Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ерекше бөлім.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
113.1 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (ерекше бөлім) бойынша тестілік тапсырмалар

1. Сатып алу-сату шартының ең толық және дұрыс анықтамасы

  1. сатушы мүлікті сатып алушының меншігіне немесе өзге де заттық құқығына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы мүлікті қабылдауға және ол үшін белгілі бір мөлшерде ақша сомасын төлеуге міндеттенеді

  2. сатушы мүлікті алушының өзге де заттық құқығына беруге міндеттенеді, ал алушы мүлікті қабылдауға және ол үшін белгілі бір мөлшерде ақша сомасын төлеуге міндеттенеді

  3. сатушы мүлікті сатып алушының меншігіне береді, ал сатып алушы ол үшін белгілі бір мөлшерде ақша сомасын төлейді

  4. сатушы мүлікті оның меншігіне беруге міндеттенеді, ал лизинг алушы мүлікті қабылдауға және ол үшін белгілі бір мөлшерде ақша сомасын төлеуге міндеттенеді

  5. сатушы мүлікті комиссионердің меншігіне береді, ал комиссионер болса мүлікті қабылдайды және ол үшін белгілі бір мөлшерде ақша сомасын төлейді

2. Жалпы ереже бойынша сатып алу-сату шартының елеулі ережелері

  1. пәні (нысанасы), бағасы

  2. барлық ережелер елеулі

  3. шартта көрсетілген мерзімі

  4. тауар сапасы мен саны

  5. шарт пәні мен тауар түсі, түрі

3. Егер шартта тауардың сапасы туралы келісім болғаны көрсетілмесе

  1. сатушы осы тектес әдетте қолданылатын мақсатқа жарамды тауарды сатып алушыға беруге міндетті

  2. сатушы тауардың сапасы туралы сатып алушымен қосымша ақыға келісім жүргізуге міндетті

  3. шартты тараптардың қайсысы болса да бұзуға құқылы

  4. сатушы кез келген тауарды беруге құқылы

  5. шарт жарамсыз деп танылады

4. Эвикция ұғымы

  1. сот тәртібімен затты иеленуден айыру

  2. реституцияның бір түрі

  3. сотта қаралатын затты қайтарып алу туралы іске сатушының қатысуы

  4. үшінші жақтың талабымен зат қайтарылғанда, сатып алушы шеккен залал

  5. сатушы мен сатып алушы арасындағы затты қайтарып алу туралы келісім

5. Егер сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушының меншік құқығы затты оған бермей тұрып пайда болса

  1. сатушы затты нашарлатпай сақтауға міндетті

  2. сатушы затты өз есебінен сақтандыруға міндетті

  3. сатушы затты сақтау үшін кәсіби сақтаушыға беруге міндетті

  4. сатып алушы затты сақтау үшін кәсіби сақтаушыға беруге міндетті

  5. сатушы затты сатып алушының есебінен сақтандыруға міндетті

6. Кемшіліктері бар затты сатқаны үшін сатушы жауапты ма?

  1. егер заттың кемшіліктері шартта көрсетілген болса, сатушы сатып алушының алдында жауапкершіліктен босатылады

  2. сатушы кез-келген жағдайда жауапкершіліктен босатылады

  3. сатушы жүкті бола тұрып затты сатқан болса, жауапкершіктен босатылады

  4. сатушы заттың сапасыздығын білмегенін алға тартса, жауапкершіліктен босатылады

  5. сатушы затты ауырып тұрып сатқан болса, жауапкершіктен босатылады

7. Сатушының негізгі міндеті

  1. келісілген затты сатып алушыға беру

  2. ұқсас затты сатып алушыға беру

  3. бағасы сай келетін кез-келген затты сатып алушыға беру

  4. сатып алушыға ақшасын қайтарып беру

  5. сатып алушының кез-келген талабын орындау

8. Сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушының тауарға меншік құқығы қай сәттен бастап пайда болады?

  1. егер тараптардың келісімімен өзгеше көзделмесе, тауар берілген кезден бастап немесе оны алушыға жөнелту үшін көлік ұйымына (поштаға) өткізген сәттен

  2. шарт жасалған сәттен

  3. тауар үшін елу пайыз төлем жасалған сәттен

  4. тауар үшін он пайыз төленген сәттен

  5. тауарды сатып алушы таңдаған сәттен

9. Сатып алу-сату шарты бойынша заттың кездейсоқ жойылуы қаупі сатып алушыға қай кезде ауысады?

  1. егер келісіммен өзгеше көзделмесе, сатушы затты беру туралы өз міндеттерін орындаған сәттен бастап

  2. шарт жасалған кезден бастап

  3. шарт жасау туралы ниет хаттамасына қол қойылған сәттен бастап

  4. тауардың елу пайызы төленген сәттен бастап

  5. тауардың бағасы жүз пайыз төленген сәттен бастап

10. Егер тауар жеткізілімі шартында мерзімі белгіленбесе және міндеттеме мәнінен анықталмаса шарт қандай мерзімге жасалған деп саналады:

  1. бір жылға

  2. белгісіз мерзімге

  3. бір айға

  4. алты айға

  5. үш жылға

11. Жекешелендіру жүргізілгенде сатылатын объектілердің сатып алушысы бола алмайтындар:

  1. қазақстандық жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер

  2. қазақстандық акционерлік қоғамдар

  3. Қазақстан Республикасының азаматтары

  4. шетелдік жеке тұлғалар

  5. қазақстандық дара кәсіпкерлер

12. Жекешелендіру объектісі сатылғанда тендердің жеңімпазы саналатын тұлға

  1. жоғары баға ұсынған тұлға

  2. тендерлік комиссияның қорытындысы бойынша ең жақсы және қолайлы жағдайдар ұсынған тұлға

  3. объектіні сатып алу ниетін бірінші білдірген тұлға

  4. тендерге қатысу туралы ресми өтінішін бірінші берген тұлға

  5. Қазақстан Республикасында 3 жылдан кем емес мерзімде тұрақты жұмыс атқарып келген тұлға

13. Тендерді ұйымдастырушы қандай қатысушымен шарт жасауға міндетті болады?

  1. жоғары бағаны белгілеген

  2. төмен бағаны белгілеген

  3. ең жақсы және қолайлы жағдай ұсынған қатысушымен

  4. жақсы рәсімделген құжаттары бар қатысушымен

  5. ақылға қонымды баға ұсынған қатысушымен

14. Егер жекешелендіру объектісін сату жөніндегі сауда-саттыққа бір ғана сатып алушы қатысса, онда аукцион мен тендер өткізілген болып танылады ма?

  1. объектіні жалғыз қатысушыға сатылуы мүмкін болатын үшінші және одан кейінгі жүргізілген сауда-саттықты қоспағанда өткізілмеген болып танылады

  2. кез келген жағдайда өткізілген болып танылады

  3. осы жағдайда тендер немесе аукцион өткізілген болып танылады

  4. бір немесе екі тұлға қатысса да, өткізілмеген болып танылады

  5. ең азы жеті тұлға қатысса ғана, өткізілген болып танылады

15. Қайсысы жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шартының жарамсыздығына әкеп соқтырады?

  1. объектіні сатып алуға құқығы жоқ тұлғаға сату

  2. объектіні баланстағы құнынан арзанға сату

  3. сатып алушылар жағында бірнеше тұлғаның қатысуы

  4. шартта көрсетілген кемшіліктері бар объектінің сатылуы

  5. объектінің коммерциялық ұйымға сатылуы

16. Жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылған жағдайда, талап ескіру мерзімі қандай

  1. шартқа қол қойған күннен бастап 6 ай

  2. талапкер өзінің құқығы бұзылғаны жөнінде білген немесе білуге тиісті күннен бастап 3 ай

  3. талапкер өзінің құқығы бұзылғаны жөнінде білген немесе білуге тиісті күннен бастап 1 ай

  4. егер тараптар келісімімен басқа мерзім белгіленбесе 1 жыл

  5. 3 жыл

17. Келісім шарт жасасу шарты қандай объектілерге қатысты қолданылады?

  1. болашақта негізгі шартты жасауға бағытталатын алдын-ала жасалатын шарт объектілеріне қатысты

  2. мүлікті ықтиярсыз (еріктен тыс) сатып алуға байланысты

  3. қайта өңдеуге болатын ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және сатуға қатысты

  4. сыйға тарту шартының бір түрі

  5. шетелдік заңды тұлғаларға отандық техниканы сату туралы шарт

18. Энергиямен жабдықтау шарты қандай шарт?

  1. нақты

  2. жария

  3. опциондық

  4. біржақты

  5. форвардтық

19. Тауар жеткізілімі шартының объектісі бола алмайтындар:

  1. темір жол және автокөліктер

  2. құрылыс материалдары

  3. топырақ пен құм

  4. жер учаскесі, бағалы қағаздар

  5. көмір мен ағаштар

20. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша азық-түлікке жатпайтын тиісті сападағы тауарларды айырбастауға мүмкіндік беретін мерзім қандай?

  1. одан да ұзақ мерзімді сатушы белгілемесе,14 күн

  2. 7 күн

  3. 30 күн

  4. 2 ай

  5. 6 ай

21. Сатып алу-сату шартының нысанасы бола алмайтын объектілер:

  1. автокөліктер

  2. фирмалық атау, тауар белгісі

  3. жер учаскелері

  4. тұрғын үйлер

  5. кәсіпорындар

22. Егер шартта өзгеше белгіленбесе сатушының сатып алушыға тауарды беру міндеті қай сәттен бастап орындалды деп есептеледі?

  1. затты берген сәттен бастап немесе тауарды көлік тасымалдау ұйымдары (пошта) арқылы сатып алушыға жөнелту немесе тапсыру үшін берген сәттен бастап

  2. шарт жасалған сәттен бастап

  3. тауар бағасын толық өтегеннен кейін

  4. тауар үшін ақша алдын-ала төленген сәттен

  5. затты таңдаған сәттен бастап

23. Жекешелендіру обьектісін сатып алу-сату шартының жарамсыздығына байланысты дауларда талапкер ретінде үшінші тұлға немесе прокурор болса, талап қою мерзімі қандай?

  1. талапкер құқық бұзышылық туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап 6 ай ішінде , бірақ шарт жасаған күннен 3 жылдан ұзақ емес мерзімде

  2. талапкер құқық бұзышылық туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап 3 ай

  3. талапкер құқық бұзышылық туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап 1 жыл

  4. шарт жасаған күннен бастап 9 ай

  5. шарт жасаған күннен бастап 5 жыл

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]