
2.2 Мемлекеттің феодалдық типі
Феодалдық мемлекеттің экономикалық негізі – жерге феодалдардың толық меншік етуі және крепостной шаруаларға толық емес меншік құқығы. Негізгі таптары – фкодалдар мен крепотсной шаруалар. Сонымен қатар аралық тап ретінде қолөнершілер болды.
Феодалдық мемлекеттің функциялары:
а) феодалдық меншікті қорғау;
б) еңбекке салынғандардың (құлдардың) қарсылығын басу;
в) жаулап алу соғысытарын жүргізу және сыртқы шабуылдардан қорғану.
Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу нысаны – әр түрлі монархия. Республикалық басқару нысаны тек қала-мемлекеттерде ғана болды (Генуя, Псков).
Феодалдық мемлекеттің экономикалық негізін феодал таптарының жерге деген жеке меншігі кұрайды. Саяси билік феодалдардың иелігінде. Осыған орай феодалдық базис негізінде пайда болған мемлекеттердің барлығы феодалдық типтегі мемлекеттердің қатарына жатады. Феодалдық мемлекеттер феодалдық өндірістік қатынастарды қорғау үшін феодал таптарының саяси билігін жүргізетін басып-жаншу машинасы ретінде ғана бағаланады. Басқа құндылықтарды таптық сипат негізінде бағалайды.
Феодалдар бірнеше топқа бөлінеді: мысалы, Францияда граф, герцог, рыцарь, шіркеу қызметкерлері, шаруалар, құлдар. Феодалдық рентаның үш түрі болды: ақшалай, барщина және натуралдық рента. Феодалдық мемлекеттің ішкі функциялары: жеке меншікті қорғау, шаруаларды және басқа жай адамдарды қанау, тәртіпті қорғау, салық жинау, шаруалардың көтерілістерін басу. Сыртқы функциялары – басқа халықтарды тонау, өз мемлекетін қорғау және көрші мемлекеттермен қарым-қатынастарды құру. Феодалдық мемлекет өзінің билігін шіркеудің әсерімен күшейтті. Феодалдық қоғам шіркеудің күшіне, баюына жағдай туғызды. Шіркеудің көп жерлері, шаруалары және басқа да байлықтары болатын. Шіркеудің билігін дәлелдеу үшін әр түрлі теорияларды шығарды: Мұсылман, Христиан, Католик, Буддистік мешіт-шіркеулердің арасында бірталай айырмашылық болғанымен, қоғамдағы құқықтық жағдайлары бір-біріне ұқсас. Шіркеудің күшейген де, әлсіреген де кезңдері болды. Феодалдық мемлекеттер көбіне ыдыраған, ұқсас мемлекеттер болатын. Бірақ кейбір кезде олардың күшейіп, ірі, мықты мемлекет құрған кезеңдері де болды. Мысалы, Омейядтардың араб халифаты, Францияның шексіз монархиясы. Бұл кезеңде Құран, ұлы Еркіндік Хартия, Каролина, Алтын Булла деген белгілі феодалдық актілер қабылданды.
Феодалдық мемлекеттердің дамуы буржуазиялық рефолюцияға дейін созылды. 1640 жылдан бастап келесі кезең жаңа дәуір басталды. Капитализм өзінің 300 жыл тарихында үш кезеңнен өтті. Бірінші кезең – либералдық капитализм XVII ғасырдың ортасынан XIX ғасырдың аяғына дейін. Екінші кезең – империализм дәуірі XIX ғасырдың аяғынан XX ғасырдың ортасына дейін. Үшінші кезең – әлеуметтік (қоғамдық) капитализм XX ғасырдың ортасынан 2004 жылға дейін. Бұл кезеңде ғылыми-техникалық прогрестің, демократияның жақсы дамуы. Экономикада мемлекеттің макробақылауының орнауы. Қазіргі заман бейбітшілікті, халықтар достығын, демократияны дамыту. Капиталистік мемлекеттің негізін жеке меншіктің көп түрлері құрайды, жеке меншік құқығы ең қасиетті және жоғарғы құқық юолып жарияланды. Заңның алдында бәрі тең. Бұл кезеңде мемлекеттің маңызды прогрессивтік принциптері нығайтылды: биліктің бөлінуі, заңның жоғарылығы, құқықтың алдында бәрі тең, азаматтардың саяси, әлеуметтік және жеке құқықтары мен бостандығы, заңдылық, соттың тәуелміздігі және т.б. Құқықтық мемлекеттің түсінігі анықталып, көп конституциялар осы терминді қолданатын болды. [26]
Феодалдық мемлекеттердің құрулауының екі жолы бар: біреулері құлиеленушілік мемлекеттердің дамуынан пайда болады (Үндістан, Қытай, Византия), екіншілері рулық қоғамнан пайда болды (Ресей, Араб халифаты, Франк мемлекеті). Оларды да екіге бөлуге болады – Азия, Африканың және Европаның мемлекеттері. Орта ғасырлардың дамуы 476 жылдан басталады, бұл Рим империясының құлаған жылы. Рим империясының орнында Франк мемлекеті пайда болды. 628 жылы мұсылмандар мемлекетінің пайда болған дәуірі. Европадағы феодалдық мемлекеттердің дамуының үш кезеңдері белгілі: ерте-феодалдық монархия, сословиелік-монархия және шексіз монархия. Шығыс мемлекеттері бұндай кезеңдерге бөлінбейді. Феодалдық мемлекеттердің негізгі нышаны – жерге жеке меншіктің қалыптасуы. «Феод» деген сөз – толық жеке меншіктегі дер. Феодалдық жеке меншіктің тағы екі түрі бар: аплод және бенефиций (аплод – жерге жеке меншіктің мұрагерлік жолмен көшуі; бенефицийде – мұрагерлік жеке құқық жоқ). Бұл иерархиялық (жүйеде) әрбір топ өзінің жеке орнын алады, сол орны құқықтық жағдайды белгілейді және жер иеленушілігімен байланысты.