Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ерекше бөлім.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
113 Кб
Скачать
☆

24. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша аталған әрекеттердің қайсысы абоненттің міндеті болып табылмайды?

  1. алынған энергия үшін ақы төлеу

  2. тұтынудың шартта көзделген режимін сақтау

  3. берілген энергия жөнінде энергиямен жабдықтаушы ұйымға хабарлап отыру

  4. өзінің қарауындағы энергетика желілерін пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету

  5. энергияны тұтынуға байланысты пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету

25. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда:

  1. тараптар бір-біріне нақты шығынды ғана өтейді

  2. осыған кінәлі энергиямен жабдықтаушы ұйым немесе абонент құқығы бұзылған тұлғаға барлық шығынды толық өтеуге міндетті

  3. энергиямен жабдықтаушы ұйым құқығы бұзылған тұлғаға шығынды да, алынбаған пайданы да толық көлемде өтейді

  4. энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентке шығынды толық өтейді, ал абонент - алынбаған пайданы өтейді

  5. тараптар бір-біріне залал өтеуден босатылады

26. Айырбас шартына қатысушы тараптар қалай аталады?

  1. цедент және цессионарий

  2. комиссионер және комитент

  3. өнім беруші мен орындаушы

  4. тауар жеткізуші және сатып алушы

  5. сатушы және сатып алушы

27. Айырбас шартына қандай шарттың ережелері қолданылуы мүмкін?

  1. лизинг

  2. сатып алу-сату

  3. франчайзинг

  4. тұрмыстық мердігерлік

  5. қызмет көрсету

28. Айырбас шарты қандай шарт?

  1. егер тараптар келісімінде өзгеше белгіленбесе, ақылы

  2. егер тараптар келісімінде өзгеше белгіленбесе, ақысыз

  3. ақылы

  4. ақысыз

  5. аралас

29. Айырбас шарты

  1. ақылы, консенсуалды, біржақты

  2. ақылы, консенсуалды, екіжақты

  3. ақысыз, консенсуалды, біржақты

  4. ақысыз, нақты, біржақты;

  5. ақылы, нақты, екіжақты

30. Ортақ меншіктегі үлес сатылған кезде ортақ меншіктің қалған иелерінің құқықтары

  1. оны сатып алуға үшінші жақтардың алдында басымдылық құқығына ие болады

  2. үшінші жақтардың алдында оны иелігіне алуға басымдылық құқығы жоқ

  3. 50 пайыздық жеңілдікпен сатып алуға үшінші жақтардың алдында басымдылық құқығына ие

  4. үшінші тараптың алдында 25 пайыздан аспайтын мөлшерде үлес бөлігін алу артықшылығына құқығы бар

  5. үшінші жақ тұлғалардың алдында 10 пайыздан аспайтын мөлшерде үлес бөлігін алу артықшылығына құқығы бар

31. Айырбас шарты бойынша

  1. тараптардың әрқайсысы басқа тараптың меншігіне немесе басқа заттық құқығына бір тауарды екіншісіне айырбасқа беруге міндеттенеді

  2. бір тарап басқа тараптың пайдалануына тауарды беруге міндеттенеді

  3. тараптардың әрқайсысы басқа тараптың иеленуіне тауарды беруге міндеттенеді

  4. бір тарап екінші тараптың пайдалануы мен иеленуіне тауарды беруге міндеттенеді

  5. тараптардың әрқайсысы басқа тараптың меншігіне затты сыйға беруге міндеттенеді

32. Айырбас шарты бойынша тауарларды беруге байланысты шығындарды кім өтейді?

  1. егер шартта өзгеше көзделмесе, сатушы жүзеге асырады

  2. сатушы 70 пайыз, ал сатып алушы 30 пайыз жүзеге асырады

  3. сатып алушы жүзеге асырады

  4. екі тарап та тең үлесте жүзеге асырады

  5. сатушы 30 пайыз, ал сатып алушы 70 пайыз жүзеге асырады

33. Айырбас шарты бойынша тауарларды қабылдап алу жөніндегі шығындарды қайсысы өтейді?

  1. егер шартта өзгеше көзделмесе, сатып алушы жүзеге асырады

  2. сатушы жүзеге асырады

  3. сатып алушы 70 пайыз, ал сатушы 30 пайыз мөлшерінде өтейді

  4. екі тарап та тең үлесте жүзеге асырады

  5. сатып алушы 40 пайыз, ал сатушы 60 пайыз мөлшерінде өтейді

34. Айырбас шарты бойынша тауарларға меншік құқығы қай сәттен туындайды?

  1. тараптардың әрқайсысы тиісті тауарларды беру міндеттемелерін орындағаннан кейін бір мезгілде туындайды

  2. тауарды берген немесе тасымалдаушы ұйымға тапсырған кезде

  3. шартта белгіленген уақытта ауысады

  4. сатушы тауарды беру міндетін орындаған сәтте

  5. сатып алушы тауардың ақшасын төлеген сәтте

35. Сыйға тарту шарты

  1. әрқашанда консенсуалды, ақысыз

  2. шынайы немесе консенсуалды, ақысыз

  3. тек қана шынайы, ақысыз

  4. консенсуалды, ақысыз немесе ақылы

  5. шынайы немесе консенсуалды, ақылы

36. Сыйға тарту шарты жазбаша нысанда жасалуы тиіс жағдай:

  1. тараптар азаматтар және сый мөлшері бес айлық есптік көрсеткіш мөлшерінде

  2. сыйға алушы шет ел азаматы болса

  3. сыйдың құны бес пен он айлық айлық есептік көрсеткіш шамасында болса

  4. шарттың нысанасы жылжымайтын мүлік болса

  5. сыйдың құны он айлық есептік көрсеткіштен жоғары болмаса

37. Сыйдың құны жүз айлық есептік көрсеткіштен төмен болса, шарт қандай нысанда жасалады?

  1. егер алдағы уақытта сыйға тартуға уәде етілмесе, ауызша

  2. кез келген жағдайда жазбаша

  3. ауызша және жазбаша

  4. нотариалды куәландыру

  5. мемлекеттік тіркеу

38. Қандай жағдайда сый тартушы бір жақты сыйға беру шартынан бас тарта алмайды?

  1. егер сый тартушы сый алушыдан ұзақ өмір сүрсе және ол шартта белгіленсе

  2. егер сый алушы сый тартушының өміріне қастандық жасаса

  3. егер сый алушы қасақана сый тартушының отбасы мүшелеріне дене жарақатын салса

  4. сый алушы сый тартушының отбасы мүшелерінің өміріне зиян келтірсе

  5. кез келген жағдайда

39. Сыйға тарту шартының нысанасына (пәніне) кіретін объектілердің барлығы қайсысы?

  1. зат, мүліктік құқық немесе сый алушыны сый берушінің және үшінші бір тұлғаның алдындағы мүліктік міндеттен босату

  2. тек заттар

  3. кез-келген құқықтар

  4. адамның өмірі мен денсаулығы

  5. іскерлік бедел, ар-намыс және абырой

40. Егер дәлелденсе, сый алушы сыйдың кемшіліктері салдарынан өзіне келтірілген зиянды өтеуді талап ете ала ма?

  1. ия, олар анық кемшіліктер қатарына жатпаса және бұл кемшіліктер затты беруден бұрын пайда болғаны дәлелденсе, ал сый тартушы ол жөнінде біле тұра, сый алушыны ескертпеген болса

  2. ия, кемшіліктер сыйға алушы сыйда алған соң пайда болса

  3. ия, кемшіліктер сыйға тарту шартында көрсетілген болса

  4. жоқ, сый алушы талап қоя алмайды, себебі ол сыйды ақысыз қабылдады

  5. жоқ, сый алушы сыйды қабылдағаннан соң кемшіліктер туындас;

41. Сыйға тарту шартының тараптары қалай аталады?

  1. сыйға лайықты және сыйды алушы

  2. сыйға тартушы және сый алушы

  3. сыйға тартушы және сыйды қабылдаушы

  4. сый беруші және сыйланған

  5. сыйлаушы және сыйланушы

42. Сыйға тарту шарты бойынша сыйға тартуға уәде берілген сый, сый алушы қайтыс болса, оның мұрагерлеріне ауысады ма?

  1. егер шартта өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлеріне ауыспайды

  2. егер шартта көзделмесе, оның мұрагерлеріне ауысады

  3. қандай жағдай болмасын, оның мұрагерлеріне ауыспайды

  4. оның мұрагерлеріне ауысады

  5. ауысу, ауыспау тек қана заңнамамен қарастырылады

43. Сыйға тартуға уәде берген сыйға тартушының міндеттері:

  1. егер шартта өзгеше көзделмесе,оның мұрагерлеріне ауысады

  2. кез-келген жағдайда оның мұрагерлеріне ауысады

  3. оның мұрагерлеріне ауыспайды

  4. егер шартта өзгеше көзделмесе,оның мұрагерлеріне ауыспайды

  5. бұл сұрақ заңнамда шешілуі тиіс

44. Рента шартының тараптары:

  1. - рента төлеуші және рента алушы;

  2. - рента беруші және рента қабылдаушы;

  3. - рента төлеуші және рантье;

  4. - төлеуші және алушы;

  5. - мүлікті иеліктен шығарушы және мүлікті алушы;

45. Рента шартының қандай нысанда жасалады?

  1. нотариалды куәландырылған нысанда

  2. әрқашан жай жазбаша

  3. әрқашан заң тұлға қатысуымен жазбаша нысанда

  4. әрқашан ауызша

  5. егер шартта өзгеше көзделмесе жазбаша нысанда

46. Азаматтық кодексте көзделген рента шартының түрлері:

  1. ғұмырлық рента мен тұрақты рента, және ғұмырлық рента шартының бір түрі ретінде өмір бойы асырауда ұстау

  2. ғұмырлық рента және өмір бойы асырауда ұстау

  3. тұрақты рента және өмір бойы асырауда ұстау

  4. тек ғұмырлық рента

  5. ғұмырлық рента және тұрақты рента

47. Егер шартта өзгеше көзделмесе,тұрақты рента әрбір күнтізбелік:

  1. тоқсан аяқталғаннан кейін төленеді

  2. әр күн аяқталғаннан кейін төленеді

  3. апта аяқталғаннан кейін төленеді

  4. ай аяқталғаннан кейін төленеді

  5. жыл аяқталғаннан кейін төленеді

48. Жалдау шартының пәні:

  1. жеке белгілерімен анықталған тұтынылмайтын заттар

  2. жеке белгілерімен анықталған тұтынылатын заттар;

  3. тектік белгілермен сипатталатын тұтынылатын заттар

  4. кез келген заттар

  5. тектік белгілермен сипаталатын тұтынылмайтын заттар

49. Жалға алушы жалдау объектісіне жасаған ажырамайтын жақсартудың құнын жалға берушіден талап етуге құқылы ма?

  1. егер ол жақсарту жалға берушінің келісімімен жүргізілсе,талап ете алады

  2. жоқ, талап ете алмайды

  3. он пайзынталаптетуге құқылы

  4. елу пайызын ғана талап етуге құқылы

  5. сот шешімімен анықталады

50. Жалдау шарты қандай шарт?

  1. ақылы, консенсуалды, екіжақты

  2. ақылы, шынайы, біржақты

  3. ақылы, шынайы, екіжақты

  4. ақысыз, консенсуалды, екіжақты

  5. ақылы, шынайы, біржақты

51. Жалға алушы затқа жасаған ажырайтын жақсартулар кімге тиесілі?

  1. егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға алушыға

  2. үшінші тарапқа

  3. жалға берушіге

  4. жалға алушы мен жалға берушінің ортақ меншігі болады

  5. сот шешімімен анықталады

52. Жалға алушының қандай міндеті диспозитивтік міндет:

  1. күнделікті жөндеу жүргізу;

  2. жалдау ақысын шартта көрсетілген уақытта төлеп тұру;

  3. затты мақсатына және шартқа сәйкес пайдалану;

  4. шарттың мерзімі аяқталуына байланысты, мүліктің қалыпты ескіруін ескере отырып, жалға берушіге қайтарып беру

  5. мүлікті өз кінәсынан нашарлатқан болса жалға берушіге келтірілген залалдарды өтеу

53. Мүлікті жалдау шартының бір түрі болып қайсысы табылады?

  1. Мүлікті жалдау шартының бір түрі болып қайсысы табылады

  2. карыз

  3. франчайзинг

  4. ссуда

  5. факторинг

54. Кәсіпорынды жалдау шартының жасалу нысаны:

  1. міндетті мемлекеттік тіркелуі қажет ететін жазбаша нысан

  2. ауызша

  3. нотариалды куәландырылған жазбаша

  4. біржақты жазбаша

  5. конклюдентті әрекет арқылы жасалатын шарт

55. Жалдау объектісі болып табылатын затты жөндеу міндеті кімге жүктеледі?

  1. шартта өзгеше көзделмесе, күрделі жөндеу жалға берушіге, ағымдағы жөндеу жалға алушыға жүктеледі

  2. шартта өзгеше көзделмесе, күрделі жөндеу жалға алушыға, ағымдағы жөндеу - жалға берушіге жүктеледі

  3. күрделі жөндеу мен ағымдағы жөндеу жалға берушіге жүктеледі

  4. күрделі жөндеу мен ағымдағы жөндеу жалға алушыға жүктеледі

  5. екі тарап та жөндеу жасамайды

56. Прокат шартының жасалу нысаны:

  1. ауызша

  2. жай жазбаша

  3. мемлекеттік тіркелетін жазбаша нысан

  4. нотариалды куәландыру нысанында

  5. ауызша да жазбаша болуы мүмкін

57. Жалдау шартының мерзімі:

  1. кез келген мерзім

  2. 49 жылға дейін

  3. 3 жылдан 99 жылға дейін

  4. 10 жылға дейін

  5. 6 айға дейін

58. Чартер шарты - бұл:

  1. жолаушы, багаж және жүк тасымалдау үшін көлік құралының (көлік құралдарының) толық сыйымдылығын немесе оның бір бөлігін жалдау

  2. құрал жабдықтарды жалдау

  3. қаржы лизингі туралы ережелер бойынша әуе кемесін жалдау

  4. автокөлікті экипажымен жалдау

  5. халықаралық конвенцияларды сақтай отырып, теңіз кемесін жалдау

59. Лизинг қандай шарт?

  1. екі жақты, ақылы, консенсуалды

  2. бір жақты, ақылы, консенсуалды

  3. үшжақты, ақысыз, шынайы

  4. екіжақты, ақылы, шынайы

  5. үшжақты, ақылы, шынайы

60. Лизинг шарты бойынша мүліктің кездейсоқ жойылу қаупі кімге жүктеледі?

  1. кез-келген жағдайда лизинг берушіге

  2. кез-келген жағдайда лизинг алушыға

  3. мүлікті сатушыға

  4. мүлік сатушыдан лизинг берушіге өткен сәттен батап соңғысы жауапты

  5. қатысы бер кез келген тұлғаға 

61. Бір жылдан асатын мерзіміге берілетін жылжымайтын мүлікті жалдау шартының жасалу нысаны:

  1. жазбаша нысанда міндетті түрде мемлекеттік тіркеу арқылы

  2. ауызша нысанда

  3. нотариалдық куәландыру арқылы жазбаша нысанда

  4. жай жазбаша нысанда ғана

  5. ауызша, бірақ нотариалды куәландыру арқылы

62. Меншік иесі тұрмайтын тұрғын үйді жалдау шартын мерзімінен бұрын бұзу үшін жалға алушыны қанша уақыт бұрын ескерту қажет?

  1. үш ай

  2. екі ай

  3. бір ай

  4. төрт ай

  5. кез келген мерзімде

63. Жалға алушының жалға алған мүлікке құқықтары:

  1. иелену, пайдалану және белгіленген шекте билік ету

  2. иелену

  3. пайдалану

  4. билік ету

  5. пайдалану және билік ету

64. Жалдау шартының объектісі болып:

  1. жеке белгілерімен анықталған, тұтынылмайтын зат (мүлік) табылады

  2. тектік белгілерімен анықталған зат (мүлік) табылады

  3. тұтынылатын зат (мүлік) табылады

  4. тектік белгілерімен анықталған есірткі заттары

  5. азаматтық айналымнан алынбаған кез-келген зат (мүлік) табылады

65. Жалдау шарты қай кезде ауызша нысанда жасалуы мүмкін?

  1. жеке тұлғалар арасындағы бір жылға дейінгі мерзімге жасалған жалдау шарты

  2. мерзімі бір жылдан астам болса

  3. шарттың мерзімі 6-айға дейінгі және тараптың біреуі заңды тұлға болса

  4. егер шарттың мерзіміне қарамай-ақ, тараптар заңды тұлғалар болса

  5. егер шарттың мерзімі 3 жыл болса және тараптар жеке тұлғалар болса

66. Егер жалдау шартының мерзімі көрсетілмей жасалса, әрбір тарап екінші тарапты қанша уақыт бұрын ескертіп бас тартуға құқылы?

  1. егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жылжымайтын мүлікті жалдаған жағдайда үш ай бұрын, өзгеше мүлікті жалдаған жағдайда бір ай бұрын

  2. бір ай бұрын

  3. қозғалмайтын мүлікті жалдаған жағдайда алты ай бұрын, өзге мүлікті жалдаған жағдайда үш ай бұрын

  4. үш ай бұрын

  5. алты ай мен бір жыл ішінде

67. Жалға алған мүлікті пайдалану нәтижесінде жалға алушының алған өнімі, жемістері және өзге де кірістері кімнің меншігі болып табылады?

  1. егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жалға алушының меншігі болып табылады

  2. егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жалға берушінің меншігі болып табылады

  3. егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, мемлекеттің меншігі болып табылады

  4. егер заң актілерінде немнесе шартта өзгеше көзделмесе, екі тарапқа да тиесілі

  5. егер заң актілерінде немнесе шартта өзгеше көзделмесе, екі тарапқа да тиесілі

68. Лизинг алушы мен лизинг берушінің сатушыға қатысты құқықтық мәртебесі қандай?

  1. бірлескен несие берушілер болып табылады 

  2. борышқорлар болып табылады

  3. үшінші тұлғалар болып табылады

  4. үлескерлер болып табылады

  5. жауапкерлер болып табылады

69. Көлік құралын экипажымен жалдау шартының нысаны:

  1. жазбаша нысан

  2. ауызша

  3. конклюдетті әрекет арқылы

  4. ауызша да жазбаша да болуы мүмкін

  5. нотариалды куәландырылу міндетті

70. Прокат шарты бойынша жалға алушы жалға алған мүлікті кәсіпкерлік мақсатта пайдалана алады ма?

  1. егер шартта өзгеше көзделмесе немесе міндеттеме мәнінен өзгеше туындамаса, тек тұтыну мақсатында пайдаланады

  2. кәсіпкерлік мақсатта пайдалана алады

  3. сот шешімі бойынша ғана кәсіпкерлік мақсатта пайдалана алады 

  4. жергілікті атқару органының келісімімен кәсіпкерлік мақсатта пайдалана алады

  5. тұтыну мақсатында да және кәсіпкерлік мақсатта да пайдалана алады

71. Жалға алушы прокат шартынан бас тартуы жөнінде жалға берушіні қанша уақыт бұрын ескертуге міндетті?

  1. егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға алушы прокат шартынан бір күн бас тартуға құқылы

  2. егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға алушы прокат шартынан үш күн бұрын бас тартуға құқылы

  3. егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға алушы прокат шартынан бір апта бұрынбас тартуға құқылы

  4. егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға алушы прокат шартынан бір ай бұрын бас тартуға құқылы

72. Прокат шарты бойынша жалға берілген мүліктің ағымдағы жөндеуі кімнің міндеті болып табылады?

  1. жалға алушы

  2. жалға беруші

  3. екеуінің де міндеті

  4. ешқайсысы да жауапты емес

  5. мемлекеттік орган міндеті

73. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастарын тікелей реттеуге арналған нормативтік құқықтық акт атауы

  1. 1997 жылғы “Тұрғын үй қатынастары туралы” Қазақстан Республикасының заңы

  2. 1994 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің “Жаңа тұрғын үй саясаты туралы” заң күші бар Жарлығы

  3. 1992 жылғы Қазақстан Республикасының Тұрғын үй кодексі

  4. 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің “Жекешелендіру туралы” жарлығы

  5. 2007 жылғы Қазақстан Республикасының тұрғын үй кодексі

74. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қорларының түрлері

  1. жеке және мемлекеттік

  2. өзіндік және мемлекеттік

  3. жеке және корпоративтік

  4. қоғамдық және мемлекеттік

  5. мемлекеттік және кооперативтік

75. Тұрғын үй меншік иесінің борыштары бойынша оның тұрғын үйіне меншік құқығы күшпен тоқтатылған жағдайда 

  1. меншік иесі мен отбасы мүшелері басқа тұрғын үй берілместен шығарылады

  2. меншік иесіне, мөлшерін сот анықтайтын, ақшалай өтем төленеді

  3. меншік иесі мен оның отбасы мүшелері басқа тұруға жарамды тұрғын үй беріле отырып шығарылады

  4. меншік иесі мен оның отбасы мүшелері басқа тұруға жарамды тұрғын үй беріле отырып шығарылады

  5. меншік иесі мен оның отбасы мүшелеріне басқа тұрғын үй мен өтемақы беріле отырып шығарылады