Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПСИХОЛОГИЯ экзамен шпора.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
156.18 Кб
Скачать

Зейін түрлері

Адамның зейіні ырықты зейін, ырықсыз зейін және үйреншікті зейін болып үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ырықсыз зейін дегеніміз - ешқандай мақсатсыз объектіге назар аудару. Ал ырықты зейін әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады. Ырықты зейін дегеніміз - алдымызға мақсат қоя отрып назарымызды объектіге шоғырландыру. Үйреншікті зейін дегеніміз - сананы жеке адам үшін объектіге шоғырландыру. Үйреншікті зейін адамның әдетіне айналып кеткен зейін. Ол арнайы күш жұмсауды қажет етпейді. Жеке адам зейінінің негізгі ерекшеліктеріне тұрақтылық, оның бір нысаннан екінші нысанға оңай ауысуы, бөлінуі, нысандарды қамту көлемі, алаң болмаушылық, т.б. жатады.

Зейін қасиеттері

Зейіннің қасиеттері:

- Зейіннің ауысуы - бір объектіден екінші объектіге саналы түрде өтуін айтамыз.

- Зейіннің бөлінуі - адамның бір мезгілде бірнеше әрекеттерді атқара білу мүмкіндігі

- Зейіннің шоғырлануы - белгілі бір объектіге бағытталып сананың сол нәрсеге шоғырлануы.

- Зейіннің тұрақтылығы - бір объектіге ұзақ уақыт тұрақтай алуы.

- Зейіннің көлемі: тар және кең болып бөлінеді.

Объектілерді көптеп қамти алатын зейінді кең көлемді зейін деп атайды. Жөндеп қамти алмайтын зейінді тар көлемді зейін деп атайды.

Алаң болушылық - бір объектіге зейінді саналы түрде ұйымдастыра алмауды айтамыз. Ол сыртқы және ішкі болып бөлінеді.

Сыртқы алаңдаушылық - субъектіге қоршаған орта жағдайлары әсер етіп, ырықты зейіннің ырықсыз зейінге ауысуынан болады. Адамды алаңдататын жағдайлар: заттар мен құбылыстардың кенеттен пайда болып, қатты әсер етуіне байланысты.

Ішкі алаңдаушылық - көңіл күй, толғаныс нәтижесінде туындайды, орындалатын іске қызықпаудан, жауапкершілікті сезінбеуден келіп шығады.

Зейіннің шашыраңқылығы адамның ұзақ уақыт аралығында өз зейіні мен назарын нақты затқа бағыттай алмауды айтамыз. Ол жалған және шың болып екіге бөлінеді.

Жалған шашыраңқылық - адамның бір іске өте беріліп, өзін қоршаған орта мен құбылыстар әсеріне елеңдемеуі. Мұндай шашыраңқылық әсіресе шығармашылық жұмыстармен шұғылданатын адамдарда көп кездеседі.

Шын шашыраңқылық - адам өзі ырықты зейінін қандай да бір затқа немесе әрекетке бағыттап, тоқтата алуы қиындайды. Шын шашыраңқылық отбасында дұрыс тәрбиенің болмауынан да болады.

Зейіннің физиологиялық негізі

Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан жүйке

процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.

И.П.Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті процесі болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы).

Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик

А.А.Ухтомскийдің (1875-1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады.

Түйсік(туралы жалпы ұғым)-заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары мен қасиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп миымызда бейнеленуі.Түйсік-дүниені танып білудегі бейнелеу процесінің алғашқы баспалдағы.Түйсік себепсіз болмайды.ол біздің айналамызда ішкі жан дүниемізде не болып жатқаның хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс.Түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуде пайда болады.Түйсік арқылы заттың иісін, дәмін, түсін, қатты-жұмсақтығын т.б қасиеттерді ажыратамыз.

Сенсорлық процестердің психофизикасы мен психофизиологиясы ХІХ ғ. Орта шегінде өмір сүрген неміс ғалымы Э.Вебер мен Г.Фехнер тітіргендіргіштердің күшімен адам түйсігінің арасындағы байланысты заң түрінде тұжырымдады.Мұны түйсіктің психифизикалық заңы дейді.Осы заң бойынша тітіргендіргіштердің күші геометриялық прогрессия жолымен көбейсе,одан туатын түйсіктер арифметикалық прогрессия жолымен өседі.

Есту және Көру теориясы.Есту түйсігі-құлаққа жағымды дыбыстар консонанс ,ал жағымсыз дыбыстар дисонанс деп аталады.Есту мүшесі құлақ.Есту түйсігі де сыртқы дүниені танып білуге зор маңыз атқарады.Есту түйсігі әсіресе тілді меңгеруге аса қажетті түйсік.Сөздің мәнін ұғу оны дұрыс түсіну және біреуге айтып беру дұрыс естімейңнше жүзеге аспайды.Көру түйсігі-сәулеленуші заттардың жарық толқындары әсерінің нәтижесінде болады.Көру мүшесі –көз.Адам түсінетін түстер Ахроматикалық және хроматикалық болып екіге бөлінеді.Көру түйсіктері біздің көзімізге электромагнит толқындарының әсер етуінің нәтижесінде пайда болады.

Түйсік түрлері.3 опқа бөлінеді.1)Экстерорецептор-көру,есту, иіс, дәм, тері түйсіктері жатады. Олар сыртқы дүниедегі заттары мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің бейнесі болып табылады.2)Интерорецептор-ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін органикалық түйсіктер (ашығу,шөлдеу).3)Проприорецептор-бұлшықеттерді және сіңірлерде болады.Дене мүшелерінің қозғалысы мен бір қалыпты орналасын хабарлап отырады.

Түйсіктің негізгі заңдылықтары.1)Сезгіштік және табалдырық.Сезгіштік адамның түйсіне алу қабілеті.Ол 2-ге бөлінеді абсолюттік және айырма сезгіштік.2) адаптация-сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіргендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты адаптация.3)Сенсибилизация-егер адаоптация анализаторларының сезгіштігін түрлі жағдайларға байланысты артуының төмендеуінің көрсетуші болса,сесибилизация сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс болып табылады.4)Түйсіктің өзара байланысы.Бір сезім мүшесіне түскен әсер;қалған сезім мүшелеріне де әсер етеді;дәм түйсігі көру сезгіштігін арттырады.

Түйсіктің өзара байланысы мен дамуы.Түйсіктердің қайсысын болса да қалағанымызша жетілдіруге болады.Адам егер алдына өзінің сезгіштік қабілетін арттыруды нақтылы міндет етіп қойса және осыған жаттығатын болса,оның түйсіктері ойдағыдай дами түседі.Түйсіктердің адамның іс-әрекетіне байланысты да дамып отыратындығын көптеген мамандардың тәжірибелері көрсетеді.Түйсікті дамытуда нұқсан келтіретін факторлар да болады.М:бала партада дұрыс отырмаса,оқыған н\е жазған кезде қисайып жатып алса,кітапқа.дәптерге көзін өте жақын ұстап дағдыланса,оның көру қабілете нашарлайды.

Түйсіктің негізгі түрі экстерорецептор-ол сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің бейнесі болып табылатын түйсіктер.Бұлардың рецепторлары дененің бетінде немесе оған жатқын орналасқан.Осындай сыртқы анализаторлардың рецепторларын экстерорецептор деп атайды.Бұған көру,есту,иіс,дәм,тері түйсіктері жатады.

М:иіс түйсігі мұрын кеңсіріндегі кілегей қабықтың клеткаларына түрлі химиялық заттардың әсер етуі нәтижесінде пайа болады.

Түйсіктің негізгі түрі интерорецептор-ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін (хабарлайтын)түйсіктерге түрлі органикалық түйсіктер жатады.Олардың рецепторларын интерорецептор деп атайды.Олар ішек,қарын,жүрек,қан тамырлары мен басқа да ішкі құрылым қатпарларындағы тітіркенулерді миға жеткізіп отырады.Түйсіктердің бұл тобы тірі ағзаларда пайда болу жағынан ең ежелгілердің әрі қарапайым түрі.Интерорецептік түйсіктердің пайда болуы мен олардың жүрісін түсіндіріп білу өте қиын.

Түсіктің негізгі түрі проприорецептор-Дее мүшелерінің қозғалысы мен бірқалыпты орналасуын қазғалыс немесе кинестезиялық түйсіктер хабарлап отырады.Мұның рецепторы проприорецептор деп аталады.осы жүйкелік тәндерде пайда болатын қозулар бұлшық еттер созылғанда,буындар қалпы өзгергенде туындайтын түйсіктерді бейнелейді.Аталған топқа,сонымен бірге,ерекше қасиеттерге ие теңдестік және тұрақтылық түйсіктеріде кіреді.Олардың перифериялық рецепторлары ішкі құлақтың шеңберлі сайларында жайласқан.

Ес туралы жалпы түсінік.Ес –адамның бұрын қабылдаған нәрселер мен құбылыс бейнелердің,көңіл-күйлерінің ойда сақталып,қажет кезінде қайта жаңғыруын айтамыз.Есте сақтайтын нәрсені бұрыннан белгілі нәрсемен байланыстыру,яғни ассоциация мындай түрлерге бөлінеді :қарапайым,күрделі,аралас, ұқсас,қарама-қарсы,мағыналық.Ес адамның әр алуан іс-әекеттерімен байланысты болып тіршілікте аса маңызды қызмет атқарады.

Естің түрлері.Іс-әрекет сипаттарына қарай 3-ке бөлінеді.1)психикалық белсенділік сипатына байланысты:қимыл-қозғалыс,эмоциялық сезімді,бейнелік көрнекілік және сөздік мағыналық (логикалық).2)Іс-әрекеттің мақсат сипатына қарай:ерікті және еріксіз.3)Адамның материалды қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына байланысты:қысқа және ұзақ мерзімді (түпкілікті және оперативті)

Ес процестері:қайта жаңғырту,ұмыту,есте сақтау,тану.Есте сақтау-алынған әсерді есте ұстауға бағытталған,есте сақтаудың алғышарттары болып табылады.Есте қалдыру-жаңадан қабылданған бейнедер мен материалдарды,алардың мәнін бұрын сақталғандарымен байланыстыру.Есте қалдыру процесі жалғамалы.Есте қалдыру үшін арнайы шарттар қажет.Қайта жаңғырту-әдейілеп еске түсіру, ойлаумен тығыз байланысты өте белсенді процесс.арнайы қайта жаңғырту мақсат қою,ерік күшін жұмсаумен,арнаулы әдіс,тәсілдер олданумен жүзеге асады.

Ес теориялары.естің нейрондық теориясы:негізгі мәні:есте қалдыру мидың электорлық белсенділігімен яғни мидағы химиялық не құрылымдық белсенділік қандай да бір жолмен ағзаға электр қуатын арттырады.Бұл үшін қолайлы ес іздерін іске қосатын жүйке тізбегі болуы шарт.Естің биологиялық теориясы-Әр ағза үшін тән болған генетикалық ақпарат ДНҚмалекуларында шағырлнады,ал оны тасымалдау басқа нуклейн қышқылының малекуласымен орындалады.ДНҚ ағзаға тән әрә жаңа генетикалық есті есінде сақтайтындықтан,оның өзі немесе РНК игерілген тәжірибені де бірден бірге өткізуі мүмкін.

Ойлау туралы жалпы түсінік-Сырқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.Ойлау қабылдау,елестермен тығыз байланысты.Түйсік пен қабылдау танымның 1-ші баспалдағы болғандықтан,олардан тыс ешбір ойлау болмайды.Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді.Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.

Ойлау формаларына:Ұғым,пікір,ой қорытындысы,индукция жатады.Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой.Пікір-бүл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда көрінетін ойлаудың формасы.Ой қорытындылыры – бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару тәсілі.қорытынды шығару үшін оны белгілі тәртіпке бір-бірімен байланыстыруымыз қажет.Қатар тұрған кездейсоқ пікірлерден қорытынды шықпайды.индукция-жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы.

Ойлау операциялары.Салыстыру операциясы-бұл операция салыстыратын заттардың бір түрлі белгілерін көрсетумен қабат басқа белгілердегі айырмашылықтарын да айырып көрсетеді.Жалпылау-бір текті заттардың ,құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру.абстракция-шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алу.Нақтылау-обстракциялық ұғымды, соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру,яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой.

Елес туралы түсінік. Елес түрлері.Елестер бұрынғы қабылдаулардын қайта өңдеу мен жалпылаудың нтижесі.Елестер сезім мүшелеріне әсер етпейтін заттар мен құбылыстар бейнесінің мида пайда болуы.Елестердің физиологиялық негізі үлкен ми сыңарлары қыртысындағы бұрынғы қозулардан қалған іздер болып табылады.

Елестер1) жалпылау деңгейлеріне қарай;жеке,жалпы,ехемалық.2)анализаторларға байланысты;көру,есту,дәм,сипай сезу болып бөлінеді.

Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы.Адам бұрын өзі көріп білмеген нәрселердің бейнесін көз алдына елестетіп олардан жаңа бейне жасайды немесе бұрынғы қабылданған жиналған бейнелерге сүйене отырып жаңа идеялар толтырды.Осындай бейнелер мен идеялардан қиял деп атаймыз.Қиял тек адамға ғана тән процесс.Қиял-адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс.Мәселен,алға қойған мақсатты жоспарлап,жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес.Ойлау мен қиял екеуі де мәселені шешуге,сұраққа жауап беруге қатысады.

Қиял түрлері.Ырықсыз-алдына мақсат қоймай-ақ адамның басында түрлі елестердің бірінен соң бірінің туындауы.Ырықты-адамның алдына саналы түрде мақсат коя отырып образдар жасауы н\е қажетті бейнелерді тудыруы.Арман-Бұл актив және әрекетшіл қиял.Өз мақсатымыз бен мүддемізге орай бейнелер жасау және оны іс жузіне асыруды қиялдау.Қайта жасау қиялы-адамның өмір тәжірибесіне кездестірген бұрын болған бейнелерді қайта жаңғыртуы.Жасампаздық қиял-қиялдың бұл түрі арқылы жаңа бейнелер мен образдар жасалады.

Қиялдың жасалу тәсілдері.Агглютинация-бұл қиял жасаудың қарапайым тәсілі .Бұл әдіс арқылы мифологиялық бейнелер жасау.Типизация-Бұл әдебиетте мүсін жасауға ,сурет салуда жасалатын жеке кейіпкер образы арқылы белгілі бір уақытта өмір сүріп жатқан топтардың ерекшеліктерін сипаттайтын тәсіл.Схематизация-айырмашылықтарды азайтып ,ұқсастықтарын күшейтіп жасайтын қиял бейнесі.Аксентировка-заттардың кейбір қасиеттерін,ерекшеліктерін көзге түсіріп, күшейтіп көрсету.Гипербола-грекше күшейтіп көрсету деген мағына береді.

Эмоция мен сезім туралы түсінік.Шығып келе жатқан күнге қарап тұрғанда ,кітап оқығанда танымдық әрекеттің түрлі формаларымен бірге дүниеге деген қатынастарды білдіресіз.Демек оқыған кітап ,орындаоған жұмыс сіді қуантуы н\е реңжітуі және рахаттануы мүмкін.Шаттану ,мұнаю,үрейлену мұның бәрі эмоциялар мен сезімдер.Эмоция мен сезімдер бұл адамның айналадағы өмір шындығына және өз басына деген өзіндік қарым-қатынасы.

Сезім негіздері.Сезім организмде жүріп жататын ерекше процестермен байланысқан.Бұл процестердің көзі негізінен сыртқы дүние өзгерістеріде,дегенмен,олар бүкіл дене әрекет-қимылына әсер етеді.М.көңіл-күй қандай да күйзеліске келсе,қан айналым өзгереді.адам организімінің құрылымы симпатикалық жүйке жүйесінің қызметіне тәуелді.осы жүйенің қозуынан бүйректен адреналин сұйықтығы бөлінеді.адреналин дене ағзалары әрекетіне өзгеріс өндіріп,оларды шектен тыс тән қуатын жұмсауға дайындайды.

Сезім түрлері.адамгершілік-Француздың «мораль» сөзінен шыққан.Моральдық сезімдер қоғам талабына орай адамның өз мінезінің лайық н\е лайық еместігін сезінетін көңіл-күйді білдіреді.Интелектік- ақыл-ой сезімі.адамның таным әрекетімен тікелей байланысты.Эстетикалық-дүниедегі сұлулық пен әсемділікті,жарасымдылықты сезіне алу.

Күрделі эмоциялар.Кейіп-адамның белгілі бір обьектіге бағытталмай-ақ ұзаққа созылған көтеріңкі н\е жабырқау қалыптағы көңіл-күй.Аффект-қысқа уақытқа созылса да,бұрқ етіп қатты көрінетін эмоция.Стресс-күтпеген шатырман жағдайда туатын эмоциялық күй. Эмпатия –қайғы-қасыретті жағдайлармен қиыншылықтарға ұшыраған өзгелерге жаңашырлық білдіріп, солардың алін өз басына түскендей сезіну. Прустрация –жоспарланған ісі мен мүдделі мақсаты түрлі себептермен кедергіге ұшырап адам оған реңжиді. Көңілі құлазып,қайғырып күйзеледі,ашуға булығады. Осындай көңіл-күйді бейнелейтін эмоция прустрация деп аталады.

Сезім мен эмоцияның өзара қатынасы.Сезім мен эмоциялардың адамның практикалық өмірінде алатын орны зор.алдағы мақсатты орындау жолында,өмір үшін күресте күшті сезімдерсіз табысқа жету қиынға соғады.сезімнің қораш,солғын,селсоқ болуы іске кедергі келтіреді. Шамадан тыс күшті тітіргендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады.кісі үнемі қианала беретін болса,оның діңкесі құрып,берекесі кетеді.Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда стрсс деген терминмен белгілейді.

Ерік туралы жалпы түсінік. Ерік адамның мақсаты,қалауы әр түрлі істерді орындауға ұмтылуы яғни ниеттердің жиынтығы адам ниетінің өрісі деп аталады. Ерік адамның өз мінез-құлқын саналы түрде меңгере олу қабілеті.Еріктің физиологиялық негізі шартсыз рефлекстері.ерік қоғамдық еңбек процесінде пайда болып қалыптасқан.Адамның еріктік қимылдары сыртқы дүние заттары мен құбылыстары арқылы көрінеді.

Еріктің амал кезеңдері. Ерік сапалары.еріктің амал кезеңдері:1)мақсат және оған жетуге ұмтылу.2)Мақсатқа жету мүмкіншіліктерін түсіну.3) Ниет тілектердің пайда болуы.4)Ниеттер тартылысы және оның бірін қалауы н\е таңдауы.5)Тоқтамға келу мүмкіншіліктерінің бірін таңдау.6)Тоқтамға келген шешімді орындау.Ерік сапалары:адамның іс-әрекетінде ерік сапалары мен қасиеттері қалыптасады. Ерік сапалары әр адамда әр түрлі.Біреулердің ерік жігері берік әрі татымды. Енді біреулерінікі сылтау,жуас,тартымшақ жоспарланған ісін аяқсыз қалдырады.ерік сапалары ұнамды сапаларға дербестік пен батылдықты жатқызады.

Темперамент туралы жалпы тусінік.-адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психикалық дара қосындысының жиынтығы.Темперамент нерв жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі.Темперамент туралы ой пікірлер өте ерте айтыла бастады.орта ғасырлардағы ғалымдар темпераментті организмдегі химиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты.

Темперамент типтері: халерик,меланхолик,плевматик,сангвиник.Сангвиник-жоғары дәрежедегі әрекетшен адам.Өзіне ұнаған адамның барлығымен араласады.мимикасы мен қимыл-қозғалысы мәнерлі және шапшаң,сәл нәрсеге қарқылдап күледі,болмашы себептерге көңілі қалып мұнаяды.Халерик-ұстамсыз,шыдамсыз,қызба келеді.қарым-қатынаста күйгелек,бір беткей шабуылға жаны құмар,іс әрекетте пысық,оптимист сенгіш келеді. Плевматик –барлық уақытта да байсалды,ұстамды,бір қалыпы,төзімді,еңбекқор адам.өзгеге жақсылық тілегіш,өз ісін ойлап істейтін,сенімді. Меланхолик – аса сезімтал,соның салдарынан жаны тез жаралағыш келуі. Олар тұйық,өкпелегіш,көп сөзі жоқ,адамнан бөлек жүргенді ұнатады.

Мінез туралы жалпы түсінік.Мінез адамның әлеуметтік мінез құлықтың ерекшеліктері адамның негізгі өмірлік бет алысын және өзіндік әрекеттің айырмашылығын сипаттайтын саналы өзгешелік.Бұдан 2500 жылдан бұрын грек ғал.Геофаст Афина жұртының өкілдеріне зерттеу жасап,мінез бітістерінің 30-дан асс нашар жақтарын көсеткен,ал француз жазушысы Лобрюг нашар мінез бітістерінің 4500 түріне сипаттама берген.

Мінез түрлері.Интраверт-тұйық өзіменөзі болып жүретін ойшыл адамдар.Экстроверт-белсенді,ақжарқын,сенгіш,мақтаншақ адамдар.Жүргенсіз-күйгелек,ұрысқақ жанжалқой,арам ойлы адамдар.

Мінез типтері.құрылымы. Отансүйгіштік –бүкіл бойындағы күшін,білімін,тәрбиесін халық игілігіне,мүддесіне жұмсау.Мақсаткерлік-адамның өз мінез құлқын көздеген мақсатына алансыз бағындыра алуы.Борыш пен жауапкершілік-адамның үй ішіне,әке-шешесіне,бауырларына қатысты перзенттік парызынан туындайтын қасиет.Мейірімділік пен Ізгілік-басқаларға көңіл бөлу,олардың сеніміне ие болу,қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасау.Адалдық пен шыншылдық-сөздің іс-әрекетіне қайшы келуі.

Қабілет туралы жалпы түсінік.Қабілет іс-әрекеттің белгілі түрін ойдағыдай нәтижелі орындауда көрінетін,адамның жеке қасиеті. Кез келген іс-әрекет күрделі де сан қырлы болып келеді. Ол адамның психикалық және физикалық қуатына әр түрлі талаптар қояды. Егер жеке адамда бар қасиеттер жүйесі.осы талаптарға сай болса,онда іс-әрекет табысты болады.

Қабілеттің құрылымы.Қабілеттің әр-қайсысының құрылымы бар,ондағы басты және жетекші қасиеттерді айыруға болады. Мәселен ,сурет өнерінің тірек қасиет әрекет үстінде дамып жетілетін көру анализаторының жаратылысынан бояуды,,жарық пен көлеңкеңі,форманы,пропорцияны,сызықтарды жоғары дәрежеде сезгіштігі. Тірек қасиеттерге суретші қолының сенсохмоторлық сапалары да ,сондай-ақ дамыған бейнелік ес те жатады.

Жас ерекшелік псих-ң пәні мен міндеттері.Ж.е.псих-сы әр қилы психологиялық процестерінің табиғи негізі мен үнемі дамып отырытын азаматтық қасиеттерін псих-қ сапаларын адам псих-ң жас ерекшелігі динамикасын зерттейді.Ж.е. псих-сы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін,білімді егерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін,жеке адамныңдамуының жетекші факторларын т.б.зерттейдіЖас ерекшелігі психологиясы педагогикалық психологиямен ажырамастай тығыз байланысты.

Жас ерекшелік псих-ң өзіне тән ұғымдары.Жас-адам дамуының уақытпен шектелген сатысы. Хроникалық жас-адамның нақты санмен көрсетілген жасы. Әлеуметтік жас-адамның ақыл-ойының жасы. Жетістік –белгілі бір жас кезеңінде пайда болып , сол кезеңді басқа кезеңдермен ажыратуға көмектесетін псих-қ процестермен спалы өзгерістер.Жетекші әрекет-адамның белгілі бір жас кезінде пайда болатын,негізгі псих-қ жетістіктерді анықтайтын әрекет. Дағдарыс –бір жастан екінші бір жас кезеңіне өту кезінде көрінетін псих-қ өзгеріс,өтпелі кезең. Дамудың әлеуметтік жағдайы-әр жас кезеңінің псих-қ дамуына әсер ететін сыртқы жағдай.

Жас ерекшелік псих-ң тарихы.педпгогткалық және жас ерекшелік псих-ң өмірге келуі ХІХ ғ-ң ІІ жартысына жатады және псих-я ғылымына генетикалық идеяның енуімен байланысты. Даму үстінде псих-қ-педаг-қ ой-пікірге көрнекті орыс педагогы К.Д.Ушинский көп үлес қосты.Ж.Е.П дамуына Ч. Дарвиннің эволюциялық идеяларының ықпалы тиді. Бала псих-ң даму және оны оқыту процесін бақылау эмперикалық материалдардың жинақталуы және қорытылуымен қатар педаго-қ және балалар псих-на эксперименттік зерттеулер енгізе бастайды.

Жас ерекшелік псих-ң зерттеу әдістері.Пед-қ және жас ерк.псих-н талдауға- бақылау және эксперимент әдісін пайдаланады. Егіздер әдісі-оның мәні-бір жұмыртқадан өрбіген егіздердің псих-қ дамуын бақылаулар мен эксперимент жағдайларында салыстырып көру. Бойлай зерттеу- психологтар бір сыналунышының психологиялық өзгешеліктері ұзақ уақыт (кейде біренеше жылдар) зерттеуі. Қалыптастыру (оқыту)-табиғи эксперименттің ерекше түрі.псих-қ әрекеттерді сыналанушыға белсенді әсер етуі нәтижесінде бақылау.

Мектеп жасына дейінгі балалардың псих-қ даму ерекшеліктері.М.ж. дейінгі кезеңнің жеке басының дамуы жеделдейді ,қоршаған дүниені танып,өзінің алатын орнын түсіне бастайды. Мінез –құлқының жаңа типтері пайда бола бастайды. Қарапайым міндеттер өрісі пайда болады. Баланың үлкендермен байланысы жаңа формаға ие болады,бірлескен іс-әрекет ересек адамның нұсқауларын дербес орындаумен алмасады. Тұңғыш рет баланы белгілі программа бойынша біршама жүйелі оқыту мүмкін болады. Бірақ Л.С.Выотскиидің айтып көрсеткеніңдей бұл программаның жүзеге асуы оның қаншалықты дәрежеде баланың өзіндік программасына айналануына тығыз байланысты болып келеді.

3 жастағ дағдарысқа баланың дербестікке,тәуелділікке ұмтылуын жатқызамыз. Бұл көрініс «мен» консепциясынан байқалады. Сондықтан қатар бұл жаста мінез-құлық дағдарысы пайда болады. Бұл дағдарыстарды жіктеп көрсеткен психолог Келлер.1)қарама-қайшылық (баланың ересектердің қойғанміндетінен бос тартуы.)

2)Қырсықтық-баланың өзінің қойған шартынан және шешімінің орындалуын талап етуі.3)өз еркімен әрекет ету.4)үлкендерді бағалау.

Баланы мектептегі оқуға психологтялық дайындығы.Баланың мектепке келуінен бастап оның өмірінің жаңа кезеңі басталады. Бұл кезеңге ол тиісті дәрежеде даяр болуы тиіс. Алдымен бала ,оған жаңа праволар ғана қоймай, соанымен қоса едәуір қиыедығы бар міндеттер артатын маңызды іс-әрекет жасауға даяр болуы тиіс. Кішкентай мектеп оқушысы айналасындағылардан өзінің сабақтарына деген құрмет күте отырып,өзі де мұғалімнің барлық тапсырмаларын жүйелі орындауға сол сәтте қалса да,қалмаса да,өзінің мектеп ережелеріне сәйкес ұстауға міндетті болып саналады.

Бастауыш сынып оқушылыының танымдық процестерінің дамуы. Қабылдауды дамыту. Жекеленген псих-қ процестерді дамыту бүкіл бастауыш мектеп шағында жүзеге асырылады. Балалар мектепке қабылдау процестері едәуір жетіліп келсе де ,олардың оқу ісіңдегі қабылдау формалары мен түстерді тану және атауға келіп тіреледі. Зейінді дамыту. Мектепке келген балардың әлі мақсатқа бағытталған зейіні болмайды.олар өздерінің зейінің негізінен өздеріне тікелей қызықтығымен,ашықтығымен ерекшеленетін нәрселерге аударады.Есте сақтауды дамыту.мектепке келген бала көбінесе сырттай ашық және эмоциялы оқиғаларды,суреттеулерді есте сақтайды.

Жеткіншектік кезеңнің анатомиялық-физиологияық ерекшеліктері.Дене күшінің дамуында жаңа кезең басталып,жыныстық жетілу процесі өрістейді. Бұлардың бәрінің сыртында организмнің морфологиялық және физиологиялық қайта құрылу процестері тұрады. Бойдың ұзаруы,салмақтың артуы,кеуде клеткасы шеңберінің өсуі-жеткіншек шақтағы дене толысуының өзіне тән жағдайлары,бұлар күрт өсу деген ерекше терминмен белгіленеді. Осының нәтижесінде баланың пішінімен салыстырғанда жеткіншектің пішіні өзгереді.

Жеткіншек психологиясының дамуының өзіндік сипаты.ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге ,үлкендермен және жолдастарымен,ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға,өзінің жеке басы мен өзінің болашағын және ниетін,мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалауға бағытталады. Оны тәрбиелеудегі қиыншылықтар болады.Жеткіншек ересектердің ықпалына көне қоймайды,онда тіл алмаудың,қарсылық пен наразалықтың әр түрлі формалары шығады. Танымдық және оқу іс-әрекетінің ,мінеқұлыққа,іс-әреке пен қарм-қатынасқа қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.

Жеткіншектің оқу қызметі.Жеткіншектің әлеуметтік есеюін дамыту болашақ өмірге даярлау үшін қоғамдық тұрғыдан қажет.мұның өзі күрделі процесс ,уақытты тыалап етеді және жеткіншек ересектерге арналған нормалар мен талаптар жүйесінде өмір сүре бастаса мүмкін болады.ал бұл дербестікті қажетті әрі міндетті түрде арттырумен,міндеттер мен праволар ұлғайтумен байланысты. Тек осындай жағдайда ғана жеткіншек ересектерше іс-әрекет етуге ,ойлауға,міндеттерді орындауға,адамдармен қарым-қатынас жасауға үйрене ді.

Тәрбиенің мақсаты.тәрбие-бұл тұлға болып қалыптасына және қоғамға деген қарым-қатынасына қалыптасуына бағытталған.тәрбиенің ғылыми негіздерімен псих-ясыз тәрбиенің негізгі проблемалары шешілмейді. Себебі ол жеке тұлғаның псих-ң білімдерімен адмның қарым-қатынасына ,әлеуметтік қоғамның әр түрлі психологиясына байланысты. Тәрбиенің ең басты мақсаты жан жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.тәрбиені беру барысында оның міндетті түрінде мақсаты,құралы,әдіс-тәсілдері формалары болу керек.

Тәрбиенің құралдары мен әдістері.Тәрбиенің құралы тәрбиеленушіге әсер ететін ұйымдастырылған іс-әрекет болып табылады. Педагогикалық ықпал ету тәсілдері- жеке тұлғаның қошаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау.Педагогтың процеске қатысуының іс-әрекеті мен қарым-қатыанты педаггикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады.Тәрбие беру барысында оның міндетті түрде мақсаты,құралы,әдіс-тәсілдері формалары болу керек. Оқытуды ұйымдастырудың ең басты формасы сабақ.

Тәрбиенің институттары ол жеке тұлға мен тәрбиесіне әсер ететін маңызды орындар ең басты тәрбие институтына-отбасы жатады. Сонымен қатар бала тәрбиесіне әсер ететін маңызды орындарға –бала бақаш,мектеп,колледж т.б болады. Тәрбие беру барысында оның міндетті түрде мақсаты,құралы,әдіс-тәсілдері формалары болу керек. Оқытуды ұйымдастырудың ең басты формасы сабақ.

Оқу іс-әрекетінің сипаттамасының сыртқы құрылымы.оқу адамға ған тән іс-әр.осының өзінде ол адам өз іс-әрекетіне саналы мақсатпен реттей алатын болған кездегі адам психиканың даму сатысында ғана болған. Мұндай қабілет баланың мінез құлқы мен іс-әрекетінің осыған дейінгі түрлерін ойыны сөйлеу қарым-қатынасының практикалық с-әрекеті негізінде қалыптасып 4-5 жаста ғана шығады.Оқуда да адамның әртурлі іс-әрекет жасау қимылдары,жазуы, сөйлеуі т.б да жүзеге асады.

Оқу мативациясы.белгілі бір зат оқиғалар ,жағдай н\е іс-әрекет адамның белгілі бір белсенділігінің түп негіздерімен байланыста болса ,әрекет себептеріне айналады. Бұл түп негіздерді 3 түрге бөледі.1 ішкі негіздер –ол адамның қажеттіліктерімен анықталып ,мұныұ өзі организмнің қажеттіліктерімен білділдіретін туа біткен сипаты болуы мүмкін және жүре біткен сипаты болуы мүмкін.сыртқы негіздер-ол адамның өмірлік іс-әрекеті қағамдық жағдайлар.3Жеке түпкі нгіздер-ол адамның мүдделері мен дүние қозғалысы туралы түсінігі мен қағамға көзқарасы арқылы анықталады.

Өзіндік жұмыс –оқу іс-әрекетінің жоғарғы формасы.зертеулер практикалық іс-әрекет ке қатар адамның тағы да айырықша гностикалық іс-әрекетімен жүзеге авсыра алатын көрсетті . оның мақсаты айналадағы дүниені танып білу практикалық іс-әр. Сияқты гностикалық іс-әрекет терде заттық және сырттай іс-әрекет бола алады. Бұның өзі сондй-ақ персептивтік іс-әрекет н\е символикалық іс-әрк болуы мүмкін.

Мұғалімнің сабақ өткізу шеберлігі.Еліміздің даму процестерінің өзгерісі мен күнделікті жаңарту жетілдіру мақсатында жаңашыл педагогтар ғылымға жаңалықтар енгізуде. Кеңес одағы елдеріне белгілі болып келген педагогтарымыз олар-Шатапов-математика пәні мұғалімі тірек сигналды тиянақты хабаршы ретінде қолданған.Лысенкова-баст сынып мұғалімі.Тірек сигналдарын дегеніміз-оқушының өз таңдауына таңдау жасау.

Педагогикалық шеберлік жүйелері. Педпгогтың іс –әрекеттегі гуманистік бағыттың – мұғалімнің тәрбиесінің балаларға адамгершілік ,ізгілік қатынасын орната олуы және кәсіптік білім білгірлік терең білімді ,ол іс-әрекетіне бейімді,өз пәнін жақсы көруі бар білімін оқушылырына ықыласпен жеткізу және оның техникасы іс-әрекет ұйымдастыра білу шеберліктері жатады.

Педагогтың сыртқы келбеті.адамдардың өзара пікір алмасуы бір-бірімен қарым-қатынас жасауы. Ең алдымен сөз арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан педагогтың сөзі мәнерлі өздік қоры бай болуы керек .Қарым –қатынас жасау барысында мұғалімнің сөзі мен дене қимылы бір-біріменүйлескені жөн.мұғалімге ең керегі дауыс ырғағы,сөйлеу шеберлігі. Педагог сөйлеу мәнерін реттеп дене қимылын дұрыс. Сыныпқа кіргенде әбігерленбей салмақты денесі бірқалыпты басқарған оқушыға ықыласты амандасуы жөн.