Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПСИХОЛОГИЯ экзамен шпора.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
156.18 Кб
Скачать

Типтік тапсырмалар. 1ши бет Абылбекова Самал

1)Психология пәні мен міндеттеріне сипаттама беріңіз.Психология-ерте заманнан келе жаткан білім салаларының бірі. Оның дүние к-н ең алғашкы жері ежелгі Греция. Гректің 2 сөзінен тұрады. «Псюхе»-жан, «логос»-ілім, яғни жан туралы ілім деген мағынаны білдіреді. Психология психикалық құбылыстың пайда болу, даму және қалыптасу зерт. Псих. Ғылымның 3 ерекшелігі бар. 1ші: психология-адам тану жайындағы ғылымдар арасында жетекші орынға ие. 2ші:псих-ң эксперименттік ғылым ретінде дамуы. Ол 1879 жылы Вильгельм Вундтың ашқан лабораториямен тікелей байланысты. 3ші: псих ғылымының дербестігі.

Психология ғылымның негізгі міндеттері:1)Психикалық іс-әрекет заңдарын даму барсында зерттеп тану. 2)Объектив дүниенің қалай бейнелейтінін оның адам өмірі мен әрекетіне қалай әсер ететінін психикалық қасиеттердің қалай қалыптасқанын айқындау.3)Адам мен жануар санасаның жалпы заңдарын ашып көрсету.

2)Психология ғылымның салаларына сипаттама беріңіз.1.Жалпы психология: қалыпты ересек адамның псих-қ қызметінің жалпы заңдылықтарын зерттеу.2.Педагогикалық психология: адамды оқыту тәрбиелігі псих-қ заңдылықтарды қарастырады .3. Жас ерекшелік психологиясы: адамды әр жас кезеңіне бөліп, сол кезеңнің өзіндік ерекшеліктерін зерттейді.4. Потологиялық психология: Адамның нормальді психика қызметінің бұз-ң әр түрлі форма-н және түрлі ауытқуларды қарастырады.

3) Психология ғылымының басқа ғалымдармен байланысын ашып көрсетіңіз. Психология:1)Педагогикамен байланысты - оқу, тәрбие жұмысындағы психологиялық заңдылықтарды қарастырады.2)Анатомия, физиологиямен байланысты - жоғарғы нерв жүйесінің қызметінің дамуын зерттейді.3)Философиямен байланысты - белгілі бір қоғамдық жағдайда жеке адамның қалыптасу заңдылықтарын зерттей келе психологиядағы тарихи материализмнің даму заңдылықтарын реттейді.

4)Психикалық құбылыстардың ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз. Психикалық құбылыстардың жіктелуіПсихикалық құбылыс дегеніміз - ішкі және субъективті тәжірибе, яғни арманымыз, тілегіміз, ниетіміз, қиялымыз.Психикалық құбылыстар 3-ке бөлінеді: 1)Психикалық процестер - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миындағы түрлі бейнелері (түйсік, қабылдау, есту, ойлау, сөйлеу, қиял, эмоция).2)Психикалық көңіл күй - адамның түрлі көңіл күйінің компоненттері (қуану, абыржу, зерігу, шабыттану).3)Психикалық қасиеттер - бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға негіз болатын маңызды ерекшеліктер (қабілеті, темпераменті).

5) Психология ғылымының принциптеріне түсініктеме беріңіз.Психология ғылымының принциптеріне: детермениз принципі, сана мен іс-әрекеттің бірлігі, даму принципі және жеке адамның принципі жатады.Детерменизм принципі - психикалық көріністердің дәлелді көзқарасы, яғни, табиғи және социалді шарттары.Сана мен іс-әрекеттің бірлігі - сана мен іс-әрекеттің бір біріне қарама-қайшы еместігін көрсетеді. Бірақ бірдей деп те айтпайды. Бұл екі саланың ұқсастығы дамиды және іс-әркетте өзінен өзі пайда болады. Іс-әрекет ерік-жігерге байланысты іске асады да, ал сана сонымен бірге жүреді.Даму принципі - психиканың дұрыс түсіндірілгенін немесе түсіндірілмегенін білдіреді және ол арнайы бір дене ретінде немесе зат ретінде қарастырылады.Жеке адамның принципі - адамның барлық қырынан, яғни индивидуалды және социалды психологиясына шолу жүргізіледі.

6) Психология ғылымының даму тарихына талдау жасау.Психология өте ежелгі, өте жас ғылым. Мың жылдық тарихының барына қарамастан, оның бар болашағы алда. VIV ғ соңы - ХХ ғ. басында танымал ғалым Г. Эбингауз психология жөнінде қысқы да дәл былай деген: «Психология тарих алдында ұлан – ғайыр, ал тарихы өте қысқа. Психика зерттеулерінің тарихы деп отырғанының психикасының сәл – сапада бөлініп, жаратылыстану ғылымдарымен ұштасып, өзінің эксприменттік зерттеулерінің ұйымдастыра бастаған дәуірі. Бұл ХІХ ғ кейінгі ширегі болған мен психология бастаулары көз жетпек ғасырлар тереңіне өріс алды. Пән атының өзі де грек тілінен аударғанда психология жан туралы ғылым («психо – жан», логос - ғылым») дегенді аңғарады, кең тараған түйіншіктерге жүгінсек алғашқы психологиялық көзқарастар діни ұғымдарға байланысты дүниеге келген.Л.С. Рубинштейн «Жалпы психология негіздері» (1940) атты еңбегінде «Психология зерттеуіндегі ерекше құбылыстар ауқымы анық көрініп тұр: Олар біздің қабылдауымыз, ықылас - ниеттерімізбен тілектеріміз, т.б. яғни біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрап, біздің жан толғаныстарымыз үшін денімізге ажырамастай болып сіңген құбылыстар жиыны деген.

7) Ресейдегі психология ғылымының дамуына талдау жасау.Бұрынғы кеңес (қазіргі орыс) психологиясында адамның іс-әрекеті, (С.Л,Рубинштейн, А.Н.Льеонтьев т.б) оның бір-бірімен қарым-қатынас жасауы (Б.Ф.Ламов т.б) бағыт-бағдары (Д.Н. Узнадзе т.б) туралы теориялар қалыптасты. Солар арасында аса танымал болғаны орыс философы және ғалым танушысы Е.М.Кедров (1903-1985) ұсынған топтастыру амалы еді. Кедров пікірінше, ғалымдарды бір беткей түзулік сипатымен топтастыруға болмайды. А.С.Макаренко бізге талай рет ескертіп еді. Ғылыми-техникалық прогресс елімізде осы ғылымның үдере дамуына ерекше ықпал жасап келеді. Кеңес психологтары әсіресе оқу-ағарту, тәлім-тәрбие мәселелерінің көптеген қорларын замана талабына сай зерттеулер жүргізді. Мәселен, төменгі клас с оқушыларын оқудың жаңа жүйесіне акөшіруде психологтар (Л.Б. Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин т.б.) елеулі еңбек сіңірді.

8) Қазақстандағы психология ғылымының дамуына талдау жасау. Елімізде псиохология ғылымның қалыптасуы мен даму жолы негізінен үш кезеңнен тұратындығы қазір де дәлелденіп отыр. 1) Кеңес үкіметі орнағанға дейінгі қазақ псиохологиясы- бұл осы ғылымның ілкі бастауы (ХV-XXғғ) 2) Кеңестік марксистік психология (1920-1990) 3) Егемен, тәуелсіз Қазақстан жағдайында қалыптасып жатқан Егемен, тәуелсіз Қазақстан жағдайында қалыптасып жатқан ғылыми психология дамуының жаңа кезеңі (1991-2001) Мәселен ортағасырлық ғұлама ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1483) жан туралы пайымдаулары ерекше газар аудартады.

15) Адам санасының пайда болуы мен дамуын анықтаңыз.Психиканың ең жоғарғы формасы - адам санасы. Сана деп - шынайы дүниенің бейнесі ретінде тек адамға ғана тән және олардың еңбек ету үрдісінде дамитын психиканың жоғарғы формасын айтады. Сана - адамның қоғамдық тарихи дамуының жемісі. Ол әлеуметтік даму заңына сәйкес үнемі жетіліп, күрделеніп отырады. Адам санасының пайда болуын түсіндірген - М. С. Энгельс. Олардың түсіндіруінше адам санасы еңбек ету процесінде пайда болған. Адамның жануарлардан басты ерекшелігі - еңбек құралын ойлап, жоспарлап жасауы, құрал саймандарды басқа адамдармен бірлесіп қолдануы, қоғамдық тәжірибені бір - біріне жеткізіп мұра етіп қалдыратындығы.

16)Психиканың даму сатыларын сипаттаңыз .Біріншісі қарапайым сенсорлық психика сатысы. Мұнда қимыл іс-әрекеттің негізгі қоры туа бітетін инстинктер. Олар организмнің белгілі бір тршілік жағдайына өскен ортасына әбден көміккенін көрсететін мінез-құлықтың түрі, яғни қарапайым нәсілдікке айналған формасы. -Келесі даму сатысы-перцептиптік психика сатысы. Бұл сатыда жануарлар сырттағы заттарды, құбылыстарды қабылдау процесінде, олардың ерекшеліктерін байқап, біріннен-бірі ажырата білу. -Психика дамуының ең жоғарғы сатысы- интеллект сатысы. Бұл сатыда жануарлар интеллектуалдық әрекеттер жасай алады. Яғни заттар арасындағы күрделі қарым-қатынасты бейнелейді. Осындай жануарларға ең алдымен приматтар, яғни адамға ұқсас маймылдарды жатқызамыз. Шимпанзенің 81 тамақ түрі бар.

17)Инстинкт ұғымы, жануарлар дағдылануының принциптерін көрсетіңіз.Психика дамуының ертедегі сатыларында мінез құлықтың ұрпақтан-ұрпаққа берілетін қарапайым стереотиптері үстемдік еткен. Бұл стереотиптер - инстинктер. Инстинктер биологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты мінез-құлық актілері. Инстинктер туа бітеді, олар жыныс клеткасына негізделген. Әр түрлі жануар тек өзіне ғана тән түрде өмір сүреді. Жануарлар құлық әрекетінің екінші типі - дағды болып табылады. Дағды дегеніміз - жануарда өз бетінше әдеттену және жаттығу арқылы қалыптасқан құлық әрекет тәсілдері. Көпшілікке мәлім жануарды жаттықтыру ісі нақ осындай дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Дағдылар өмірдің табиғи жағдайында да қалыптаса береді. Э. Торндайк американ психологы және педагогы, ұлттық жануарлар академиясының мүшесі. Өзінің еңбектерінде хайуанаттарды қолға үйрету, олардағы рефлекстің туу себептерін зерттегенін жазған болатын. Үйретудің бірінші заңдылықтарын (жаттықтыру, әсерлілік, дайындық) ұсынды. Психологиялық дамудың дәрежесін сан жағынан анықтауда өзінің ментиметриялық тәсілдерін ұсынды. Соңғы еңбектерінде бұрын ашқан үйрету моделіне түзетулер енгізді.

19)Іс- әрекет ұғымына түсініктеме беріңіз.Іс-әрекет - дегеніміз дүниені шерудің шарттары. Іс-әрекет адам қажеттілігін өтеуге бағытталған әрекеттер жиынтығы. Адам іс-әрекеті күрделі процесс. Іс-әрекет ұғымынан әрекет ұғымын ажырата білуіміз керек, себебі іс-әрекет ұғымының ауқымы аса кең, ал әрекеттің сипаты шағын. Әрекет іс-әрекеттің бір бөлігі. Леонтьев бойынша: іс-әрекет дегеніміз белгілі қажеттіліктерге жауап беретін, мотивтерге бағынатын және адамның дүниеге деген өзіндік қатынасын іске асыратын белсенді процестер.

20)Іс-әрекеттің құрылымын анықтаңыз.Іс-әрекет құрылымы жөніндегі алғашқы пікірлер әрекет элементтерімен байланысты. Мысалы: алу, көру, көтеру,қабылдау. Іс-әрекет мынандай құбылыстардан тұрады:1)Мотив-түрткі2)Мақсат3)Міндет4)Әрекет5)Жаттығу, үйрету6)Дағды7)Іс-әрекет нәтижесіМақсат дегеніміз-іс әрекетке бағытталған объекті. Міндет дегеніміз-осы мақсатты іске асыруда көрінетін жоспарЖаттығу дегеніміз-үйрену нәтижесінде қалыптасатын адамның саналы іс-әрекеті. Дағды дегеніміз-бір әрекетті бірнеше рет орындауға қалыптасатын, яғни автоматты түрде орындалатын әрекеттің бөлігі.

22)А. Маслоудың мотивация теориясына талдау жасаңыз.А. Маслоу қажеттілік теориясын зерттеген. Оның түсіндіруінше жеке адамның қажеттіліктері 5 топтан тұрады:1) Физиологиялық қажеттіліктер.2) Адамның қауіпсіздігі қажеттіліктері.3) Әлеуметтік қажеттіліктер.4) Адамды сыйлау қажеттіліктері.5) Өзін өзі көрсету қажеттіліктері.Осы қажеттіліктердің ішінен өзін өзі көрсету қажеттілігін жоғарғы орынға қояды. Себебі, адам әлеуметтік ортада өскісі келеді, сондықтан ол процесс шексіз.

23)Іс әрекет құрылымының бірі дағды түрлеріне сипаттама беріңіз.Дағды - автоматты түрде жасауға дейін жеткізілген әрекет; көп рет қайталау жолымен қалыптасады. Оқыту процесінде, әсіресе, жалпы оқу дағдыларын, пәнаралық мәндегі, жазу дағдыларын қалыптастыру қажет. Дағды бірнеше түрлері бар: перцептивті, интеллектуалдық, қозғалыс және мінез-құлық дағдылары. Перцептивті дағды — жақсы таныс заттардың тану белгілерінің бірмезгілдік, таптаурын бейнелеуі.Интеллектуалдық дағды — белгілі бір сыныпқа кіретін есептер мен тапсырмаларды шешудің таптаурын тәсілдері.Қозғалыстық дағды— таптаурын әрекеттер, жақсы қойылған қимыл-қозғалыстардың жүйесі. Қозғалыс дағдыларына әрекеттің әдетті құралдарын таптаурын түрде пайдалану да кіреді.

24) Ойын әрекетіне талдау жасау.Ойын әрекеті дегеніміз - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының бір бөлігі қоғамдық тәжірибені меңгереді. Өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Кейбір шетел психологтары ойынды санасыз инстинктерге балайды. Мысалы: Гросс «жануар төлі мен адам баласының ойынының арасында айырмашылық жоқ» - дейді. Спенсер: «ойын баланың артық энергиясын сыртқа шығаратын тәсіл» - деп түсіндіреді. Вюллер: «ойынды рахат табудың көзі» - деп түсіндіреді. Ардақты педагог Макаренко: «ойын балалар өмірінде үлкен маңызға ие, себебі балалар ойында қандай болса, өскенде солай қалыптасады, сонымен қатар ойын баланы тәрбиелеудің құралы».

25) Оқу әрекетіне талдау жасау.Оқу әрекеті дегеніміз - балаға қоғамның асыл мұрасын, тәжірибесін, білімін меңгертетін іс әрекеттің бір түрі. Психолог Гальперин өзінің «Ақыл ой әрекетін сатылап қалыптастыру» теориясында баланың ақыл ойын қалыптастырудың тәсілдерін нақтылап берді.

26)Еңбек әрекетіне талдау жасау.Еңбек дегеніміз - адамның психикасын қалыптастыруда шешуші рөл атқаратын әрекеттің бірі. Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты. Еңбектің адам сана сезімінің қалыптасуына қалай әсер ететіндігін Ушинский дәлелдеп берген болатын.

28)Ақыл ой әрекетін сатылап қалыптастыру теориясының мәнін ашып көрсетіңіз.Психолог П. Я. Гальперин өзінің Ақыл ой әрекетін сатылап қалыптастыру теориясында бала мәселені шешу үшін алдымен сыртқы материалдық әрекеттерді (затты ұстап көру, көлемін ажырату, шамамен өлшеу) пайдаланады, сосын оның бейнесін елестетеді. Содан соң дауытап және іштен айта алатын болады, сөйтіп сыртқы заттық әрекеті біртіндеп ішкі ой әрекетіне айналады дейді.

29)Оқу әрекетінде пайда болатын үлгермеушілік себептерін анықтаңыз.Үлгермеушілік негізінен 2 себепке байланысты туып отырады. Мысалы бір жағынан: оқыту тәсілдері мен бағдарламалардың олқылықтары, оқушыға берілген білім мөлшерінің нақты белгіленбеуінен туса, енді бір жағынан: балаларды өзіндік психикалық ерекшеліктеріне байланысты болып отыр. Психологтар жүргізген зерттеулерге негізделіп баланың өзіне байланысты үлгермеушіліктің 5 тобын ашты:1)Үлгерімі нашар баланың бірінші тобына - мұғалім бақылауынан біраз уақыт шығып қалған оқушылар кіреді. 2)Ми ауруларымен ауырған (ақыл ойы кем) балалар жатады. Осындай балалар тек арнаулы мектептерден білім алуы тиіс. 3)Туысынан мүкіс еститін, не есту кейінен нашарлаған балалар, өздеріне арнайы ашылған мектептерде оқуы қажет.4)Түрлі аурулармен аурып, организмі әлсіреген балалар санаториялық мектептерде оқыса оқу бағдарламасын жақсы меңгеріп кете алады. 5)Нашар мінезді балалар: сотқар, қасарысқан, т б. Үлгермеушіліктің бірінші, төртінші, бесінші тобындағы балалар жетілдірілген әдістермен оқытылса, оқу керенаулығы жойылып, ақыл ойының белсенділігі біртіндеп артатын болады.

30)Іс-әрекеттің ішкі және сыртқы түрлеріне талдау жасаңыз.Психологияда іс әрекеттің 2 түрі болады:1)Дененің затпен айналысу әрекеті2)Ақыл ойдың психикалық реалдылықпен әрекетіСовет психологтарының зерттеулері: ақыл ой әрекеті әуелді сыртқы, заттық әрекет түрінде көрініп, бірте бірте ішкі психикалық амалға ауысатынын көрсетеді. Сыртқы әрекеттің ішкі әрекетке ауысуы интериоризация деп аталады. Ақыл ой әрекетін игерген адам өзі тындырмақ болған іске сыртқы әрекетке кіріспес бұрын әуелі ой елегінен өткізіп алады: көзге елестетіп көреді, сөзбен сипаттайды. Ақыл ой әрекетін заттармен әрекет түрінде сыртқа шығару экстериоризация деп аталады. (тұжырым бала туралы)Сыртқы әрекет ішкі әрекеттің бақылауымен жүргізіледі. Адам іс әрекеттің барысын күні бұрын жоспарланған және бейнелер мен ой түрінде байланыстырып жүрген әрекетпен салыстырып отырады. Нақты әрекетті бұлайша топшылау және оны реттеп отыру мүмкіндігі әрекет акцепторы деп аталады. Бұл механизм нақты нәтижені ойдағы нәтижемен салыстыруға және түпкі мақсатқа жету үшін оны реттеп отыруға мүмкіндік береді. Әрекет акцепторы ұғымын жасаған П. К. Анохин бұл ұғымды: әрекет нәтижелерін бақылау және оларды алға қойған мақсатпен салыстыру аппараты деп түсіндірді.

31)Қарым-қатынас ұғымына сипаттама берген ғалымдардың көзқарастарына талдау жасаңыз.Л.С.Выготский, Б.Н:ЭАнаньев еңбектерінде қарым-қатынасты өмір әрекетінің бір формасы, адам дамуының әлеуметтік жағдайы, жеке адамның қалыптасуының түрткісі деп қарастырды. А.В.Петровский қарым-қатынас біріккен іс-әрекет туғызатын, адамдар арасындағы қатынасты дамытатын көп жоспарлы үрдіс. Р.С.Немов бойынша қарым-қатынас барлық тірі жанға тән, бірақ адамда күрделі формада, саналы түрде болады.

32)Қарым-қатынас түрлеріне сипаттама беріңіз.Қарым-қатынасты 3 түрге бөлеміз:1)Қажетті қарым-қатынас (туған туысқан арасындағы қарым қатынас)2)Міндетті қарым-қатынас (мұғалім мен оқушы, дәрігер мен поциент арасындағы қарым қатынас)3)Ынтымақты қарым -қатынас (жақсы достар арасындағы қарым қатынас)Осы қарым-қатынастың жалпы сипаты іс барысында жұмыс үстінде көрінсе, оны ресми қарым қатынас деп атайды. Тек сезім сипатынан байқасақ мұндай қарым қатынас ресми емес қарым-қатынас деп аталады.Адам қарым қатынасының негізгі құралы - тіл. Адамның тіл арқылы қарым қатынасқа түсуі вербальды қарым қатынас деп аталады. Сонымен қатар дене қимылдарын, мимика жесттерин қолданса, бұл вербальды емес қарым қатынас деп аталады. Қарым-қатынастың тағы 2 түрін көрсетуге болады:1)Жеке бастық топтық қарым қатынас бұл бір жағы жеке адам, келесі жағы топ немесе ұжым болғанда көрінетін қарым қатынас. Мысалы: жетекші мен топ2)Өзара топтық қарым қатынас екі топтың өзара әрекеті. Мысалы: спорттағы командалық жарыс.

33)Қарым-қатынас құрылымының мәнін анықтаңыз.Қарым-қатынас құрылымы: коммуникативтік, интерактивтік, перспективтік. - Қарым қатынастың коммуникативтік жағы - мұнда адамдар қарым-қатынас арқылы бір біріне ойын мақсатын, алған бет алысын ажыратуға тырысады. Бұл процестің құралына сөз мимикасы жатады. Кері байланыс дегеніміз - адамдардың өз ойын тура және жанама түрде жеткізуі. Тура кері байланыста пікір ашық түрде айтылады. Жанама кері байланыс өз пікірін жаналалай жеткізу, мысалы: әр түрлі сұрақ қою арқылы, кекету және эмоциялық реакция арқылы.-Қарым қатынастың интерактивтік жағы - бұл адамдардың бірігіп қызмет жасау үшін стратегиялық жоспар құруы. Интерактивтік жағы адамаралық қатынастардың, адамдардың бір бірімен әрекеттесуімен байланысты оспектілерін белгілеуге арналған шартты термин.-Қарым қатынастың перспективтік жағы – қарым-қатынасқа түсіп тұрған адамдардың бірін-бірі қабылдауы. Бірін-бірі қабылдауда өзара түсінушілік болу шарт.

Адамның өзін басқа адамдар арқылы сезінуінің екі жағы бар:1)Идентификация - адам өзін басқа адам орнына қойып сол адам бағалайтын заттарын, құбылыстарын, оқиғаларын өзіндік етуі.2)Рефлексия – баға бере білуі.

34)Қарым-қатынастың коммуникативтік жағына талдау жасау.Коммуникативті қарым қатынастың вербальды және вербальды емес түрлеріАдам қарым қатынасының негізгі құралы - тіл. Адамның тіл арқылы қарым қатынасқа түсуі вербальды қарым қатынас деп аталады. Сонымен қатар дене қимылдарын, мимика жесттерин қолданса, бұл вербальды емес қарым-қатынас деп аталады. Коммуникацияның негізгі ерекшеліктері

35)Қарым-қатынастың интерактивтік жағына сипаттама беріңіз. - Қарым қатынастың интерактивтік жағы - бұл адамдардың бірігіп қызмет жасау үшін стратегиялық жоспар құруы. Интерактивтік жағы адамаралық қатынастардың, адамдардың бір бірімен әрекеттесуімен байланысты оспектілерін белгілеуге арналған шартты термин.

36)Қарым-қатынастың Перцетивтік жағына талдау жасау. - Қарым қатынастың перспективтік жағы – қарым-қатынасқа түсіп тұрған адамдардың бірін-бірі қабылдауы. Бірін-бірі қабылдауда өзара түсінушілік болу шарт.

37)Коммуникативті қарым-қатынастың вербальді және вербальді емес түріне салыстырмалы сипаттама беріңіз.Адам қарым қатынасының негізгі құралы - тіл. Адамның тіл арқылы қарым қатынасқа түсуі вербальды қарым қатынас деп аталады. Сонымен қатар дене қимылдарын, мимика жесттерин қолданса, бұл вербальды емес қарым қатынас деп аталады.

38)Коммуникацияның негізгі ерекшеліктерінің ара-жігін ажыратыңыз.Негізгі ерекшеліктері: 1)Коммуникация - екі индивидуалдық өзара қарым-қатынас 2)Информация алу барысында партнердің мінез құлқына әсер етуі.3)Коммуникациялық ықпал қарым-қатынасқа қатысушылардың бір белгіні қолданылуы.4)Коммуникация барысында кездесетін барьерлер (әлеуметтік, саяси, діни айырмашылыққа байланысты)

Менде жоктары толыктырындар 9-14, 18, 21, 27

(1.топ - белгілі бір әрекеттер жүйесі. Топты төмендегідей сипаттағы жеке адамдардың жиналысы құрайды деп санады:

а) бірімен бірі жиі арақатынас жасайтын;

ә) өздерін бір топтың мүшелері деп санайтын;

б) өздерінің қызығушылықтары бойынша жалпы нормаларды бөлісетін;

в) рөлдер бөлісінің бірдей жүйесіне қатысатын;

г) бірдей объектілер мен және идеалдармен өзін тенестіретін;

д) топты қанағаттанудың қайнар бұлағы ретінде қабылдайтын;

е) кооперативтік өзара байланыста болатын;

ж) өздерін біртұтас сезінетін;

з) өздеріне қатысты іс-әрекеттерді реттейтін.