
- •1.Менеджмент анықтамасы. М-тің нег. Фун-ры.
- •9.Ұйым басқару объектісі ретінде. Ұйымның ішкі ортасы.
- •12.Этикалық шешімдерді қабылдау критерийлері.
- •13. Әлеуметтік жауапкершілік. Ұйым стейкхолдерлері.
- •14. Компанияның әлеуметтік жауапкершілігін бағалау.Компания этикасын және әлеуметтік жауапкершілігін басқару.
- •16.Шешімді қабылдау үдерісінің кезеңдері.
- •.Модельдеу қажеттілігі, түрлері:
- •20. Ұйымдастырушылық коммуникация.
- •Модельдеу үдерісінің кезеңдері.Модельдеу проблеммалары.
- •22 Шешімді қабылдау модельдері.
- •23. Шешімді қабылдау әдістері: төлем матрицасы, шешімдер талы.
- •24. Болжаудың бейресми әдістері.
- •25. Болжаудың сандық және сапалық әдістері.
- •26. Стратегиялық жоспарлау: мазмұны стратегиялық жоспарлау үдерісінің шеңберіндегі басқару әрекетінің негізгі түрлері.
- •28. Ұйым миссиясы,оның мәні.Миссияны таңдау.
- •42. Икемді құрылымдар және олардың түрлері.
- •43.Орталықтандарылған және орталықсыздандырылмаған ұйымдар.
- •44.Мотивация басқару функциясы ретінде
- •45.Мотивацияның мазмұндық теориялары
- •48.Бақылаудың түрлері және олардың сипаттамалары.
- •49.Бақылау үдерісінің кезеңдері
- •50. Тиімді бақылау сипаттамалары
- •51. Ресми және бейресми ұйымдар
- •53. Бейресми ұйым: түсінік, адамдардың оған кіру себебі.
- •54. Бейресми ұйымдардың негізгі сипаттамалары.
- •55. Топтың жұмысының тиімділігіне әсер ететін факторлар
- •57. Билік және ықпал ету формалары.
- •58. Сендіру және басқаруға еңбеккерлерді қатыстыру арқылы ықпал жасау
- •59. Тиімді көшбасшылықты анықтайтын көзқарастар
- •60. Көшбасшылыққа мінез- құлықтық көзқарас
- •61Дау түсінігі. Дау түрлері. Дау себептері.
- •6.Білім деңгейіндегі өзгешелік.
- •62. Дауды шешудің құрылымдық әдістері.
- •Жұмыс талабына түсініктемелер беру әдістері.
- •Жалпы ұйымдық кешендік мақсаттарды орнықтыру әдістері.
- •63. Дауды шешудің адамаралық стилдері.
- •64Ұйымдастырушылық өзгерістердің табиғаты. Ауыспалылардың өзара байланыстылығы: мақсаттар, құрылымдар, технологиялар, міндеттер және адамдар.
- •65. Өзгерістерді басқару. Ұйымдастырушылық өзгерістерін басқару үдерісінің моделі.
22 Шешімді қабылдау модельдері.
Шешім қабылдау модельдері:
-Ойын теориясы.Бұл модель ұйымның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бай/ты шешім қабылдауға бағытталған.Ойын теориясын алғаш әскерилер ойлап тапқан болатын.Олар стратегия құру кезінде қарсыластарының мүмкіндігі мен әрекетерін ескеру үшін ойлап тапқан.Бизнес саласында ойын моделі ұйым бәсекелестерінің рыноктағы баға өзгерісіне,қосымша қызмет көрсетуге,нарықтағы өзгерістерге реакциясын болжау үшін қолд.
-Күтім теориясы моделі немесе оптималды қызмет көрсету моделі.Қызмет көрсетуге деген қажеттілікке бай/ты оптималды қызмет көрсету каналының санын анықтау барысында қолд.Мысалы,бұл модельді авиакассадын ақпарат алу үшін кезектегі телефон соғуларда,банк кассасында кезекте тұрған клиенттерді қанағаттандыру үшін қолд.Мұндай кезекті жағдайда қосымша қызмет көрсету каналдарын іске қосу арқ.бұл мәселе/ді шешуге болады.
-Қорларды басқару моделі.Бұл модель ресурстар б/ша тапсырыстың орындалу уақытына ж/е дайын өнімді қоймада сақтау уақытына бай/ты мәселелер б/ша қолд.Кез келген ұйымның қорында қосымша ресурстар мен өнімдер болуы қажет.
-Сызықтық бағдарламалау моделі.Бәсекелік қажеттіліктер жағдайында тапшы өнімдерді оптималды дұрыс бөлу мәселесі туындаған жағдайда қолд.Бұл модель түрі көбіне штабтық бөлімшелерде өндірістік қиыншылықтарды шешу үшін қолд.
-Иммитациялық модельдеу.Иммитацияның нақты мағынасы-белгілі жағдайда модель құрастыру ж/е ол модельді тәжірибеден өткізу.Иммитациялық модель математикалық модель,яғни сызықтық бағдарлау үшін күрделі жағдайларда қолд.Мыс,анықталмағандық көп болған жағдайларда қолд.
-Экономикалық талдау.Басқарушылар арасында өте кең тараған әдістердің бірі.Бұл модель барлық шығындар мен экономикалық пайдаларды бағалау үшін ж/е ұйым қызметінің тиімділігін бағалау үшін қолд.
Қазіргі кездегі менеджерлер шешім қабылдауда қолданатын әдістеме үш түрге немесе үш модельге бөлінеді: классикалық, әкімшілік және саяси модель. Шешім қабылдаудың классикалық моделі экономикалық болжамдарға, жорамалдарға негізделеді. Бұл модельде нақты мақсат, анық жағдай болады және шешімдердің нұсқаларының толық ақпараты болады. Әкімшілік модельде шешімнің мақсаты көбінесе анық болмайды, альтернативаларды іздеу оларда адам, ақпарат, материалдық ресурстар шектеулі болғандықтан менеджерлермен толық көлемде жүргізілмейді. Сондықтан менеджерлердің көбі бұл жағдайда қолдануға болатын, жарайтын шешімдермен қанағат етеді. Саяси модель сенімсіздік, ақпараттың жетіспеушілігі және менеджерлердің ойларының бір жерден шықпауы кезінде бағдарланбаған шешімдерді қабылдауда пайдалы болып табылады. Кәсіпорындарда шешім қабылдау кезінде көптеген менеджерлер қатысады. Өйткені олардың әрқайсысы әртүрлі мақсаттарды көздейді және сол мақсатта олар бір- бірімен ақпарат алмасу үшін кездеседі. Күрделі шешімдерді қабылдағанда менеджерлер жиі коалиция құрады. Коалиция- нақты мақсатты ұстанатын менеджерлердің ресми емес одағы.
23. Шешімді қабылдау әдістері: төлем матрицасы, шешімдер талы.
Басқаруда қолданылатын шешім қабылдаудың әдісін модельдеудің әртүрлілігі деп қарастыруға болады. Модельдеуге қосымша ретінде мақсатқа жетуге көп мөлшерде әсер ететін негізгі шешімді іздеуде басшыға көмектесе алатын бірнеше әдістер қолданылады. Ең бастылары төлем матрицасы мен шешімдер талы.
Төлем матрицасы – бұл басқарудың статистикалық теория әдісінің бірі, басшыға бірнеше нұсқалардан біреуін таңдауда көмек көрсете алатын әдіс. Басшының мақсаттарға жетуге көп көлемде әсер ететін стратегияны бекітуге тиіс кезінде аса пайдалы. Жалпылай алғанда, төлем матрицасы: 1. арасында таңдау үшін стратегиялардың, нұсқалардың, альтернативалардың саналы шектелген саны болған кезде; 2. не болатыны толық анық емес болғанда; 3. қабылданған шешім нәтижесі альтернативаның қайсысы таңдалғанына және нақты қандай жағдай орын алғанына тәуелді болған кезде пайдалы. Басшы релевантты жағдайлардың ықтималдығын объективті бағалау және осындай ықтималдықтың күтілетін мәнін есептеу мүмкіндігіне ие болуы тиіс. Басшы толық анықтылыққа сирек иеленеді. Бірақ ол дәл осылай толық анықсыздық шарттарында сирек жұмыс істейді. Шешім қабылдаудың барлық кезінде дерлік басшы ықтималдықты бағалауға тиіс болады. Зерттеулердің көрсетуінше, ықтималдықтың нақты мәндері бекітілген кезде шешім талы мен төлем матрицасы әдістері дәстүрлі көзқарастарға қарағанда сапалылырақ шешім қабылдауды қамтамасыз етеді.
Шешімдер талы – шешім қабылдау мәселесінің схемалық көрінісі. Төлем матрицасы секілді шешімдер талы да басшыға іс- әрекеттің түрлі бағыттарын ескеруге, олармен қаржылық нәтижелерді байланыстыруға, оларды нақтыланған ықтималдықпен сәйкес өзгертуге, содан кейін альтернативаларды салыстыруға мүмкіндік береді. Күтілетін мән концепциясы шешімдер тал әдісінің айырылмас бөлігі болып табылады. Шешімдер талы әдісін жоғарыды қарастырылған төлем матрицасымен байланысты жағдайларды қолдануға болады. Алайда шешімдер талын бір шешімнің нәтижесі келесі шешімдерге әсер еткен кезде құрастыруға болады.