
.
Сапаны
басқаруды
қамтамасыз ету анықтамасы белгілеуден
бұрын
cапаны
қамтамасыз ету процесін қарастырамыз.
Сапаны
қамтамасыз
ету дегеніміз өнімді өндіру кезінде
оның қажетті
сипаттарын қалыптастыру процесі немесе
нәтижесі, сонымен
қатар
осы сипаттарды сақтау, тасымалдау және
жұмысқа
пайдалану кезінде
қолдау. Сапаны
қамтамасыз
ету үшін қажетті материалдық база,
үйретілген
және
мүдделі персонал,
сонымен қатар
жұмыстарды
айқын ұйымдастыру,
соның ішінде сапаны
басқару
қажет.
Кәсіпорындарда
өнім сапасын басқару бойынша жұмыстарды
ұйымдастыру сапа
жүйесін
құруды және жүйелерді тиімді жүргізуді
қамтамасыздандыру үшін қажетті шараларды
қабылдауды қарастырыды. Сапаны
басқаруды
қамтамасыз ету мәселелерін түсіну үшін
сапаны
қиру
және қамтамасыз етудің құрылымдық
схемасын қарастырамыз. Сапа
жүйелерінің
құрылымдық сұлбасы кәсіпорынның
құрылымдық басы
негізінде
құрылады және жүйенің құрылымы - сапа
жүйесінде
орындалатын функциялардың құрамы мен
барлық құрылымды бөлімдердің өзара
байланысын көрсету
мүмкіншілігін
береді. Бұл жерде сапа жүйесінің басқару
түйіні - құрамына техникалық бақылау
бөлімі, метрологиялық және стандарттау
қызметтері, сонымен қатар сапа
бойынша
қызметтерді ұйымдастыру, үйлестіру
және әдістемелік басшылық жұмыстарын
жүргізетін сапаны
басқару
бөлімі кіретін сапа
қызметін
бөлек блок
ретінде
көрсетуге
болады.
Сапаны
басқарудың функционалдық сұлбасының
сапа
жүйесінің
құрылымын
көрсететін
құрылымдық сұлбасынан айырмашылығы
функционалдық сұлбада сапаны
басқару
процесін көрнекі көрсету мүмкіншілігі.
Егер
де кәсіпорын тапсырыс берушілер мен
аудиторлар
сапа
жүйесінің
жұмысын жақсы түсіндіруді және көрсетуді
қаласа, онда құрылымдық
сұлбаға
қосымша функционалдық сұлбаны түзуі
керек. Мұндай сұлба көрсетілген моделге
ұқсас түзіледі.
Сапа
жүйесінің функциялары мен құрылымдық
бөлімдерін анықтыған соң, келесі саты
сапа
жүйесінің
нормативті-әдістемелік құжаттардың
құрамын анықтайды.
Бұл
дегеніміз
сапа
жүйесін
жасап дайындаудағы өте көлемді жұмыс.
Ол үшін сапаны
басқару
бөлімі стандарттау бөлімімен сәйкес
бөлімдермен - құжаттар авторларымен
бірлесе отырып кәсіпорында қолданылатын
барлық нормативтік құжаттардың құрамын
қарастыру және бөлімдердің өздерінің
функцияларын орындауға қажетті
құжаттарды анықтауы керек.
Әдетте
функциялардың бірқатарын орындау үшіш
бірнеше құжаттар қажет етіледі. Мысалы,
сәйкессіз жартылай тасталған өнімді
басқару үшін
ең аз
дегенде мыналар қажет етіледі:
Сапа бойынша басшылық