
- •Дүниежүзі бойынша ауыл шаруашылығында еңбек ететіндер үлесі
- •Қазақстанның ауыл шаруашылығы
- •Ауыл шаруашылығының Қазақстан экономикасында алатын орны
- •Егін шаруашылығы
- •Жеміс және жүзім шаруашылығы
- •Мал шаруашылығы
- •Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу
- •Етті қайта өңдеу бойынша
- •Сүтті қайта өңдеу бойынша
- •Қант бойынша
- •Ұн бойынша
- •Көкөністер және жемістер
- •Су шаруашылығы
- •Орман және аңшылық шаруашылығы
- •Балық шаруашылығы
- •Аумақтардың астықпен қамтамасыз етілуі
- •Көктемгі дала жұмыстарын несиелеу
- •Тәуекел мен сақтандыру
- •Техниканың дайындығы
- •2011 Жылдың 8 сәуірдегі жағдайы бойынша аштө жанар-жағармай қамтамасыз етілуі: дизель отыны - 118,4 мың тонна; (33,4%); бензин - 21,0 (38,8%) мың тонна; дизель майы - 9,4 мың тоннаны (44,3%) құрайды.
- •Өнімді қауіпті зиянкестерден қорғау.
- •Ауыл шаруашылығын қаржыландыруы және субсидиялау.
- •Мал шаруашылығын субсидиялау.
- •Субсидиялар жергілікті бюджет қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне келесі бағыттар бойынша төленеді:
2011 Жылдың 8 сәуірдегі жағдайы бойынша аштө жанар-жағармай қамтамасыз етілуі: дизель отыны - 118,4 мың тонна; (33,4%); бензин - 21,0 (38,8%) мың тонна; дизель майы - 9,4 мың тоннаны (44,3%) құрайды.
Өнімді қауіпті зиянкестерден қорғау.
Өсімдіктер зиянкестермен ауылдың тауарөндірушісіне жалғыз күресу оңайлыққа соқпайды, сондықтан да әр түрлі жылдары маңызды шығын келеді. Өнімді жоғалту бұл экономикалық фактор және ол ауылшаруашылық өндірісінің дамуына қатты әсер етеді.
Қазақстан республикасы аумағында ауыл шаруашылығына көпқоректілерден 50 түрлері және мамандандырылған зиянкестерден 100 ден аса түрлері, аурулардың 70 түрлері және 120 дан кемірек арам шөптер түрлері зиян келтіреді.
Қорғау шараларын өткізбеусіз тек қана бидай өнімінің зиянды организмдерден жоғалтуы 25 тен 40 % дейін құрауы мүмкін.
Осыған байланысты республика аумағында фитосанитариялық жағдайды тұрақты бақылау жүзеге асырылады, соның ішінде республикалық бюджеттен жыл сайын 2,5-3,0 млрд.тенге, аса қауіпті зиянды организмдермен және карантиндік объектілермен 3-3,5 млн.га ауданы маңайында күресу шараларын жүргізу үшін бөлінеді. 2009 жылы ауылшаруашылығы дақылдарының аса қауіпті зиянкестерімен күресуге 003 «Ауылшаруашылығы дақылдарының аса қауіпті зиянкестерімен күресу» республикалық бюджет бағдарламасы бойынша 2 691,8 млн. теңге бөлінді.
Аталған қаражаттарға өз уақытында пестицидтер сатып алынып және оларды сақтау, тасу және қолдану жұмыстары ұйымдастырылды. Химиялық өңдеу жұмыстары 3 145,4 мың. га ауданға жүргізілді, соның ішінде шегірткелілерге қарсы – 1 945,8 мың. га, дәннің сұр көбелегіне – 600,0 мың. га, зиянды бақашық қандаласына – 165,0 мың га, гессен шыбынына – 20,0 мың га, астық қоңызына – 71,7 мың. га, өрмекші кенесіне – 76,5 мың. га, мақта көбелегіне – 111,9 мың. га, колорад қоңызына – 20,3 мың. га, сарышұнақтар және тышқан кеміргіштеріне – 14,7 мың.га, бидай дақылдарының тат және септориоз ауруларына – 119,5 мың.га.
Сонымен қатар ауылшаруашылығы тауарөндірішілерінің қаражаты есебінен дәннің сұр көбелегіне қарсы 72,5 мың. га, бидай дақылдарының ауруларына – 1029,8 мың. га аудандарында өңдеу жұмыстары жүргізілді..
Бүкіләлемдік сауда ұйымына кірудің ең негізгі талаптардың бірін ескерсек, Қазақстанның өсімдіктерді қорғау және карантин бойынша Халықаралық Конвенцияға қосылу, Қазақстан республикасының берілген Конвенцияға қосылу бойынша Президент Жарлығына қол қойылды. ТМД, Болгария, Турция, Монғолия, Румыния, Қытай Халық Республикасы, Иордания елдерімен Өсімдіктерді қорғау және карантин саласында ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.
Халықаралық талаптарға сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдері қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша шаралар. Тамақ өнімдері қауіпсіздігіне ең төменгі талаптарды белгілеу мақсатында АӨК өнімдеріне 19 техникалық регламент әзірленген және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулыларымен бекітілген:
1) Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар;
2) Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар;
3) Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар;
4) Азық және азық қоспаларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар;
5) Шырындар мен шырын өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар;
6) Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар;
7) Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар;
8) Ұн-жарма өнеркәсібі өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар;
9) Жемістер, көкөністер, түйнекжемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар;
10) Ауыл шаруашылығы және орман ағаштарын дайындайтын тракторлардың, тіркемелер мен машиналардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар;
11) Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар;
12) Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар;
13) Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуге арналған жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар. Өсімдік шаруашылығы өнімі;
14) Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуге арналған жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар. Мал шаруашылығы өнімі;
15) Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар;
16) Балдың және ара шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар;
17) Консервілер, пресервілер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар;
18) Биоэтанол қауіпсіздігіне қойылатын талаптар;
19) Биодизель қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
Қазақстан Республикасының техникалық регламенттері www.memst.kz сайтында орналасқан.
Бұдан басқа, ЕурАзЭҚ елдерінде тауарлардың еркін жылжуы және саудада техникалық барьерлерді жою мақсатында ЕурАзЭҚ техникалық реламенттері әзірленуде. Министрлік өз құзыреті шегінде АӨК өнімдеріне арналған 6 ЕурАзЭҚ техникалық регламенттерін әзірлеуде қатысады:
1) «Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»;
2) «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»;
3) «Жеміс және көкөніс шырын өнімдері»;
4) «Тоң-май өнімдері»;
5) «Сүт және сүт өнімдері»;
6) «Тракторлар, ауыл шаруашылығы машиналары және орман шаруашылығы машиналары қауіпсіздігі туралы»
ЕурАзЭҚ техникалық регламенттерінің жобалары www.evrazes.ru сайтында орналасқан.
Сонымен қатар, Кеден одағының құрылуына байланысты ЕурАзЭҚ техникалық регламенттерінің жобалары және ұлттық техникалық регламенттер негізге алынып Кеден одағы техникалық регламенттерін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде
Кеден одағы техникалық регламенттерін әзірлеу жоспарымен 47 техникалық регламентті әзірлеу қарастырылған, оның ішінде 10 техникалық регламент АӨК өнімдеріне арналған:
1) Астық қауіпсіздігі туралы;
2) Тамақ өнімдері қауіпсіздігі туралы;
3) Шырын өнімдеріне арналған техникалық регламент;
4) Тоң-май өнімдеріне арналған техникалық регламент;
5) Ет және ет өнімдері қауіпсіздігі туралы;
6) Балық және балық өнімдері қауіпсіздігі туралы;
7) Тыңайтқыштарға қайылатын талаптар туралы;
8) Мал азығы және мал азығының қоспалары қауіпсіздігі туралы;
9) Тамақ өнімдерін таңбалауға қатысты техникалық регламент;
10) Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары және олардың прицептері қауіпсіздігі туралы;
Бүгінгі күнге Кеден одағы Комиссиясының тиісті шешімімен АӨК өнімдеріне Кеден одағының 5 техникалық регламенті бекітілген:
20) Астық қауіпсіздігі туралы - 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №874 КОК шешімі;
21) Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы - 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 КОК шешімі;
22) Тамақ өнімдерін таңбалауға қатысты техникалық регламент - 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 881 КОК шешімі;
23) Шырын өнімдеріне арналған техникалық регламент- 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 882 КОК шешімі;
24) Тоң-май өнімдеріне арналған техникалық регламент - 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 883 КОК шешімі;
Ауыл шаруашылығы министрлігімен АӨК өнімдерінің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату мақсатында нормативтік қорды ел аймағында қолданыстағы стандарттарды, сондай-ақ мемлекеттік стандарттарды халықаралық стандарттарға сәйкес үйлесімдендіруін қамтамасыз етуді қайта қарау және өзектілігі бойынша шаралар әзірленген және жүзеге асырылуда.
Кәсіпорындардың тамақ өнімдерінің сапасы және қауіпсізідігі менеджментінің халықаралық жүйесіне жеделдетіп өту процестері белсендіріледі. Осыған байланысты 051 «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» республикалық бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылуда.
Бүгінгі күнге ИСО және ХАССП стандарттарын енгізілген кәсіпорындардың саны 357 бірлікке жетті.
Ауыл шаруашылығы министрлігімен әзірленген техникалық регламенттер
Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы стандарттар
ISO и HACCP халықаралық стандарттарды енгізген АӨК субъектілер саны.