- •Қабылдаудағы иллюзияға қатысты мысалдар келтіріңіз
- •Түйсіктің негізгі қасиеттерінің мәнін сипаттайтын карта құрастырыңыз
- •Оқушылардың сабақ үлгерімінде қабілеттің орнын анықтаңыз
- •Жеткіншектік шақтағы негізгі құрылымдарға талдау жасаңыз
- •Ересектің сыртқы белгілеріне еліктеу жолдарын айқын көрсететін белгілерді сипаттаңыз
- •Жасөспірімдердің мамандық таңдауына қатысты беретін өз ұсыныстарыңызды әзірлеңіз
- •Сабақты дұрыс ұйымдастыра білуге қатысты өз ұсынысыңызды әзірлеңіз
- •Мұғалімде болуы қажет кәсіби және жеке бас сапаларын жіктеңіз
- •Психология пәні, міндеттері
- •Психология ғылымының салалары
- •Психология ғылымының даму тарихы.
- •Психиканың пайда болуы туралы жалпы түсінік
- •Адам санасының пайда болуы және дамуы
- •Психиканың даму сатылары.
- •Инстинкт ұғымы, жануарлар дағдылануының принциптері
- •Қарым-қатынас құрылымы
- •Топтардың түрлері
- •Жеке адамның бағыт - бағдары.
- •Зейін туралы жалпы түсінік.
- •Зейін түрлері
- •Зейін қасиеттері
- •Зейіннің физиологиялық негізі
- •Типтік тапсырмалар. 1ши бет Абылбекова Самал
- •2.Топтарды өлшемі бойынша былайша бөлу кең таралған:1Үлкен2Шағын топтар.
Психология ғылымының салалары
Псих. ғылымының салалары:
Жалпы психология - қалыпты ересек адамның психикалық қызметінің жалпы заңдылықтарын зерттеу.
Педагогикалық психология - адамды оқыту мен тәрбиелеудегі психологиялық заңдылықтарды қарастырады.
Жас ерекшелік психологиясы - адамды әр жас кезеңіне бөліп, сол кезеңнің өзіндік ерекшелігін зерттейді.
Потологиялық психология - адамның нормальды психология қызметінің бұзылуының әр түрлі формаларын және түрлі ауытқуларды қарастырады. Ол өз ішінен 3-ке бөлінеді:
Олигофренопсихология - мида туа біткен ауытқуларды зерттейді.
Гифропсихология - соқыр немесе нашар көретін адамдардың психологиясын зерттейді.
Судропсихология - есту қабілетінің бұзылуымен байланысты психологияны зерттейді.
Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы
Психология:
Педагогикамен байланысты - оқу, тәрбие жұмысындағы психологиялық заңдылықтарды қарастырады.
Анатомия, физиологиямен байланысты - жоғарғы нерв жүйесінің қызметінің дамуын зерттейді.
Философиямен байланысты - белгілі бір қоғамдық жағдайда жеке адамның қалыптасу заңдылықтарын зерттей келе психологиядағы тарихи материализмнің даму заңдылықтарын реттейді.
Психикалық құбылыстардың жіктелуі
Психикалық құбылыс дегеніміз - ішкі және субъективті тәжірибе, яғни арманымыз, тілегіміз, ниетіміз, қиялымыз.
Психикалық құбылыстар 3-ке бөлінеді:
Психикалық процестер - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миындағы түрлі бейнелері (түйсік, қабылдау, есту, ойлау, сөйлеу, қиял, эмоция)
Психикалық көңіл күй - адамның түрлі көңіл күйінің компоненттері (қуану, абыржу, зерігу, шабыттану)
Психикалық қасиеттер - бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға негіз болатын маңызды ерекшеліктер (қабілеті, темпераменті)
Психология ғылымының принциптері
Психология ғылымының принциптеріне: детермениз принципі, сана мен іс-әрекеттің бірлігі, даму принципі және жеке адамның принципі жатады.
Детерменизм принципі - психикалық көріністердің дәлелді көзқарасы, яғни, табиғи және социалді шарттары.
Сана мен іс-әрекеттің бірлігі - сана мен іс-әрекеттің бір біріне қарама-қайшы еместігін көрсетеді. Бірақ бірдей деп те айтпайды. Бұл екі саланың ұқсастығы дамиды және іс-әркетте өзінен өзі пайда болады. Іс-әрекет ерік-жігерге байланысты іске асады да, ал сана сонымен бірге жүреді.
Даму принципі - психиканың дұрыс түсіндірілгенін немесе түсіндірілмегенін білдіреді және ол арнайы бір дене ретінде немесе зат ретінде қарастырылады.
Жеке адамның принципі - адамның барлық қырынан, яғни индивидуалды және социалды психологиясына шолу жүргізіледі.
Психология ғылымының даму тарихы.
Психология өте ежелгі, өте жас ғылым. Мың жылдық тарихының барына қарамастан, оның бар болашағы алда. VIV ғ соңы - ХХ ғ. басында танымал ғалым Г. Эбингауз психология жөнінде қысқы да дәл былай деген: «Психология тарих алдында ұлан – ғайыр, ал тарихы өте қысқа. Психика зерттеулерінің тарихы деп отырғанының психикасының сәл – сапада бөлініп, жаратылыстану ғылымдарымен ұштасып, өзінің эксприменттік зерттеулерінің ұйымдастыра бастаған дәуірі. Бұл ХІХ ғ кейінгі ширегі болған мен психология бастаулары көз жетпек ғасырлар тереңіне өріс алды. Пән атының өзі де грек тілінен аударғанда психология жан туралы ғылым («психо – жан», логос - ғылым») дегенді аңғарады, кең тараған түйіншіктерге жүгінсек алғашқы психологиялық көзқарастар діни ұғымдарға байланысты дүниеге келген.
Л.С. Рубинштейн «Жалпы психология негіздері» (1940) атты еңбегінде «Психология зерттеуіндегі ерекше құбылыстар ауқымы анық көрініп тұр: Олар біздің қабылдауымыз, ықылас - ниеттерімізбен тілектеріміз, т.б. яғни біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрап, біздің жан толғаныстарымыз үшін денімізге ажырамастай болып сіңген құбылыстар жиыны деген.
