
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ АҚ
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән: Мемлекет және құқық теориясы
Тақырыбы: «Мемлекет типологиясы»
Орындаған: Ақсерікова Әзима, 1 курс, Ю (К)-108
/аты-жөні, курсы, тобы/
Жұмыс жетекшісі: Есмуханова Айнура Сейдиллаевна, оқытушы.
/аты-жөні, қызметі, ғылыми дәрежесі/
Комиссия төрағасы: ________________ __
Комиссия мүшелері: ________________ __
________________ __
________________ __
Бағасы:________________________
/ пайыз, балл, әріптік/
Қорғалған күні: «_ _» __________ 2010 ж.
Астана-2012
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І МЕМЛЕКЕТ ТИПОЛОГИЯСЫ
Мемлекет типологиясының түсінігі 5
ІІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ФОРМАЦИЯЛЫҚ ТИПІ
2.1Мемлекеттің құлиеленушілік типі 9
2.2 Мемлекеттің феодалдық типі 12
2.3 Мемлекеттің буржуазиялық типі 14
2.4 Мемлекеттің социалистік типі 16
ІІІ ӨРКЕНИЕТТІК ТИПІ
3.1 А. Тойнбидің теориясы 18
3.2 Уолт Ростоудың «Экономиканың өсу кезеңдері» теориясы 21
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 25
КІРІСПЕ
Мемлекет туралы жазуды бастардың алдында біз ең алдымен оның қоғамда әрекет ететіндігін, онымен қандайда бір өзара қарым-қатынаста болатындығын, оның, яғни қоғамның тарапынан белгілі бір ықпалдың болатындығын және өз кезегінде қоғамға өзі де ықпал ете алатындығын ескереміз. Сондықтан да қоғам мен мемлекеттің, оны жанама түрде көрсететін аса маңызды институттарының көмегімен болатын өзара қарым-қатынасының принциптері мен негіздерін теориялық жағынан айқындау қажеттігі туып отыр.
Мемлекет — басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.
Адамзат дамуының мыңдаған жылдарға созылған тарихында бірін-бірінің орнына келіп жатқан мемлекеттер көп болды, олар қазіргі кездің өзінде де аз емес. Осыған байланысты оларды классификациялаудың мәселесі қазіргі кезде өте бір күрделі мәселелердің қатарына жатып келеді. Мемлекеттердің тарихи даму логикасын көрсететін, оларды бір критерийлердің негізінде белгілі бір топқа жіктеп қоюға мүмкіндік беретін мемлекеттердің классификациясы типология деп аталады. Курстық жұмыстың мақсаттарына тоқталып кететін болсам, олар: мемлекет типологиясына кеңірек анықтама беру, мемлекетті жіктеудің әдіс-тәсілдерін көрсету және де адамзат тарихында болған мемлекеттердің тарихи-хронологиялық түрлерін көрсетіп беру болып табылады. Мемлекетті жіктеу процесстері олардың тарихи дамуын дұрыс түсіну үшін қажет. Типология – қоғамның тарихи дамуының негізгі мазмұны мен нышандарын түсіну үшін қолданылатын әдіс пен тәсілдер. Мемлекеттің даму процесі бүкіл дүние жүзі дамуының бір бөлім болып табылады. Оны анықтап түсінгеніміз – бүкіл тарихты жақсылап оқып, қамтығандығымызды білдіреді. Мемлекеттің дамуы үздіксіз процесс болып табылады және уақыт өткен сайын олардың жаңа типтерінің пайда болуы да ғажап емес. Сондықтан да бұл институтты зерттеу өте қызықты болып табылады.
Мемлекеттерді жіктеу процестері олардың тарихи дамуын дұрыс түсіну үшін қажет. Типлогия – қоғамның тарихи дамуының негізгі мазмұны мен нышандарын түсіну үшін қолданатын әдістер мен тәсілдер. Мемлекеттің даму процесі бүкіл дүние жүзі дамуының бір бөлімі. Оны анықтап түсінгеніміз бүкіл тарихты жақсы білгеніміз. Мемлекеттің дамуы үздіксіз объективтік процесс.
Бұл даму процесі мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, мәдени, саяси мазмұнымен және алдында тұрған мақсаттарымен байланысты. Мемлекеттің тарихи типін белгілейтін экономикалық жағдай, жеке меншіктің түрі, сонымен байланысты қоғамның дифференциялау процестері жатады. Ал тарихи типтің дамуы, мемлекет қай топтардың мүддесін қорғайды, халықтың қандай демократиялық құқықтары мен бостандықтарын қорғайды, басқару процесінде қандай демократиялық әдістер мен тәсілдер қолданатынын көрсетуге тиіс.
Мемлекет пен құқықтың тарихи типі қоғамның, экономиканың дамуымен байланысты болса да, мемлекеттің ерекше даму зағдары бар. Мысалы: Рим құқығы туралы айтатын болсақ, Корпус Юрис Цивилис деген ірі кодификациялық заң қабылданған кезде мемлекет ыдырап басқа халықпен жауланып, экономикасы терең дағдарысқа ұшыраған еді. Батыс Рим империясын франктер басып алып өздерінің Франк империясын құрған кезде, Византия императоры Юстиниан жүйелеу жұмыстарын басқарып, айтқан құқықтық кодекстің жазуын басқарды. Бұл кезеңде экономиканың, мемлекеттің және құқықтың дамуы бір-біріне сәйкес болған жоқ.
Курстық жұмыстың мақсаты: мемлекет типологиясының кемшіл тұстарын анықтап, оған жаңаша көзқарас қалыптастыру, мемлекет типтері бойынша қазақ тіліндегі ақпаратты көбейту.
Курстық жұмыстың міндеттері: мемлекет типологиясы, оның формациялық және өркениеттік типологиясы, құлиеленушілік мемлекет, феодалдық мемлекет, буржуазиялық мемлекет, социалистік мемлекет ұғымдарын зерделеу, мемлекеттің өркениеттік типологиясына қатысты А. Тойнби еңбектерін, Уолт Ростоудың мемлекеттің экономикалық негізі жайындағы еңбектерге жеке тоқалу.
ӨЗЕКТІЛІГІ, ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ, ЗЕРТТЕУ ПӘНІ, КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫН ҚҰРЫЛЫМЫ, БЕТ ОРТАСЫНАН, ЖИРНЫЙ БОЛМАЙДЫ АЛЫП ТАСТА БАРЛЫҚ ЖЕРДЕ, ССЫЛКАНЫҢ БЕТІ ЖОҚ БЫЛАЙ ЖАЗЫЛАДЫ МЫСАЛЫ: [1, 54 б.]. нүкте сонынан қойылады
І МЕМЛЕКЕТ ТИПОЛОГИЯСЫ
Мемлекет типологиясының түсінігі
Мемлекетте яғни қоғамда басқару, билік жүргізу функцияларын іс жүзінде асыратын арнайы адамдар тобынан құрылған саяси ұйым болып табылады. Осыған байланысты мемлекеттің тарихи даму кезеңдерінде орай олардың өздеріне тән типтері бойынша қалыптасады. Мемлекеттің мәні негізінде типологиямен тығыз байланысты. Мемлекет және құқық теориясында жетістіктерін пайдалана отырып, мемлекеттің типологиясын екі мағынада түсіндіріледі: 1. Формациялық; 2. Өркениттік
Формациялық ұғым мағынасында мемлекеттердің типтері қоғамға тән экономикалық тән құрылысы бар, билік жүргізетін үстем тап мүлдесіне қызмет ететін басқару күштер құралы ретінде танылды. Формациялық типология негізінде марксистік ілімге тән марксизм- ленинизмнің саяяси- құқықтық ілімі адамзат тарихында пайда болған мемлекеттердің типтерін қоғамдық- экономикалық формацияның дамып, тарихтың бір сатысынан бір сатысына көтерілуімен тығыз байланыстырып қарайды. Формация өзгеріске ұшырағанда- мемлекеттің типі де соған сәйкес келетін формалық мағынаны қабылдайды. Формациялық мағынада мемлекетің тарихи типтері схема жүзінде былайша көрініс береді:
Алғашқы қауымдық құрылыс
|
Құл иленуші экономикалық формация |
Феодалдық экономикалық формация |
Буржуазиялық экономикалық формация |
Социалистік экономикалық формация |
Қоғамдық өзін- өзі басқару |
Құл иленуші типтегі мемлекет |
Федалдық типтегі мемлекет |
Буржуазиялық типтегі мемлекет |
Социалистік типтегі мемлекет |
Мемлекеттің формациялық типтерінің қоғамдық-экономикалық формацияның өндірістік қатынастарының жиынтығы (базисі) құрайы. Марксистік ілім бойынша қоғамдағы өндіргіш қарама-қайшылықтар пайда болғанда әлеуметтік төңкеріс болып, жаңа қоғамдық-экономикалық формация пайда болады. Бұл процесс жаңа формацияға сәйкес келетін мемлекеттік типін қалыптастырады.
К.Маркс өзінің формациялық ілімі туралы былай деп жазды: «Менің зерттеулерім мені мынадай нәтижеге жеткізді: праволық (құқықтық) қатынастарды, дәл сол сияқты мемлекеттердің формацияларын да өзінен- өзі де, адам рухының жалпы дамуы дейтінінен де түсініп болмайды, керсінше, олар материалдық өмірлік қатынастарға негізделеді... Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдылық және саяси қондырма орнайды. Қоғамның материалдық өндіргіш күштері өз дамуының белгілі саласында сол кездегі өндірістік қатынастарға, немесе осы күнге дейін өздері солардың ішінде өркендеп келген өндірістік қатынастардың заңдық жағынан алғандағы бейнесі ғана болып табылатын меншік қатынастарға қайшы келеді. Өндіргіш күштердің даму нысандары болған бұл қатынастар енді олардың бұғауына айналады. Сол кезде әлеуметтік революция заманы басталады, экономикалық негіздің өзгерумен бірге азды-көпті қысқа уақыт ішінде бүкіл орасан зор қондырмада төнкеріс жасалады».
К.Маркстің ашқан бұл жаңалығын коммунисттік идеология құл иеленуші, феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемелекеттер типологиясын тек догматикалық қағида ұғымдармен түсіндіріледі. [1]
Жалпы қарағанда мемлекеттердің формациялық типологиясы барлық халықтар мен қоғамға әмбебаптық әдістеме бола алмайды. Осы типологияның түрлерін өркениеттік мағынада түсіндіру бар. Сонымен қатар өркениеттік типологияда технологиялық бағыт дамып келе жатыр. Осы ой бойынша мемлекеттердің типтерінің деңгейі қоғамдағы ғылыми технологиялық прогресстің жетістіктерімен сипатталады. Жоғарғы технологияны енгізу мемлекеттердің әлеуметтік экономикалық деңгейін халықтың әл ауқатының жақсаруына мүскіндіктер туғызады. 17 ғасырда ойшыл Кристофор Келлер мемлекеттердің даму сатыларын ежелгі, орта және жаңа жаңа даму сатыларын үш дәуірге бөліп олардың даму заңдылыңқтарын зерттеп дәлелдеді. Орта ғасырда мемлекеттің қалыптасуы, билік ету діни ағымдардың ықпалымен қалыптасып діни мағынадағы сипатқа ұласты. Жаңа заманда мемлекетті «бірігу» «одақ» ұғымдарымен байланыстырып таныды. Мысалы айта кетсек Гуго Горций мемлекетке: «Мемлекет деген еркін адамдардың құқықтарын қорғау және жалпы пайда үшін құрылған, -жетілдірілген» одағы деп анықтама берсе, Имануил Кант: «Мемлекет- көп адамдардың құқықтық заңдармен бірігуі» -деген ойды ұсынды.
Заң ғылымында мемлекеттерді типке бөліп зерттеу арқылы олардың даму процессін, деңгейін, өркениеттің мазмұнын тануға болады.
Теорияда қабылданған мамлекеттердің аталмыш типологиясында номадизм қалыптастырған мамлекеттік құрылым таса қалып қалғанын атап кеткен жөн. Негізінде евоцентристік көзқараста болған А. Тоинби, О.Шпенглер және Ресей зерттеушілері көшпенділерді «жабайы орда» ретінде бағалады, олар қалыптастырған мамлекеттік жүйені жалпы мамлекет типологиясына, дәстүрлі стандарттық қалыпқа сыймайтын, өркениетке жат, үнемі инерциалық санат билеген және ретсіздік жайлаған тобыр екені ағыл-тегіл болып суреттелінді. Себебі, «Қазақтардың қоғамдық қатынастарын қате баяндау оларды тек ғана шалағай зерттеулерімен ғана түсіндірілмейді, сонымен қатар буржуазиялық авторлардың аз болмаса да ғылыми әдістемелерінің терістігінен болған. Олар қоғамдық құбылыстарды тенудың ғылыми әдісін меңгермей, ең дегенде адал ниетпен байқағандарын жазып алды. Оларға қоғамдық өмір құбылыстарын басқаратын заңдар белгісіз болып қала берді». [2]
Мемлекет және құқық теориясында мемлекеттің типологиясын екі мағынада түсіндіреді.
1. Формациялық.
2. Өркениеттік.
Мемлекеттің формациялық типтерінің негізін қоғамдық-экономикалық формацияның өндірістік қатынастарының жиынтығы құрайды. Өркениеттік типология негізінде дүниені біртұтастық ұғым ретінде қарайды. Мемлекет типологиясы – сан алуан мемлекеттердің өздеріне тиісті тұтастай алынған маңызды қасиеттері мен жақтарының жиынтығы және жалпылама ерекшеліктерінің жүйесі. Қазіргі кезеңде мемлекет типологиясына екі түрлі көзқарас орын алған: өркениеттік және формациялық.
Өркениеттік көзқарас бойынша жіктеудің негізгі өлшемі ретінде руханилық белгілер – мәдени, діни, ұлттық, психологиялық ерекшеліктер алынады. Қазіргі таңда өркениеттің әртүрлі түсінігі бар екенін ескерсе, осы тұрғыдан мемлекеттерді де сан түрге бөлуге болатынын көреміз. Мысалы, өркениеттік сипатына байланысты шығыстық, батыстық және аралас мемлекеттер болуы мүмкін. Тарихи кезеңдерге байланысты көне, ортағасырлық және қазіргі мемлекеттер деп бөлуге болады. Тарихи және мәдени даму сипатына байланысты шаруалық, өндірістік және ғылыми-техникалық болып бөлінеді. Экономикалық даму деңгейіне байланысты жоғары дамыған, орташа дамыған және дамушы мемлекеттер болып таралады. Формациялық көзқараста негізгі өлшем ретінде әлеуметтік-экономикалық белгілер (қоғамдық-экономикалық формация) қолданылады. Аталған көзқарастың өкілдерінің ойынша, қоғамдық дамудың шешуші факторы базис болып табылады, ол қондырмалық құбылыстардың: мемлекет пен құқықтың да типін анықтайды. Мемлекеттің тарихи тектері дегеніміз белгілі бір экономикалық формацияға сәйкес пайда болған, олардың таптық мәнін көрсететін мемлекеттің негізгі қасиеттерінің жиынтығы. Экономикалық базис типіне сай мемлекеттер: құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалистік (соңғы кездері бұларға азиаттық өндіріс тәсіліне негізделген мемлекеттер мен прафеодализм қосыла қарастырылуда) болып бөлінеді. [3]
Қазіргі кезеңде мемлекет типологиясына қатысты мәселе қарастырылғанда, көпшілік формациялық көзқарасқа жүгінетіндігіне қарамастан, оның да кем соғатын тұстары бар екенін ескеру қажет. Оған алдымен, шығыстық мемлекеттерді типтеу мәселесі жатады. Мемлекет типологиясындағы келелі мәселелердің бірі ретінде «өтпелі» мемлекет түсінігінің де толық бағасын алмағанын атап кетуге болады. Бұндай мемлекеттер жалпы ұлттық мүддені: тәуелсіздік алу, ұлттық экономиканы, мәдениетті көтеру мақсатын көздейтін блоктардың жиынтығы ретінде қалыптасады да, өз мүддесін қанағаттандырғаннан кейін саяси аренадан кетеді.
Мемлекеттің қоғамдағы бірлестіктерден, ұйымдардан айырмашылық белгілері:
- мемлеқет қоғамдық көлемде бірден-бір билік жүргізетін ұйым; басқа бірлестіктердің билігі барлық халықты қамти алмайды, мемлекет қана барлық қоғамға күші бар нормативтік акты қабылдай алады;
- мемлекет қоғамдағы барлық құқықтық нормалардың дұрыс, уақытында іске асуын, орындалуын қадағалап, заңдылықты, тәртіпті бақылап отырады:
- мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі тәуелсіздігі, басым үстемдігі.
Мемлекеттерді этатистік және құқықтық мемлекеттерге жіктеу де айрықша назар аударуды қажет етеді. Мұндай жіктеуге мемлекеттің құқықка қатынасы негіз болады. Академик М.Т.Баймахановтың пікірі бойынша, этатистікке қоғамдық қатынастарды реттеудің императивтік әдістерімен сипатталатын мемлекеттерді жатқызу керек. Ол мемлекеттерде азаматтардың, қоғамдық бірлестіктердің және т.б. бостандықтары мен дербестіктері, олардың мемлекетке қатысты автономиялығы жоққа тән болып келеді. Этатистікке тоталитарлық және авторитарлық режимнің барлық түрлерін жатқызуға болады. Ал, құқықтық мемлекеттер мемлекеттік басқаруда құқықтың артықшылығы идеясын ұстанады, азаматтардың құқықтары, бостандықтары және мүдделерін қамтамасыз ету және кепілі болу кажеттігін есепке алады. Этатистік және құкықтық мемлекеттермен бірге аралық үлгідегі мемлекеттер бар, оларға жоғарыда аталған мемлекеттердің екеуінін де сипаттары тән.
ІІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ФОРМАЦИЯЛЫҚ ТИПІ