Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын шпор. менеджмент.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
491.52 Кб
Скачать
  1. .Модельдеу қажеттілігі, түрлері:

модель – А.Шеннонның айтуы бойынша, бұл объектінің, идеяның, системаның белгілі бір түрде көрінісі. Модельге тән қасиет – ситуацияны әлдеқайда жеңілдете алуы. Көп жағдайда менеджер эксперименттер мен ориентациясын жүзеге асыра алмайды осындай жағдайларда олар модельді қолданады.Модельдер басшының тәжірибесі мен эксперт тердің талдауын байланыстыруға көмектеседі.

Модель түрлері:

  1. физикалық модель – объект немесе системаның бірнеше есе үлкейтілген немесе кішірейтілген түрі. Бұл модель мысалына завод чертёжі мысал бола алады, себебі ол оның кішірейтілген түрі. Осы модель арқылы визалды түрде объектінің ауқымын, түрін, сыйымдылығын көруге болады. Автокөлік немесе самолет құрастырушылар ең алдымен осы модель түріне жүгінеді.

  2. Аналогиялық модель – зерттеліп жатқан объектіні аналог түрінде көрсетеді, яғни объектінің қимылын басқаша түрде көрсетеді. Мұндай модель мысалына: шығындар көлемі мен шығарылған өнім көлемінің байланысын көрсететін графикті жатқыза аламыз.

  3. Математикалық модель – бұл модельде объектінің қимыл әрекетін көрсету үшін символдар қолданылады. Бұған мысал ретінде Эйнштейннің мына атақты формуласы : Е=мс .Математикалық модельдер көбіне ұйымдастырушық шешім қабылдағанда қолданылады.

18. Коммуникациялар және басқару қызметі. Коммун.үдерісінің кезеңдері. Ком.-я- екі және одан да көп адамдар арасындағы мәлімет алмасу,әрі оның негізгі мақсаты мәліметтің түсінікті болуын қам/сыз ету. Тиімді менеджерлер-ол тиімді коммуникация жүргізетіндер. Сыбыс арқылы жиналатын ақпарат түрлері:

Өндіріс көлемін қысқарту жөнінде, кешігу үшін жаңа айыппұл саясаты, ұйым құрылымының өзгерісі, күтіліп отырған ауыстырулар мен көтерулер, өткізу жөніндегі екі менеджер арасындағы соңғы жиналыстағы дауы, жұмыстан кейін кім-кіммен кездеседі.Ком.үдерісі.-екі не одан көп адамдар арасындағы ақпарат алмасуы процесі. Ком.үдерісінің элементтері мен кезеңдері: 4элементі бар:1. Жіберуші-жіберілетін ақпаратты жинаушы.2.Хаттама-таңбалар арқылы кодталып жазылған хаттама. 3. Арна-хатты жіберу құралы.4.Алушы-ақпаратты алушы тұлға.Ақпарат басқа тұлғаға жетем дегенше бірнеше өзгерістестен өтіп, кейде толығымен өзгеріп кетеді.

Кезеңдері:идеяның пайда болуы;кодтау ж\е канал таңдау;ақпаратты беру;декодтау.

Бірінші кезеңде жөнелтуші ақпарат алмасу үшін қандай концепцияны басшылыққа алу қажет екендігін шешеді.Екінші кезеңде жөнелтуші кодтауға пайдаланатын каналды таңдайды.Каналдарға берілген сөздер мен жазылған материалдар,сондай ақ электрондық байланыс құралдары,компьютер желілері,пошталар,бейнетаспалар,бейнеконференциялар жатады.Үшініші кезеңде жөнелтуші идеяны екінші бір адамға жеткізу үшін мәліметті береді.Төртінші кезең декодтау-бұл жөнелтушінің жіберген символын алушының түсінігінде аудару.

19. Адамдар арасындағы коммуникациялар. Адамдар арасындағы коммун.байланысты кедергілер келесідей моменттерге суйенген: қабылдау, семантика, вербалды емес ком.,нашар кері байланыс,тыңдай білмеу.Қабылдауға байланысты кедергілер.Адамдар ортада не болып жатырғанға әсер етпейді, өздері нені және қалай қабылдайтына байланысты әсер етеді. Қабылдауға байланысты факторларды талдай отырып, адамдар қабылдаудағы кедергілерді жеңе алады. Осындай кедергілердің бірі жіберуші мен алушының әр түрлі қызмет саласына байланысты болып келеді. мысалы, бөлшек сауда менеджері мен сату персоналы сату алаңын тауарлардан босату мәселесіне әр түрлі қарайды. Семантикалық кедергілер. Семантика- бұл сөздерді қолдану және олардың мағынасын зерттейтін ғылым саласы. Әр адам әр сөзді басқаша қабылдайтындықтан, алар бір-бірінен алған ақпаратты әр түрлі түсінуі мүмкін. Мысалы, қызметкеріне оның есеп беруі «адекватты(парапар)»деген менеджер, есеп беру өте толық және жақсы жаслған дегенді білдірсе, қызметкер оны әлі дұрыстап қарастыру керек деп түсінуі мүмкін. вербалды емес кедергі- вербалды емес таңбаларға сөздерден басқа барлық таңбаларды жатқызамыз. Күлкі, қабақты түю, ашулы бет тұрпат –вербалды емес коммуникация мысалдары. Оған дене қимылы да жатады: саусағымен бір нарсе көрсету, аузын қолмен жабу, т.б.Нашар кері байланыс. Тағы бір кедергі ретінде осыны жатқызуымызға болады. Қайта байланыстың маңызы зор, себебі ол сіз жіберген ақпарат жеткен-жетпегенін білдіреді. Тыңдай білмеу. Тиімді коммуникацияға жету үшін, алынып жатқан ақпаратты мұқият тыңдау және қабылдау керек. Ол үшін тыңдай білу керек. Өкінішке орай, өте аз адам тиімді тыңдай алады. Көбісі тиімді тыңдау деп, айтушының сөзін бөлмей деп түсінеді.Зерттеу бойынша тыңдау барысындағы менеджердің тиімділігі тек қана 25 % құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]