Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мамырова курсовой смж.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
95.15 Кб
Скачать

  • талдау, есепке алу жэне ақауларды бөлектеу бойынша стандарт;

  • тұтынушылардың шағымдарын қамтамасыздандыру бойынша;

  • өнім өндіру кезінде құжаттардан ауытқуға рүқсаттар беру ра стандарт.

Әдетте ең көп қүжаттар өндіріс процесінде жылдам бақылау жүргізу қажет етіледі. Бұл үшін кәсіпорынның сапаны басқару бөлімі жұмысты орындаушылар мен мерзімі көрсетілген жоспар - сызбаны дайындап, басшылармен бекітуі қажет. Бұл кезде әртүрлі даушылармен жасалған құжаттардың қайталануын жібермеу керек әртүрлі қызметтерді орындауға қажетті қүжаттардың қалып қоюын құжатқа кірмей қалуын болдырмау керек. Сапа жүйесінің функциялары элементтерін орындау бойынша көп тараған құжаттары кәсіп орын стандарты болып табылады. Осымен қатар қатар әртүрлі нұсқаулар, ұйғарымдар бұйрықтар, өкімдер және басқа құжаттардың пайдалануы мүмкін.

Смж құжаттамасы

«ҚР СТ ИСО 9001-2001 Сапа менеджментінің жүйесі. Талаптар» стандартының «4.2 Құжаттамаға талаптар» бөліміне сәйкес келесідегідей мәселелер қарастырылған.

4.2.1 Жалпы ережелер

Сапа менеджментінің жүйесі құжаттамасы:

  • сапа саласындағы саясат жэне мақсаттар туралы құжаттамалы рәсімделген өтініштерден;

  • сапа жөнінен жетекшіліктен;

  • стандартпен талап етілетін құжатталған процедуралардан;

  • тиімді жоспарлауды, процестерді жүзеге асыру және оларды басқаруды қамтамасыз ету үшін ұйымға қажетті құжаттардан;

  • стандартпен талап етілетін жазбалардан тұруы керек.

4.2.2 Сапа жөнінен жетекшілік

Ұйым:

  • егжей-тегжейлерді және барлық шектеулерге негіздемені қоса сапа менеджменті жүйесінің қолданылу саласынан;

  • сапа менеджменті жүйесіне арналып әзірленген құжатталған процедуралар немесе оларға сілтемеден;

  • сапа менеджменті жүйесі процестерінің өзара әрекетін суреттеуден тұратын сапа жөнінен жетекшілікті әзірлеуі және жұмысшы қалыпта сақтауы керек.

4.2.3 Құжаттаманы басқару

Сапа менеджменті жүйесінің құжаттамалары басқарылуы керек. Жазбалаp - құжаттардың арнайы түрлері, оларды 4.2.4 келтірілген талаптарға сәйкес басқару керек.

Басқарудың қажетті жабдықтарын анықтау үшін:

  • жарыққа шыққанға дейін құжаттардың барабарлығына тексеруді;

  • құжаттарды қажеттік жағдайына қарай талдау мен көкейкесті етуді және қайта бекітуді;

  • құжаттарға өзгерістерді сәйкестендіруді және қайта қарау статусын қамтамасыз етуді;

  • қолдану жерлерінде құжаттардың сәйкес сандарының болуын қамтамасыз етуді;

  • құжаттардың нақты сақталуын және жеңіл сәйкестендірілуін қамтамасыз етуді;

  • сыртқа шыққан құжаттарды сәйкестендіруді қамтамасыз етуді және олардың таратылуын басқаруды;

  • ескірген құжаттарды әдейі емес қолдануды алдын алуды және қандай да болмасын мақсатқа қалдырылған сондай құжаттарды сәйкес сәйкестендіруді қолдануды қарастыратын құжатталған процедура әзірленуі керек.

4.2.4 Жазбаларды басқару

Жазбалар - сапа менеджменті жүйелерінің талаптарға сәйкестігін және қызмет етуінің нәтижелілігін куәліктендіру үшін жүргізілуі және жұмысшы қалыпта ұстауы керек. Олар нақты, жеңіл сәйкестендіріле және қалпына келтіріле алатын болуы керек. Жазбаларды сәйкестендіруде, сақтауда, қорғауда, қалпына келтіруде, сақталу мерзімін анықтауда және алып тастауда талап етілетін басқару құралдарын анықтау үшін құжатталған процедураны әзірлеу керек.

Өнімді сертификаттау, сапа жүйесін сертификаттау

Мұнай өнімдерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау ҚР СТ 3.56-2004 стандарт талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Құжат талаптары газ тектес, балауыз тектес, қатты мұнай өнімдеріне

және отынның эталондық түрлеріне таратылмайды.

Мұнай өнімдерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау кезіндегі бұл тәртіп ҚР СТ 3.4, ҚР СТ 3.9, ПМГ 36 негізінде әзірленген.

Бұл стандарттың талаптары аккредиттелген сертификаттау жөніндегі органдар, сынақ зертханалары (орталықтары), Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінің, аккредиттеу жүйесінің (бұдан әрі - ҚР МСЖ) іс-әрекетіне қатысатын заңды тұлғалар үшін міндетті.

Мұнай өнімдерінің сәйкестігін растау олардың қауіпсіздік көрсететіндерінің және сапасының регламенттелген талаптарға сәйкестігін мақсатымен жүргізіледі. Мұнай өнімдерінің сәйкестігін растау қалыптасқан тәртіпте Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жіберілген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

Республикада импортқа шығарылатын өнімге қойылатын нормативтік талаптардың болмағаны жағдайда балама отандық өнімге нормативтік құжаттар талаптары, немесе импорт өндірілген балама өнімге арналған, қолдануға рұқсат етілген құжаттар талаптары немесе қалыптасқан тәртіпте қолдануға рұқсат етілген өтінілген өнімге арналған құжаттар талаптары негізінде жүзеге асырылады. Отандық практикада баламасы жоқ өнімнің сәйкестігін растау (немесе балама импорт өнімге қолдануға жіберілген нормативтік құжаттың болмағаны жағдайда) сертификаттық сынаулар жүргізу, сондай-ақ оның республика аумағына бірінші рет әкелгенде санитарлық нормаларға сәйкестігін растаумен, өтінушімен берілген сапа мен қауіпсіздікті куәландыратын құжаттарға сәйкестікке жүргізіледі.

Мұнай өнімдерін сертификаттау міндеттісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленеді. Міндетті сертификаттау кезінде мұнай өнімдерінің сәйкестігін растауға жататын көрсеткіштер тізбесі берілген. Растау кезінде қолданылатын сынау әдістері мен процедуралары қалыптасқан тәртіпте қабылданған және бекітілген болуы керек.

Сәйкестікті растау кезінде пайдаланылатын нормативтік аттардың тізбесі берілген. Өнімнің сәйкестігін растаудың негізгі ережелері ҚР СТ 3.4 талаптарын есепке алып берілген.

Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын өнімнің, сондай- анықталған өңірге енгізілетін отандық енімнің (бұдан әрі импортталатын» және «енгізілетін» түсініктерін бірге қоса) сәйкестігін растау ҚР СТ 3.9 сәйкес жүзеге асырылады.