Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПСИХОЛОГИЯ экзамен шпора.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
156.18 Кб
Скачать

Сабақты дұрыс ұйымдастыра білуге қатысты өз ұсынысыңызды әзірлеңіз

В.А.Сухомлинский ақыл-ой тәрбиесін дұрыс ұйымдастырудың негізгі мынадай жолдарын атап көрсетеді. Мұғалімдердің дидактикалық білімдері мен дағдыларын арттыру мақсатында педагогикалық қызметтің кәсіби құрылымы мен оның моделі туралы, сондай-ақ, мектептегі оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастырудың психологиялық және әдістемелік құраддары мен тиімді жоддары туралы жан-жақты оқыту тәжірибесше қарағанда, мұғалімдердің қызметінде дидактикалық қиындықтардың кездесетіні анықталып отыр. Мұғалімдердің қызметіндегі дидактикалық қиындықтар, негізінен, олардың мынадай іс-әрекетінен байқалады: —    оқушылардың   танымдық, әрекетін қалыптастырудағы іс-әрекетінде; — дарында балалармен, үлгермейтін оқушылармен дара жұмыс істеудегі әрекетінде. Мұғалімдердің ұстаздық қызметке тән іс-әрекеттің негізгі түрлерін (құрамды бөліктерін) жеке меңгере алмағандығын өмір көрсетіп отыр. Оған мыналар жатады: —  ұстаз қызметіндегі мақсат қоя білу ісі; — білімнің мазмұнын игеру ісі; — оқушылардың білім алуға деген мүмкіндіктері мен психологиялық ерекшеліктерін алдын ала (диагностикалау) ісі; —  сабақ өткізудің әдістемелік жағын ұйымдастыра білу ісі; —  оқушылармен жақсы қарым-қатынас жасай білу ісі (коммунативтік әрекет); — оқушыларды білімге ынталанды-ру, қызықтыру іс-әрекеті; — оқушылардың білім дағдыларын бақылау және бағалау іс-әрекеті.

Мұғалімде болуы қажет кәсіби және жеке бас сапаларын жіктеңіз

Жақсы мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп ссептеледі. Және солай болуға тиіс, Жоғары оқу орнында білікті мұғалімді даярлау үшін оқытушының да, студенттің де қажымас еңбегі қажет. Педагогикалык практика мұғалімді кәсіби даярлау жүйесінде басты элемент болып табылады. Педагог білікті маман, өз ісінің шебері болуы керек. Яғни педагог шебер болу үшін: өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай алуы керек, кәсіби мамандығына қажетті қабілеттерді меңгеруі тиіс, жалпы мәдениетті, интеллектуалды іс-әрекетті, мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі тиіс, өтіп жатқан интеграциялық процестерге, әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына бағыттала алуы тиіс. Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек.

Психология пәні, міндеттері

Психология ерте замандардан келе жатқан білім саласы. Оның дүниеге келген ең алғашқы жері-Греция. «Псюхе»-жан, «логос»-білім, ілім, яғни жан туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Психология психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейді. Психология ғылымының 3 ерекшелігі бар:

Психология адам тану жайындағы ғылымдар арасында жетекші орынға ие.

Психологияның эксперименттік ғылым ретінде дамуы, бұл 1879 ж В. Вунд ашқан лабораториясымен тікелей байланысты.

Психология ғылымының дербестігі.

Психология ғылымының негізгі міндеттері:

Психикалық іс әрекет заңдарын даму барысында зерттеп тану.

Объектив дүниенің қалай бейнеленетінін, оның адам өмірі мен әрекетіне қалай әсер ететінін, психикалық қасиеттердің қалай қалыптасқанын айқындау.

Адам мен жануар арасының жалпы заңдарын ашып көрсетеді.