Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПСИХОЛОГИЯ экзамен шпора.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
156.18 Кб
Скачать

Қарым-қатынас құрылымы

Қарым-қатынас құрылымы: коммуникативтік, интерактивтік, перспективтік.

- Қарым қатынастың коммуникативтік жағы - мұнда адамдар қарым-қатынас арқылы бір біріне ойын мақсатын, алған бет алысын ажыратуға тырысады. Бұл процестің құралына сөз мимикасы жатады.

Кері байланыс дегеніміз - адамдардың өз ойын тура және жанама түрде жеткізуі. Тура кері байланыста пікір ашық түрде айтылады. Жанама кері байланыс өз пікірін жаналалай жеткізу, мысалы: әр түрлі сұрақ қою арқылы, кекету және эмоциялық реакция арқылы.

Қарым қатынастың интерактивтік жағы - бұл адамдардың бірігіп қызмет жасау үшін стратегиялық жоспар құруы. Интерактивтік жағы адамаралық қатынастардың, адамдардың бір бірімен әрекеттесуімен байланысты оспектілерін белгілеуге арналған шартты термин.

Қарым қатынастың перспективтік жағы – қарым-қатынасқа түсіп тұрған адамдардың бірін-бірі қабылдауы. Бірін-бірі қабылдауда өзара түсінушілік болу шарт.

Адамның өзін басқа адамдар арқылы сезінуінің екі жағы бар:

Идентификация - адам өзін басқа адам орнына қойып сол адам бағалайтын заттарын, құбылыстарын, оқиғаларын өзіндік етуі.

Рефлексия – баға бере білуі.

Коммуникативті қарым қатынастың вербальды және вербальды емес түрлері

Адам қарым қатынасының негізгі құралы - тіл. Адамның тіл арқылы қарым қатынасқа түсуі вербальды қарым қатынас деп аталады. Сонымен қатар дене қимылдарын, мимика жесттерин қолданса, бұл вербальды емес қарым-қатынас деп аталады.

Коммуникацияның негізгі ерекшеліктері

Негізгі ерекшеліктері:

Коммуникация - екі индивидуалдық өзара қарым-қатынас

Информация алу барысында партнердің мінез құлқына әсер етуі.

Коммуникациялық ықпал қарым-қатынасқа қатысушылардың бір белгіні қолданылуы.

Коммуникация барысында кездесетін барьерлер (әлеуметтік, саяси, діни айырмашылыққа байланысты)

Топ және ұжым туралы түсінік

Өмірдің және адамдардың өзара қарым-қатынасын тарихи жағдайлар адамдарды ұлт, мемлекет, тап және басқа да қауымдастықтарға бірігуге әкеледі.

Адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ең жоғарғы формасы ұжым. Ұжым - ол қоғамға пайдалы қызметте ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы. Ұжымның белгілерін А. С. Макаренко анық та толық айтып берді: «Ұжым дегеніміз - жеке адамдардың өз алдына мақсат қоя ұйымдасқан ұжымдық органдары бар комплексі». Ұжымның қоғамдық мәні бар міндеттерді тиімді шешуге қабілеті келеді және тұрақты әрі бір-біріне көмектесіп отыруға негізделген өзара қарым-қатынас орната алады.

Ұжым - адамдардың тобы болғандықтан оған топтың белгілері тән. Алайда ұжымның топта жоқ белгілері болады. Сондықтан да қандай болсын ұжымды топ деп санауға болады.

Топтардың түрлері

1)Үлкен

2)Шағын топтар.

Үлкен топтар шынайы және шартты болып бөлінуі мүмкін. Шынайы топтар дегеніміз - белгілі бір іс-әрекетке түсетін күрделі түрде ұйымдасқан адамдар тобы (мектеп ұжымы, зауыт ұжымы және т.б.).

Шартты топтар бір-бірімен тікелей не жанама объективтік арақатынас жасамайтын субъектілерден тұрады.

Олардың әлеуметтік және психологиялық сипаттамалары ортақ болады (ұлттық, жас шамасы, жыныстық және т.б.). Үлкен шартты топтарды зерттеу олардың мүшелерінің дамуын болжауға және оларға қатысты өзінің стратегиясын жасауға мүмкіндік береді.

Шағын топтар бұл - ортақ мақсаттармен немесе міндеттермен біріктірілген, әрқашанда тікелей қатынас жасайтын жеке адамдар. Ішкі құрылысының қарапайымдылығы шағын топтың ерекшелігі болып табылады. Шағын топта, әдетте, беделді лидер немесе беделді жетекші болады. Топ мүшелерінің арақатынасын

реттеуші ұйымның сипатына байланысты топтарды бөле отырып ресми ұйым топтың құрылымының сырттан берілетінін болжайды, ал топтың ресми емес ұйымын адамдардың психологиялық арақатынасы қалыптастыратын ішкі құрылымдық ерекшеліктер реттейді. Бұл топтарды мынау сипаттайды: олардағы арақатынастар топтық іс-әрекеттің мазмұнына байланысты болмай, симпатия - антипатияның тікелей қатынастарына ғана байланысты болады. Мұндай бірлестіктер әдетте ерікті уақытша болып, көзқарастардың үқсастығымен айкындалады (экскурсия, лабораториялық зерттеуге қатысушы адамдар тобы; емтихан тапсырушы талапкерлер). Қоғам мұндай бірлестіктердің тіршілік етуіне рұқсат бергендіктен, мұндай топтарга ресми жақтардың болуы мүмкін.

Жеке адам туралы жалпы түсінік

Адам белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын белгілі бір іспен айналысады, білімі, өзіне тән өзгешеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны «жеке адам» етеді. Жеке адам әлеуметтік ортада ғана қалыптасады. К. Маркстін айтуынша, жеке адам - барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Жеке адам түсінігінде «индивид», «жеке тұлға», «даралық», «дара адам» терминдері кездеседі.

Индивид дегеніміз - тіршілік иесі. Даралық дегеніміз - адамның табиғи және әлеуметтік қасиеттері мен ерекшеліктері. Дара адам - тектілердің өкілі.

Жеке адамның мотивтері

Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда «мотив» деп атайды. Мотив түсінігін қарастырған психолог – Алгеева. Ол өзінің еңбектерінде мотивтік әрекетті, қылық пен іс әрекетті психикалық реттеудің ерекше түрі деп айтқан. Ресей педагогы Ломов мотив түсінігін басқа да факторлармен тәуелділігін реттейді. Адамның мотивтері: қажетсіну, мақсат, мұрат, қызығу, талап және бағыт бағдар.

Мұрат - адамның алдына қойған ең ардақты асыл мақсаты.

Қызығу - шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшеліктерінің бір көрінісі.

Қажетсіну - өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы.

Бағыт – бағдар адамның өмірлік ұстанымы.