Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ерекше бөлім.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
113.1 Кб
Скачать

102. Фрахт алушы (фрахтователь) дегеніміз:

  1. жолаушыларды, жүкті тасымалдау үшін көлік құралдарының барлық сиымдылығын немесе оның бір бөлігін шарт негізінде алушы тұлға

  2. әуемен тасымалдаушы

  3. жалға беруші

  4. тасымалдаушымен шарт жасаған жеке тұлға

  5. көлік құралының сиымдылығын екінші тарапқа беруші тасымалдаушы

103.Тіркелген жүк немесе теңдеме жүкті жоғалды деп тану мерзімі

  1. жүк немесе теңдеме жүк тасымалдау мерзімі өткеннен кейін 7 күн ішінде межеленген жерге келмесе

  2. тасымалдаушы 3 күн соң осы жағдайды мойындаса

  3. жүк немесе теңдеме жүк жеткізілетін жерге 30 күн ішінде жетпесе

  4. тасымалдау мерзімі өткеннен кейін жүк немесе теңдеме жүк тиісті жеріне 60 күн ішінде жеткізілмесе

  5. тасымалдау мерзімі өткеннен кейін жүк немесе теңдеме жүк тиісті жеріне 15 күн ішінде жеткізілмесе

104. Жолаушыны тасымалдау шарты қандай шарт?

  1. консенсуалды

  2. конклюдентті

  3. консенсуалды және шынайы

  4. алдын ала жасалатын шарт

  5. кейінге қалдыру шартымен жасалатын мәміле

105. Заем шартының нысанасы (пәні)

  1. азаматтық айналымнан алынбаған кез келген заттар

  2. жылжымайтын мүлік

  3. кез келген жылжитын мүлік (зат) 

  4. тектік белгілерімен анықталған заттар

  5. жеке белгілерімен анықталған заттар

106. Заем шарты бойынша зат заемшының

  1. меншігіне өтеді

  2. пайдалануына беріледі

  3. иеленуіне ғана беріледі

  4. шаруашылық жүргізуіне өтеді

  5. оралымды басқаруына өтеді

107. Банктік заем шарты

  1. ақылы, консенсуалды, екі жақты

  2. ақысыз, консенсуалды, екі жақты

  3. ақысыз, біржақты

  4. ақылы, консенсуалды, бір жақты

  5. ақысыз, шынайы, бір жақты

108. Банктік заем шартының пәні

  1. ақша

  2. тұтынылатын зат

  3. тұтынылмайтын зат

  4. өзге де материалдық игіліктер

  5. материалдық емес игіліктер

109. Банктік қызмет көрсету шартына қайсысы кіреді?

  1. ақша аудару шарты

  2. франчайзинг

  3. cсуда шарты

  4. чартерлік шарт

  5. факторинг шарты

110. Егер заң актілерімен немесе тараптардың келісімімен өзгеше көзделмесе, банктік шот шартының мерзімі

  1. мерзімсіз

  2. алты айлық

  3. екі жылдық

  4. үш жылдық

  5. он жылдық

111. Банктік заем шартының жасалу нысаны

  1. жазбаша

  2. ауызша

  3. мемлекеттік тіркеу

  4. конклюдентті

  5. ауызша да жазбаша да болуы мүмкін

112. Банктік заем шарты бойынша заем беруші болып табылатындар

  1. ҚР Ұлттық банкінің лицензиясын алған ислам банкі

  2. ҚР Ұлттық банкінің лицензиясын алған банктер мен өзге де заңды тұлғалар

  3. ҚР Ұлттық лицензиясын алған кез келген тұлға

  4. ҚР Ұлттық банктың лицензиясын алған қаржылық институттар

  5. ҚР Ұлттық банктың заем беруге рұқсат құжаты бар жеке тұлғалар

113. Факторинг шарты

  1. ақшалай талапты беріп қаржыландыру

  2. кешенді кәсіпкерлік лицензия

  3. заем шартының бір түрі

  4. қаржы агенттігі

  5. төлем құралы

114. Инкассалық өкім - дегеніміз

  1. банкі шотынан клиенттің ақшасын оның келісімінсіз алып қою

  2. ҚР Ұлттық банкінің коммерциялық банктен лицензиясын қайтарып алу туралы өкімі

  3. чек берушінің қабылдаушы банкке көрсетілген соманы чек ұстаушыға төлеу туралы бұйрығы

  4. ордерлі бағалы қағаздағы құқықтардың берілгені туралы жазба жасау

  5. банктің атқарушы органының ақшаны банкінің кассасына түсіруі туралы өкімі

115. Мерзімді салым шарты

  1. франчайзинг шартының бір түрі

  2. факторинг шартының бір түрі

  3. банктік заем шартының бір түрі

  4. банктік ақша аудару шартының бір түрі

  5. банктік салым шартының бір түрі

116. Банктік құпияны жарияламауға кім кепілдік береді?

  1. клиент

  2. маслихат

  3. жергілікті атқарушы орган

  4. сот

  5. банк

117. Факторинг шартында өзгеше көзделмесе, ақшалай талаптың жарамсыздығы үшін қаржы агенті алдында кім жауапты?

  1. клиент

  2. борышқор

  3. клиент пен борышқор 50 пайыздан жауапты

  4. қаржы агентінің өзі жауапты

  5. ешкім де жауапты емес

118. Мемлекеттік заем шарты бойынша заемшы болып қайсысы танылады?

  1. мемлекет

  2. жеке тұлға

  3. коммерциялық емес ұйым

  4. коммерциялық ұйым

  5. халықаралық ұйымдардың өкілдіктері

119. Егер заңнамамен немесе шартпен өзгеше көзделмесе, банктік шот шартын клиенттің бұзу мерзімі 

  1. кез келген уақытта

  2. 1 ай бұрын жазбаша ескертуі тиіс

  3. 10 күн бұрын жазбаша ескертуге міндетті

  4. 6 ай бұрын жазбаша ескертуге құқылы

  5. ең азы 1 апта бұрын ауызша хабарлауы қажет 

120. Мемлекеттік заем шарты

  1. ерікті шарт 

  2. міндетті шарт

  3. ерікті де, міндетті де болуы мүмкін

  4. әркез үшінші тұлға пайдасына жасалатын шарт

  5. банктердің қолдауымен жүзеге асырылатын міндетті шарт

121. Мемлекеттік заем шарты бойынша заем беруші болып табылатындар

  1. азамат немесе заңды тұлға

  2. мемлекеттік кәсіпорын және мемлекеттік қорлар 

  3. мемлекеттік мекемелер

  4. шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ дар адам

  5. тек қана Қазақстан азаматтары

122. Банктік салым шартының жазбаша нысанын сақтамау

  1. шартты жарамсыз етеді

  2. шарт жарамды болады

  3. шарт ішінара жарамды болады

  4. шарт ауызша жасалатындықтан, жазбаша нысан қажет емес

  5. шарт мемлекеттік тіркеуден өтетіндіктен, жазбаша нысан қажет емес 

123. Банктік заем шарты бойынша заем беруші болып табылатындар

  1. тиісті лицензиясы бар банк немесе өзге де заңды тұлға

  2. кез келген коммерциялық ұйым

  3. тек қана коммерциялық емес ұйым

  4. жеке (дара) кәсіпкер

  5. кез келген азамат

124. Исламдық банк заем беруші болып табылатын банктік заем шарты бойынша банк сыйақы ала ма 

  1. банк сыйақы алмайды

  2. банк сыйақы алады

  3. банк сыйақына 50 пайыздан аспайтын мөлшерде ғана алады

  4. банк сыйақыны 3 пайыздан аспайтын көлемде ғана алады

  5. банк сыйақыны 1 пайыздан аспайтын көлемде алады

125. Факторинг шартының пәні

  1. ақшалай талап

  2. заттай талап

  3. кез келген талап

  4. тұтынылатын заттарға қатысты талап

  5. тұтынылмайтын заттарға қатысты талап

126. Банктік салым шартын жасалды деп тану сәті

  1. салым сомасы банкке келіп түскен сәттен

  2. шартқа қол қойылған сәттен

  3. шарттың елеулі ережелері бойынша келісімге келу сәті

  4. шарттың елеулі ережелері бойынша келісімге келу сәті

  5. шартты болашықта жасасу жөнінде ниет хаттамасына қол қою сәті

127. Мерзімді банктік салым шарты бойынша салымшының салымды қайтарып алу талабына сай, банктің оған салымды қайтару мерзімі

  1. 5 күннен кешіктірмей

  2. 1 күн ішінде

  3. 3 күн ішінде

  4. 7 күннен кешіктірмей

  5. 30 күннен кешіктірмей

128. Банк салымы шарт бойынша мемлекеттік емес банктегі сыйақының мөлшері

  1. Банк салымы шарт бойынша мемлекеттік емес банктегі сыйақының мөлшері

  2. тек қана банк анықтайды

  3. ҚР Ұлттық банкі анықтайды

  4. салымшы анықтайды

  5. ҰБ қайта қаржыландыру ставкасына сай көзделеді

129. Көлік экспедициясы шартының жасалу нысаны

  1. жазбаша

  2. әркез нотариалды куәландыру

  3. мемлекеттік тіркеу

  4. ауызша

  5. ауызша

130. Клиент пен борышқор арасында ақшалай талапты қаржы агентіне беруге байланысты тыйым салу немесе шектеу болса да, факторинг шарты

  1. жарамсыз

  2. жартылай жарамды

  3. үштен екі бөлігі жарамсыз

  4. үштен бір бөлігі ғана жарамсыз

  5. борышқор мен қаржы агенті анықтайды

131. Талаптарды беру туралы АК жалпы ережелері факторинг шартына қолданыла ма?

  1. егер факторинг туралы Кодекстегі нормалармен өзгеше көзделмесе, қолданылады

  2. кез келген жағдайда және толық қолданылады

  3. толық қолдданылмайды

  4. АК цессия туралы белгіленген бөлігінде толық қолдынылмайды

  5. бұл сұрақ ҚР Ұлттық банкінің актілерімен шешіледі

132. Жүкті тасымалдау шарты бойынша тараптар атауы

  1. тасымалдаушы және жүк жөнелтуші

  2. тасымалдаушы және жүк қабылдаушы

  3. экспедитор және жүк жөнелтуші

  4. жүк жөнелтуші және жүк қабылдаушы

  5. комитент және жүк жөнелтуші

133. Төлем тапсырмасы - дегеніміз

  1. белгілі алушының пайдасына белгіленген соманы аудару туралы банктік тапсырма берілуі

  2. тапсырманы ұсынушыға қолма-қол ақша беру

  3. ұсынушының пайдасына төлеушінің келісімімен оның шотынан ақшаның алынуы

  4. ұсынушының пайдасына төлеушінің келісімінсіз оның шотынан ақша алынуы

  5. ақша алушы алдындағы қарызды мойындау

134. Чектің түрлері

  1. ордерлі, үшінші тұлғаға

  2. чек беруші және чек алушы түрлері

  3. вексельді және вексельсіз

  4. атаулы және ұсынбалы

  5. жай және күрделі

135. Егер тұлға банктен чек берушінің аты-жөні көрсетілмеген, бірақ сомасы белгіленген чек бойынша ақша алғысы келсе, бұл қандай чек?

  1. атаулы

  2. ордерлі

  3. ұсынбалы

  4. жай

  5. күрделі

136. Шартпен көзделмесе және заттың қалыпты сақталуын қамтамасыз ету қажеттігі болмаса,сақтаушының өзіне сақтауға берілген мүлікті пайдалануға құқығы бар ма?

  1. жоқ

  2. бар

  3. жартылай бар

  4. үштен бір жағдайда жоқ

  5. сот анықтайды

137. Заттарды иесіздендіріп сақтау - дегеніміз

  1. тектік белгілерімен айқындалған заттарды сақтау

  2. ерекше қасиеті бар заттарды, осыған арнайы арналған орында сақтаудың ерекше тәртібі

  3. прокуратура актісіне сай сақтау

  4. жеке белгілерімен айқындалған заттарды сақтау

  5. - сот шешімімен кез келген затты сақтау

138. Секвестр дегеніміз -

  1. даулы заттарды сақтау

  2. біртектес белгілермен айқындалған заттарды сақтау

  3. ерекше қасиеті бар заттарды арнайы бөлінген жерде ерекше режимде сақтау

  4. кәсіби емес сақтау

  5. тауар қоймасында сақтау

139. Сақтауды өзінің кәсіпкерлік қызметі ретінде жүзеге асыратын тұлға, заттың жоғалуы, кем шығуы немесе бүлінуі жағдайларында жауаптылықтан босатылу негіздері

  1. дүлей күштің салдарынан, не мүлік иесінін қасақана пиғылынан немесе өрескел абайсыздығынан немесе заттың өзіне тән ерекшелігінен болса

  2. тек мүлік иесінін кінәсіздігінен болса

  3. үшінші тұлғалардың әрекеттерінен болса

  4. кездейсоқ алдын алу мүмкін жағдайлардан болса

  5. сақтаушының абайсыз әрекеттерінен болса

140. Заң актілерінде өзгеше көзделмесе және техникалық мүмкіндіктері бар затты сақтауды кәсіпкерлік қызмет ретінде жүзеге асыратын сақтаушының затты сақтауға қабылдаудан бас тартуға құқығы бар ма?

  1. затты сақтауға қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ

  2. затты сақтауға қабылдаудан бас тартуға құқығы жартылай бар

  3. затты сақтауға қабылдаудан бас тартуға құқығы толықтай бар

  4. затты сақтауға қабылдаудан бас тарту мәселесі сот шешімімен анықталады

  5. затты сақтауға қабылдаудан бас тарту мәселесін ҚР Президенті анықтайды

141. Сақтау шартының пәні болып не табылады? 

  1. нақты қызмет

  2. заңды қызмет

  3. жұмыс нәтижесі

  4. тасымалдау нәтижесі

  5. интеллектуалдық қызмет нәтижесі

142. Сақтандыру шартының күшіне ену сәті 

  1. - сақтандыру сыйлық ақысын немесе бірінші сақтандыру жарнасын төлеген сәттен

  2. - шартқа қол қойған сәттен

  3. - шартты мемлекеттік тіркеген сәттен

  4. сақтандыру оқиғасы орын алған сәттен

  5. екі тарап шартқа мөр соққан сәттен

143. Бірнеше сақтандырушының бір шартпен обьектіні сақтандыруы

  1. ортақ сақтандыру

  2. қос сақтандыру

  3. топтық сақтандыру

  4. қайта сақтандыру

  5. өзара сақтандыру

144. Сақтандыру сомасының түсінігі

  1. сақтандыру объектісі сақтандырылған ақша қаражатының сомасы және ол сақтандыру оқиғасы болған жағдайдағы сақтандырушы міндеттемелерінің шекті көлемі

  2. сақтанушының сақтандырушы алдындағы міндетті төлемі

  3. сақтандыру оқиғасы болған кезде сақтандырушының төлейтін төлемі

  4. сақтандыру үшін төлем және оны уақтылы төлемегені үшін өсім сомасы

  5. сақтандырушының активтерінің мөлшері

145. Сақтандырушы сақтандыру төлемін төлеуден бас тартуға болмайтын жағдай

  1. сақтанушы сақтандыру полисін жоғалтқанда

  2. егер, сақтандыру жағдайы соғыс әрекеттерінен пайда болса

  3. шығынды зиян келтіруші өтегенде

  4. бұқаралық толқулар болған кезде

  5. сақтанушы сақтандыру обьектісі туралы сақтандырушыға көрінеу жалған мәліметтер хабарласа

146. Мемлекеттік емес сақтандырушы ұйымдардың құрылатын ұйымдық-құқықтық нысаны

  1. акционерлік қоғам

  2. қосымша жауапкершілігі бар серіктестік

  3. толық серіктестік

  4. өндірістік кооператив

  5. мемлекеттік мекеме

147. Сақтанушы ұғымы

  1. сақтандырушымен сақтандыру шартын жасаған тұлға

  2. сақтандырылғанмен сақтандыру шартын жасаған тұлға

  3. актуариймен сақтандыру шартын жасаған тұлға

  4. жеке тұлға

  5. заңды тұлға

148. Объектісіне қарай сақтандыру түрлері

  1. міндетті және ерікті

  2. жеке және мүліктік

  3. мүліктік және дербес

  4. кооперативтік және ұжымдық

  5. жеке және корпоративтік

149. Міндетті сақтандыру түрлері

  1. көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру

  2. көлік құралдарын сақтандыру

  3. кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру

  4. азаматтық денсаулығын сақтандыру

  5. прокурорлардың мүлкін сақтандыру

150. Сақтандыру сыйлық ақысының түсінігі

  1. сақтанушының сақтандырушыға төлеуге міндеттенген ақша сомасы

  2. сақтандырушының сақтанушыға ай сайын төлейтін ақша сомасы

  3. сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға төленетін ақша сомасы

  4. сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға төленетін ақша сомасы

  5. сақтандырылған мүліктің нақты құны

151. Сақтандыру шартының объектісі

  1. мүдде

  2. жұмыс

  3. зат

  4. жылжымайтын мүлік

  5. интеллектуалдық қызмет нәтижесі 

152. Сақтандырудың міндеттілік дәрежесіне қарай түрлері

  1. міндетті және ерікті

  2. міндетті және міндеттемелік

  3. міндетті және ықтиярсыз

  4. ықтиярлы және ерікті

  5. жәй және күрделі

153. Сақтанушы ретінде кім бола алады

  1. сақтандыру шартын жасаған жеке немесе заңды тұлға

  2. сақтандыру шарты бойынша кепілді түрде сақтандыру төлемін алушы

  3. сақтандыру шартын жасауға жәрдемдесуші

  4. сақтандыру шартын жүзеге асырушы және сол бойынша төлем төлеуші

  5. сақтандыру шартын жүзеге асырушы және сол бойынша төлем төлеуші

154. Актуарий ұғымы

  1. сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің экономикалық-математикалық есептеулерін жүзеге асыруға байланысты қызметті атқаратын жеке тұлға

  2. сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің экономикалық-математикалық есептеулерін жүзеге асыруға байланысты қызметті атқаратын заңды тұлға

  3. сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қаржысымен қатысатын кез келген тұлға

  4. сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қажетті төлем жасайтын жеке тұлға

  5. сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында қауіпсіздікке жауапты заңды тұлға

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]