- •1.Менеджмент анықтамасы. М-тің нег. Фун-ры.
- •9.Ұйым басқару объектісі ретінде. Ұйымның ішкі ортасы.
- •12.Этикалық шешімдерді қабылдау критерийлері.
- •13. Әлеуметтік жауапкершілік. Ұйым стейкхолдерлері.
- •14. Компанияның әлеуметтік жауапкершілігін бағалау.Компания этикасын және әлеуметтік жауапкершілігін басқару.
- •16.Шешімді қабылдау үдерісінің кезеңдері.
- •.Модельдеу қажеттілігі, түрлері:
- •20. Ұйымдастырушылық коммуникация.
- •Модельдеу үдерісінің кезеңдері.Модельдеу проблеммалары.
- •22 Шешімді қабылдау модельдері.
- •23. Шешімді қабылдау әдістері: төлем матрицасы, шешімдер талы.
- •24. Болжаудың бейресми әдістері.
- •25. Болжаудың сандық және сапалық әдістері.
- •26. Стратегиялық жоспарлау: мазмұны стратегиялық жоспарлау үдерісінің шеңберіндегі басқару әрекетінің негізгі түрлері.
- •28. Ұйым миссиясы,оның мәні.Миссияны таңдау.
- •42. Икемді құрылымдар және олардың түрлері.
- •43.Орталықтандарылған және орталықсыздандырылмаған ұйымдар.
- •44.Мотивация басқару функциясы ретінде
- •45.Мотивацияның мазмұндық теориялары
- •48.Бақылаудың түрлері және олардың сипаттамалары.
- •49.Бақылау үдерісінің кезеңдері
- •50. Тиімді бақылау сипаттамалары
- •51. Ресми және бейресми ұйымдар
- •53. Бейресми ұйым: түсінік, адамдардың оған кіру себебі.
- •54. Бейресми ұйымдардың негізгі сипаттамалары.
- •55. Топтың жұмысының тиімділігіне әсер ететін факторлар
- •57. Билік және ықпал ету формалары.
- •58. Сендіру және басқаруға еңбеккерлерді қатыстыру арқылы ықпал жасау
- •59. Тиімді көшбасшылықты анықтайтын көзқарастар
- •60. Көшбасшылыққа мінез- құлықтық көзқарас
- •61Дау түсінігі. Дау түрлері. Дау себептері.
- •6.Білім деңгейіндегі өзгешелік.
- •62. Дауды шешудің құрылымдық әдістері.
- •Жұмыс талабына түсініктемелер беру әдістері.
- •Жалпы ұйымдық кешендік мақсаттарды орнықтыру әдістері.
- •63. Дауды шешудің адамаралық стилдері.
- •64Ұйымдастырушылық өзгерістердің табиғаты. Ауыспалылардың өзара байланыстылығы: мақсаттар, құрылымдар, технологиялар, міндеттер және адамдар.
- •65. Өзгерістерді басқару. Ұйымдастырушылық өзгерістерін басқару үдерісінің моделі.
48.Бақылаудың түрлері және олардың сипаттамалары.
Бақылаудың негізгі 3 түрі бар: алдын-ала, күнделікті және қорытынды.Бұлардың жүзеге асыру нышаны бір-біріне ұқсас, өйткені көздейтін мақсаттары бірдей-нақты алынған нәтижелердің талап етілетін нәтижелерге жетуіне ықпал ету. Алдын-ала бақылауды жүзеге асырудың негізгі ұралдары-белгіленген ережелерді, процедураларды және жүріс-тұрыс линиясын жүзеге асыру. Алдын ала бақылау – жұмыстың алдында жүргiзiледi.Мұндай бақылауды жүзеге асырудың негiзгi құралдары белгiленген ережелердi, процедураларды және жүрiс линиясын жүзеге асыру. Алдын ала бақылауды адамдық, материалдық және қаржылық ресурстар бойынша жүргiзу қажет.
Жүріс-тұрыс ережесі мен линиясы жоспарды орындауды қамтамасыз ету үшін жасалатындықтан оны мүлтіксіз сақтау-бұл жұмыстың белгіленген бағытта дамитындығына көз жеткізудің әдісі.Осы секілді егер қызмет міндеттері айқын жазылса, мақсат тұжырымдамалары бағыныштыларға нақты түсіндірілсе, басқарудың әкімшілік аппаратына білікті адамдар алынса, осының барлығы ұйымдық құрылымның ойлаған мақсатта жұмыс істеуі мүмкіндігін арттыра түседі. Алдын-ала бақылау үш салада-адамдар,материалдық және қаржы ресурстары тарапында жүзеге асырылады.Адам ресурстары саласында алдын-ала бақылау белгілі бір қызмет міндеттерін орындауға қажетті кәсіптік білімі мен шеберлігін мұқият талдау және біршама дайындығы мен біліктілігі бар адамдарды таңдау арқылы жүргізіледі. Жұмысқа қабылданушылардың өздеріне жүктелген тапсырмаларды немесе міндеттерді орындай алатындығына көз жеткізу үшін, жалданушылардың осы саладағы тиісті білім дәрежесін немесе жұмыс стажын айқындап, олардың құжаттары мен мінездемелерін тексеру қажет. Ұйымға білікті жұмыскерлерді тартуда, әрі тұрақтандыруда, оларға еңбекақысы мен өтемін әділ белгілеудің, сондай-ақ жұмыскерлерді жалдар алдында әңгіме өткізудің зор маңызы бар. Көптеген ұйымдарда адам ресурстарын алдын-ала бақылау жұмыскерлерді жалдағаннан кейін де, жұмысқа баулу арқылы оларға негізгі міндеттеріне кіріспес бұрын тағы да нені үйрету қажеттілігін білуге мүмкіндік береді. Фирмадағы пайдаланып отырған материалдық ресурстарды алдын-ала бақылағанда материал сапасының стандарттарға сәйкестігі, жаңадан келіп түскен материалдардың жай-күйі, жарамдылығы анықталады. Қаржы ресурстарын алдын-ала бақылаудағы маңызды буыны-бюджет, мұның өзі де жоспарлау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бюджет алдын-ала бақылаудың механизмі болып саналады. Күнделікті бақылау жұмыс барысында жүзеге асырылады, оның объектісі көбінесе бағынышты қызметкерлер, ал мұны жүзеге асырушы тікелей басшы.Бағынышты адамдардың жұмысын ұдайы тексеру, жұмысты жетілдіру мақсатында туындаған проблемалар мен ұсыныстарды талқылау белгіленген жоспарлар мен нұсқаулардан ауытқуға жол бермейді. Күнделікті бақылау нақты жұмысты орындаумен бір мезетте жүргізілмейді. Оның өзі жұмыс орындалғаннан кейінгі нақты нәтиженің өлшемін білуге, ойланған мақсатқа жетуге негізделеді. Күнделікті бақылауды жүзеге асыру үшін бақылау аппаратына ақпараттар, яғни кері байланыс қажет. Кері байланыс жүйесі-алынған нәтижелер туралы деректер.Кері байланыстың қарапайым мысалына басшының қарамағындағы адамның қанағаттанарлықсыз жұмысы туралы хабарын айтуға болады. Кері байланыс жүйесі басшыға көптеген проблемаларды айқындауға,соған сәйкес тиісті шаралар қолдануға, қойылған мақсатын ауытқуды дер кезінде болдырмауға мүмкіндік береді. Кері байланыстың барлық жүйесі бірден-бір іргелі элементтерден тұрады, әрі бірден-бір принциптермен жұмыс істейді. Кері байланыстың барлық жүйесінде- мақсаты болады,сыртқы ресурстарды пайдаланады,сыртқы ресурстарды ішкі ресурстарды пайдаланады,белгіленген мақсаттың едәуір ауытқуын қадағалайды,белгіленген мақсатқа жету үшін осы ауытқуларға түзету енгізеді. Қорытынды бақылау пайда болған проблемалар туралы ақпарат алуға, сөйтіп болашақта мұндай проблемалардан құтылу үшін жаңа жоспар жасауға ықпал етеді. Қорытынды бақылау мотивацияға ықпал етеді.Егер ұйым басшысы мотивациялық көтермелеуді белгілі бір нәтижелік деңгеймен байланыстыратын болса, ондай жағдайда, әрине,нақты қол жеткен нәтижені дәл әрі әділетті бағалау қажет.
