
3.2 Уолт Ростоудың «Экономиканың өсу кезеңдері» теориясы
Мемлекеттерді цивилизациялық, өркениеттік критериймен де бөлу қазір жиі кездеседі. Цивилизациялық әдістің және формациялық бөлінудің айырмашылықтары көп. Формациялық критерий көбіне қоғамның таптық құрылысы мен өндірістік тәсіліне көңіл аударады. Бұл типологияны сыңар жақ түсіндірілуі. Мемлекеттердің ерекшеліктерін білу үшін қоғамның барлық салаларының жағдайларына ықылас салу қажет. Мемлекеттің экономикалық базисін зерттеген де, оған қоса қоғамның мәдени, рухани деңгейін зерттеп, орнын көрсету қажет және қанаушы таптан басқа қоғамды құрған барлық топтарды зерттеп орындарын, рөлін, маңызын түсінген дұрыс. Қоғамның әдет-ғұрыптарын, әр топтың саналары мен құқықтырының деңгейін білу өте қажет. Ал, зерттеудің ең маңызды мақсаты – жеке адамның бостандығы мен құқықтарын, әлеуметтік жағдайын және еңбектегі қарым-қатынастарын жақсы білу – мемлекетке мінездеме беру үшін өте керек нәрселер. Қоғам бірнеше топтарға бөлінетін болса да, мемлекеттің алдында тұрған мақсат – сол топтардың арасындағы қайшылықтарды бәсеңдетіп бүкіл халықтың мүддесін қорғау. Осы әдісті бізде өркениеттік (цивилизацялық) әдіс деп атайды. Өркениеттік әдіс мемлекет өзінің елінде тұратын адамдар үшін қандай жақсылық істеді, экономикалық, саяси, әлеуметтік, өнегелі қоғамның дамуы үшін қандай шара қолданды деген сұрақтарға жауап береді.
Сонымен, цивилизациялық пікір бойынша мемлекеттің тарихи типі өзгеру үшін экономикалық базисқа қосымша қоғамның мәдени және рухани сана-сезімі жоғары деңгейде болуы қажет. [18]
Уолт Уитмен Ростоу (Rostow) (7.10.1916 ж. туған, Нью-Йорк) — американ экономисі. Йель және Оксфорд университеттерінде білім алған. 1942 — 45 ж. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысты. 1940 — 41, 1946 — 47, 1949 — 60 ж. АҚШ пен Ұлыбританияның бірқатар жоғары оқу орындарында оқытушы; 1945 — 46, 1947 — 49, 1961 — 69 ж. мемлекеттік қызметте болды. 1969 жылдан Остиндегі Техас университетінде экономика профессоры болды, 1960 ж. экономикалық өрлеу сатыларының теориясын тұжырымдады. Онда Ростоу өрлеудің негізгі бес сатысын атап көрсетеді. Олар: дәстүрлі қоғам; шарықтау үшін алғышарт жасау кезеңі; шарықтау; кемелдікке бет алу; жоғары деңгейде жаппай тұтыну дәуірі. Мұнда техниканың даму деңгейі, шаруашылықтың салалық құрылымы, тұтыну құрылымы, т.б. негізгі техникалық-экономикалық сипаттамалар таразыланды. Өзінің кейініректе жазған “Саясат және өрлеу сатысы” атты еңбегінде (1971) Ростоу өрлеу сатысына тұрмыс сапасын іздеудің алтыншы сатысын қосады, мұнда адамның рухани дамуы алдыңғы орынға шығарылады. Қоғамның әлеуметтік өрлеу проблемаларымен айналыскан.
Бұл ретте XX ғ. 50 – 60 – жылдарында американдық әлеуметтанушылар Дениел Белл, Уолт Ростоу және француз әлеуметтанушысы Раймон Арон ұсынған қоғам дамуының «үш сатысы туралы теорияның» мәні зор.
Аталған авторлар адамзат қоғамының дамуын әлемдік шеңберде үш кезеңге бөледі. Яғни, қоғамдар даму дәрежесіне қарай үш түрлі типке жіктеледі:
1) индустриалдық сатыға дейінгі қоғамдар, оларды аграрлық немесе дәстүрлі қоғам деп те атайды;
2) индустриалдық қоғамдар;
3) постиндустриалдық қоғамдар.
Бұл аталған қоғам сатыларының алғашқысы ең ұзаққа созылған саты болды. Қоғам өмірінде дәстүр мен діннің ықпалы күшті болған.
Дін иелері мен феодалдар қоғамдағы мәртебесі жоғары әлеуметтік топтарды құрайды. [13]
Индустриалдық саты, шамамен, бұдан 250 жылдар бұрын қалыптасқан. Батыс елдерінде өнеркәсіп төңкерісінің нәтижесінде феодалдық «томаға тұйық» шаруашылық пен кішігірім шеберханалардың орнына заводтар мен фабрикалар, қол еңбегінің орнына машиналар келді. Қоғам мүшелерінің білім деңгейлері мен кәсіби шеберліктері де арта түсті, мұның өзі оқу орындарының ашылуына әкеледі. Сонымен қатар қоғамда әлеуметтік институттар пайда болып, олар өздерінің функцияларын атқара бастады.
Қоғамның дамуы ғылыми – техникалық прогресс пен еркін кәсіпкерлікке, бәсекелестікке сүйенеді. Соның нәтижесінде «бизнесмендер» деп аталатын қоғамдағы жаңа және жетекші әлеуметтік топ пайда болды.
Постинустриалдық қоғамның қалыптасуы XX ғасырдың соңғы ширегінен басталады. Қоғам дамуының бұл моделін басқа да атауларымен сипаттау кездеседі. Мәселен, Збигнев Бзежинскийдің – «технотрондық қоғам», Элвин Тоффлердің – «үшінші толқын», И. Масуданың – «ақпараттық қоғам» тәрізді т.б. атаулар кездеседі.
Бұл қоғам сатысында экономиканың негізгі саласы – халыққа қызмет көрсету саласы болып есептеледі. Компьютерлер мен күрделі басқару жүйелерін енгізу жұмыс орнында көптеген процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Қоғам халқының 60 – 80 % - ын ауқатты, жан – жақты жетілген, жоғары табысы бар орта тап құрайды. Бұл – саяси жүйеде дамыған демократиялық қатынастар, яғни билік органдарын халықтың өзі сайлап, өзі бақылайтын қатынастардың орын алуы, жеке тұлғаның бостандығы мен құқықтарына толық кепілдік берілетін қоғам.
Әрине, әлем елдерінің тек аз бөлігі ғана постиндустриалдық даму сатысына қол жеткізді. Көптеген елдер бұндай сатыға қол жеткізуді мақсат етіп, ұмтылыс жасауда. [12]
Қоғам бір орында тұрмайды, оған үнемі ілгерілеп даму, бір күйден екінші бір күйге ауысып отыруы тән.
ҚОРЫТЫНДЫ
Мемлекетті типтерге бөлудің марксистік әдісі қоғамды зерттеуде таптық мәселесімен байланысты. К. Маркс, Ф.Энгельс, В. И. Ленин мемлекет үстемдік таптың мүддесін қорғайтын құрал деп түсіндіреді. Марксистік тұрғыдан қарағанда тарихтағы мемлекеттер төрт түрге бөлінді: құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемлекеттер. Бірінші рулық қоғамда мемлекет әлі болған жоқ, ал соңғы коммунистік қоғамда мемлекеттің орнына коммунистік өзін-өзі басқару жүйесі келуге тиіс. Бір тарихи типтен екіншісіне революция арқылы өтеді.
Мемлекет типологиясының хронологиялық түрі. Бұл әдістің бірнеше түрлері бар. Мысалы, иллюстрациямен істелген дүниежүзілік тарих кітабында ағылшын тарихшысы Маргарет Олифант бүкіл тарихты былай бөледі: Ежелгі цивилизациялар, орта ғасырлар, ғылыми жаңалық ашу кезеңдері (1555-1650), өзгеріс және дағдарыс кезеңдері (1650-1800), одан кейін XIX ғасыр және қазіргі дәуір. Сонымен, мемлекеттің дамуын бұл тарихшы сегіз кезеңге бөледі. Ал, кейбір шет елдердің ғаламдары мемлекеттің дамуын келесі кезеңдерге бөлетіні жақсы мәлім: 1) Ежелгі мемлекеттердің тарихы, бұл кезең екіге бөлінеді: Шығыс мемлекеттердің тарихы – біздің дәуірге дейін төртінші мың жылдығында пайда болған (Египет, Вавилон, Қытай, Ассирия, Үндістан, Персия) мемлекеттер кезеңі басталады. Бұл кезең т.ә. 476 жылына дейін созылады. 2) 476 жылдан басталған кезең орта ғасырларға жатады, араб халифатының көлеңкесінде пайда болған ислам мемлекеттерінің тарихы. Дұрыс қорытынды. Сонда көшпенділердің мемлекеті ғылыми жағынан алып қарағанда типологияның қандай түріне кіруі қажет? Көшпенділердің тарихын мол зерттеген Е.И.Кычанов, «біз көшпенділер мемлекеті туралы жазамыз, бірақ, жеке алып қарағанда, көшпенділердің мемлекетінің бұрын болғанын осы күнге дейін дәлелдеп келеміз», - деп жазды.
Н.Масанов көшпенділердің жалпы қоғамдық- экономикалық формация типологиясына мүлдем сай келмейтін мемлекеттік дамуы болғанын тілге тиек ете келе оралдың қоғамдық- саяси құқықтық дамуын әмбебабтық аграрлық цивилизация деген теориямен байланыстырады.
Шын мәнінде назар аударарлық пікір. Бірақ, көшпенділер мемлекетінің мәртебесі типологиясы көрсетілмеген. Біздің ойымызша «көшпелі қазақ өркениетінің эволюциялық дамуы Батыс Европа халықтарының тарихынан мүлдем ерекше және далалық салт-санаға еш уақытта «базис», «қондырма» ұғымдары формула, қағида ретінде жүрмейді. Көшпелі өмірдің ең негізгі ерекшеліктері «жеке адамның мінез- құлқының моральдық талаптарын асқақтату...ұят, ар-этностың рухы, баға жетпейтін құндылығы, әлеумет тыныс-тіршілігінің өзегі болып табылады. Ал, материалдық дәреже, байлық руханият пен даналықты, жалпы өнерді қамтамасыз ету жолында пайдаланатын зат, нәрселер ретінде қабылданған».
Осыған байланысты қазақ мемлекеті типологиясының мағынасы мен мәніне баға беретін болсақ оның «билік жүргізу формасы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауының ең соңғы кезеңінде қалыптасқан әскери демократия сатысы мен мазмұнына дәлме-дәл сәйкес келетін құрылым. Бұл кезеңде рулық құрылымның дәстүрлері жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекеттің нышандарымен бір қайнасып жатады».
Заң ғылымында мемлекеттерді типке бөліп зерттеу арқылы олардың даму процессін, деңгейін, өркениеттің мазмұнын тануға болады.
Теорияда қабылданған мамлекеттердің аталмыш типологиясында номадизм қалыптастырған мамлекеттік құрылым таса қалып қалғанын атап кеткен жөн. Негізінде евоцентристік көзқараста болған А. Тоинби, О.Шпенглер және Ресей зерттеушілері көшпенділерді «жабайы орда» ретінде бағалады, олар қалыптастырған мамлекеттік жүйені жалпы мамлекет типологиясына, дәстүрлі стандарттық қалыпқа сыймайтын, өркениетке жат, үнемі инерциалық санат билеген және ретсіздік жайлаған тобыр екені ағыл-тегіл болып суреттелінді. Себебі, «Қазақтардың қоғамдық қатынастарын қате баяндау оларды тек ғана шалағай зерттеулерімен ғана түсіндірілмейді, сонымен қатар буржуазиялық авторлардың аз болмаса да ғылыми әдістемелерінің терістігінен болған. Олар қоғамдық құбылыстарды тенудың ғылыми әдісін меңгермей, ең дегенде адал ниетпен байқағандарын жазып алды. Оларға қоғамдық өмір құбылыстарын басқаратын заңдар белгісіз болып қала берді».
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Мемлекет және құқық теориясы, Жоламан Қ. Д., Алматы, 2005 ISBN 9965-9576-3-0, 31-38 беттер
Мемлекет және құқық тарихы, Өзбекұлы С., Алматы, 2006 ISBN 9965-11-234-7 25-31 беттер
Мемлекет және құқық теориясы, Ағдарбеков Т. А. Алматы, 2003 ISBN 9965-517-67-3, 49-51 беттер
Теория государства и права, Ибраева А. С., Алматы, 2006 ISBN 9965-11-208-8, 29-32 беттер
Государствоведение, Чиркин В. Е., Москва, 1999 ISBN 5-7975-0164-3
Теория государства и права, Бейсенова А. У., Алматы, 2006 ISBN 9965-34-506-6, 47-55 беттер
Теория государства и права, В. И. Червонюк, Москва, 2006 ISBN 5-16-002608-8, 99-116 беттер
Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9
“Қазақ Энциклопедиясы”, II-том
Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
The process of ekonomіc growth, N. Y., 1952;
The stages of economіc growth, 2 ed., Camb., 1971;
Polіtіcs and the stages of growth, Camb., 1971;
The dіffusіon of power, N. Y., 1972
Панфилова Т. В. Формационный и «Цивилизационный» подходы: возможность и ограниченность//Общественные науки и современность. 1993;
Рожкова Л. П. Принципы и методы типологии государства и права. – Саратов, 1984;
Сорокин П. А. Человек. Цивилизация. Общество. – М., 1992;
Протасов В. Н. Теория права и государства, проблемы теории права и государства. – М., 1997;
Теория государства и права/Под. ред. Н. И. Матузова и А. В. Малько. – М., 1997;
Тойнби А. Д. Постижение истории. – М., 1991;
Шпенглер О. Закат Европы. – М., 1993. Том 1.
Әлемдік мәдениеттану ой-санасы 10-том, Қазақстанның қазіргі заманғы мәдениеттану парадигмалары, Алматы, 2006, ISBN 9965-746-80-X
Сапарғалиев Ғ., Ибраева А.С. «Мемлекет және құқық теориясы»: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007. – 336 бет.
«Теория государства и права»: Учебник. Издание 3-е, расширенное и дополненое. Под редакцией Н.А. Марченко. – М.: ИКД «Зерцало - М», 2002. – 624 стр.
Хропанюк В.Н. «Теория государства и права» Хрестоматия. Учебное пособие. М., 1998, 1-944 с.