Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын шпор. менеджмент.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
492 Кб
Скачать

61Дау түсінігі. Дау түрлері. Дау себептері.

Даулы жағдайлар дегеніміз – екі немесе одан да көп жақтардың, арасындағы келіспеушілік, яғни екі немесе одан да көп адамдар арасындағы пікір қайшылығы, мәмілеге келмей жанжалдасуы.

Екі жақ та немесе әр топ өздерінің көзқарасын немесе мақсатын орындауға тырысады, сол мақсаты үшін қарсыласына кедергі жасайды. Бір адам өз пікірін екінші адамға қалайда мақұлдатқысы келеді немесе екінші бір адамның пікірімен келіспейді.

Қандай адам болмасын жұмыс бабында пікір таласына тап болады. Тіпті басшылық дұрыс жолға қойылып, ұйымдағы психологиялық ахуал қолайлы болғанның өзінде де азын – аулақ пікір таласы мен келіспеушіліктер болмай қоймайды. Тіпті пікір таласының мүлде болмауы қауіпті құбылыс. Ынтымағы жарасып, тату- тәтті жұмыс істеп жүрген кез- келген ұжымда аяқ астынан басшының кінәсінен дау-дамай туындауы мүмкін. Өмірде мұндай жайт жиі ұшырасады.

Дауларды әр түрлі критерийлері бойынша жіктеуге болады. Ал оны құрылымы бойынша төрт топқа бөлуге болады:

  1. Ішкі жеке дау

  2. Жеке тұлғалар арасындағы дау

  3. Жеке тұлға мен топ арасындағы дау

  4. Топ аралық дау

Ішкі жеке дау. Жеке адамның даулары жұмысына қанағаттанбаудан, өзіне және ұйымға сенбеуден, сондай-ақ жұмыстағы дау- жанжалдан болады. Ішкі жеке даулардың пайда болуы өндірістік талаптардың жеке тұлға қажеттілігімен келісілмегендігінен де туындайды.

Жеке тұлғалар арасындағы дау. Ең көп байқалатыны адамдар арасындағы дау- жанжалдар, мұның өзі әр түрлі себептерден пайда болады. Көбінесе бұл басшының ресурстарды, капиталды, жұмысшы күшін, жабдықтарды шектеп пайдаланудан туындайды. Жеке адамдар арасындағы келіспеушілік, олардың өз ара керісуінен де болады.

Мінезі, пікірі, жұмыс сапасы алуан түрлі адамдар кейде бір- бірімен мәмілеге келе алмайды. әдетте, мұндай адамдардың көзқарасы мен мақсаты мүлде өзгеше келеді.

Жеке тұлға мен топ арасындағы дау. Өндірістік топтар, жоғарыда айтылғандай, өздерінің ережелері мен мінез- құлықтарын қалыптастырады. Әр адам осы ережелерді орындауы қажет, сол кезде оның әлеуметтік қажеттілігі де қанағаттандырылады. Бірақ топтың күтуі жеке адам күтуі бір- біріне қарама- қарсы болса, қайшылық пайда болады.

Топ аралық дау.Ұйымдар бірнеше топтардан, оның ішінде: ресми және бейресми топтардан құрылады. Ең жоғарғы тиімді ұйымдарда да қайшылықтар болып тұрады. Егер бейресми ұйымның басшысы әділетсіз болса, олар бәрі бірігіп, өштерін өндірісті төмендетумен алады.

Топаралық даулар көбінесе линиялық және функционалдық басшылар арасында туады. Линиялық басшылар функционалдық басшылардың ұсыныстарын қабыл алмаулары мүмкін және өзінің осы басшыларға тәуелділігі үшін парызы болуы. Бұл дисфункционалды қайшылықтың нағыз мысалы.

Қайшылықтардың пайда болу себептері

Барлық даулардың пайда болуының бірнеше себептері бар. Олардың негізгілері төменде:

  1. бөлуге қажетті қорлардың шектеулілігі;

  2. тапсырмалардың өзара тәуелділігі;

  3. мақсаттардағы айырмашылықтар;

  4. құндылық пен түсініктер, ұсынулар айырмашылықтары;

  5. мінез құлық үлгісі, өнегесіндегі өзгешеліктер;

  6. білім деңгейіндегі өзгешелік;

  7. нашар байланыс – коммуникация.

1.Ресурстарды бөлу. Ең ірі ұйымдарда да әрқашан қорлар шектеулі. әрбір басшы ұйым мақсатына тиімді жолмен жету үшін топтар арасында материалдыр, адамдар ресурстарын, қаржыларды бөлуі керек. Бір топқа көбірек, ал екіншісіне азырақ көңіл бөлу қайшылыққа әкеп соқтырады. Сондықтан, басшы әр шешімді дәлелді, тиянақты қабылдауы қажет.

2. тапсырмалардың өзара тәуелділігі. Топтардың тапсырмаларды орындаулары жеке адам мен топтың байланысынан туады. Барлық ұйымдар бір- бірімен тығыз элементтер арқылы байланысқан жүйе болғандықтан, бір бөлімшенің, не бір адамның теріс байланысы дау- дамай тудырады.

3. Мақсаттарлағы айырмашылықтар. Ұйымдардағы қайшылықтардың ұлғаюының бір себебі – ол ұйым ішіндегі мамандандырылған бөлімшелерге бөлінулері болып табылады. Бұндай бөлу бөлімше мақсаттарын және міндеттерін өздері тұжырымдауларына әкеп соғады және сол мақсаттардың орындауларына көп көңіл бөлдіреді.

4.Құндылықтар мен ұсыныстар айырмашылықтары. Адамдар болып жатқан жағдайларды обьективті түрде бағалаудың орнына – тек өз көзқарасы мен пікірі арқылы жеке басы мен топ қажеттілігіне байланысты ситуацияны ғана пайымдайды.

5. Мінез – құлық өнегесіндегі айырмашылық және өмірлік тәжірибе. Өмірде әрбір сөзді өзінше қабылдап, оған агрессия және өшпенділік, қастық, араздық, жаулық сезіммен қарайтын адамдар кездеседі. Сондай адамдар айналасында қайшылықтар мен шиеленістер, дау мен қақтығыстар және жан- жалдар туғызады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]