
- •Қабылдаудағы иллюзияға қатысты мысалдар келтіріңіз
- •Түйсіктің негізгі қасиеттерінің мәнін сипаттайтын карта құрастырыңыз
- •Оқушылардың сабақ үлгерімінде қабілеттің орнын анықтаңыз
- •Жеткіншектік шақтағы негізгі құрылымдарға талдау жасаңыз
- •Ересектің сыртқы белгілеріне еліктеу жолдарын айқын көрсететін белгілерді сипаттаңыз
- •Жасөспірімдердің мамандық таңдауына қатысты беретін өз ұсыныстарыңызды әзірлеңіз
- •Сабақты дұрыс ұйымдастыра білуге қатысты өз ұсынысыңызды әзірлеңіз
- •Мұғалімде болуы қажет кәсіби және жеке бас сапаларын жіктеңіз
- •Психология пәні, міндеттері
- •Психология ғылымының салалары
- •Психология ғылымының даму тарихы.
- •Психиканың пайда болуы туралы жалпы түсінік
- •Адам санасының пайда болуы және дамуы
- •Психиканың даму сатылары.
- •Инстинкт ұғымы, жануарлар дағдылануының принциптері
- •Қарым-қатынас құрылымы
- •Топтардың түрлері
- •Жеке адамның бағыт - бағдары.
- •Зейін туралы жалпы түсінік.
- •Зейін түрлері
- •Зейін қасиеттері
- •Зейіннің физиологиялық негізі
- •Типтік тапсырмалар. 1ши бет Абылбекова Самал
- •2.Топтарды өлшемі бойынша былайша бөлу кең таралған:1Үлкен2Шағын топтар.
Прагмакәсіби сұрақтардың 1ші бөлігі.Адам қарым-қатынас түрлері: Жеке адамдар арасындағы қатынастың түрлері: императивтік, манипуляциялық, диалогтық, рухани, іскерлік, формальдық-рөлдік қарым-қатынастар. Материалдық – адамның өзара алмасатын заттары мен іс-әрекет құралдары.Когнетивтік - адамның бір-бірімен байланысы барысында алмасатын мәліметтер: білім, ептілік т.б.Кондициялық – адамдардың психикалық және физиологиялық күйлерінің алмасуы.Мотивациялық – адамдардың ізденушіліктерінің, мақсаттары мен қызығушылықтарының, мотивтерінің айырбасы.Іс-әрекеттік – адамдардың өзара іс-әрекеттері, іскерліктері, еңбек дағдылары арасындағы байланыс. Ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің ара қатынасы ұғымдық деңгейде күрделі бір сипатқа ие. Ол деңгей адамзат пен қоғам арасындағы байланысты көрсетеді. Ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің анықтамасы қарым-қатынас категориясы тұрғысынан сипатталады. Қарым-қатынас категориясын қоғамдағы субъектілердің (кластар, топтар және тұлғалар) іс-әрекетімен байланысының мықтап орын алыуымен түсіндіруге болады, қоғамдағы субъектілердің қызметінің, тәжірибесінің, қабілетінің, ақпараттың, білімділігінің және іс-әрекеттің нәтижесінің алмаса қолданылуы; тұлғаның және дамуы мен қалыптасуы тікелей жалпы қоғамдағы керекті жағдаяттарға байланысты. Ауызша және жазба категориялары болмаса қарым-қатынас жүйесі толық іске аспайды. Осыған байланысты қарым-қатынас жүйесін екіге бөліп қарастыруға болады. Бірінші қарым-қатынас типі – контактілі, екіншісі – дистантілі. Бұл қарым-қатынас түрлерінің өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтары бар. Айталық, контактілі қатынаста сөйлеушілер тікелей уақыт режімінде байланысады, сөйлеуші мен тыңдаушы өзара ым, ираша, интонация арқылы да түсінесе береді. Ал дистантілі қатынаста сөйлеушілер қатар тұрмайды, олардың арасында белгілі бір кеңістік болуы мүмкін. Мәселен, телефон арқылы байланыста адамдар бір уақытта сөйлескенімен, аралары алыс болуымен ерекшеленеді. Сол сияқты хат, түрлі мәтіндер арқылы байланысу да дистантілі қатынасқа жатады. Радиода, теледидарда, интернетте бұл қатынас жүйелері алмасып қолданылады. Яғни контактілі және дистантілі қарым-қатынас өзара бірге, жымдаса өмір сүретінін көреміз. Түсінікті болу үшін жоғарыдағы контактілі және дистантілі қатынас жүйелерін жеке-жеке саралауға болады.Қарым-қатынастың бұл түрі күнделікті өмірде жиі қолданылады. Коммуникация тікелей болғандықтан мұнда ең алдымен ауызекі тіл қолданылып, бейвербалды амалдар, яғни мимика, ым, ишаралар сөзбен теңдей дәрежеде молынан пайдаланылады. Мысалы, бас изу – белгілі бір нәрсемен келісуді білдірсе, таңғалу – иығын көтеріп, ауызын ашуды білдіреді т.б. Күнделікті өмірде мұндай бейвербалды амалдарды көптеп кездестіреміз. Бұл контактілі қарым-қатынастың негізгі ерекшелігі. Сонымен қатар тікелей қарым-қатынаста уақыт пен кеңістік факторы және «көз контактісі» бірлікте көрініс береді. Көз контактісі – дегеніміз коммуниканттың бір-біріне деген көзқарасы, олардың ішкі жай-күйінің жағдайы. Мысалы, көзін ары-бері жүгіртіп сөйлеу –коммуниканттың өзіне деген сенімсіздігін көрсетеді. Осыған байланысты лингвист Л.П. Буева былай дейді: «личный контакт обладает большой силой эмоционального воздействия, внушения, в нем непосредственно действует социально-психологический «механизм» заражения и подражения» .Қажетті қ.қ.(туған туысқан арас.қ.қ.),міндетті қ.қ.(мұғалім мен оқушы арас.қ.қ.),ынтымақты қ.қ.(жақын достар арас.қ.қ.)
Адам іс-әрекеті мен жануар белсенділігінің айымашылығын көрсетіңіз: Адам іс-әрекет тұтынушылық сипаты үшін ғана емес, жемісін беретін шығармашылықта көрініп, жалғасады.Адам іс-әрекеті өзге тіршілік иелерімен ерекшеленеді.Жануар белсенділігі жаратылыстық қажеттілікке байланысты болса, адам іс-әрекеті адамзаттың бұрын-соңғы жасалған мәдени- тарихи жетістіктеріне сүйеніп оны қажеттіліктерінде сүйене жалғастырады.Адам іс-әрекеті күрделі қимыл қозғалыстық біліктілік пен дағдыға байланысты.Адам іс-әрекетінің басқа тіршілік иелері мен айырмашылығын белгілеп көрейік.1.Адам іс-әрекеті жемісті шығармашылықты, жасампаздыққа ие.Ал жануарлар белсенділігі тұтынукшылық негізде болады.2.Адам іс-әрекеті заттық материалдық, рухани мәдениетпен Бұларды өз дамуы үшін пайдаланады. Ал жануарлар өз биалогиялық қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасайды.3. Адам іс-әрекеті адамның өзін өмір жағдайын қажеттілігі мен қабілеттілігін де қайта қайта құрайды немесе көркейте түседі.4. Адам іс-әрекеті түрлі форма мен оның әр түрлі құралдар арқылы жүзеге асыруы тарихтық жемісі. Ал жануарлар белсенділігі биалогиялық эвалютциялық нәтижесі ретінде болады.5. Адамға заттың іс-әрекеті туа берілмейді. Ол тәлім тәрбие қалыптасуы мен жүзеге асуы Ал жануарларда бұл іс-әрекет ген.отипке негізделінетіндіктен туа беріледі.
Адам іс-әрекетінің негізгі түрлері,оның психологиялық астарларын нақтылайтын карта: Қоғамдағы тәлім - тәрбиенің өзекті мәселесі – адамды еңбек ету қажеттілігіне баулу. Жастарды еңбекке психологиялық тұрғыдан даярлау - жалпы гуманистік тәрбиенің түпкі мақсатты.Еңбек - адамның іс- әрекетің негізгі түрі және барлық материалдық игіліктерді өндірудің қайнар көзі. Іс- әрекеттің екінші түрі - оқу. Оқу әрекеті арқылы адам қоғамдағы тарихи мағлұматтар мен білім қорын меңгеріп, өзінің рухани дүниесін байытады, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырады. Ойын- адамның негізгі әрекетінің бірі. Ол бала мен жасөспірімнің денесін шынықтырып, әралуан қимыл – қозғалыстарың жетілдіреді.Бір сөзбен айтқанда, еңбек, оқу, ойын – адамның дамып жетілуіндегі және қажеттіліктерін өтеудегі негізгі іс- әрекет түрлері болып табылады. Баланың қиялдауы ойын үстінде қалыптасады. Алғашқы кезде қиял заттарды қабылдаудан және ойын іс-әрекеттерін орындауынан ажыратылмайтындай. Ойын үстінде қалыптасқан қиял мектепке дейінгі бала іс-әрекеттерінің түрлеріне де ауысады. Бала сурет салғанда, ертегілер мен тақпақтарды ойлап шығарғанда қиял неғұрлым айқын байқалады. Еңбек — адамга өзінің түтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл затгар жиынтыгын жасайтын адам орекетінің негізгі формасы. Еңбек адамның өзінің қалыптасуында, оньщ сана, сөйлеу тәрізді қатынасқа қабілетті ететін қасиеттерін қалыптастыратын шешуші күш. Адам еңбек арқылы табиғатқа әсер етеді.
Әртүрлі психикалық үрдістің өзара байланысына талдау жасау: психикалық үрдістер олар адамның зейіні,ойлауы,есі, қиялы және адамның дербес ерекшеліктері,темперамент,мінез,қабылдауы.Осылардың бәрі тығыз байланысты.Адамның есіне түсіру процессімен бірге ойлану процессі де жүреді. Ойында қабылдау, ойлау, ес, сөйлеу т.б. қалыптасады. ЖДЖҚ-нің негізгі ерекшеліктері үлкен ми жарты шарларындағы қозу мен тежелу процестерінің өзара әсерлестігіне байланысты. Шартты рефлекстің қалыптасуы, уақытша байланыстың тұйықталуы үлкен ми жарты шарлары қыртысында қозу және тежелу процестерінің белгілі заңдылықпен таралуы, алмасуы нәтижесіңде жүзеге асады. Темперамент дегеніміз психикалыќ процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-қүлқын, олардың күшін, жылдамдығын, пайда болуын, тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиетгер жиынтығы. Дүние тануға қажет ақыл-ой қызметі үшін түйсік пен қабылдау, ес пен ойлау, сезім мен қиял, зейін мен еріктің үлкен мәні бар.
Дағды,икем,әдет,яғни іс-әрекет құралдарының алатын орын сипаттаңыз:Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын сипаттау үшін кеңінен тараған үш түсінікті анықтау керек – дағды, білім және әдет. Дағды - автоматты түрде жасауға дейін жеткізілген әрекет; көп рет қайталау жолымен қалыптасады. Оқыту процесінде, әсіресе, жалпы оқу дағдыларын, пәнаралық мәндегі, жазу дағдыларын қалыптастыру қажет. Дағды адам әрекетінің қай-қайсысында да ерекше маңызды орын алады. Дағдының арқасында біздің санамыз қызметтің түпкілікті, шешуші кезеңдеріне жұмылдырылып табысты болуын қамтамасыз етеді. Икемділік – адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті.Ол түрлі дәрежеде көрінеді. Икемділік білім мен тәжірибеге негізделген. Кімнің білімі мен тәжірибесі көбірек болса, сол адамның икемділігі де артық болады. Икемділік – білімнің амалға айналуы, сол амалды жүзеге асырудың тәсілі. Ол саналы әрекетті қажет етеді. Икемділік – адамның іс-әрекеттің белгілі түріне (сурет, музыка) ұмтылысынан, ынтықтығынан көрінеді. Көбінесе, мұндай талпыныс көзге ерте түседі, іс-әрекетке берілу тіпті өмірдің қолайсыз кезеңдерінде де байқалады. Икемділік болған жағдайда әрекетке деген зор ынталылық қана емес, шеберлікті шапшаң игеру, елеулі нәтижелерге жету байқалады. Икемділікте адамның табиғи және жүре пайда болатын қасиеттері сомдалып көрінеді. Ол еңбек процесінде, тәрбие жағдайында дамып жетіледі. Әдет— адамның күнбе-күнгі тіршілік қажетіне байланысты қалыптасқан тұрақты мінез, іс-қимыл ерекшелігі. Әдет - белгілі бір жағдайда адамның қажеттілікке айналып кеткен мінез-құлқы мен жүріс-тұрысы. Әдет стихиялық түрде, сонымен қатар бағытталған тәрбие арқылы пайда болып, мінезінің тұрақты қырына айналуы мүмкін. Тәрбиелі деп сырттан бақылау болмағанның өзін-өзі қалай ұстау керектігін білетін және өзінің әдеттеріне сай басқаша шешім қабылдай алмайтын адамды айтады.
Жеке адамға ұжымның тигізер оң және теріс жақтарын ашып көрсетіңіз:Жеке адам ұжымнан оқшау болмайды.Жеке адам ұжым арқ.басқа ұжымдармен тұтас қоғаммен байланыста болады.Бір-бірімен тығыз байланыстағы және одан гөрі кең көлемді әлеуметтік ортадағыкелісушілік,бір жоспарлылық,жеке адамның бойындағы үйлесімді жақсы қасиеттердің қалыптасып,дамуы үшін жақсы жағдай жасайды.Ұжымның күші ол бүкіл қоғамның талаптарына сай келетін әлеуметтік құны жоғары жеке адамды тәрбиелеп шығаруға қабілетті.Ұжым жеке адамды қалыптастырып ғана қоймай.сондай-ақ жеке адамды қайта тәрбиелеуге оның сенімін,моральдық көз-қарасын,мінезін өзгертуге қабілетті.
Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас рөлін суреттеңіз: Адамдар арасындағы Қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы Қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз Қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде Қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы Қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.
Жоғарғы нерв қызметінің пайда болуын заңдылық тұрғысынан түсіндіріңіз: Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. Жоғары жүйке әрекеті адам организмінің сыртқы ортамен карым-қатынасының тиімді қалыптасуын зерттейді. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, коңіл-күйі, үйқы, түс көру, гипноз т. с. с. ми сыңарлары мен олардың қыртысының негізгі қызметі болып есептеледі. Мұғалімдер жоғары жүйке әрекетін жете түсіну арқылы балалардың мінез-құлықтарын біліп, оқыту, үйрету, тәрбиелеу жұмыстарын жөнге келтіріп, жан-жақты білімді, дұрыс дамыған жастарды тәрбиелей алады. Жоғары жүйке әрекеті туралы ілімнің негізі болып шартты және шарттсыз рефлекстер болып табылады. И. П. Павлов барлық рефлекстерді екі топқа шартты және шартсыз рефлекстер деп болгені айтылған. Балалардың шартсыз рефлекстерін туысыменен тексеру арқылы олардың жүйке жүйесінің дамуын анықтайды. Шартсыз рефлекстер туа пайда болып, өздерінің орындалуы үшін ешқандай қосымша жағдайларды қажет етпейді: тітіркендіргіш әсер етісімен шартсыз жауап пайда болады. Шартты рефлекстер тұқым қуаламайды, тек өмір тәжірибесінің негізінде, сыртқы ортамен байланыстың арқасында пайда болып отырады.Балалардың шартты рефлекстерін бақылау арқылы олардың миының даму дәрежесін, ақыл-ойының дамуын бақылауға болады
Зейін құрылымын,түрлерін,қасиеттерін таблицаға топта: Адамның зейіні ырықты зейін, ырықсыз зейін және үйреншікті зейін болып үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал ырықты зейін әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады. Үйреншікті зейін адамның әдетіне айналып кеткен зейін. Ол арнайы күш жұмсауды қажет етпейді. Жеке адам зейінінің негізгі ерекшеліктеріне тұрақтылық, оның бір нысаннан екінші нысанға оңай ауысуы, бөлінуі, нысандарды қамту көлемі, алаң болмаушылық, т.б. жатады.Ұжымдық з.-барлық оқушылардың зейіні бір нәрсеге жұмылдыру.Топтық з.-коллективте жұмыс істеген жағдайда зейінді бір нәрсеге топқа бөлініп шоғырландыру.Даралық з.-өз тапсырмаңа зейін аудару. Зейін қасиеттері: интенсивтілігі; жаңалығы; аффективтілігі,ауысуы,бөлінуі.шоғырлануы,тұрақтылығы,көлемі,алаң болушылық,шашыған қылығы.
Қазіргі таңдағы Қазақстандағы психологияның дамуына талдау жасау,мәселені қарастыру: Қазіргі кезде этологияның жаңа бағыты - адам мінезін зертгеу саласы дамып келеді. Оның негізін әлеуметтік психология мен білім проблемалары құрайды. Қазіргі заманда психолгияның келесідей қолданбалы салалары: экономикалық, педагогикалық, құқықтық, әскери, ғарыштық, спорттық, өнер, басқару, менеджмент, т.б. – жедел де өнімді қарқынмен дамуда.
Қарым-қатынас-адамдардың сөйлеу құралының басты шарты екендігін дәлелдеңіз: Қарым-қатынас– адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі: ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты); реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру); аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).Сөйлеу- адамның қарым- қатынас жасау құралы. Ал қарым- қатынас жасаудың қуатты құралы- тіл. Әр адамды қызықты әңгімелесуші ететін қарым- қатынас.
Психология ғылымының даму кезеңдеріне қатысты.... Ежелгі дамуыБұл "жан туралы ілім" деген ұғымды білдіреді.Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі — шамамен 2500 жылға созылған, көшбасы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы тұрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. "Психология" терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті - Марко Маурулиц бұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданған. Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі.Бұл термин қауымның кең қолданулуына Неміс идеалист пәлсапасышысы Кристиан Вольфтің (1732-1734) Psychologia empirica және Psychologia rationalis (1732-1734) атты еңбегі жарық көргеннен бұрын енбеген. Эмпирикалық және рационалды психологиялардың арасындағы бұл ажыратылуы Дидьероның Энциклопедиясынан алынып, Францияда Мэң дө Биғаңның көмегімен кең тараған.Өзінің "жан" мен "тану" деп көне грек тілінен аударылған түбірлеріне қарамастан, психология ғылымы өзінің діни мәнінде адам жанының зерттеуі болып тек одан көп уақыт өткеннен кейін, христиандық заманда танылды. Психология медицинаның тарауы ретінде танылуы Томас Уиллистің ми функцияларының мәніндегі "Жан Доктринасы" мен анатомиялық трактаты "Хайуан Жандар Жайлы Екі Пікірлесу" ("De Anima Brutorum") атты еңбектерінде көрінеді.19шы ғасырға дейін психология пәлсапаның бір тармағы ретінде қарастырылды. Ерте жаңа заман1879 жылы "психологияның атасы" болып танылған Вильхельм Вундт (1832-1920) Германияның Лейпциг Университетінде психологиялық зерттеу зертханасын ашты.Вильям Джеймс, америка пәлсапасышысы өзінің "Психология Принциптері" (1890) атты жемісті кітабын жариялап, келесі жылдарда психологтардың назарын жинақтаған көптеген мәселелерінің іргетасын қалады.Бұл өріске өздерінің үлестерін қосқан, тәжірибелік түрде еске салу, есте сақтау, еске түсіру функцияларын Берлин Университетінде зерттеген Херманн Эбингауспен бірге қазір классикалық шарттастық болып танылған тәлім тану процесін зерттеген орыс физиологы Иван Павловты атап айту керек.Осы тұста, 1890 жылдары Аустрия дәрігері, невролог, тәжірибелік психологияда бейресми білімі бар Зигмунд Фрейд психотерапияның жаңа әдісі — психоанализді дамытты. Фрейдтың ақыл-ой жөніндегі түсініктері интрепретативттік және интроспективттік әдістемелерге кең шамада негізделген, ақыл-ой дерттілігін шешу мен психопатология үстінде жинақталған. Фрейдтың теориялары кең тараған, оның себебтерінің үлкен бірі — теориялардың сексуалдылық және жаншу психологиялық дамудың негізгі аспектілері ретінде қарастыру сияқты мәселесін қозғау. Бұл сол кездің аттеріс мәселері болып саналған, ал Фрейд болса олардың оқымысты қоғам ішінде кеңінен қарастырылуына жол ашқан. Фрейд теориялары жалпы психология теорияларына ықпалы зор.Жаңа заманӘйткенмен бихейворизм айтарлықтай жаңалықтарды ашса да, адам іс-әрекетін зерттеуіндегі жолбасшысы болуы үшін жеткіліксіздігі анық көрінді. Ноам Хомскийдің Скиннердің "Ауызша Іс Әрекет" (сөйлеуді бихейвористтік теория моделіндегі мүліктену жайлы) атты кітабі жайлы шолуы бихейворизм патшалығының біту себебінің ең басты факторларының бірі болып танылады.Өзінің Туғызушы Грамматика теориясында Хомский тіл үйрену тек шарттастық арқылы орын алынбайтығын дәлелдеді. Адам мағынасы мен құрастырылуы жағынан бірегей сөйлемдерді тек табиғи тіл тәжірибесі арқылы өндіруі мүмкін емес. Бұл бихейворизм алдамшы деп мойындамаған ақыл-ойдың ішкі ахуалының бар болуын білдіреді. Альберт Бандура балалар тек қоғамдық бақылау арқылы, яғни көрінген мінез-құлықтың өзгеруінсіз үйренуінің мүмкін еместігін көрсетті.Гуманисттік психология өзінің қайратты дамуын 1950 жылдары көріп, ақыл-ой зерттеуінің позитивисттік және ғылыми әдістемелеріне кертартпа ретінде жалғасты. Ол адам тәжірибесіне қараған феноменологиялық көзқарасты айырықшалап, адам мен оның іс-әрекетін сапалы зерттеу арқылы түсінуді іздейді. Гуманисттік әдістеменің тамырлары экзистенциалісттік және феноменологиялық пәлсапада табылады, және де гуманисттік психологтар ғылыми әдістемені мүлдем қабылдамай, адам тәжірибесін өлшемдерге көшіру оны барлық мәні мен маңыздылығынан айырады деп тұжырымдайды.Бұл мектептің негізін қалаған кей теоретиктер — адам мұқтаждылығының иерархиясын шығарған Эбрахем Маслоу, клиент айналысында орнаған терапияның жасаушысы Карл Роджерс және Гештальт терапиясын тудыру мен дамуына ат салысқан Фриц Перлс.Компьютерлік технологиялардың дамуы ақыл-ой әрекетін инфомация өңдеу ретінде қарастыруға әкеп соқтырды. Бұл ақыл-ойды ғылыми түрде зерттеумен, ішкі ақыл-ой ақуалдырының бар болуы туралы сеніммен серіктесіп, когнитивизмнің дамуы мен оның ақыл-ой модельдерінің доминанттысының болуына әкелді.Ми мен жүйке жүйесінің әрекеті арасындағы қатынас кең тарады, бұл бір жағынан Чарльз Шеррингтон және Дональд Хебб сияқты адамдардың зерттеулері, екінші жағынан ми зақымдалуы туралы зерттуелерге байланысты. Ми әрекетін дәлділікпен өлшеу технологияларының дамуымен бірге невропсихология мен когнитивттік невроғылым бүгінгі күннің ең іскер өрісі болып танылды. Басқа ғылымдармен (пәлсапа, информациялық технологиялар, невроғылым) үлкейіп келе жатқан қарым қатынаспен бірге ақыл-ойды түсіну және шығындарды өнімді түрде пайдалану үшін әртүрлі салаларды бір шатыр астына бекіткен ғылым — когнитивттік ғылым жаратылды.
Психология ғылымының салаларына анықтама бере отырып,психологиямен байланысын ашып көрсететңн кесте құрастыр: қазіргі кезеңдегі психология - қалыптасудың әр түрлі сатысында тұрған және тәжірибенің түрлі салаларымен байланысқан ғылыми пәндердің тармақталған жүйесін білдіреді. Әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі деп әрекеттегі психиканың даму принципін айтады. Сондықтан психология салаларын жіктеудің негізі ретінде адамның іс-әрекетінің сан алуан түрлерін пайдаланады. Қазіргі кезде психология ғылымының салалары 40-тан астам,олардың бастылары:Еңбек психологиясы - адамның еңбек ету әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық аспектілерін зерттейді және психология ғылымының жеке салалары болып табылатын бірнеше бөлімдерден тұрады: инженерлік психологиясы, авиация психологиясы, ғарыш психологиясы. Педагогикалық психология - адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Медициналық психология - дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді. Заң психологиясы - құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді.Зоологиялық психология-жануарлардың психологиялық әрекеттерін қарастырады.Салыстырмалы-генетикалық психология- психиканың филогенетикалық түрлерін қарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері ажыратылады.Балалар психологиясы- мектепке дейінгілердің,психикалық әрекеттерінің пайда болып,өсіп-даму заңдарын,ересек адам психологиясына айналу жолдарын зерттейді.
Психология принциптері:Психологияның негізгі әдіснамалық принциптері:1) заттасқан болмыстағы психикалық құбылыстардың себеп-салдарлылығын мойындау;2) психикалық құбылыстарды танудың генетикалық бағытын ұстану және оларды даму үдерісінде зерттеу;3) психика мен іс-әрекеттің ажыралмас бірлікте болатынын қолдау;4) адам психикасын биологиялық және әлеуметтік жағдаяттардың бірлігін ескерумен зерттеп бару. XX-ғасырдың соңына қарай психология адами ғылымдар жүйесінде өзекті пәнге айналды, ал оның қолданбалы салалары адамзат тіршілік әрекеттерінің барша тарауларындағы тиімділіктің кепілі ретінде қолданылуда.5) Жетістіктерінің соншалықты ауқымды болуынан психология ғылымы бұл күнде адам жөніндегі ғылымдар жүйесінің бірінші қатарларынан орын иелеуде.
Психологияның дамы сатылары:1-кезең–психология жан жөніндегі ғылым. Психологияға мұндай анықтама бұдан екі мың жылдай бұрын берілген. Ежелгі адамзат жан бар деген ұғыммен өзіне түсініксіз барша өмір құбылыстарын дәйектеуге тырысқан.II-кезең – психология сана жөніндегі ғылым. XVII-ғасырда жаратылыстану ғылымдарының өркендеуімен пайда болды. Адам өзінің ойлау, сезу және ниеттеу қабілеттерін сана категориясымен баламаластырған.Ал сананы зерттеудің негізгі әдісі адамның өзін өзі бақылап (интроспекция), одан алған деректерін баяндау болған.III-кезең – психология әрекет-қылық жөніндегі ғылым. XX ғасырда пайда болды. Психология бұл кезеңде өз міндетіне эксперимент жасап, тікелей нақты көруге мүмкін болғандарды ғана, яғни адамның мінез әрекеттерін, қылық-қимылдарын, сыртқы әсерге жауап қозғалыстарын зерттеуге алды, бірақ оларға себепші болған мотивтерді ескеруді қажет деп білмеді.IV-кезең – психология шынайызаңдылықтарды, психика көріністері мен тетіктерін зерттеуші ғылым ретінде танылды.
Таным процессінің қалыптасуы мен сөз арасындағы байданыс:Жалпы айтқанда, Таным дегеніміз нәтижесі әлем туралы жаңа білім болып табылатын, субъект ойлауындағы шындықтың елесі мен жаңғыруы. Таным процесiнде адамның өзiн қоршаған орта туралы алған бiлiмi тереңдей түседi, заттар мен құбылыстардың шынайы болмысын тани алады.Бүгінгі таңда модульдік оқыту технологияда Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс балаларды2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен олардың өзара әрекет етуіненқұрылған. Балалардың танымдық қызметі әрбір баланың әр сабақта үш күрделік деңгейде берілген оқу материалын тыңдау, көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған.Яғни, Сөйлесу бөлімі оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру бөлімі.
Топ түрлеріне салыстырмалы түсініктеме бере отырып,ара-жігін ашып көрсететін кесте: Топ түрлері: үлкен және кіші, ресми және ресми емес, референттік, демографиялық, шартты т.б.Біршама тұрақты,құрамы жағынан көп емес,мүщелері бір-бірімен тікелей қатынас жасай отырып,ортақ мақсатқа ұмтылғаниадамдар бірлестігі шағын топ д.а.Осы топтың барлық мүшесінің күщ жігері соған жетуге жұмылдырылған ортақ мақсаты болады.Кіші топқа кіретіндер бірін-бірі жақсы біледі және топтың алдында тұрған міндетті орындау кезінде өзара жақсы қатынаста болад.Кіші топтағылардың өзара қарым қатынасынашек қойылмайды,әркім кез келген адаммен өз қалауы бойынша және қажетінше қатынас жасайды.Адамдардың тек қағаз жүзінде ғана бар қауымдастығы шартты топ д.а.Нақты топ адамдардың бір-бірімен өзара қарым қатынас және байланыс жасай отырып,алдарына қойған мақсат,міндеттерін орындауға жұмылған,өмір сүріп тұрған бірлестігі.Нақты топ қысқа мерзімді не ұзақ өмір сүруі,мүшелерінің саны аз не көп болуы мүмкін.Формальді топ ресми құжат негізінде құрылады.Формалды емес топ ұнату,көзқарас бірдейлігі,сенім жақындығы,жекелеген адамдардың беделін,білгірлігін тану сияқты психологиялық мотивтер бірлігі негізінде туады.
Ұжымдық,топтық,даралық зейін: Ұжымдық зейін - бір сыныптағы барлық оқушының зейінін белгілі бір іс-әрекет түріне жұмылдыру. Мұндай әрекетке мұғалімнің сабақ өтуі жатады.Бұл сыныптың зейінін ұзақ мерзім бойы бірқалыпты ұстау мүмкін емес.Бірен-саран оқушының зейіні басқа нәрсеге ауысып кетуі де мүмкін.Мақсатты іске ұмтылған ұжым ішінде зейіні ауытқитындар да кездеседі.Мұндай жағдайда жетекшінің не ұстаз-тәрбиешілердің іс-тәжірибелері ерекше роль атқарады. Топтық зейін - бір ұжым ішіндегі жеке топтар зейінінің шоғырлануы. Топтық зейін сыныпта, лобораториялық тәжірибелер мен өзара тексеру жүргізгенде қажет. Бұл- зейінді ұйымдастырудың оқушы үшін де, мұғалім үшін де қиын түрі. Өйткені,топтар жұмыс үстінде бірін-бірі алаңдатады. Осындай кедергіні жеңу үшін олардың тапсырманы мұқият орындап шығаруларына жете көңіл аударып, оны әрбір кезеңге бөліп жоспарлау керек болады. Даралық зейін өз міндетін орындауға әр адамның санасын бағдарлап, зейінін шоғырландырады. Бұл-зейінің кісі өзі оқығанда,есеп шығарғанда қолдануға тиісті аса қажетті түрі.
Ұжымшылдықты қалыптастыруда ұстаздың алатын орның дәлелдеңіз: Ұжымның ресми құрылымы оның мүшелерінің міндеттері мен құқықтары, еңбек бөлінісінің ресми реттелуіне байланысты. Ресми құрылымның шеңберінде әрбір адам кәсіптік қызметті атқаруда белгілі тәртіп, ережелер негізінде еңбек ұжымының өзге мүшелерімен әрекеттеседі. Бір сыныпта жұмыс істейтін мғалімдер білім стандарттарын, оқу бағдарламаларын, сабақ кестесін, кесіптік этика нормаларын басшылыққа алады. Әрбір мұғалім мектеп басшыларымен, әріптестерімен іскерлік қатынаста болады. Ал, мұғалім мен мектеп басшыларының арақатынасы қызметтік нүсқаулар және өнімдерімен реттеледі. Ұжымның қалыпты істеуі, оның ресми құрылымы бірқатар жағдайларға байланысты. Мұғалімдердің ұжымдық өзара ықпалдастығы ресми құрылым шегінде бірлескен жұмысты ұйымдастыру деңгейімен, өрекеттерді үйлестіру, түрлі шүғыл жұмыс кестелерінің, оқу-тәрбие процесінің барысы мен нәтижелерін тексеру жүйесінің болуымен, қоғамдық міндеттер мен тапсырмалардың теңцей бөлінуімен айқындалады. Педагогикалық ұжымның ең басты ерекшелігі оның кәсіптік қызметіне байланысты, нақтылай айтқанда жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде. Педагогикалық ұжым-ның кәсіптік қызметінің тиімділігі оның мүшелерінің педагогикалық мәдениетінің деңгейімен, тұлғаларының қатынас сипатымен, ұжымдық және дербес жауапкер-шілікті сезінуімен, ұйымшылдық, ынтымақтастық деңгейі-мен анықталады. өзінің мәні жағынан педагогикалық, тәрбиелік болып табылатын оқу орындарының ұжымы оқушыларға үлкендердің ұжымы, олардың өзара қатынасы, бірлесе әрекет етуі туралы алғашқы түсініктерді қалыптастырады. Бұл жағдай педагогикалық ұжымды өзін-өзі ұйымдастыруға, үнемі өздігінен жетілуге ынталандырады. Мұғалімдер ұжымның педагогикалық қызметі оқушылар ұжымымен өзара тығыз әрекеттестікте өрбиді. Сондықтан педагогикалық міндетті шешу оқушылар ұжымының тәрбиелік мүмкіндігі қай деңгейде, қанша-лықты іске асырылуына тікелей тәуелді болып келеді. Педагогикалық ұжымның басты ерекшелігінің бірі ретінде мұғалімдік кәсіп қызметінің көпқырлылығын атау керек. Қазіргі мұғалім пән мұғалімі, сынып жетекшісі, үйірме, студия жетекшісі,қоғамдық жұмыстар сияқты қызметтерді атқарады. Бұндай көпқырлылық барлық педагогикалық ұжымға тән. өзінің кәсіптік міндеттерін шешу барысында педагогикалық ұжым мектеп шегінен шығып кетеді.
Шетел психологиясының негізгі ағымдары: Бихевиоризм – психология ғылымында ХХ ғасырдың басында АҚШ-та қалыптаса бастаған теориялық және тәжірибелік бағыт. Адамды мінез-құлқына қатысты бақастыруды негіз етеді. Гештальтпсихология – Германияда ХХ ғасырда дүниеге келген идеалисчтік бағыт. Сананың алғашқы бөлшектері тұтас түрдегі «гештальттар» (психологиялық құрылымдар) деп санайды. Фрейдизм – ХХ ғасырда психологияда кеңінен тараған ағым. З.Фрейд есімімен байланысты. Ағым – мінез-құлықтың негізгі реттеуші күші, қозғаушы факторы – жыныстық еліктеу дейді. Мұндай еліктеу мен сезім әректі санадан тыс табиғи қажеттілік деп саналады.
Іс-әрекет құрылымына салыстырмалы түсініктеме бере отырып,ар-жігін ашып көрсетіңіз: Іс-әрекет үш қырлы анықталады, яғни бір уақытта үш кеңістікте іске асырылып, көрініс береді, ол: тұлға (іс-әрекет субъекті), объект (іс-әрекет пәні) және ішкі праксис (түрліше белсенді процесстер).Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын төмендегідей бейнелеуге болады:Қажеттілік-Белсенділік;Мотив-Іс-әрекет;Мақсат-Әрекет;Жағдай ;(міндет) Амал. Бұл блоктардың сол жағында іс-әрекеттің интенционалды аспектісі, ал оң жағында амалдық аспектісі көрсетілген. А.Н. Леонтьев өзіндік іс-әрекет құрылымын морфологиялық сипатты емес, құраушы бөліктерінің динамикасын, қатынасын, қызметін бейнелейтінін қайталайды. Қарастырылушы тұжырымдама методологиясына тағы бір ескерту енгізу қажет. Мақсат дегеніміз, болашақ әрекет нәтижесін саналы түрде елестету. Бұл тұлғаның әрекет мәнін қабылдауы. Әрекет – мақсатты бағындыруға бағытталған іс-әрекеттің бір бөлігі, бірлігі. Саналы аңғарылған мақсат - мақсатқа бағытталған әрекет болып табылады. Мақсат түрткі қызметін атқармайды, ол тек әрекетті орындайды және өзіне «бағындырады», яғни әрекетті бағыттайды, нәтижеге жетелейді. Мотив пен мақсаттың динамикалы қатынасы сана мен іс-әрекетті құрастырып, психологиялық маңыздылыққа ие. Мотив мақсатқа тұлғалық баға, мәнділік береді, Міндет – мақсаты және әрекеттің орындалу тәсілі белгілі, яғни амалы бар нақтылы жағдай. Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын сипаттау үшін кеңінен тараған үш түсінікті анықтау керек – дағды, білім және әдет. Дағды – қалыптасуы барысында автоматтанатын және әлдеқайда күрделі іс-әрекетті құрастырушы амалдар жиынына айналатын әрекет. Әдет – бағыттылық пен іс-әрекеттің психологиялық, тұлғалық қосындысы.
Прагма кәсіби сұрақтар 2-бөлім ЕрнУр
Қабылдаудың негізгі ерекшелікетрін ашып көрсететін байланыс жүйесін құрастырыңыз
А)қабылдаудың тұтастығы
Ә)қабылдаудың мағыналылығы
Б)қабылдаудың таңдамалылығы
В)қабылдаудың константтылығы (тұрақтылығы)
Г)қабылдаудағы иллюзия
Д)апперцепция
Түйсік түрлерінің арақатынасын сипаттайтын жоба әзірлеңіз
Түйсік түрлерін 3 топқа бөлеміз
1.экстерорецептор-көру, есту, иіс, дәм, тері түйсіктері
2.Интерорецептор-ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін органикалық түйсіктер (ашығу, шөлдеу)
3.проприорецептор-бұлшық еттерде және сіңірлерде болады. Дене мүшелерінің қозғалысы мен бірқалыпты орналасуын қадағалап отырады.
Жоба: сыртқы дүниенің заттары бір ғана анализатормен түйсінілмейді. Бір сезім мүшесіне түскен әсер, қалған сезім мүшелеріне де әсер етеді. Түйсіктердің бір-бірімен байланысқа түсуі сыртқы дүниенің құбылыстарын толығырақ түйсінуге жағдай жасайды. Болар-болмас дәм түйсігі (қышқыл нәрсе) көру сезгіштігән арттырады, тұз ерітіндісінен кейін ішкеннен кейән таза судың өзі тәтті болып көрінеді. Осындай өзара байланыс көру, сипай сезу, қозғалыс түйсіктерінде де көп байқалады. Түйсіктердің өзара байланысының өте айқын көзге түсетіні констраст (қарама-қарсылық) құбылысы. Мәселен, айналасын ақ түске бояған сұр тік бұрыштың айналасын қоңыр түске бояса, көгілдір болып көрінеді. Тым-тырыс кезде дыбыс жақсы естіледі. Бұл мысалдарда түйсіктердің қарама-қарсылығы нерв процестерінің өзара индукция заңдылығымен (бір мезгілдік индукция) түсіндіріледі.
Қабылдаудағы иллюзияға қатысты мысалдар келтіріңіз
Түрлі себептерге байланысты шындықтағы обьектілерді қате қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзиялар сан алуан тәсілдерге байланысты пайда болады. Мысалы, шай құйылған стаканға салынған қасықтың «сынған» құсап тұруы физикалық қасиеттерімен түсіндірілсе, кейбір нәрсе жөніндегі жаңсақ пікірлер адамның психологиялық қасиетіне байланысты. Мәселен, адам күшті үрей үстінде обьектіні анық қабылдай алмайды. Иллюзияның түрлері өте көп.Мәселен, суреттегі перспектива иллюзиясын алайық. Алдымызда 3 бағананың биіктігі бірдей. Ал қабылдау кезінде олардың ең әрідегісі бәрінен үлкен сияқты көрінеді. Мұның себебі – нәрсе алыстаған сайын оның бейнесі кішірейе беретіндіктен , нәрсе өзінен кішкентай нәрсенің қасында тұрса үлкейіп, үлкен нәрсемен қатар тұрса кішірейіп көрінеді.
Түйсіктің негізгі қасиеттерінің мәнін сипаттайтын карта құрастырыңыз
Түйсік[1] – адамның және басқа жан иелерінің жан қуатынан туындаған танымдық сезімі. Түйсік айналадағы нәрселердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы. Түйсік заттардың түр-түсін, ыстық-суығын, дәмін, иісін, т.б. сипаттары мен қасиетін ажырататын дүниетанудың алғашқы сатысы. И.П. Павлов түйсіктердің пайда болуын жүйкедегі талдағыштардың (анализатор) жұмысына байланысты түсіндіреді. Талдағыштардың қай-қайсысы болмасын үш бөліктен тұрады. Біріншісі – сезім мүшесі (рецептор), екіншісі – миға баратын жүйке талшықтары, үшіншісі – мидағы әр түрлі жүйке орталықтары. Сыртқы талдағыштардың рецепторлары экстроцептор, ішкі мүшелердің хал-күйін білдіретіні интероцептор, ал дене мүшелерінің қозғалысы мен орналасуын хабарлайтын рецепторларды проприоцептор деп атайды. Адам түйсігінің негізгі заңдылықтары 19 ғасырдың орта шеніндегі эксперименттік психологияда зерттелген. Түйсік жүйке жүйесінің қызметімен тығыз байланысты, адамның тіршілік-тынысында үлкен рөл атқарады. Ш.Құдайбердіұлы : “Тән сезіп, көзбен көрмек, мұрын – иіс, тіл – дәмнен хабар бермек. Бесеуінен мидағы ой хабар алып, жақсы-жаман әр істі сол тексермек.” деп Түйсік процесін сипаттайды.
Түйсік пен қабылдаудың адам өміріне атқаратын ролін суреттеңіз
Біз түйсік арқылы заттардың иісін, дәмін, түсін, қатты-жұмсақтығын, т.б. қасиеттерді ажыратамыз. Сондықтан түйсіктің адам өмірінде маңызы зор. Адам түйсік арқылы заттардың жеке қасиеттерін сапаларын білетін болса, ал қабылдау арқылы зат немесе құбылыстың тұтас бейнесін көрсетеді. Қабылдау шындықты бейнелеудің жоғарғы формасы. Қабылдауда заттардың, құбылыстардың түсі, иісі, дәмі, дыбысы, формасы, т.б қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді. Адамның сыртқы ортамен байланысында түйсік пен қабылдау маңызды рөл атқарады.
Жаттығу негізінде түйсік сапасын өрістетуге болатындығын дәлелдеңіз
Түйсіктердің қайсысын болса да қалағанымызша жетілдіруге болады. Адам егер алдына өзінің сезгіштік қабілетін арттыруды нақтылы міндет етіп қойса және осыған жаттығатын болса, оның түйсіктері ойдағыдай дами түседі. Түйсіктердің адам іс-әрекетіне байланысты да дамып отыратындығын көптеген мамандықтардың тәжірибелері айқын сипаттайды. Мәселен, ұшқыштың көзі өткір, көргіш болады. Композиторлар мен шекарашылар естігіш, саққұлақ болса, шарап жасаушылар мен тамақ өнеркәсібінің қызметкерлері дәмді татып білуге шебер келеді.
Ес процесінің барлық танымдық процестермен тығыз байланысатындығын дәлелдеңізЕс бірнеше дара процестерден тұрады. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту. Есте қалдыру дегеніміз жаңадан қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақталғандармен байланыстырып отыру. Есте қалдыру арнайы есте қалдыру, еріксіз есте қалдыру болып екіге бөлінеді. Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнайы мақсат қоймайды. Ал арнайы есте қалдыру үшін мынадай шарттар қажет:
1) арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу;
2) Есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәнінің адам қажетіне байланысты болуы;
3) Есте қалдыруды жоспарлап, оқыған материалдардың ішінен еске түсерлік түйінді мәселелердің мәнін білу;
4) сол мән-мағыналарды түсіну үшін оларды ойлау процесімен тығыз ұштастыру;
5) қабылдаған нәрселерді өз сөзімен құрастыру, сөйтіп, қажетті материалдарды есте қалдыруды жеңілдету.
Есте сақтаудың тиімді әдісі қажетті материалдарды жаттап алу. Ғылымда есті дамытуға арналған жаттау тәсілін мнемоника (жаттап алу амалы) деп атайды. Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы болып екіге бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғырту — мақсатсыз жүзеге асады. Мысалы, музыканттың белгілі ән-күйлерді күнде орындауы. Арнайы қайта жаңғыртуда белгілі мақсат болады. Адам оған өзінің ерік-күшін жұмсайды, арнайы әдіс-тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылдағандарын қайта жаңғыртады. Ұмыту дегеніміз — қабылдағанды, есте қалдырғанды қажет болған кезде еске түсіре алмау, танымау. Ұмыту жүйке қызметінің күйіне байланысты. Жүйке жүйесі әбден шаршағанда не ауруға ұшырағанда адамда ұмытшақтық пайда болады. Мұндай құбылыс психологияда амнезия деп аталады. Бұл құбылыстар мидағы тежелу, өшу заңдылықтарына байланысты. Бірақ ұмытылған нәрсе бір кезде жаңғырып, еске түседі. Бұл ес процесінде реминисценция делінеді. Есті дамытып, жетілдіріп отырудың басты шарты — адамның әр түрлі іс-әрекеттері. Ақыл-ойды тарих жасаған білім қорымен үнемі байытып отыруға ұмтылу естің мән-мазмұнын тереңдете түспек. Қазіргі кезде ес туралы түрлі анықтамалар мен теориялық болжамдар бар. Осы орайда, бүгінде естің механизмі мен оның заңдылықтары жайында қалыптасқан психология және нейропсихология бағыттарға қосымша үшінші бағыт — биохимиялық тұрғыдан зерттеу қосылып отыр. Сондай-ақ, есті бұлармен қатар кибернетика ғылымы тұрғысынан зерттеуде де едәуір қалыптасқан жүйелер бар. Соңғы жылдары ес психологиядан басқа ғылым салалары арқылы да қарастырылуда.
Естің жеке адам өмірінде атқаратын маңызын ашып көрсетеңіз
Адам естің арқасында бұрынғы білімдері мен біліктерін жоғалтпай ақпаратты жинақтай алады. Яғни адам ессіз тұрақты өмір сүре алмайды. Ес адам өмірінде, күнделікті әлеуметтік өмәрге өте қажетті күрделі психикалық процесс. Мысалы, студент емтихан тапсырған кезде ол сол уақытқа дейінгі жиған терген білімін еске түсіреді. Яғни адамның білім алуы ес процесімен тікелей байланысты деп ойлаймын. Күнделікті өмірді де ес процесінсіз елестету мүмкін емес.
Аңдарда қиял бар деуге бола ма? Психологиялық түсіндірме беріңіз
Қиял – тек адамға тән психикалық процесс болғандықтан, аңдарда қиял бар деуге болмайды. Адамның қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсатты болуы, болошақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бұрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу – адам қиялына тән негізгі белгілер. Адам психикасының жануарлар психикасынан өзгешелігінің бір маңызды айырмасы да осында. Мысалы кейбір аралар ұя салғанда ең жақсы деген архитекторларды ұялтады. Бірақ ең жаман деген архитектордың ең жақсы деген арадан айырмашылығы, адам ұя жасамастан бұрын басына тоқиды, яғни қиялдайды.
Танк, аэросан, троллейбус және басқа да механизмдерді ойлап табуда қиял образдарының қалыптасуының қай тәсілдері қолданылғанын анықтаңыз
Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі агглютинация деп аталады. Осы әдіс арқылы мифологиялық бейнелер (кентавр, сфинкс, жезтырнақ) мен түрлі механизмдердің, машиналардың конструкциялары (амфибия – танк, судан өте алатын жеңіл танк, аэрошана – суға қонып, ұша алатын самолет) құрастырылады. Танк, аэросан, троллейбус және басқа да механизмдерді ойлап табуда қиял образдарының
Осы «агглютинация» деп аталады.
Суретші мен жазушы қызметінде қиялдың қай түрі көрініс табатындығын анықтаңыз
Қиял образдарының күрделі түріне – типтік образдар жасау. Типтік образдар жасауда бірінші орында нақты адамның ортақ бейнелері көзге түседі. «Бір жұмысшының, поптың, дүкенші саудагердің портретін дұрыс суреттеп жазу үшін жүз, екі жүз шамалы поп, жұмысшы саудагерлерді қадағалап қарауымыз керек» -дейді М.Горький. Типтік образдар жасау дегеніміз тұтас бірқатар объектілердің барлығына бірдей, ортақ белгілері бар бір образ жасап, жанастыру. Жазушының осылайша жасаған типтік образы бір жағынан жеке адамның даралық ерекшеліктерін білдіретін болып та есептеледі. Мәселен, Абай жолындағы Құнанбай образы сол кездегі үстем тап өкілдерінің жай ғана жиынтығы емес, сонымен қатар , ол өзіндік психологиялық қасиеттері бар жеке адамның да образы.
Тағы да,,, ТИПИЗАЦИЯ –бұл әдебиетте мүсін жасауда, сурет салуда жасалатын жеке кейіпкер образы арқылы белгілі бір уақытта өмір сүріп жатқан топтардың (или таптардың))) ерекшеліктерін сипаттайтын тәсіл
Қиялдың өзге психикалық процестерді дамытудағы әсерін мәліметтерге талдау жасай отырып сипатта
Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы бар. Қиялдың өзі осы әрекет арқылы өзгеріп, дамып отырады. В.И,Ленин фантазияның маңызы туралы айта келіп, оның тек ақындар үшін ғана керек емес екенін, тіпті дәл ғылымдар саласында да оның ішінде математикадағы дифференциялар және интегралдарды табуда да фантазияның елеулі маңызы болғанын айтады. Қиял адамның барлық психикалық процестерімен байланысады. Қиялдың физикалық негізін қарастырған Сеченов.
Қиялдың жасалу жолдарын айқындайтын карта құрастырыңыз
Қиял бейнелерінің жасалу жолдары Қиял түрлі елестеулердің өзгеріп, өнделуінің арқасында жасалып отырады. Қиялда анализ, синтез әдістері, агглютинация, схематизация түрлі схемалар мен суреттердің акцентировка (образдың типтік басты белгілерін жасау) тәсілдері жиі кодданылады. Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі агпютинация деп аталады. Осы әдіс арқылы мифологиялык, бейнелср (кентавр, сфинкс, жезтырнақ) мен түрлі механизмдердің, машиналардың конструкциялары (амфибия — танк, судан өте алатын жеңіл танк, аэрошана — суға қонып, үша алатын самолет) қүрастырылады. Агглютинация әдісі ежелгі Мысыр елінде, сондай-ақ, Солтүстік Америка индеецтерінің өнер ескерткіштерінен үлкен орын алған. Кдял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі – гипербола . Гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуін айтады. Сөйткенде образ ашық, мәнерлі болып шығады, гиперболада белгілі бір бсйнелердің алға шығып айқын байқалуына жағдай жасалады. Ертегілерді, киял-ғажайып бейнелсрді жасауда гипербола көп коллапылады. Мәселен, Д. Свифтің «Гулливердіц саяхатындағы» ергежейлілердің, В. Маяковскийдің «150000000» поэмасындағы капиталистердің көсемі В. Вильсонныц бейнелері гипербола әдісімен жасалған. Мүнда, сондай-ақ, түтас заттың жекс бөліктерінің саны озгертілсді, олардың орны ауыстырылады. Мәселен, үнді мифологиясындагы көп қолды күдайлар мен жегі басты айдаһардыц бейнелері осылайша қүрастырылған. Қиял бейнелерін жасаудың енді бір әдісі нәрсенің бір жағын ерекше әсерлей көрсету. Карикатуралар мен достық әзілдер осылайша жасалынады. Егер затгардың айырмашылықтарын ескермей, оның үқсастықтарына көбірек көңіл белінетін болса, схематизация әдісі қолданылады. Сурет өсімдіктер дүниесінің элементтерінен ою қиыстыруы осыған мысал бола алады. Қиял образдарының күрделі түрі - типтік образдар жасау. Типтік образдар жасауда бірінші орында нақты адамның ортақ бейнелері көзге түседі: «Бір жүмысшының, поптың, дүкенші саудагердің портретін дүрыс суреттеп жазу үш жүз, екі жүз шамалы поп, жүмысшы, саудагерлерді қадағалап қарауымыз керек»,- дейді М. Горький. Типтік образдар жасау дегеніміз түтас бірқатар объектілердің барлығына бірдей, ортақ белгілері бар бір образ жасап, жанастыру. Жазушының осылайша жасаған типтік образы бір жағынан жеке адамның даралық ерекшеліктерін білдіретін образ больш та есептелінеді. Мәселеы, «Абай» романындағы Қүнанбай образы сол кездегі үстем тап өкілдерінің жай ғана жиынтығы емес, сонымен қатар, ол өзіндік психологиялық касиеттері бар жеке адамның да образы. Осы әдістер арқылы айтарлықтай маңызды творчестволық қиял образдарын үнемі туғызу қиын. Мәселең, агглютинацияда жеке фактілерді зертгеу, жинақтау, мәселелердің түпкі ниетін көздеу дегендер жетіспей жатады. Сондықтан да творчестволық қиялдың жоғары формаларында ғылыми-техникалық көркем әдебиет т. б. онша көп қолданылмайды. Творчестволық әрекетте адамдар көбінесе интуицияға жүгініп отырады.
Қиялдың мазмұны адамның жас ерекшелігіне байланысты екендігін дәлелдейтін мысалдар
Қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көрген-түйгені көп , өмір тәжірибесі мол , әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп тұрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды.
Мінез-құлық сапасы биологиялық емес, қоғамдық заңдылықтармен анықталатынын (дәлелдеңіз)
Мінез-құлық — адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы.адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері. Адам бойындағы Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі – қылық. Мұнда әр адамның өмірлік бет алысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты көрініс береді. Адам өзін-өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз әрекет пен қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады. Мінез-құлық. адамның өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым-қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның бүкіл тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді
Темперамент типтерінің жағымды және жағымсыз жақтарын кестеге түсір
Темпераменттер |
Жақсы жақтары |
Жаман жақтары |
Холерик Сангвиник Флегматик Меланхолик |
Шапшаң,белсенді Пысық,оңтайлы Ұстамды, сабырлы Секзімтал |
Ұстамсыз,күйгелек Тұрақсыз Баяу, сылбыр Тұйық |
Темпераменттің көптеген типтері адамның балалық шағында пайда болған индивидуалды-психологиялық ерекшеліктеріне жатқызылады.Осының негізінде осы қасиеттер келешекте адам бойында сақталады деген қорытынды жасауға бола ма және қалай ол түсіндіріледі?
Темперамент – 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні – адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер.Әр адамның,баланың жан дүниесі өз алдына бір болмыс.Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында.Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы,тұрақтылығы, ауыспалы – қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас – тартысты қырлары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көпшілігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны:темперамент – жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет – қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын белгілейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді. Назар аударарлықтай ерекшелік, темпераменттің әрқилы қасиеттері бір – бірімен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негізінде түрлі темпераменттің белгілі құрылымын түзеді. Сонымен, темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс - әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және себеп – салдарына тәуелсіз бір қалыпты көрінеді.