Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын шпор. менеджмент.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
491.52 Кб
Скачать

9.Ұйым басқару объектісі ретінде. Ұйымның ішкі ортасы.

Ұйым-бір мақсатқа жету үшін біріккен адамдар тобы. Ұйымның екі түрі бар:формалды ж/е формалды емес. Әрбір ұйым формалды ұйым болып табылады,ал формалды емес кез кеелген формалды ұйымның ішінде болады.Ұйымның негізгі сипаттамалары:

-ресурстар.Ұйымның нәтижеге жетуі үшін әр түрлі ресурстар қажет.Оның ішіндегі негізгісі-адами ресурстар.

-сыртқы ортаға тәуелділігі.Яғни экономикалық жағдай,тұтынушылар,экологиялық жағдай,заңдар,бәсекелес ұйымдар,т.б.

-көлденең еңбек бөлінісі.Белгілі бір мақсатқа жету үшін қызметкерлер арасындағы еңбек бөлінісі.

-бөлімшелер.Нақты бір тапсырма,міндеттер б/ша жұмыс жасайды.

-тікелей еңбек бөлінісі.

-басқарудың қажеттігі.

Ұйымның ішкі ортасы құрылым, ішкі ұйымдық процестер, технология, адамдар, ұйым мәдениеті сияқты бөліктерден тұрады.

Мақсаттар. Ұйым көп мақсатты жүйе ретінде қарастырылады. Басты мақсаттар төменгі деңгейдегі мақсаттарын нақтылау үшін негізін салады. Ал бұл деңгейлердегі мақсаттар бойынша ұйым дәлірек құрылымданады. Бұл жерде бір ұйым ішіндегі бөлімшелер мақсаттары арасында үлкен айырмашылықтар болуы мүмкін. Басшылардың күш жігерін осы айырмащылықтарды ескеріп, мақсаттарды бір бірімен үйлестіруге жұмсалуы қажет.

Құрылым. Әр ұйым алдында басқару құрылымын қалыптастыру және дамыту міндеті тұрады; бұл жұмыстың барысында барлық элементтердің күш салуын бір мақсатқа жетуге жұмылдырады, ол үшін әр түрлі қызметтерді бір бірімен байланыстыру қажет.

Тапсырмалар. Тапсырмалар алдын- ала белгіленген мерзімде және алдын- ала бекітілген тәсілмен орындалуға тиіс жұмыс немесе жұмыс бөлігі. Тапсырма қызмет орынға жүктеледі, ал олар ұйым мақсатына жетуді қамтамасыз етеді.Ұйым тапсырмаларын үш категорияға бөлуге болады: адамдармен, заттармен және информациямен байланысты жұмыстар.

Технология.Әдетте, тар мағынада технологияны сипаттағанда машиналар, зерттеулер жетістіктерімен байланыстырады. Кең мағынада, технология дегеніміз біліктілікті, құрал –жабдықтармен сайман және тиісті техникалық білімдер көмегімен шикізат, материалдарды өңдеп шығыста сұраулы өнімге айналдыратын әдіс деп анықтама беруге болады. Осыған дейінгі технология энергияны өзгертуші, жұмыс істеуші адамның қолы мен бұлшық ет қызметінің жалғасы болып, оның құралы мен көмекшісі болып саналды, ал бүгінгі информациялық технология адам миының қызметін жалғастырушысы бола отырып, оның партнері немесе тіпті жетекшісі болып табылады. Сондықтан бүгінгі информациялық технология басқару технологиясы болып саналады.

Адамдар.Өндірістік ұйымды басқару жүйесін қалыптастыру-ең алдымен, ұйым алдындағы мақсаттарға жетуге қажетті өндірістік және басқарушы операцияларды орындайтын адамдардың қатынастары мен өзара байланыстарны орнату. Басқаруға байланысты адамдық айнымалылардың үш негізгі аспектісі бар: жеке адамдардың жүріс- тұрысы, топтағы адамдардың жүріс-тұрысы,басқарышының жүріс-тұрысы, менеджерлердің болуы және олардың топ мүшелеріне ықпалы.

10. Ұйымның сыртқы ортасы ж\е сипаттамалары.

Сыртқы ортаға ұйымнан тыс бола отырып, оған маңызды әсер ететіннің бәрі жатады. Ұйымға әсер ететін факторларды екі топқа бөлуге болады: тура әсер ету факторлары және жанама әсер ету факторлары.

Тура әсер ету факторларға жабдықтаушылар, тұтынушылар, бәсекешілер, заң және мемлекеттік пен қоғамдық органдар жатады.

Жанама әсер ету факторларына саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, ғылыми-техникалық, табиғи, халықаралық және т.б. факторлар жатады.

Жабдықтаушылар. Өндіріс ұйымы үшін кірістер ретінде материалдық техникалық пен энергетикалық ресурстар, капитал және жұмыс күшін алуға болады. Түрлі ресурстарды жабдықтау жүйесінде олардың өзара байланысы мен басқа да сипаттарын ескеру қажет.

Ұйым табысы үшін тек материалдар жабдықтары емес, сонымен қатар капитал да маңызды. Потенциалды инвесторлар қатарына банктер, бюджет қорлары, акционерлер, жеке тұлғалар және т.б. жатады.

Тұтынушылар. Ұйымның «өмір сүруі», табысы өз қызметі мен өнімдеріне тұтынушыларды табу қабілеттілігіне байланысты. Тұтынушылар белгілі бір баға бойынша берілген тауарлар мен қызметтерді пайдалана отырып, ұйымның іс әрекетінің табыстылығын анықтайды.

Бәсекелестер. Ұйым басшысы өнім нарығындағы өзгерістерге қарай қимылдауы керек. Бәсекелестер нарыққа өнімдердің жаңа түрлерін алып шығады, өз жарнамаларын күшейте түседі, өз өнімдері бағаларын төмендетіп немесе клиенттерге қызмет көрсету көлемін кеңейтеді. Қай жағдайда болмасын, егер басшы пайдасын немесе нарықтағы үлесін төмендеткісі келмесе, әр өзгеріске өз жағынан әрекет жасауы қажет. Көптеген жағдайда ұйым табысы оның өнімдерінің бәсекелестер өнімдерімен салыстырғанда қаншалықты тұтыну сапасы және бағасы ұтымды болатындығына байланысты. Бүгінгі күнде өнім бағасына байланысты бәсеке оның сапалық бәсекесімен ауыстырылып отыр.

Заң және мемлекет органдары. Ұйым қызметі түрлі заңдармен реттеледі. Бұл заңдар оның мемлекет мекемелерімен, жалданушы жұмыскерлермен арақатынасын, салық төлеу тәртібін және т.б. мәселелелерді анықтайды. Ұйымның құқықтық статусының өзі оның іс әрекет шегі мен төленетін салықтар түрін белгілейді. Ұйымдар тек республикалық заңдар мен жергілікті маслихат шешімдерін ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік реттеудің түрлі органдарының талаптарын орындауы қажет, мысалыға қоршаған ортаны қорғау, тұтыну тауарлар сапасы, еңбекті сақтау бойынша талаптар және т.б.

Жанама әсер ету факторлары:

Саяси факторлар.Ұйымның табысты қызмет етуіне елде жүргізілетін саясаттың түрлі аспектілері өз әсерін тигізеді. Ұйым қызметіне саяси тұрақтылық не тұрақсызлдық, елдегі әлеуметтік жағдай, экономикаға мемлекеттің кірісу дәрежесі және бизнес дамуына жағымды көзқарасынан туатын шаралар, экономика секторларын мемлекет меншігіне не жекешелендіру шаралары, қоғамның демократизациясының даму деңгейі және т.б. әсерін тигізеді.

Экономика жағдайы. экономика циклдың қай стадиясында болуы, инфляцияның болуы және оның түрі, инвестициялар үшін тартымдылығы және т.б. факторлар ұйым іс әрекетінің нәтижесіне үлкен әсер жасайды. Экономиканы жаһандану салдарынан экономикалық ортаның күрделілігі мен анықсыздығы қазіргі кезде қатты өсіп отыр. Көптеген елдердің экономикасының өзара байланыстылығы күшейе түсті.

Әлеуметтік факторлар. Қоғамда қалыптасқан өмірлік құндылықтар стереотипі, дәстүрлер, ережелер, жеке тұлғалар мен топтар орны, ұйым ішінде жүргізілетін іс әрекет әдістеріне айтарлықтай өз әсерін тигізеді. Әлеуметтік-мәдени факторлардың қатарына елді-мекеннің салт- дәстүрі мен әдет- ғұрыптары жатады.

Технология ұйымның тек ішкі ортасының құрамдасы болмай, сонымен қатар сыртқы ортаның маңызды факторы болып табылады. Оның маңызы әсіресе бүгінгі ғылыми-техникалық революцияның ғасырында, жаңалықтарды ашу және енгізу қарқыны жоғарылағанда зор болып бөлінеді.Ұйымдар ашылған жаңалықтарға тек жылдам ғана өз жағынан қам жасап қана қоймай, өздері де жаңалықтар ұсынып тұруға тиіс.

Жергілікті халықпен орныққан қарым-қатынастар. Бір кәсіпорын әр аймақта орналасуына әр түрлі көзқарас туғызады. Мысалыға, жұмыссыздық мәселесі бойынша қиыншылықтары жоқ аймақтың тұрғындары химиялық завод немесе атомдық электростанция сияқты құрылысқа қарсы болады. Бірақ бұл проэкт жұмыссыздық кең жайылған аудандарда экологиялық қатерге қарамасатан қабылдануы мүмкін. Ұйымның көп қамқорының бірі-жергілікті халықпен жақсы қатынас құру. Ол әртүрлі қалыпта болуы мүмкін- қайырымдылық қызметі, жергілікті оқу орнын қаржыландыру, профессионалдық оқу орнын ашу, т.б.

Халықаралық жағдайлар.Сыртқы ортаның халықаралық өлшеуіштері ретінде біз шет мемлекеттер ұйымдарында болып жатқан өзгерістер және сол мемлекеттерде компания бизнесін дамыту мүмкіндіктері қарастырылады.. Халықаралық ортадан жаңа бәсекелестер, тұтынушылар, жабдықтаушылар пайда болады, осылар арқылы жаңа әлеуметтік, технологиялық және экономикалық тенденцияларды қалыптастырады.

Халықаралық масштабта қызмет етуі үшін менеджерлер өздерінің ғана емес, басқа да елдердің құқықтық, саяси, әлеуметтік мәдени және экономикалық факторларын ескеруі қажет.

Сыртқы ортаның сипаттамалары

Сыртқы ортаның маңызды сипаты-факторлардың өзара байланыстылығы. Кез келген бір фактордың өзгеруі қалғандардың өзгеріуіне әкеліп соғуы, олардың өзара байланыстылығын көрсетеді. Сыртқы ортаның сипаттамаларының бірі-оның күрделілігі,яғни, ұйымға әсер етуші факторлар саны мен әр фактордың маңыздылық деңгейі. Сыртқы ортаның келесі сипаты оның қозғалымдығы, яғни, ұйым айналасындағы болатын өзгерістер жылдамдығы. Сыртқы ортаның қозғалымдығына, ең алдымен ғылым және техника жетістіктері ең күшті әсер етеді. Сыртқы ортаның соңғы бір сипаты-оның анықсыздығы.Анықсыздық дегеніміз қоршаған ортаның информация саны мен оның сенімділігінің функциясы ретінде қарауға болады. Ұйымның сыртқы орта жайлы информациясы неғұрлым аз және дәлдігі төмен болса, соғұрлым сыртқы орта анықсыздығы жоғары және неғұрлым сыртқы орта анық емес, соғұрлым тиімді, дұрыс шешім қабылдау қиын.

11. Басқару этикасы.Адами мінез құлықтың үш саласы. “Этика” сөзіне тура анықтама беру қиын,жалпы мағынасы жеке тұлғаның немесе топтың моральды қағидалар мен құндылықтарының жиынтығы.Этика шешім қабылдағанда,іс қимыл жасағанда ненің дұрыс ненің бұрыс екені туралы нормативтерді орнатады және ішкі құндылықтармен тығыз байланысты болады.Этикалық проблема тұлғаның не ұйымның іс қимылы басқаларға пайда немесе зиян алып келетін ситуациялар туындаған кезде пайда болады. Этика ізге белгілі бір нормаларды береді.Осы нормаларға сүйеніп біз адам мінез құлқының үш саласын атап өтуге болады:

1-ші категория заңнама саласымен анықтлады. Бұл категория үшін құндылықтар мен стандарттар құқық жүйесіне қосылған, ал оларды бақылау сот ісі арқылы қамтамасыз етіліп отырады.Мінез құлықтың бұл саласына заң қызметкерлері адамдар мен ұйымның орындауы керек белгілі тәртіпті орнатады.мысалы: көлік жүргізу құқығын алу,компания есебінен салық төлеу.

2-ші категория біріншіге толығымен қарама қарсы,яғни еркін таңдау саласы. Ол заңмен қадағаланбайтын мінез құлық саласымен анықталады.Индивид немесе ұйым таңдау еркіндігін толық қолданады.Мыс:түскі асты қай жерде ішу керектігі туралы менеджердің жеке шешімі,және т.б.

Заңнама саласы

(құқықтық нормалар)

Этика саласы

(қоғамдық нормалар)

Еркін таңдау саласы

(жеке нормативтер)

жоғары төмен

Бақылау дәрежесі

Адам мінез құлқының 3 саласы

Осы екі сала орасында этика орналасқан.Оған белгілі заңдар әсер етпейді,бірақ онда ұйымның не индивидтің іс қимылын анықтайтын жалпы принципке және мінез құлыққа негізделген нормалар бар.Таңдаудың бұл саласында адам өзне ғана бағынады.

Басқару этикасы-адамның немесе адамдар тобынын мінез құлықын басқаратын және олардың ойлары мен іс әрекет анықтайтын моральді қағидалар мен құңдылықтар жиынтығы. Ол жақсы мен жаман аралығындағы шекті, қандай шешім қабылдау керектігін , өзіңді калай ұстау керек екендігін анықтайтын адам ішіндегі заңдар кодексі секілді. Этика адамның ішкі құңдылықтармен тікелей байланысты және ұйымдық мәдениеті қалыптастырады. Осындан этика белгілі іс әрекеттердің қалыптасқан ортадағы мүмкіндігін көрсетеді. Басқару этикасы басқарушы мен бағынушы арасындағы әр алуан іс әрекеттерге негізделеді. Екі жақтың да мақсаты және оған жету үшін қоданылатын ресурстар басқару этикасының назарына жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]