
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
Көлік-энергетика факультеті
Стандарттау және сертификаттау кафедрасы
Курстық жұмыс «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» жшс, сапа менеджмент жүйесін жақсарту шаралары.
Орындаған: СтМС-41 тобының студенті
Мамырова Әсел
Қабылдаған: Ермаханова Ф.Р.
АСТАНА – 2012
Мазмұны:
Кіріспе
Нормативтік сілтемелер
Белгілеулер мен қысқартулар
Негізгі бөлім
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС туралы.
Сапа менеджмент жүйесі.
Сапа менеджмент жүйесін жақсарту шаралары.
Сапа менеджментін әзірлеу және енгізу процестері мен алгоритмі.
Сапа бойынша басшылық.
СМЖ құжаттамасы.
Өнімді сертификаттау, сапа жүйесін сертификаттау.
Қорытынды
Қосымша
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Сапа – бәсекелестікке сай болу деген сөз. Біз
алдағы уақытта Қазақстанды әлемдегі бәсекеге
қабілетті елу елдің қатарына қосамыз десек, алды-
мен тауарларымыздың сапасын арттыруымыз
керек.Әсіресе, қазіргі қаржы дағдарысы кезінде
сапалы тауарлар ғана өтімді болады. Мәселе тек
қана онда емес, жалпы Қазақстан тауарларының
сапасын жоғары дәрежеге көтеріп, дүние жүзінде
бұл Қазақстанда жасалған тауар деген атын
шығаруымыз керек. Шығарылған тауарлар мен
көрсетілетін қызмет сапасы – ұлттық
экономикамызды ойдағыдай дамытудың шешуші
факторларының бірі болып табылады.
Назарбаев Н.Ә.
Кіріспе
Техникалық өнімнің бәсекеге қабілеттігі – тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыра алатын бұйымның қабілетін көрсететін интегралды түсінік. Өнімнің бәсекеге қабілеттігін негізіне оның сапасы және дамуы жатады. Өнімнің бәсекеге қабілеттігі, қызмет көрсету ортасына және тұрмыстық нақты нарық шартына қатыссыз бағаланады.
Өнімнің бәсекеге қабілеттігі негізінен сапа көрсеткіштерінің дамуымен, сапа деңгейімен, ал техникалық бұйымдар үшін – техникалық деңгеймен анықталады. Тауардың бәсекеге қабілеттілігі белгілі бір уақытта белгілі бір нарықтың талабына сатылатын өнімнің сәйкес келуі. Яғни, бәсекеге қабілетті әр түрлі бағаланады.
Қазақстанның экономикасын реформалаудың мақсаттарының бірі отандық өнімдерге сапаны қамтамасыз ету болып табылады. Дүние жүзілік тәжірибенің көрсетілуі бойынша СМЖ сапаны яғни ИСО 9000 сериялы стандартына сәйкес ендіру және оны сертификаттау.
Қазіргі кезде сапа менеджментін ендіру және сертификаттау кәсіпорынның политикалық тұрақтылығы, өнімнің бәсекеге тұрақтылығын жоғарлату және тұтынушылардың сенімін жаулап алу.
Кәсіпорындарда сапа менеджментін ендірудің нәтижесінде тәртіптің орындалуы, шығындар төмендейді, еңбектің сапасы жоғарылайды, процестерді басқару тұрақталады, сапаны қамтамасыз етуге жататын шығындар азаяды, кәсіпорынның мәдениеті жоғары дәрежеге шығаруды қамтамасыз етеді. СМЖ–ң сертификаттары кәсіпорынның өнімді ішкі және сыртқы жәрмеңкелерде кәсіпорындардың бәсекелестікке қарсы тұратынын сипаттайды.
Сапаны басқару жүйесінде нақты іс әрекеттер регламенттенуі, қаржы организацияның облысының қызметі, әр қайсысының міндеттерінің сандық көрсеткіштері, егер жұмыстарды толық орындамаған жағдайда сапалы жұмысқа сыйақы төленеді.
Сапаны басқару жүйесі кәсіпорында тұтынушыларды қанағаттандырады. Олар келесілерді қамтамасыз етеді:
өнімділігін жоғарылату өнімнің құнын төмендетуге алып келеді, ол өз кезенінде бәсекелестікті жоғарылатады;
өнім сапасын немесе қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің жоғарылауы тұтынушылардың жоғары дәрежеде ризалығын көтереді;
тұтынушылардың кәсіпорынның имиджі мен сауда маркасының қабылдауын жақсарту;
коллективте барлығы өз міндеттерін түсімді және жұмыстан моральді әсер алады;
бәсекелестік қасиеті және сауданың жоғарылауы.
Кәсіпорынның сапаны басқару жүйесінің басымдылығы мұнымен шектелмейді. Кәсіпорынның ішінде және сыртында сұраныстардың қызығушы жақтары бар:
1 – жақ. Тұтынушылар. Сапа менеджментін ендіргенде тұтынушылардың ол өнімге деген өнімділігін арттырады.
2 – жақ. Жеткізіп берушілер және партнерлар. Оларға кәсіпорынның партнерларының алдында өз мәртебелерін жоғарылатып, сенімділікті арттырады.
3 – жақ. Жалпы. Кәсіпорынға және өнімге өзінің көзқарасын тигізеді:
кәсіпорынның заңдық, этикалық, моральдық нормаларының жоғары дәрежеде сақталуы;
кәсіпорын қауымдық жұмыстарға қатысуы.
Нормативтік сілтеме
ГОСТ 305-82 Бензин.ТШ
ҚР СТ 1347-2005 «Мұнай. Жалпы техникалық шарттар».
ҚР СТ ИСО 9001-2011. Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар.
ҚР СТ 1.5-2011. Техникалық реттеу жүйесі. Стандарт мазмұнына, рәсімделуіне, баяндамасына, жалпы талаптар.
ҚР СТ 3.4-2001 Өнімді сертификациялау жүргізу тәртібі. Негізгі талаптар.
Белгілеулер мен қысқартулар
«ПКОП» - «Петро Казахстан Ойл Продакс»
ЖШС - Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
СМЖ - сапа менеджмент жүйесі
ИСО – халықаралық стандарт
ҚР СТ – Қазақстан Республикасының стандарты
ГОСТ – Мемлекет аралық стандарт
ӨҚ – өлшеу құралы
ТШ – техникалық шарт
НҚ – Нормативті құжаттар
ӨҚ – өрт қауіпсіздігі
ЕҚСЖ – Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі