
- •Көміртекті болатты термиялық өңдеу Тапсырма
- •Жұмыстың мақсаты
- •Приборлар, материалдар мен құрал-жабдықтар
- •Үлгілердің шынығуы және шынығудан кейінгі көміртекті болаттың қаттылыған анықтау.
- •Шынығуды жүргізудің тәсілі
- •Үлгілердің бөлінуі (отпуск) және бөлінуден кейінгі көміртекті болаттың қаттылығын анықтау
- •Бөлу процесін жүзеге асыру тәсілі
- •Көміртекті болаттың термиялық өңдеу протоколы
- •Протоколдың жалғасы
- •Есеп беруді құру
№6 Зертханалық жұмыс
Көміртекті болатты термиялық өңдеу Тапсырма
Берілген көміртекті болаттың үлгілерінің қаттылығын тексеру.
Көміртекті болаттың үлгілерін суда және майда шынықтыру.
Қыздырудан кейінгі шынығу күйінің қаттылығын анықтау.
Құрыш дене үлгілерін 2000,4000 және 6000 С қыздыру.
Әрбір қыздырудан кейін қаттылығын анықтау.
Әрбір температурадағықаттылығының өзгерісін температура-қаттылық координатасына ықпал ету қисығын түсіру.
Жұмыс жөнінде есеп беру.
Жұмыстың мақсаты
Жұмыстың мақсаты – студенттердіөздігімен көміртекті болатты шынықтыруға үйрету. Жұмысты орындау барысында студенттер: муфель пешінің құрылғысын; жұмыс жасау тәсілін, шынығу және қыздыру режимдерін үйрену керек.
Приборлар, материалдар мен құрал-жабдықтар
Жұмысты орындау үшін міндетті түрде: муфель пеші; термоэлектрикалық пирометр; майлы ванна; тұзды ванна; суы бар бак; майы бар бак; Роквелла типтес прибор; көміртекті болаттың үлгілері – конструкциялық 45-60 жәнеинструменттік У9-У12; штангенциркуль; қыратын қағаз.
Үлгілерді термиялық өңдеуге дайындау. Көміртекті конструкциялық болат 45-60 пен көміртекті инструменттік болат У9-У12 үлгілері цилиндрлі немесе тікбұрышты, диаметрі немесе қалыңдығы 10-15 мм, биіктігі 15-20 мм болуы керек. Әрбір үлгінің қыр жағында болаттың маркасы болуы керек. Болат үлгілерінің маркасын 2-ші протоколдың графасына жазады. Үлгілерді штангенциркульдің көмегімен өлшейді, алынған нәтижелерді 3-ші протоколдың графасына жазады.
Берілген көміртекті болаттың қаттылығын анықтау (қыздырылған күйінде).
Үлгілердіңбастапқы кездегі қаттылығын анықтау, алынған қаттылық нәтижелерінің НВ және ОГ бойынша қаттылық мәндерін 4 және 5 протокол графаларына жазу.Көміртекті болаттың қыздырылған кездегі қаттылығының нормалары 1-кестеде көрсетілген.
1-кесте. Көміртекті болаттың қыздырылған кездегі қаттылығының нормалары
Болаттың маркасы |
Қыздырылған НВ болаттың қаттылығы (көп емес) |
Болаттың маркасы |
Қыздырылған НВ болаттың қаттылығы (көп емес) |
40; 45; 50 |
197; 207; 217 |
У9; У10; У12 |
192; 197; 207 |
Үлгілердің шынығуы және шынығудан кейінгі көміртекті болаттың қаттылыған анықтау.
Шынықтыруға қажет құрылғы. Әр түрлі конструкциялардың муфель электропештеріндегі болат үлгілер.
Эксплуатацияға ыңғайлы муфель пешінің конструкцияларының бірі 8.1-суретінде бейнеленген. Пеш ішінде төрт шамот плиталарынан жинақталған муфель салынған 2 металл корпустан тұрады. Әр плитада ішіне жылытқыш спиральдар орнатылған 3 төрт бойлық кертпелер (паза) бар. Пеш подасында жылытылған үлгілерді салатын бөлек керамикалық плита 4 орналастырылған. Қажет болса, керамикалық плитаны суырып алып, жылжымалы кішкентай столға 5 қоюға, плитаға үлгілерді орналастырып, қайта пешке салып қоюға болады. Плита мен корпустың арасы жылу оқшаулаушы материалмен толтырылған. Алдындағы жұмыс камерасы металл қиығы бар керамикалық есікпен 6 жабылады. Пештің артқы қабырғасында термопараны орнатуға арналған ойық 7 бар.
Пештің температурасын пешке тіреуіш түрінде 5 дайындалған тұтқалы реостаттың көмегімен бақылайды. Реостат «Введен» және «Выведен» жазулары бар оң жақ қырындағы тіреуіште орналасқан жылжымалы тұтқамен 9 шығарылады және кіргізіледі.
Тіреуіштің артқы қабырғасында шнурды қосу үшін екі клемма 10 және А, Б және В әріптері бар үш штепсель ұяшықтары 11 орналасқан. Штепсель тетігін 12 А және Б ұяшығына қосқанда толық қуатты қолданамыз, ал Б мен В ұяшықтарыныңортасын қосқанда жұмыс қуатын қолданамыз.
Пештің максимал қызу температурасы 10000 С. Максимал температураға дейінгі қызу уақыты 120 минут.
Пешті қосар алдында реостат шығарылады, яғни тұтқаны 9 оң жаққа ең соңына дейін апарып қояды, штепсель тетігін 12 А және Б ұяшықтарына қосады. Содан кейін пеш жүйеге қосылады. Максимал температураға жеткенде штепсель тетігін 12 Б мен В ұяшықтарының ортасына қояды. Егер төмен температура қажет болса, жайлап тұтқамен 9 реостатты оңнан солға қарай жылжытады.
1-сурет.
Муфель пеші