- •Қабылдаудағы иллюзияға қатысты мысалдар келтіріңіз
- •Түйсіктің негізгі қасиеттерінің мәнін сипаттайтын карта құрастырыңыз
- •Оқушылардың сабақ үлгерімінде қабілеттің орнын анықтаңыз
- •Жеткіншектік шақтағы негізгі құрылымдарға талдау жасаңыз
- •Ересектің сыртқы белгілеріне еліктеу жолдарын айқын көрсететін белгілерді сипаттаңыз
- •Жасөспірімдердің мамандық таңдауына қатысты беретін өз ұсыныстарыңызды әзірлеңіз
- •Сабақты дұрыс ұйымдастыра білуге қатысты өз ұсынысыңызды әзірлеңіз
- •Мұғалімде болуы қажет кәсіби және жеке бас сапаларын жіктеңіз
- •Психология пәні, міндеттері
- •Психология ғылымының салалары
- •Психология ғылымының даму тарихы.
- •Психиканың пайда болуы туралы жалпы түсінік
- •Адам санасының пайда болуы және дамуы
- •Психиканың даму сатылары.
- •Инстинкт ұғымы, жануарлар дағдылануының принциптері
- •Қарым-қатынас құрылымы
- •Топтардың түрлері
- •Жеке адамның бағыт - бағдары.
- •Зейін туралы жалпы түсінік.
- •Зейін түрлері
- •Зейін қасиеттері
- •Зейіннің физиологиялық негізі
- •Типтік тапсырмалар. 1ши бет Абылбекова Самал
- •2.Топтарды өлшемі бойынша былайша бөлу кең таралған:1Үлкен2Шағын топтар.
Оқушылардың сабақ үлгерімінде қабілеттің орнын анықтаңыз
С.А. Изюмова мнемикалық қабілет-терді және оның табиғи алғы шарттарын комплексті зерттеу және оның оқу әрекетіндегі нәтижелілігімен салыстыру мәселесін көрсетті. Э.А. Голубеваның зерттеулері көрсеткеніндей таным функцияларының жеке даралық типтік ерекшеліктерінде өте айқын көрінетін дихотомия – вербалды және вербалды емес болып табылады. Бұл танымдық қабілеттердің ең негізгі психологиялық сипаттамасының негізгі мәні физиологиялық деңгейде түсін-діріледі: олардың қалыптасуының «релевантты» табиғи негізі болып жоғары жүйке әрекеттерінің арнайы адамға тән типі болып табылады. М.А. Матова, З.Г. Гуровская зерттеулері көрсеткендей, 9-10 жасар балалардағы таным қабілеттерінің сипаттамасы да вербальды емес функцияның басым күштілігімен, қабылдау, ес және ойлаудың образдылығы мен эмоционалдылығымен, сөйлеудің локализациясының оң жарты шарлар типіне тән етуге қарағанда көру латерализациясының күштілігімен байла-нысты. Е.П. Гусеваның зерттеулері көрсеткендей, оқушылармен жүргізілген зерттеулер білімді меңгеру деңгейінде және үйренудің нәтижесінде көрінетін жалпы қабілеттің компоненті ретінде естің мәні туралы айтады. Мәліметті мағыналы көшірумен байланысты мнемикалық қабілеттер барлық мектеп пәндерін меңгеруде көрінеді. Танымдық қабілетті зерттеуде балалардың дамуындағы жас ерек-шеліктерге көп көңіл бөлінді. Н.С. Лейтес, жеке балалар жас ерекшеліктеріне тән қабілеттердің дамуының алғы шарттары – жеке даралық қабілеттердің дамып өсуінің негізі, - деп жан – жақты негізделген тезис жасайды. Бұл ереже Е.П. Гусеваның зерттеуіндегі 6 және 14-16 жасар балалардың жас және жеке даралық ерекшеліктерін салыстыруға байланысты жүргізілген экспериментпен дәлелдене түсті. Барлық қабілеттің түрлерінің дамуын қамтамасыз ететін ең негізгі фактор – іс әрекет, олай болса балалардың негізгі іс - әрекеті ойын әрекетін белсендіре отырып, шығармашылық қабілетті дамытуға болатындығы дәлелдене түседі. Онымен байланысты дарындылық факторы ретінде еңбек қабілеттілігі жатады. Жалпы және еңбек психологиясындағы білімдарлық - қабілеттілікті анықтаудың бірден бір параметрі Н.А. Мечинскаяның пайымдауынша, білімді игеруге деген қабілеттілік білімдарлықтың негізі болып есептеледі. Қабілетті анықтаудың біршама сенімді, дұрыс жолы – бұл іс - әрекет барысында оның нәтижелік динамикасын көрсету. Кез–келген іс- әрекеттің орындалу нәтижесі өз алдына қандайда бір жеке қабілетті анықтаумен емес, әрбір адамдағы өзіне тән қабілеттердің үйлесімділігімен анықталады. Қабілет – бір немесе бірнеше іс - әрекеттерді нәтижелі орындауға қатысы бар жеке даралық психологиялық ерекшелік және өзінде бар дағды, ептілік және білімдерге сәйкестенбестен–ақ бұл білім мен дағдыларды жеңіл әрі тез меңгерумен түсіндіруге болады деп жазады. Қабілет бұл дамудың нәтижесі, ал нышан - қабілет дамуының негізінде туа пайда болған анатомиялық–физио-логиялық ерекшелік. Қабілетті реалды зерттеуші оны туа және жүре пайда болған «қоспалық» деген түсінік жұмыс істейді және ол үшін де, потенциалды мүмкін-шіліктері бар
Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытуға қатысты ұсыныстар әзірлеңіз
Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту үшін мына ережелерді ұстану керек деп ойлаймын
Дұрыс тамақтануы
Жеке бас гигиенасы
ақыл-ойын дамытатын ойын түріндегі жаттығулар
ақ пен қараны ажырата үйрету
дұрыс тәрбие беру
Бастауыш сынып оқушыларында оқу әрекетіне қатысты туындайтын дағдарыстарды анықта
Жеті жасар бала мектеп табалдырығынан аттасымен-ақ оқушы болады. Оларда көбінесе үш типті қиыншылық жиі байқалады.
1.Жаңа мектеп режимі ерекшеліктеріне байланысты
2.мұғаліммен, сыныптастарымен қарым-қатынасқа байланысты
3.оқудан жалығу, «тою»
Бастауыш сынып оқушыларында қалыптасатын жаңа құндылықтарды анықтаңыз
Жеті жасар бала мектеп табалдырығынан аттасымен-ақ оқушы болады. Оның өмірінде ойын әлі маңызды орын алғанмен, осы уақыттан бастап ол біртіндеп басымдылық ролін жоғалта бастайды. Бастауыш класс оқушысының жетекші іс-әрекеті оның мінез-құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертетін, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болады. Мектепке дейінгі жастағы балалардан қарағанда бастауыш сынып балаларында қабылдау жақсы дамиды. Бұл жастағы балалар байқағыш келеді. Көп нәрсені қабылдайды ,, бірақ анализ бен синтез жоқ, талдау функциясы қалыптаспаған. Баланың образды есі (көру, есту) жақсы дамып, сөз логикалық есі нашар дамиды. Бала оқуға келген күннен бастап, оның ойы мен интеллектісі үлкен өзгешеліктерге ұшырайды. Бала қарапайым ойдан ұғым арқылы ойлауға көшеді. Мұғалімнің айтқанын дәлме-дәл, қайта жасау қиялын дамыту керек. Ол үшін көрнекіліктерді көп қолдану керек.
