- •Қабылдаудағы иллюзияға қатысты мысалдар келтіріңіз
- •Түйсіктің негізгі қасиеттерінің мәнін сипаттайтын карта құрастырыңыз
- •Оқушылардың сабақ үлгерімінде қабілеттің орнын анықтаңыз
- •Жеткіншектік шақтағы негізгі құрылымдарға талдау жасаңыз
- •Ересектің сыртқы белгілеріне еліктеу жолдарын айқын көрсететін белгілерді сипаттаңыз
- •Жасөспірімдердің мамандық таңдауына қатысты беретін өз ұсыныстарыңызды әзірлеңіз
- •Сабақты дұрыс ұйымдастыра білуге қатысты өз ұсынысыңызды әзірлеңіз
- •Мұғалімде болуы қажет кәсіби және жеке бас сапаларын жіктеңіз
- •Психология пәні, міндеттері
- •Психология ғылымының салалары
- •Психология ғылымының даму тарихы.
- •Психиканың пайда болуы туралы жалпы түсінік
- •Адам санасының пайда болуы және дамуы
- •Психиканың даму сатылары.
- •Инстинкт ұғымы, жануарлар дағдылануының принциптері
- •Қарым-қатынас құрылымы
- •Топтардың түрлері
- •Жеке адамның бағыт - бағдары.
- •Зейін туралы жалпы түсінік.
- •Зейін түрлері
- •Зейін қасиеттері
- •Зейіннің физиологиялық негізі
- •Типтік тапсырмалар. 1ши бет Абылбекова Самал
- •2.Топтарды өлшемі бойынша былайша бөлу кең таралған:1Үлкен2Шағын топтар.
Психиканың пайда болуы туралы жалпы түсінік
Психиканың дамуы жүйке жүйесімен тығыз байланысты. Жүйке жүйесі дегеніміз - организмның сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады. Сырттан келген тітіркендіргішке жауап қайтарады. Жүйке жүйесінің қызметі рефлекс арқылы жүзеге асып отырады.Рефлекс туралы алғаш айтқан француз ғалымы - Р. Дека. Рефлекс терминін ғылымға енгізген чех ғалымы - Прохозский. Рефлекс - латын сөзі, қазақша «бейнелеу» деген мағынаны білдіреді. Рефлекс - сырттан немесе іштен келетін тітіркендіргіштерге организмнің қайтаратын жауап реакциясы. Рефлекс туралы теорияның негізгі қағидаларын ғылыми тұрғыда тұжырымдаған - орыс физиологы И. М. Сеченов, ми қабығында қозумен қатар тежелу процесі болатынын дәлелдеді. Павлов шартты рефлексті зерттеді.
Психика - объективті дүниені субъективті бейнелендіру болып табылады.
Субъект - адам. Объект - қоршаған орта.
Психика бейнелену ақиқатының шынайы, дұрыс бейнеленуі. Ақиқатты бейнелендірудің дұрыстығы адамзаттың қоғамдық тарихи практикасымен тексеріледі.
Адам санасының пайда болуы және дамуы
Психиканың ең жоғарғы формасы - адам санасы. Сана деп - шынайы дүниенің бейнесі ретінде тек адамға ғана тән және олардың еңбек ету үрдісінде дамитын психиканың жоғарғы формасын айтады. Сана - адамның қоғамдық тарихи дамуының жемісі. Ол әлеуметтік даму заңына сәйкес үнемі жетіліп, күрделеніп отырады. Адам санасының пайда болуын түсіндірген - М. С. Энгельс. Олардың түсіндіруінше адам санасы еңбек ету процесінде пайда болған. Адамның жануарлардан басты ерекшелігі - еңбек құралын ойлап, жоспарлап жасауы, құрал саймандарды басқа адамдармен бірлесіп қолдануы, қоғамдық тәжірибені бір - біріне жеткізіп мұра етіп қалдыратындығы.
Психиканың даму сатылары.
Психиканың даму сатылары:
Қарапайым сенсорлық психика сатысы (сезімдік) - мұнда қимыл іс-әрекеттің негізгі қоры туа бітетін инстинкт (организмнің белгілі бір тіршілік жағдайына, өскен ортасына әбден көніккенін көрсететін мінез-құлықтың түрі).
Перцептивтік психика сатысы - бұл сатыда жануарлар сырттағы заттарды, құбылыстарды қабылдау процесінде, олардың ерекшеліктерін байқап бірінен-бірін ажырата білуі.
Психика дамуының ең жоғарғы сатысы - интеллект. Бұл сатыда жануарлар интеллектуалдық әрекет жасай алады, яғни заттар арасындағы күрделі қатынасты бейнелейді. Мұндай жануарларға - приматтар, яғни адамға ұқсас маймылдарды жатқызамыз.
Инстинкт ұғымы, жануарлар дағдылануының принциптері
Психика дамуының ертедегі сатыларында мінез құлықтың ұрпақтан-ұрпаққа берілетін қарапайым стереотиптері үстемдік еткен. Бұл стереотиптер - инстинктер. Инстинктер биологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты мінез-құлық актілері. Инстинктер туа бітеді, олар жыныс клеткасына негізделген. Әр түрлі жануар тек өзіне ғана тән түрде өмір сүреді.
Жануарлар құлық әрекетінің екінші типі - дағды болып табылады. Дағды дегеніміз - жануарда өз бетінше әдеттену және жаттығу арқылы қалыптасқан құлық әрекет тәсілдері. Көпшілікке мәлім жануарды жаттықтыру ісі нақ осындай дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Дағдылар өмірдің табиғи жағдайында да қалыптаса береді. Э. Торндайк американ психологы және педагогы, ұлттық жануарлар академиясының мүшесі. Өзінің еңбектерінде хайуанаттарды қолға үйрету, олардағы рефлекстің туу себептерін зерттегенін жазған болатын. Үйретудің бірінші заңдылықтарын (жаттықтыру, әсерлілік, дайындық) ұсынды. Психологиялық дамудың дәрежесін сан жағынан анықтауда өзінің ментиметриялық тәсілдерін ұсынды. Соңғы еңбектерінде бұрын ашқан үйрету моделіне түзетулер енгізді.
Іс- әрекет туралы жалпы түсінік
Іс-әрекет - дегеніміз дүниені шерудің шарттары. Іс-әрекет адам қажеттілігін өтеуге бағытталған әрекеттер жиынтығы. Адам іс-әрекеті күрделі процесс. Іс-әрекет ұғымынан әрекет ұғымын ажырата білуіміз керек, себебі іс-әрекет ұғымының ауқымы аса кең, ал әрекеттің сипаты шағын. Әрекет іс-әрекеттің бір бөлігі. Леонтьев бойынша: іс-әрекет дегеніміз белгілі қажеттіліктерге жауап беретін, мотивтерге бағынатын және адамның дүниеге деген өзіндік қатынасын іске асыратын белсенді процестер.
Іс-әрекеттің құрылымы
Іс-әрекет құрылымы жөніндегі алғашқы пікірлер әрекет элементтерімен байланысты. Мысалы: алу, көру, көтеру,қабылдау. Іс-әрекет мынандай құбылыстардан тұрады:
Мотив-түрткі
Мақсат
Міндет
Әрекет
Жаттығу, үйрету
Дағды
Іс-әрекет нәтижесі
Мақсат дегеніміз-іс әрекетке бағытталған объекті.
Міндет дегеніміз-осы мақсатты іске асыруда көрінетін жоспар
Жаттығу дегеніміз-үйрену нәтижесінде қалыптасатын адамның саналы іс-әрекеті.
Дағды дегеніміз-бір әрекетті бірнеше рет орындауға қалыптасатын, яғни автоматты түрде орындалатын әрекеттің бөлігі.
Іс-әрекет нәтижесі дегеніміз-мақсаттын іске асқан аспағандығын есепке алу.
Іс әрекет түрлері
Ойын әрекеті
Оқу әрекеті
Еңбек әрекеті
Іс әрекет түрлері: ойын, оқу, еңбек.
Ойын дегеніміз - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының бір бөлігі қоғамдық тәжірибені меңгереді. Өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Кейбір шетел психологтары ойынды санасыз инстинктерге балайды. Мысалы: Гросс «жануар төлі мен адам баласының ойынының арасында айырмашылық жоқ» - дейді. Спенсер: «ойын баланың артық энергиясын сыртқа шығаратын тәсіл» - деп түсіндіреді. Вюллер: «ойынды рахат табудың көзі» - деп түсіндіреді. Ардақты педагог Макаренко: «ойын балалар өмірінде үлкен маңызға ие, себебі балалар ойында қандай болса, өскенде солай қалыптасады, сонымен қатар ойын баланы тәрбиелеудің құралы».
Оқу - балаға қоғамның асыл мұрасын, тәжірибесін, білімін меңгертетін іс әрекеттің бір түрі. Психолог Гальперин өзінің «Ақыл ой әрекетін сатылап қалыптастыру» теориясында баланың ақыл ойын қалыптастырудың тәсілдерін нақтылап берді.
Еңбек дегеніміз - адамның психикасын қалыптастыруда шешуші рөл атқаратын әрекеттің бірі. Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты. Еңбектің адам сана сезімінің қалыптасуына қалай әсер ететіндігін Ушинский дәлелдеп берген болатын.
А. Маслоудың мотивация теориясы
А. Маслоу қажеттілік теориясын зерттеген. Оның түсіндіруінше жеке адамның қажеттіліктері 5 топтан тұрады:
1) Физиологиялық қажеттіліктер
2) Адамның қауіпсіздігі қажеттіліктері
3) Әлеуметтік қажеттіліктер
4) Адамды сыйлау қажеттіліктері
5) Өзін өзі көрсету қажеттіліктері
Осы қажеттіліктердің ішінен өзін өзі көрсету қажеттілігін жоғарғы орынға қояды. Себебі, адам әлеуметтік ортада өскісі келеді, сондықтан ол процесс шексіз.
Іс әрекет құрылымының бірі дағды түрлері
Дағды - автоматты түрде жасауға дейін жеткізілген әрекет; көп рет қайталау жолымен қалыптасады. Оқыту процесінде, әсіресе, жалпы оқу дағдыларын, пәнаралық мәндегі, жазу дағдыларын қалыптастыру қажет.
Дағды бірнеше түрлері бар: перцептивті, интеллектуалдық, қозғалыс және мінез-құлық дағдылары.
Перцептивті дағды — жақсы таныс заттардың тану белгілерінің бірмезгілдік, таптаурын бейнелеуі.
Интеллектуалдық дағды — белгілі бір сыныпқа кіретін есептер мен тапсырмаларды шешудің таптаурын тәсілдері.
Қозғалыстық дағды— таптаурын әрекеттер, жақсы қойылған қимыл-қозғалыстардың жүйесі. Қозғалыс дағдыларына әрекеттің әдетті құралдарын таптаурын түрде пайдалану да кіреді.
Ақыл ой әрекетін сатылап қалыптастыру теориясы.
Психолог П. Я. Гальперин өзінің Ақыл ой әрекетін сатылап қалыптастыру теориясында бала мәселені шешу үшін алдымен сыртқы материалдық әрекеттерді (затты ұстап көру, көлемін ажырату, шамамен өлшеу) пайдаланады, сосын оның бейнесін елестетеді. Содан соң дауытап және іштен айта алатын болады, сөйтіп сыртқы заттық әрекеті біртіндеп ішкі ой әрекетіне айналады дейді.
Оқу әрекетінде пайда болатын үлгермеушілік себептері.
Үлгермеушілік негізінен 2 себепке байланысты туып отырады. Мысалы бір жағынан: оқыту тәсілдері мен бағдарламалардың олқылықтары, оқушыға берілген білім мөлшерінің нақты белгіленбеуінен туса, енді бір жағынан: балаларды өзіндік психикалық ерекшеліктеріне байланысты болып отыр. Психологтар жүргізген зерттеулерге негізделіп баланың өзіне байланысты үлгермеушіліктің 5 тобын ашты:
Үлгерімі нашар баланың бірінші тобына - мұғалім бақылауынан біраз уақыт шығып қалған оқушылар кіреді.
Ми ауруларымен ауырған (ақыл ойы кем) балалар жатады. Осындай балалар тек арнаулы мектептерден білім алуы тиіс.
Туысынан мүкіс еститін, не есту кейінен нашарлаған балалар, өздеріне арнайы ашылған мектептерде оқуы қажет.
Түрлі аурулармен аурып, организмі әлсіреген балалар санаториялық мектептерде оқыса оқу бағдарламасын жақсы меңгеріп кете алады.
Нашар мінезді балалар: сотқар, қасарысқан, т б.
Үлгермеушіліктің бірінші, төртінші, бесінші тобындағы балалар жетілдірілген әдістермен оқытылса, оқу керенаулығы жойылып, ақыл ойының белсенділігі біртіндеп артатын болады.
Іс-әрекеттің ішкі және сыртқы түрлері
Психологияда іс әрекеттің 2 түрі болады:
Дененің затпен айналысу әрекеті
Ақыл ойдың психикалық реалдылықпен әрекеті
Совет психологтарының зерттеулері: ақыл ой әрекеті әуелді сыртқы, заттық әрекет түрінде көрініп, бірте бірте ішкі психикалық амалға ауысатынын көрсетеді. Сыртқы әрекеттің ішкі әрекетке ауысуы интериоризация деп аталады.
Ақыл ой әрекетін игерген адам өзі тындырмақ болған іске сыртқы әрекетке кіріспес бұрын әуелі ой елегінен өткізіп алады: көзге елестетіп көреді, сөзбен сипаттайды. Ақыл ой әрекетін заттармен әрекет түрінде сыртқа шығару экстериоризация деп аталады. (тұжырым бала туралы)
Сыртқы әрекет ішкі әрекеттің бақылауымен жүргізіледі. Адам іс әрекеттің барысын күні бұрын жоспарланған және бейнелер мен ой түрінде байланыстырып жүрген әрекетпен салыстырып отырады. Нақты әрекетті бұлайша топшылау және оны реттеп отыру мүмкіндігі әрекет акцепторы деп аталады. Бұл механизм нақты нәтижені ойдағы нәтижемен салыстыруға және түпкі мақсатқа жету үшін оны реттеп отыруға мүмкіндік береді. Әрекет акцепторы ұғымын жасаған П. К. Анохин бұл ұғымды: әрекет нәтижелерін бақылау және оларды алға қойған мақсатпен салыстыру аппараты деп түсіндірді.
Қарым-қатынас туралы түсінік
Адамның өзара қатынасы күнделікті өмірде болып тұратын жағдай. Көптеген ғылым-өнер қайраткерлері осы қарым-қатынас адамдардың мінезі мен психологиялық өзгешеліктеріне байланысты деп есептейді. Қарым қатынас дегеніміз - сөз арқылы адамдардың әрекеттесуі, яғни олардың бірігіп жасайтын іс-әрекет қажеттіліктерін орындау.
Қарым-қатынас түрлері
Қарым-қатынасты 3 түрге бөлеміз:
Қажетті қарым-қатынас (туған туысқан арасындағы қарым қатынас)
Міндетті қарым-қатынас (мұғалім мен оқушы, дәрігер мен поциент арасындағы қарым қатынас)
Ынтымақты қарым -қатынас (жақсы достар арасындағы қарым қатынас)
Осы қарым-қатынастың жалпы сипаты іс барысында жұмыс үстінде көрінсе, оны ресми қарым қатынас деп атайды. Тек сезім сипатынан байқасақ мұндай қарым қатынас ресми емес қарым-қатынас деп аталады.
Адам қарым қатынасының негізгі құралы - тіл. Адамның тіл арқылы қарым қатынасқа түсуі вербальды қарым қатынас деп аталады. Сонымен қатар дене қимылдарын, мимика жесттерин қолданса, бұл вербальды емес қарым қатынас деп аталады.
Қарым-қатынастың тағы 2 түрін көрсетуге болады:
Жеке бастық топтық қарым қатынас бұл бір жағы жеке адам, келесі жағы топ немесе ұжым болғанда көрінетін қарым қатынас. Мысалы: жетекші мен топ
Өзара топтық қарым қатынас екі топтың өзара әрекеті. Мысалы: спорттағы командалық жарыс.
