Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПСИХОЛОГИЯ экзамен шпора.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
156.18 Кб
Скачать

Жеткіншектік шақтағы негізгі құрылымдарға талдау жасаңыз

Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның «өтпелі» , «бетбұрыс» «қиын» «сыналатын» кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екінші дәуіріне өтумен байланысты даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылылығы айтылған. Жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы- оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі; ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен , ақырында өзіне қанағаттандыратын қарым-қатынас орнатуға бағытталады. Дене күшінің дамуында жаңа кезең басталып , жыныстық жетілу процесі өрістейді. Бойдың ұзаруығ салмақтың артуы, кеуде клеткасы шеңберінің өсуі – жеткіншек шақтағы дене толысуының өзіне тән жағдайлары, бұлар күрт өсу деген ерекше терминмен белгіленеді. Жеткіншектер көп жағынан әлі бала болып жүріп , елеусіз есейеді. Жеткіншектің жеке басындағы басты және өзіне тән жаңа құрылым оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы болады, ол өзін ересекпін деп есептей бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады.

Ересектің сыртқы белгілеріне еліктеу жолдарын айқын көрсететін белгілерді сипаттаңыз

Ересектердің сыртқы келбетінің өзіне тән белгілері мен мінез-құлық мәнерлері, кейбір артықшылықтары болғандықтан балалармен салыстырғандағы артықшылық жағдайлары неғұрлым айқын көрінетін ересектіктің сыртқы белгілері жеткіншектер үшін тартымды болып көрінеді. Олар – темекі тарту, карта ойнау, шарап ішу, сөйлеу мәнері, киім мен шаш қоюдағы ересектерге тән «мода», опа-далап, әсемдік заттар, қылымсу тәсілдері, дем алу, көңіл көтеру, ілтипат білдіру, т.б тәсілдері

Жеткіншектің ересектерге теңелмектігі оларға сырттай ұқсасуға , олардың өмірі мен іс-әрекетінің кейбір жақтарына ортақтасуға , олардың қасиеттері мен іскерліктеріне , құқықтары мен артықшылықтарына жетуге ұмтылуынан, осының өзінде бұлардың ішінде алдымен балалармен салыстырғанда ересектердің ерекшелігі мен артықшылықтары көзге анық көрінетіндеріне жетуге ұмтылуынан көрінеді.

Жасөспірімдердің мамандық таңдауына қатысты беретін өз ұсыныстарыңызды әзірлеңіз

Орта мектепті бітірушілердің көбі жоғары оқу орындарына түсуге және жалпы алғанда «интеллектілік» кәсіптерге бағдарланады. Бірақ елімізге заңгерлер мен ғалымдар ғана емес, маман жұмысшылар, шебер малшылар, кең профильді механизатор-тракторшылар, электриктер де керек қой! Мен мектеп бітіруші жасөспірімдерге мынадай ұсыныстар жасар едім:

Әркім өзінің қабілеті бар, сүйіп істейтін мамандығына тартылуы керек

Өзіне ұнамайтын мамандықты таңдамауға кеңес беремін, себебі ол мамандықты өмір бойы істеуіңе тура келеді.

Жалақысы көп, жоғары бағаланатын мамандыққа ұмтылған жөн емесғ себебі ондай мамандықты бітіріп жұмыссыз жүргендер көпғ елімізге қажетті мамандыққа ұмтылыңыздар, ол әрекетіңізбен еліміздің дамуына өз үлестеріңізді қосасыз және болашақта өзіңізді жұмыспен қамтамасыз етесіз))))))))