 3 млрд. теңге бөлінді. Қаржыны игеру жұмыстары жалғасуда.

Ауыл шаруашылығы бүгінгі күні елдің тұрғындарын азық-түлік өнімдерімен, ал өндірістік кешенді шикізатпен  қамтамасыз ете алатын басты күш болып отыр.  Агроөндірістік кешен өнімдерінен барлық тауарлар мен тұтыну заттарының 70%-ға жуығы өндірілетін болғандықтан, халықтың өмір сүру деңгейі мен моральдық бет-бейнесі тікелей осы саланың тиімділігіне тәуелді болып отыр.

Өсімдік шаруашылығын субсидиялау. Өсімдік шаруашылығын субсидиялау мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай мен басқа да тауарлар мен материалдар бағасын (40 %-ға дейін) арзандату;

2) көпжылдық жеміс-жидек екпелері мен жүзімді отырғызуға және өсіруге кеткен шығындардың құнын ішінара (40 %-ға дейін) өтеу;

3) шитті мақтаның сапасын және мақтаны қайта өңдейтін ұйымдар қабылдау кезінде шитті мақтаның сапасын сараптауға кеткен  шығындарды мақта иелеріне толық өтеу;

4) тыңайтқыштардың бағасын (органикалықты қоспағанда) және ауыл шаруашылығы дақылдарын отандық өндірушілер өндірген (формуляциялаған) гербицидтермен өңдеуге жұмсалған шығындардың құнын (50%-ға дейін) арзандату;

5) тұқым шаруашылығын субсидиялау.

Жанар-жағар май материалдарын және басқа да тауарлар мен материалдарды сатып алуға байланысты субсидиялар төлеу:

1) дәнді дақылдар (күріш пен дәндік жүгеріден басқа) бойынша: eгic науқанының нәтижесіне сай, субсидияның базалық нормасы бойынша 1 гектарына – 100 %.

Осы дақылдар ғылыми негізделген аймақтық агротехнологияларды сақтай отырып, өсірілген жағдайда көбейтілген субсидия нормасымен төленеді;

2) қант қызылшасы, майлы дақылдар, күріш, дәндік жүгері, сүрлемдік жүгері, сүрлемдік күнбағыс, мақта, көкөніс-бақша (қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдарын қоспағанда), жемшөптік, жеміс-жидек дақылдары, жүзім және картоп бойынша: егіс науқанының нәтижесіне сай, субсидияның базалық нормасы бойынша 1 гектарына – 100%. Бұл ретте егу алаңы 50 гектардан кем мақта, 200 гектардан кем күріш алқабы бар мақта мен күріш өсірумен шұғылданатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі – АШТӨ) базалық норманың 50 % мөлшерінде бюджеттік субсидия төленеді;

3) қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары бойынша: әрбір дақылға субсидияның тиесілі сомасының 50 %-ы.

Субсидия алу үшін АШТӨ субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімді мынадай құжаттарды қоса отырып ұсынады:

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмелерін (жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың және жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелерін);

2) жер учаскесінің сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжатының көшірмелерін;

3) тауар өндіруші ауылдық тұтыну кооперативінің немесе су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативінің анықтамасын;

4) банктік шоттың бар екендігі туралы (нөмірі көрсетілген) банктік анықтама.

Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелеріне арналған субсидиялар АШТӨ-дің өткен жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылғы көктемде жүргізілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелерін (интенсивті (қарқынды) бақтар, жидектіктер және жүзімдіктер) отырғызуға және оларды ағымдағы жылы өсіруге жұмсаған шығындарын ішінара өтеуге арналады.

Субсидияларды алу үшін АШТӨ тізбесі облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен анықталатын құжаттардан тұратын өтінішті береді. Бұл ретте субсидияларды төлеу үшін:

сатып алу-сату және (немесе) қаржы лизингісі шартының, бастапқы есеп құжаттарының (кіріс және шығыс кассалық ордерлері) көшірмесі;

1) отырғызу материалы;

2) тамшылатып суару жүйесі;

3) типті жобаны сатып алу бойынша шот фактураның көшірмелері міндетті құжаттар болып табылады.

Мақта талшығының сапасын сараптауға арналған субсидиялар мақта иелеріне мақта талшығының сапасын сараптауға жұмсаған шығындарының құнын толық өтеуге арналады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын сарапшы ұйым мақта талшығының сапасын сараптау жөніндегі қызметтерді көрсетуші болып табылады. Мақта иелері мақта талшығының сапасын сараптау жөніндегі қызметтерді сатып алушылар болып табылады.

Мақта талшығының сапасын сараптауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 1173 қаулысымен бекітілген Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру ережесіне сәйкес қызметтерді көрсетуші жүзеге асырады.

Шитті мақтаның сапасын сараптауға арналған субсидиялар мақта иелеріне мақта өңдеу ұйымдарына қабылдау кезінде жұмсаған шығындарының құнын толық өтеуге арналады.

Аккредиттелген шитті мақтаның сапасын сараптау жөніндегі зертханалар (орталықтар) шитті мақтаның сапасын сараптау жөніндегі қызметтерді көрсетушілер болып табылады. Шитті мақта иелері шитті мақтаның сапасын сараптау жөніндегі қызметтерді сатып алушылар болып табылады.

 Шиттi мақтаның сапасын сараптауды қызметтерді көрсетушілер Шиттi мақтаның сапасына сараптама жүргiзу және шиттi мақтаның сапасы туралы куәлiктi беру ережесiн, шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің нысанын (үлгісін) бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2007 жылғы 26 қарашадағы № 710 бұйрығына сәйкес жүзеге асырады.

Тұқым шаруашылығын субсидиялау элиталық және суперэлиталық тұқымдардың құнын 40%-ға дейін арзандату, сұрып (сорт) оригинаторларының көбейту көшеттігін және будандардың аналық формаларының өндірісіне арналған шығындарының 40%-ына дейін өтеу, сол сияқты жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық екпелерінің аналықтарын отырғызуға арналған шығындарды толықтай (100 %) өтеу арқылы жүзеге асырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]