Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПСИХОЛОГИЯ экзамен шпора.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
156.18 Кб
Скачать

Жеке адамның бағыт - бағдары.

Бағыт -бағдар - адамның өмірлік ұстанымы. Бағыт бағдардың ерекшеліктері: адамның әлеуметтік өмір талабына сәйкестенеді, бағыт-бағдар деңгейі қоғамдық талаптарға орай адамның биік мұратымен ұштасады. Бағыт-бағдар кең және тар болып бөлінеді.

Адамның бағдары, ынта –жігері, мақсат-мүддесі гуманистік қоғам мүддесімен үндеседі. Адамның кісілік қасиетін түсінуде «ол нені қалайды?» деген мәселені ғана қою жеткіліксіз. Өйткені, адамның ниет-тілегі мен ынтасы үнемі өзгеріп, дамып, күрделеніп отырады. Жалпы, адамның азаматтық бағыт-бағдарының сапалары мынадай ерекшеліктерімен анықталады: l) Бaғыт деңгейі адамның әлеуметтік өмір талабына сәйкестенеді. 2) Бағыт-бағдар деңгейі қоғамдық талаптарға орай адамның биік мұратымен ұштасады. 3) Кеңдігі. Баланың ұйқысын қандыруы, тойып тамақ ішуі, әдемі киінуі — оның бағытының өресіздігі, тарлығы. Бағыт-бағдар кеңдігі адамның, әралуан қызығуы мен ынтасына, оның әр тарапты дамуына байланысты. Мұндай қасиеттер баланы тоғышарлықтан сақтандырады. Бағыттың шашыраңқы болуы- ұнамсыз қасиет. Осы орайда, «Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді» деген мақалдың тәлімгерлік мәні ерекше. Оқушы үшін қызығу кеңдігі, яғни оның тиянақты білім алып, белгілі бір мамандықты игеруі — саналы азамат болудың шарты. 4.) Қарқындылығы. Бұл баланың сезімі мен эмоциясының айқынды-ғын білдіреді. Әрбір нәрсеге әуестенуден гөрі ерікті тілек - ынтаға ден қою, белсенді әрекет етіп, іске жігермен кірісу адамның сенімін арттырады. (5) Бағыт-бағдар тұрақтылығының ұзақ мерзімге созылуы. Жас жігіттер мен қыздар кейде бір нәрсені біліп, үйренуге қызу кіріседі де, аяқтамай тастап кетеді. Одан кейін зерігеді, ақырында сол үшін өкінеді. Бұл — бағыттың тұрақсыздығы. Мысалы, жас маман үздік оқып, белгілі математик не филолог маман, болғысы келеді. Содан кейін халық құрметіне бөленген әйгілі азамат, бақытты отбасы, қоғам қайраткері болуды арман етеді. Бағыт адамды игі мақсатқа жеткізеді. 6.) Оқушының әркетшілігі — оның бағыт-бағдарындағы шешуші кезең. Жас Қыз ұстаздық мамандықты не себепті таңдады? Оған бұл мамандыктың несі ұнады? Таңдаған мамандығы бойынша жемісті іс атқара ала ма? Мұның бәрі іс-әрекетке байланысты Кәсіптік – техникалық училищеге түскен оқушы, менеджер болғысы келетін кәсіпкер, шаруашылық орындарында маман, кеңшарда малшы, сауыншы болып істеу – мұның бәрі іс - әрекет арқылы жүзеге асып, адамды арманына жеткізбек.

Зейін туралы жалпы түсінік.

Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.

Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады. Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға күшті әсер етеді де, оның бір алабын ерекше қоздырады. Мидың осы күшті қозған алабы қалған алаптардағы әлсіз қозуды өзіне тартып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан бетер күшейеді. Мұндай жағдайда адам зейінні бір нәрсеге шоғырланады да, қалған нысандарды байқамайтын болады.