- •6.1 Сурет. Электрлік доғаны жағу
- •6.2 Сурет. Металдық электродпен жабылған доғалық электродәнекерлеу сызбасы
- •Қолдан электродоғалық дәнекерлеу тнхнологиясы
- •Электрод диаметрін таңдау
- •Қолдан электродоғалық дәнекерлеу техникасы
- •1 Және 2 – шеттерді бірдей мөлшерде жылыту үшін; 3 – орталықтың артық қызуы кезінде; 4 – шеттердің артық қызуы кезінде
- •3 Сурет Электрод соңының көлденең орын ауыстырулар түрлері
Қолдан электродоғалық дәнекерлеу техникасы
Қолдан электродоғалық дәнекерлеу метал өңдеуші барлық өнеркәсіптер мен құрылыстарда қолданылады. ҚЭДД дәнекерлейтін өнімдер қалыңдығы: ең кемі: 1 мм; ең үлкені шеттерді өңдемей бір өтпелі бір жақты дәнекерлеу жағдайында – 6-8 мм, өңдеу кезінде шексіз болып табылады.
Жапсарды дұрыс жасау үшін электродты дәнекерленетін метал бетіне қатысты көлбеу ұстау қажет (70-85° шамасында). Электродтың көлбеу бұрышын өзгерте отырып, негізгі металдың еру тереңдігін реттеп отыруға болады және дәнекерлеу мен балқыған металдың суыну жылдамдығына әсер етуге болады.
Дәнекерлік доғаны жағуды дәнекерлеуші электрод шетінің өнімге қысқа мерзімде жанастырылуы арқылы жүргізеді (қысқа тұйықталу әдісі):
1-әдіс. Электродпен қысқа соққыны тік бағытта жүзеге асырып, сосын оны өнімнен 4-5 мм аралықта үзіп алу;
2-әдіс. Электрод шетімен өнім бойынша жылжымалы қимылды жүзеге асыру (50-80 мм), сосын оны 4-5 мм аралықта үзіп алу («сіріңкемен» жағу).
1 Және 2 – шеттерді бірдей мөлшерде жылыту үшін; 3 – орталықтың артық қызуы кезінде; 4 – шеттердің артық қызуы кезінде
3 Сурет Электрод соңының көлденең орын ауыстырулар түрлері
Электродтың (доғаның) орын ауыстыруы дәнекерленетін шеттердің еруін және жапсардың сапалы түзілуін қамтамасыз ету жағдайында жүргізіледі. «Жіңішке» білікшені алу үшін тек бойлық орын ауыстырулар жүргізіледі. Білікше ені – 0,8-1,5 dэ. «Кеңейтілген» білікшені алу үшін белгілі траекториядағы электрод соңының көлденең орын алмастыруы жүзеге асырылады (6.3 сурет).
Дәнекерлеу кезінде (немесе білікшені балқытуда) келесілерді ескеру қажет:
доға ұзындығын тым қысқарту жапсардың қалыптасуына зиян келтіреді және қысқа тұйықталуға әкеп соқтыруы мүмкін;
доғаның ұзындығын тым арттыру күйік тереңдігінің төмендеуіне, электродты металдың шашырауының өсуіне және жапсарды түзудің нашарлануына әкеп соқтырады.
Жұмысты орындау тәртібі:
1. ҚЭДД колданылу аймағымен танысу, дәнекерлік доғасы құрамымен, жұмыс істеу принципімен,дәнекерлік электрод және электродтық қаптама түрлерімен, ҚЭДД орындау техникасымен және дәнекерлеу кезіндегі түрлі дефектілермен танысу.
ҚЭДД дәлдік методикасын үйрену,оқытушы тапсырған дәнекерлік байланыс кезіндегі дәнекерлеу режімін өлшеу.
Төменде келтірілгендей бір қабатты валиктерге сынақ ретінде дәнекерлеу жүргізу:
а) доғаның жану тәсілдерін үйрену және оның жану тұрақтылығына қол жеткізу.
б) доғаны жағу және темір планка үстіне сызылған борлық сызық үстінен электродты жүргізу.
в) дәнекерленген валиктің сыртқы көрінісіне баға беру.
Отчет құрамы:
1.Электрлік доғаға түсініктеме беру
2.Қолдан электрлік доғаға схема келтіру
3.Дәнекерлік трансформатор және вольт-амперлік қосылыстың схемасын салу
4.Берілген дәнекерлік қосылысқа режимдік қорытынды жасау
5.Сапалы электродтың құрамын және олардың қызметін анықтау
Бақылау сұрақтары:
"Электрлік доға"терминіне анықтама бер
Қолдан электродоғалық дәнекерлеу кезнде қандай металлургиялық процестер жүреді?
Қолдан электродоғалық дәнекерлеудің ішкі құрамына график келтір
Қолдан электродоғалық дәнекерлеуге темір электродты таңдау әдісі
Доғалық электр дәнекерлеу процесі
Темір электродтың сыртын қандай мақсатпен қаптайды?
Төмендеткіш дәнекер трансформаторының схемасын сыз.Оның жұмыс істеу принципін түсіндір
Дәнекерлік генератор схемасын сыз.Оның жұмыс істеу принципін түсіндір
